"Қазақстан Республикасының микроқаржылық ұйымдарының қызметін реттейтін кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 935 Қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 N 1458 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының микроқаржылық ұйымдарының қызметін реттейтін кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

                                                       Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының микроқаржылық ұйымдарының қызметін реттейтін кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Микрокредиттік ұйымдар туралы" 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 4, 23-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; N 23, 140-құжат):
      1) 2-баптың 2-тармағындағы "Шаруашылық серіктестігінің" деген сөздердің алдынан "Акционерлік қоғамдардың," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 9-бапта:
      1-тармақ "шаруашылық серіктестік" деген сөздерден кейін "немесе акционерлік қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Микрокредиттік ұйымға акционерлік қоғам нысанында тіркелген микрокредиттік ұйымдарды қоспағанда, бағалы қағаздар шығаруға тыйым салынады. Акционерлік қоғам нысанында тіркелген микрокредиттік ұйымдар "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарапайым акцияларды шығаруға құқылы.";
      3) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Акционерлік қоғам нысанында құрылатын микрокредиттік ұйымның жарғылық капиталының ең аз мөлшері "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.";
      4) 14-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "9) оқыту.";
      5) 15-бапта: 3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Микрокредиттік ұйым әрбір қарыз алушы бойынша осы микрокредиттік ұйымға микрокредит беру туралы бірінші шартқа кол қойылған күнінен бастап қалыптастырылатын кредиттік досьені жүргізуге тиіс";
      екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қарыз алушы осы микрокредиттік ұйымға қайта жүгінген кезде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар микрокредиттік ұйымның қалауы бойынша беріледі.".
      2. "Кредиттік серіктестіктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жедел жарна - ақылылық, жеделділік және қайтарымдылық шартында кредиттік серіктестікке қатысушы заңды тұлға енгізген ақша сомасы;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) қосымша жарна - қатысушы кредиттік серіктестіктің мүлкіне берген ақша сомасы;";
      2) 4-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      3) 8-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "қосымша" деген сөзден кейін "және жедел" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 12-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті орган белгілеген" деген сөздер "кредиттік серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшеріне баламалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 16-баптың тақырыбындағы "Кредиттік серіктестікке қатысуды тоқтатқан жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
      6) 17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) қатысушы заңды тұлғалардан тартылатын жедел жарналар бойынша шекті ставкалар мен тарифтер;";
      7) 18-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) кредиттік серіктестікке қатысушы заңды тұлғалардан жедел жарналарды қабылдау;
      12) сенімгерлік операциялар: оның мүддесінде және оның тапсырмасы бойынша кредиттік серіктестікке қатысушының мүлкін басқару;";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Кредиттік серіктестік қаржы қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер ұсынуға құқылы";
      8) 19-баптағы "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттік серіктестіктердің қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бірлестіктерін," деген сөздер "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бірлестіктерге кіруі, оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 21-баптың 7-тармағы алып тасталсын.
       2-бап . Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады