Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 және 2008 жылғы 17 шілдедегі N 693 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 915 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      2) "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 693 қаулысында :

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыруларда:

      3-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында "21" деген сандар "13" деген сандармен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады