Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі N 885 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 688 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 150-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 25 қыркүйектегі
N 885 қаулысымен    
бекітілген       

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу ережесі

      1. Осы Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу ережесі Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 150-3-бабына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызмет көрсету тәртібін регламенттейді.
      2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары (бұдан әрі - конкурстарды ұйымдастырушылар) қажет болған жағдайда концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады.
      3. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер көрсетуді (бұдан әрі - қызметтер көрсету) қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламаларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Конкурстарды ұйымдастырушылар қызметтер көрсетуді қаржыландыруға арналған өтінімдерді (бұдан әрі - өтінім) экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      5. Өтінім мынадай негізгі мәліметтерден тұрады:
      1) концессиялық жобаның атауы;
      2) тәуелсіз сарапшыны таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы;
      3) қызметтер көрсетудің түрлері және олардың өтініш білдірген құны;
      Өтінімге, сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
      1) мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
      қызметтер көрсетуді тартудың мақсаты мен міндеттері;
      қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;
      қызметтер көрсетудің мерзімі;
      қызметтер көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
      2) қызметтер көрсетудің өтініш берілген жалпы құнының негіздемесі;
      3) қызметтер көрсетуді тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
      6. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган өтінімдердің негізінде әрбір концессиялық жоба бойынша қызметтер көрсетуді қаржыландыру түрлері мен көлемі бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      7. Әрбір концессиялық жоба бойынша қызметтер көрсетуді қаржыландыру түрлері мен көлемі республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бекітіледі.
      8. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу өзіне концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, концессиялық жобасы үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен комиссияның келіссөздер үдерісіне консультациялық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған басқа да қызметтер көрсету түрлерін қамтуы мүмкін.
      9. Қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы  заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсты ұйымдастырушылар сатып алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады