Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж, N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж, N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж, N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат):
1) 41-баптың төртінші бөлігінде "бостандығын шектеуге," деген сөздер алып тасталсын;
2) 42-баптың екінші бөлігінде:
"күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта" деген сөздерден кейін ", егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса күніне сегіз сағатқа дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
"45 және 46 және" деген сөздер "45,", "46," деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) 64-бапта:
екінші бөлікте "қоғамдық тәртіпті бұзса" деген сөздер "қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқығына, жеке тұлғаға және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаса," деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте "қоғамдық тәртіпті үнемі және қасақана бұзған" деген сөздер "осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықтық бұзушылықтар, заңды талаптарға бағынбау, сол сияқты қорлау не шартты сотталғанның тәртібін бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкеріне қатысты күш қолдану әрекеттерін жасаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 72-баптың үшінші бөлігінде "Бала он төрт жасқа толғаннан кейін немесе ол шетінеген жағдайда" деген сөздер "Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 361-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қызмет тәртібін бұзу
1. Мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның жұмыстағы қызметін жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеменің әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданумен қорқыту -
екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып жасалған әрекеттер, -
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж, N 23, 335-құжат; 1998 ж, N 23, 416-құжат; 2000 ж, N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж, N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж, N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж, N 18, 142-құжат; 2004 ж, N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж, N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж, N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж, N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 13, 99-құжат):
1) 455-баптың екінші бөлігі "ұсынуы" деген сөзден кейін "(өтініші)" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 457-бапта:
"апелляциялық тәртіпте" деген сөздер "апелляциялық және қадағалау тәртібімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"47-тарауында" деген сөздер "47 және 50-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж, N 24, 337-құжат; 2000 ж, N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж, N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж, N 23-24, 192-құжат; 2004 ж, N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж, N 13, 53-құжат; 2006 ж, N 11, 55-құжат; 2007 ж, N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
1) 17-баптың 1-тармағында "қамау үйлерінің" деген сөздер алып тасталсын;
2) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.";
3) 24-баптың 1-тармағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 27-бапта:
1-тармақтағы "айыппұлға," деген сөзден кейін "бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "Бас бостандығын шектеуге" деген сөздер алып тасталсын;
5) 30-баптың 1-тармағында:
"қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
"белгілейтін" деген сөз "тізімдері тоқсан сайын сотқа енгізілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 32-баптың 1-тармағында "рұқсат беруге құқылы" деген сөздер "рұқсат береді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"он екі сағаттан" деген сөздерден кейін ", егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаған кезде қырық сағаттан" деген сөздермен толықтырылсын;
"құқылы" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармағы:
7) 36-баптың 1-тармағы "Түзеу жұмыстары" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 39-баптың бесінші абзацы "жазаны өтеуден жалтаруы туралы" деген сөздерден кейін ", ұсталған соманың мөлшері және оны аудару мерзімдері туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 42-баптың 3-тармағында "2" деген цифр "1" деген цифрмен ауыстырылсын;
10) 44-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде барып жетпеген жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді, егер сотталған адамның орналасқан жері анықталмаған болса сотқа оны іздестіру туралы ұсыныс енгізеді.";
3-тармақ алып тасталсын;
10) 49-бапта:
2-тармақта:
"босата, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін" деген сөздер "босата алады, сондай-ақ жазаның ол өтемеген бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"түрімен" деген сөзден кейін "ауыстырылуы мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 52-бапта:
1-тармақта "қоғамдық тәртіпті бұзуы" деген сөздер "қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқығына, жеке тұлғаға және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "заңды талаптарын орындаудан бас тарту" деген сөздерден кейін "сол сияқты тіл тигізу не зорлық іс-әрекеттер жасау" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 53-бапта:
1-тармақта "тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді" деген сөздер "тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "прокурордың" деген сөз "соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"прокурордың" деген сөз "соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны туралы деректер болған жағдайда," деген сөздерден кейін "қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 63-бапта:
1-тармақта "қамау үйлерінде" деген сөздер "тергеу изоляторларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "қамау үйінде" деген сөздер "тергеу изоляторында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "қамау үйінен", "қамау үйінде" деген сөздер тиісінше "тергеу изоляторынан", "тергеу изоляторында" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 64-бапта:
1-тармақта:
"қатаң оқшаулау жағдайында" деген сөздерден кейін "жабылатын жалпы камераларда" деген сөздермен толықтырылсын;
"кәмелетке толмағандар" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"Қамау түріндегі жазаны атқару тәртібін және жазасын өтеп жатқан адамдарды қадағалауды жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілейді. Қамау түріндегі жазаға сотталғандарға айдауылсыз жүріп-тұруына тыйым салынады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қамау түріндегі жазаға сотталғандарға:
олардың жеке шотында бар қаражатын ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
бірінші кезекте қажетті заттары бар посылка, сәлемдеме, бандерольдер мен маусымдык киім-кешек алуға;
адвокаттармен кездесулер алуға;
күн сайын ұзақтығы кемінде бір жарым сағат сейілдеуді пайдалануға рұқсат етіледі.
Қамауға сотталғандарды жалпы және кәсіптік оқыту жүзеге асырылмайды.";
3-тармақ алып тасталсын;
15) 65-бапта:
"Қамауды атқарушы қамау үйінің" және "қамау үйлеріне" деген сөздер тиісінше "Тергеу изоляторының" және "қамау түрінде жазасын өтеуге арналған тергеу изоляторының үй-жайларына, камераларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 66-бапта:
тақырыбы ", оларды қолдану тәртібі" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Жоғарыда аталған көтермелеу шараларын қолдану құқығын тергеу изоляторының бастығы немесе оны алмастыратын адам пайдаланады.";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін қамау түріндегі жазаға сотталғандарға сөгіс немесе он тәулікке дейінгі мерзімге карцерге шығару түріндегі жаза қолданылады.
Жаза бұзушылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тексеру жүргізілген болса - оның аяқталған күнінен бастап, бірақ бұзушылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады.
Жаза дереу орындалады. Бір тәртіп бұзушылық үшін бірнеше жаза қолдануға тыйым салынады.
Жаза тергеу изоляторы бастығының немесе оның орнындағы адамның қаулысымен қолданылады, ол сотталушыға қолын қойғызып жарияланады. Сотталғандарды карцерге жабу олардың карцерде ұстау мүмкіндігіне жасалған медициналық куәландырудан кейін ғана жүргізіледі.
3. Карцерге шығарылған, қамау түріндегі жазаға сотталғандарға тамақ өнімдерін сатып алуға, посылка, сәлемдемелер мен бандерольдер алуға тыйым салынады. Олардың күн сайын ұзақтығы кемінде бір сағат сейілдеуге құқығы бар.
Карцерден мерзімінен бұрын босату сотталғанның карцерде одан әрі болуына медициналық қорытындыға сәйкес, оның денсаулық жағдайы көтермейтін жағдайда тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жүргізіледі.";
17) 67-бапта:
тақырыбындағы "Қамауға" деген сөз "Қамау түріндегі жазаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"Қамауға" деген сөз "Қамау түріндегі жазаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
", ал кәмелетке толмағандар үшін тәрбиелеу колониялары үшін белгіленген нормаларға сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
"Қамауға" деген сөз "Қамау түріндегі жазаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Сотталғандарға медициналық көмек көрсету, санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласы белгілейді.";
18) 68-бапта:
1-тармақта:
"олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген сөздерден кейін ", түзеу мекемесінде жедел жағдайды ұстау" деген сөздермен толықтырылсын;
"жіберілуі мүмкін" деген сөздер "жіберіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы ", сондай-ақ сотталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жазаларын одан әрі өтеу үшін азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекеттерге жіберілуі мүмкін.";
19) 69-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сотталғандар жабық үй-жайларда тұратын бір түзеу колониясында әр түрлі режим түрлерімен оқшауланған учаскелер құрылуы мүмкін.";
20) 71-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сотталғандардың орнын ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";
21) 77-баптың 7-тармағында "Тексерулер жүргізудің" деген сөздердің алдынан "Түзеу мекемелерінде сотталған адамдарға қадағалауды жүзеге асырумен" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 78-бапта:
1-тармақтағы "дыбыстық-бейнелік" деген сөздерден кейін "(бейне қадағалау жүйесі)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қадағалау мен бақылау техникалық құралдарының тізбесін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.";
23) 80-баптың 3-тармағындағы "режимі" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар ету арқылы", "Ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді." деген сөздермен толықтырылсын;
24) 87-баптың 5-тармағындағы "телефон арқылы сөйлесуін" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 100-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сотталғандардың ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күн жыл сайын ақы төленетін еңбек демалысын алуға құқығы бар. Демалыстар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес түзеу мекемесінің шегінен тыс жолға шығумен немесе жолға шықпайтын етіп беріледі.
7. Сотталғандарға мынадай қосымша ақы төленетін жыл сайын:
1) ауыр жұмыстарға, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек етуге тартылған ұзақтығы алты күнтізбелік күннен аспайтын;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы он бес күнтізбелік күннен аспайтын еңбек демалысы беріледі.";
26) 105-баптың 4-тармағы "ескеріле отырып" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейтін тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 106-баптың 2-тармағындағы "психологиялық-педагогикалық әдістер негізінде" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 167-баптың 4-тармағында "сотталушының" деген сөзден кейін "зайыбына" деген сөзбен толықтырылсын;
29) 169-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
"ұсыныста" деген сөз "өтініште" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта "ұсыныс" және "ұйғарым" деген сөздер тиісінше "өтініш" және "қаулы" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 171-бапта 1-тармағындағы "бір жылға дейінгі мерзімге немесе" деген сөздер "бес жылға дейінгі мерзімге," деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 172-бапта:
тақырыбында "не баласы он төрт жасқа толуы" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта "Бала он төрт жасқа толғаннан" деген сөздер "Жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 173-бапта:
2-тармақтағы "Бас бостандығын шектеуге," деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
"Бас бостандығын шектеу," деген сөздер алып тасталсын;
"зейнеткерлік куәлігі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ өзге де жеке құжаттары" деген сөздермен толықтырылсын;
33) 176-баптың 1-тармағындағы "бас бостандығынан шектеу немесе" деген сөздер алып тасталсын;
34) 181-баптың 2-тармағындағы "заңдарында кезделген" деген сөздер "Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 182-баптың 4-тармағындағы "қылмыстық-атқару инспекциясына" деген сөздер "тіркелу үшін айына 2 рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 183-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Сынақ мерзімінің есептелуі соттың шартты сотталушыға іздеу жариялау туралы қаулысы шыққан сәттен бастап тоқтатылады және соттың шешімі бойынша қайта басталады.";
37) 184-бапта:
1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сотталған адам адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқығына, жеке тұлғаларға және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған ол үшін әкімшілік жаза қолданылған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа сынақ мерзімін ұзарту туралы ұсыным енгізеді, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа, сондай-ақ оны шартты сотталудың күші жойылуы мүмкін екендігі туралы жазбаша нысанда ескертеді.
4. Шартты сотталған адам сынақ мерзімі ішінде осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қайта жасаған жағдайда, заңды талаптарға бағынбау, сол сияқты шартты сотталған адамның тәртібіне бақылауды жүзеге асырушы орган қызметкеріне қатысты тіл тигізу не зорлық іс-әрекеттер жасаған не егер сотталған адам бақылаудан жасырынса, сотқа шартты жазаның күшін жою туралы ұсыныс жіберіледі.";
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақта "отыз" деген сөз "қылмыстық-атқару инспекциясына тіркелуге келмеген сәттен бастап он бес" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., N 15-16, 212-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2002 ж., N 18, 158-құжат; 2003 ж., N 24, 180-құжат):
4-бапта:
бірінші сөйлем алып тасталсын;
екінші сөйлемде "2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейін ", қамау түріндегі жазалау туралы ережелері - 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., N 24, 338-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2003 ж., N 24, 180-құжат):
4-бапта:
бірінші сөйлем алып тасталсын;
екінші сөйлемде:
"Осы Кодекстің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздерден кейін "қамау түріндегі жазалау туралы ережелері - 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат):
14-баптың 14) тармақшасы "нақты адамдардың" деген сөздерден кейін "қылмыстық-атқару жүйесінің," деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 67-құжат N 9):
33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.".
8. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; N 18, 143-құжат):
1) 25-2-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке түсу азаматтардың міндетті арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.";
4-тармақта "әскери міндеттілер" деген сөздерден кейін "әскерге шақырылушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 26-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне мамандығы бойынша кәсіби даярлығы және жеке жұмысының өтіліне байланысты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейтін тәртіппен сыныптық біліктілік беріледі.";
3) 26-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"26-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жауапкершілігі
1. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны, лауазымдық өкілдіктерін асыра пайдаланғаны, еңбек тәртібін бұзғаны, сол сияқты қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметке байланысты осы Заңда белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын қызметінен босату;
6) арнайы атағын бір саты төмендету;
7) қылмыстық-атқару жүйесінен шығару.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза теріс қылық байқалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері олардың қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауы кезінде тиісінше Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негізде және тәртіпте қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапқа тартылады.";
4) 29-баптың 2-тармағындағы "жыл сайынғы" деген сөздерден кейін "ақылы, еңбек" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 29-1-бапта:
1-тармақтағы "отыз тәулік" деген сөздерден кейін "ақылы, жыл сайынғы еңбек" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "кезекті" деген сөз "ақылы, жыл сайынғы еңбек" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "кезекті" деген сөздер "ақылы, жыл сайынғы еңбек" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 30-баптың 1-тармақтағы "Осы Заңда" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен белгіленген тәртіппен," деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті