Қазақстандық арқарларды алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкімктінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 875 Қаулысы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Алматы хайуанаттар бағындағы коллекцияны толықтыру және арнайы жасалған жағдайларда өсіру үшін 2008 жылғы 20 қыркүйек - 31 желтоқсан кезеңінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданынан 4 (төрт) бас санында қазақстандық арқарды алуға (аулауға) рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) Алматы қаласы Мәдениет департаментінің "Алматы хайуанаттар бағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына белгіленген тәртіппен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағынан 4 (төрт) қазақстандық арқарды алуға рұқсат берсін;
      2) қазақстандық арқарларды табиғи ортадан алу жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. 4 (төрт) қазақстандық арқарды алуға жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін әр басына 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде төлемақы ставкасы белгіленсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады