Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі N 878 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 405 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
N 878 қаулысымен  
бекітілген  

Туризм саласындағы мамандарды даярлауға, қайта даярлауға және  олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар

      Туризм саласындағы мамандарды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар туристік сала ұйымында мыналардың:
      1) Жарғысында (Ережесінде) мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі норманың;
      2) мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс оқу жоспарларының және бағдарламаларының;
      3) тиісті кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің;
      4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі шартқа сәйкес жасалған оқыту шартының (жұмыс беруші мен білім алушы арасында қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) немесе білім беру қызметтерін көрсету шартының (жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады