Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі N 886 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта:
      1-тармақтағы "және билік ету" деген сөздер алынып тасталсын;
      14, 16, 17, 18, 37, 44, 45, 46, 47, 58 және 59-тармақтардағы "Үлгі" деген сөздер алынып тасталсын;
      16-тармақта:
      7) тармақшадағы "міндеттемелерді" деген сөзден кейін "орындамаған немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы "құқығы бар" деген сөздер "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      18-тармақтың 10) тармақшасындағы "құқығы бар" деген сөздер "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      19-тармақта:
      1) тармақшадағы "күшімен" деген сөзден кейінгі "Үлгі" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "19-1) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
      19-2) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
      "Объектіні пайдалану" деген 6-бөлімде:
      40-тармақтағы "Үлгі шарттың 41-тармағына сәйкес көрсетілген іс-әрекеттерді Концедент жүзеге асырған жағдайды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
      "40-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.";
      41 және 42-тармақтар алынып тасталсын;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Концессия объектілері кепілдік мәні болып әрекет ете алмайды.";
      "Концессионердің Концедентке объектіні беру тәртібі" деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
      "49-1. Мемлекеттік меншікке концессия объектілерін қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.";
      "Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі" деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
      "52-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
      1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
      2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
      3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
      4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
      5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартта:
      "Негізгі ұғымдар мен анықтамалар" деген бөлім алынып тасталсын;
      "Шарттың орындалуына кепілдіктер" деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.";
      "Тараптардың құқықтары мен міндеттері" деген 5-бөлімде:
      13-тармақтың 8) тармақшасындағы "құқығы бар" деген сөздер "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақтың 9) тармақшасындағы "құқығы бар" деген сөздер "құқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13-1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін көрсету;
      13-2) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
      13-3) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
      13-4) объектінің және/немесе мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтеруге
____________________________________________________________________
(күнтізбелік күндермен анықталған кезең немесе Тараптар олардың
____________________________________________________________________
   басталуымен көрсетілген кезеңде міндеттемелердің туындауын
____________________________________________________________________
байланыстыратын оқиғаны көрсетумен - керегі көрсетілсін);";
      "Концеденттің Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі" деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
      1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
      2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
      3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
      4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
      5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады