Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне
толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық
кодексіне
(Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24,25- құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52—құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат):
1) 406-бап мынадай мазмұндағы 2-1- тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Ислам банкінің, оның банк қызметін жүзеге асырған кездегі тауарларды сатып алу-сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді.";
2) 727-бап мынадай мазмұндағы 1-1- тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Ислам банкі заем беруші болып табылатын банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзімділік, қайтарымдылық шартымен және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы өндірілмей жүзеге асырылады.";
3) 756-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Банк салымдарының ерекшеліктері банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленуі мүмкін.";
4) 883-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Банк қызметін жүзеге асырған кездегі мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ерекшеліктері банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленеді.".
2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
(Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140,142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-2 құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1,4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 3, 141-құжат; 2007 ж. N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат, N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 6-7, 25, 27-құжаттар; 2008 ж. 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 ж. 16 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 ж. 17 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
):
1) 10-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша "исламдық жалдау сертификаттары бойынша төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын табыс" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-2), 11-3), 11-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"11 -2) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
11-3) инвестициялық депозит — бір тұлғаның (депозитордың) басқа тұлғаға — ислам банкіге, оларды номиналды түрде қайтару кепілдігінсіз, белгілі мерзімге тапсырылған ақша, олар бойынша табысы инвестициялық депозит туралы шартында көзделген тәртіппен тапсырылған ақшаны сенімгерлікпен басқару нәтижесіне қарай төленеді;
11-4) инвестициялық депозит бойынша табыс - депозитор инвестициялық депозит мерзімі аяқталған соң алатын, инвестициялық депозит туралы шартында көзделген тәртіппен тапсырылған ақшаны сенімгерлікпен басқару нәтижесіне қарай төленетін табыс. Депозиторға инвестициялық депозит туралы шартында көзделген тәртіппен тапсырылған ақшаны сенімгерлікпен басқару нәтижесіне қарай төленетін сома мен бастапқыда депозитке салынған соманың айырмасы ретінде анықталады;";
35) тармақша "туынды бағалы қағаздар" деген сөздерден кейін ", исламдық бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 21), 22) тармақшаларымен толықтырылсын:
"21) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың оларды өтеу нәтижесінде алған инвестициялық табысы, ол исламдық бағалы қағазды өтеген кезде ұстаушыға төленетін соманың және осы ұстаушының бастапқыда оны сатып алу сомасының арасындағы айырмасы ретінде анықталады;
22) инвестициялық депозит бойынша табыс";
3) 91-баптың 1-тармағында:
7-1) тармақ "арнайы қаржы компаниясының" деген сөздерден кейін "немесе бағалы қағаздар рыногы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компаниясының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) ислам банкінің инвестициялық депозиттер бойынша тартылған қаражаттарды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру барысында алған инвестициялық табыстар.";
4) 122-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық төлеушілер салық салынатын табысты осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің лизинг (жалдау) шартымен жасалған инвестициялық қызметінің шегінде алуға жататын (алынған) сыйақыны қосқандағы негізгі құрал-жабдықтардың қаржылық лизингі бойынша алуға жататын (алынған) сыйақы сомасына азайтуға құқығы бар.";
5) 144-бап мынадай мазмұндағы 42), 43), 44), 45) тармақшалармен толықтырылсын:
"42) исламдық жалдау сертификаттары бойынша сыйақылар;
43) исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын дивидендтер;
44) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың оларды өтеу нәтижесінде алған инвестициялық табысы, ол исламдық бағалы қағазды өтеген кезде ұстаушыға төленетін соманың және осы ұстаушының бастапқыда оны сатып алу сомасының арасындағы айырмасы ретінде анықталады;
45) инвестициялық депозит бойынша табыс";
6) 178-бап мынадай мазмұндағы 25), 26) тармақшалармен толықтырылсын:
"25) инвестициялық депозит бойынша табыс;
26) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың оларды өтеу нәтижесінде алған инвестициялық табысы, ол исламдық бағалы қағазды өтеген кезде ұстаушыға төленетін соманың және осы ұстаушының бастапқыда оны сатып алу сомасының арасындағы айырмасы ретінде анықталады.";
7) 216-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Қайтарымды лизинг шарты бойынша тапсыруды қоспағанда, осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің лизинг (жалдау) шартымен инвестициялық қызметі шегінде берілген мүлікті қоса алғандағы, лизинг алушының негізгі құрал-жабдық ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне тапсыру кезінде мыналар өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады:";
8) 217-баптың 8-тармағының бірінші абзацында "Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруді қоспағанда," деген сөздер "Қайтарымды лизинг шарты бойынша беруді қоспағанда, осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің лизинг (жалдау) шартымен инвестициялық қызметі шегінде берілген мүлікті қоса алғандағы, лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"1-1) ислам банкінің мынадай банктік және өзге операциялары:
жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және процент түрінде сыйақы төлеусіз ақшалай нысандағы кредиттер беруі;
кәсіпкерлік қызметті мынадай түрінде қаржыландыру:
коммерциялық кредитті беріп, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік шартымен өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;
лизинг (жалдау) шартымен инвестициялық қызмет;
агенттік қызмет;";
10) 228 -баптың 1-тармағында:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мынадай талаптар сақталған жағдайда, осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің лизинг (жалдау) шартымен инвестициялық қызметі шегінде берілген мүлікті қоса алғандағы, мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиіс сыйақы сомасы бөлігінде қосылған құн салығын төлеуден босатылады:";
2) тармақшасындағы "мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиіс сыйақы сомасы бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер алынып тасталсын;
11) 235-баптың 2-тармағының 1-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1-2) осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің инвестициялық қызметі шегіндегі лизинг (жалдау) шарты бойынша қоса алғанда, осы Кодекстің 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес қаржы лизингі шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жатады, бірақ осы Кодекстің 217-бабының 8-тармағына сәйкес айналым жасау күніне айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспауға тиіс;";
12) 241-бапта:
3-тармақтағы "қаржы лизингіне" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің инвестициялық қызметі шегінде берілген мүлікті қоса алғандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Лизинг берушінің қаржы лизингіне тапсырылуға жататын, осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің инвестициялық қызметі шегінде сатып алынған мүлікті қоса алғандағы, мүлікті сатып алуына байланысты шығыстары салық салынатын айналымдары үшін шыққан шығыстары ретінде қаралады.";
13) 242-баптың 5-1-тармағындағы "қосылған құн салығы сомалары енгізілместен" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің инвестициялық қызметі шегіндегі лизинг (жалдау) шарттарын қоса алғандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 325-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Лизинг алушы, осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің инвестициялық қызметі шегіндегі лизинг (жалдау) шарттарын қоса алғандағы қаржы лизингі шартына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісімен бірге қаржы лизингіне берілген (алынған) жер учаскесі бойынша жер салығын төлеуші болып табылады.";
15) 345-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Лизинг алушы, осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің инвестициялық қызметі шегіндегі лизинг (жалдау) шарты бойынша қоса алғанда, қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.";
16) 352-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Кодекстің 74-бабының (Қаржы лизингі) талаптарын қанағаттандырған жағдайда ислам банктерінің инвестициялық қызметі шегіндегі лизинг (жалдау) шарты бойынша қоса алғанда қаржылық лизингіне берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.".
3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар):
1) 2-баптың 7) тармақшасында "номиналды түрде" деген сөздерден кейін "(ислам банкіндегі инвестициялық депозиттен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде, осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді.
Ислам банкінің құрылуы және қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауымен белгіленген.";
3) 8-баптың 2-тармағында:
7) тармақшада "акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауымен көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банк сатып алған жағдайларда қолданылмайды.";
4) 11-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ, акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) серіктестік шартымен сатып алған заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Ислам банкі үшін, ол өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) серіктестік шартымен акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алған жағдайда, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органы рұқсатының болуы талап етілмейді.";
5) 14-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Ислам банкінің жарғысында қосымша осы Заңның 52-4-бабында көзделген мәліметтер қамтылуы тиіс";
6) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Ислам банкінің атауында "ислам банкі" деген сөз тіркесі болуы тиіс";
7) 17-баптың 1-тармағында "5 және 6-тармақтарында" деген сөздер "5-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиялар уәкілетті органмен тек ислам банктеріне ғана беріледі.";
9) 30-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
"14. Осы баптың ережелері ислам банктерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген ислам банктерінің қызметіне қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігіндегі қызметтеріне таралады.";
10) 31-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы е-1) тармақшамен толықтырылсын:
"е-1) ислам банкінің және оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, ислам банкінің банк операцияларын жүргізу шарттары және олармен байланысты тәуекелдері;";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талапты ескере отырып, банктің директорлар кеңесімен бекітіледі.";
11) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Ислам банктері клиенттерге осы Заңның 52-5-бабында көрсетілген банк операцияларының ерекшеліктерін және олармен байланысты тәуекелдерін түсіндіруге міндетті";
12) 34-бапта:
5-тармақ "операцияларына" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ислам банктерінің операцияларына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Ислам банкінің банктік заемдық және өзге операцияларын жүргізу ерекшеліктері мен шектеулері осы Заңның 4-1-тарауымен белгіленеді.";
13) 39-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде "Банктер" деген сөз "Ислам банктерінен басқа банктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 42-бабы мынадай мазмұндағы 1 -1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Исламдық банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауга міндетті нормалар мен лимиттерді ислам банктерінің осы Заңмен белгіленген банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті орган белгілейді.";
15) 52-баптың 2-тармағындағы "Депозиттер" деген сөз "Ислам банктерінен басқа депозиттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. Ислам банктерін құру және қызметінің ерекшеліктері
52-1-бап. Ислам банкі қызметіне қойылатын талаптар
1. Ислам банкі банктік қызметті жүзеге асырғанда, осы баптың 2-тармағында айқындалған талаптарды басшылыққа алады.
2. Ислам банкі процент түрінде сыйақы алуға, инвестициялық депозитті немесе ол бойынша кірісті қайтаруға кепілдік беруге, темекі, ішімдік өнімдерінің, қару-жарақ және (немесе) оқ-дәрінің өндірісімен және саудасымен, құмарлық ойындармен, порноиндустриямен байланысты қызметті, сондай-ақ Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредиттеуге) тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға (кредиттеуге) құқығы жоқ.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам банкінің қызметіне ислам банкі сақтауға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
52-2-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің
қызметі
1. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуін айқындау үшін ислам банкінде міндетті тәртіппен Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес - директорлар кеңесінің ұсынысымен ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысымен тағайындалатын, тәуелсіз орган.
3. Ислам банкінің операцияларды жүргізуінің жалпы талаптары туралы ереже, Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ереже Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің оң қорытындысы бар болғанда, ислам банкінің директорлар кеңесімен бекітілуге жатады.
4. Егер өзгесі осы Заңда, ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде көзделмеген болса, ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге сәйкес қабылданған ислам банкінің кредиттік комитетінің шешімдері және Ислам банкінің операцияларды жүргізуінің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалған мәмілелер Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді. Бұл ретте Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес өзінің қарауы бойынша қандай да бір мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға оның сәйкес келу мәніне тексеруге құқығы бар.
52-3-бап. Ислам банкінің операциялары мен мәмілелерін ислам
банкінің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес
келмейді деп тану салдары
1. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, осындай мәміле жасалуы немесе орындалуы мүмкін емес.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, осындай мәміле ислам банкінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені орындалған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, ислам банкінің осындай мәміле бойынша кірісі қайырымдылыққа жіберілуі тиіс.
52-4-бап. Ислам банкінің жарғысына қосымша талаптар
Ислам банкінің жарғысы осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден басқа мыналарды қамтуы тиіс:
1) ислам банкі қызметінің мақсаттарын;
2) ислам банкінің тұрақты жұмыс істейтін органы - Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің міндеттерін, функцияларын және өкілеттілігін, сондай-ақ оны құру тәртібі мен Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптарды.
52-5-бап. Ислам банкінің банктік және өзге де операциялары
1. Ислам банкінің банктік операцияларына мына операциялар жатады:
1) жеке және заңды тұлғалардан процентсіз талап ету депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
3) банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және процент түрінде сыйақы төлеусіз ақшалай нысандағы кредиттер беруі;
4) кәсіпкерлік қызметті мынадай түрінде қаржыландыру:
коммерциялық кредитті беріп, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыру;
5) лизинг (жалға алу) талаптарымен инвестициялық қызмет;
6) агенттік қызмет.
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көзделген банктік операцияларды ислам банкі меншік ақшасы және (немесе) инвестициялық депозиттерге тартылған ақша есебінен жүзеге асырады. Бұл ретте ислам банкі және (немесе) клиенттер инвестициялық депозит бойынша олардың ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын алады, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қатысушысы және ортақ меншікке жататын мүлікке басқаруды жүзеге асыратын сенімгерлік басқарушысы болады. Ислам банкі сенімгерлік басқарушы ретінде жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес көлік құралдарын және өзге де жылжымалы мүліктің тіркелуін қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік қатысушыларының есебін жүргізеді.
3. Ислам банкі, егер жарғыда осындай көзделсе, осы Заңның 52-1-бабында көзделген талаптарды сақтап, осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін және өзге де операцияларды, мына операцияларды қоспағанда, жүзеге асыруға құқығы бар:
1) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;
2) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;
3) форфейтингтік операциялар (форфейтингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 30-бабында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін және өзге де операцияларды осы Заңның 52-1-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.
52-6-бап. Ислам банкінің депозиттері
1. Талап етуге дейінгі процентсіз депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын процент түрінде сыйақы төлеуді немесе төлеуге кепілдік беруді көздемейтін талап етуге дейінгі банктік салымға қабылдауға және клиенттің талабы түсуі бойынша депозитті немесе оның бөлігін қайтаруға міндеттенеді. Ислам банкінің процентсіз депозит туралы шартына ол бойынша сыйақы төлеу жөніндегі талаптарды қоспағанда, банктік салым туралы шарттың ережесі қолданылады.
2. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын белгілі мерзімге номиналды көрсетілімде оны қайтарым кепілдігісіз қабылдауға, инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен олар бойынша кірісті берілген ақшаны қолдану нәтижесіне байланысты төлеуге міндеттенеді. Ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шартына ақшаны қолдану және қайтару тәртібі, клиенттің және ислам банкінің құқықтары мен міндеттері, сенімгерлік басқарушы — ислам банкінің сыйақыны айқындау мен есептеу тәртібі бойынша осы бапта көзделген ерекшеліктерімен мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарттың ережелері қолданылады.
Инвестициялық депозит туралы шартты жасасқанда ағымдағы банк шоты ашылуы мүмкін.
3. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптарында сенімгерлік басқарушы — ислам банкінің сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы -клиенттің ақшасын басқарғаны үшін сыйақысының мөлшері, ақшаны қайтарудың мерзімі мен тәртібі, ақшаны қолданудан болған шығындар тәуекелдері және өзге де талаптар айқындалуы тиіс.
4. Ислам банкінің сыйақысы инвестициялық депозит бойынша ақшаны қолданудан түскен кіріс есебінен ғана төленуі мүмкін талабымен инвестициялық депозитке тартылған ақшаны қолданудан алынған кіріс бөлігі түрінде айқындалады. Ислам банкі инвестициялық депозиттің шығындылығында (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны қолдану нәтижесінде кірістің болмағанында) сыйақы құқығынан айырылады. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары депозит бойынша кірістің немесе ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін кездеуі мүмкін емес.
5. Клиент оның талабы бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтарғанда, егер өзгесі инвестициялық депозит туралы шартта көзделмесе, кірісті алу құқығынан айрылады.
6. Инвестициялық депозит туралы шарт клиенттің ақшаны пайдалану әдістерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін анықтауы бойынша талаптарды не клиенттің ақшасын өзге клиенттердің ақшасынан жеке оларды біріктіру құқығынсыз пайдалану бойынша талаптарды көздеуі мүмкін.
7. Ислам банкі ақшаны пайдалану тәртібі мен нәтижелерін анықтау, оның ішінде ақшаны пайдалану әдістерін, активтер немесе ақша салу объектілері түрлерінің тізбесін, мұндай пайдаланудан кірістің немесе шығындардың мөлшерін, ислам банкінің сыйақы мөлшерін анықтау мақсатында жекелеген инвестициялық депозиттер бойынша ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті.
8. Клиенттің талабы бойынша ислам банкі инвестициялық депозит бойынша ақшаны пайдалану жөніндегі есепті ұсынуға міндетті.
9. Егер өзгесі шартта көзделмесе, инвестициялық депозитке ақша салған клиент ақшаны орналастырумен байланысты туындаған ислам банкінің міндеттемелеріне жауап бермейді, бірақ ақша салынған активтердің құны кемігеніне байланысты, инвестициялық депозитке салынған ақша сомасы шегінде, шығындар тәуекелдерін көтермейді.
10. Ислам банкі осындай шығындар оның кінәсі бойынша пайда болған жағдайларды қоспағанда, инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтердің құны кемігеніне байланысты шығындар үшін жауапты емес.
Егер инвестициялық депозиттің ақшасы салынған активтердің құны кемігеніне байланысты шығындар ислам банкінің кінәсі бойынша пайда болған жағдайда, онда ислам банкі клиентті осындай шығындар пайда болғаны туралы хабардар етуге міндетті.
52-7-бап. Ислам банкінің бағалы қағаздарды шығару ерекшелігі
Ислам банкі борышты, сыйақының кепілдік берілген мелшерін немесе құнынан процент түрінде сыйақы төлеуді көздейтін артықшылық берілген акцияларды, облигацияларды немесе өзге борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, акцияларды немесе өзге бағалы қағаздарды шығаруға құқылы.
52-8-бап. Коммерциялық кредитті ұсыну арқылы сауда делдалы
есебінде сауда қызметін қаржыландыру
1. Ислам банктері сауда делдалы ретінде, оның ішінде ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты негізінде коммерциялық кредитті тауарды сатып алушыға немесе сатушыға беру арқылы сауда қызметіне қатысуға құқылы.
2. Ислам банкі коммерциялық кредит туралы ислам банкінің шартына сәйкес клиентпен (сатып алушымен) келісілген тауарды үшінші тұлға -тауарды сатушыдан сатып алуға және осы тауарды клиентке (сатып алушыға) белгілі бір уақыт өткеннен кейін тауарды төлеу талаптарымен (төлемнің мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеу талаптарымен) кредитке сатуға міндеттенеді.
3. Ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартына тауарларды кредитке сатып алу-сату немесе осы баппен көзделген ерекшеліктерді және осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды ескере отырып, төлемді бөліп-бөліп төлеу туралы шарттың ережелері қолданылады.
4. Ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартын жасаған кезде тараптар сатып алу-сату затын, клиент (сатып алушы) ислам банкінен тауарды сатып алуға дайын бағаны, коммерциялық кредит талаптарын (төлеу мерзімін, төлемнің мерзімін ұзартуды немесе бөліп-бөліп төлеуді) келісуі міндетті.
5. Егер өзгесі ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартында көзделмесе, ислам банкінің клиентке (сатып алушыға) тауарды сату бағасы сатушыдан тауарды сатып алу бағасының сомасынан және шартты жасау барысында тараптармен айқындалатын коммерциялық кредитті бергені үшін тауарға үстеме бағадан құралады. Үстеме бағаның мөлшері немесе оны айқындау тәртібі туралы талап ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартының елеулі талабы болып табылады. Үстеме баға белгіленген сома немесе тауардың өзіндік құнынан процент түрінде белгіленуі мүмкін.
6. Тауарды сатып алған кезде ислам банкі сатушымен сатып алу-сату шартында ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты бойынша клиенттің (сатып алушының) орналасқан жерін міндетті көрсету арқылы ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартын орындау үшін тауар сатып алынатындығын көрсетуге міндетті. Егер өзгесі шартпен көзделмесе немесе міндеттемелер мәнінен туындамайтын болса, сатып алу-сату шартының және ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартының мәні болып табылатын мүлік сатып алу-сату шарты бойынша сатушымен клиенттің (сатып алушының) орналасқан жерінде ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты бойынша клиентке (сатып алушыға) тікелей беріледі.
Ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты бойынша клиент (сатып алушы) ислам банкімен сатып алу-сату шартының мәні болып табылатын мүлікті сатушыға сатушы мен ислам банкі арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды, соның ішінде мүліктің сапасы мен жинақталымына, оны жеткізу мерзімдеріне қатысты және сатушының шартты тиісінше орындамауының басқа жағдайларында тікелей қоюға құқылы. Бұл ретте клиенттің (сатып алушының) ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты бойынша құқықтары және сатып алынған мүлікті төлеу міндеттерінен өзге, сатушы мен ислам банкі арасында жасалған сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы үшін көзделген міндеттері бар. Ислам банкі және ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты бойынша сатып алушы сатушымен қарым-қатынасқа ортақтас кредиторлар ретінде түседі.
7. Егер, өзгесі ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартымен көзделмесе, ислам банкі клиент (сатып алушы) алдында сатушыны таңдау құқығы ислам банкінде болған жағдайлардан басқа кезде, сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындамағаны үшін ислам банкі жауап бермейді. Бұл жағдайда ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты бойынша клиент (сатып алушы) сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды өзінің таңдауы бойынша тікелей ортақ жауапкершілік алатын мүлікті сатушыға да, ислам банкіне де қоюға құқылы.
8. Ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты бойынша бір мезгілде клиент (сатып алушы) болатын сатушыдан тауарды сатып алуға жол берілмейді. Тауарды сатушымен ислам банкінің сатып алу-сату шарты тауарға алдын ала төлем жасау, белгілі мерзімде сатып алынған тауарды қайтару және тауардың сатып алынған бағасын қайтару мүмкіндігі туралы талаптарды кездеуі мүмкін.
Клиенттің (сатып алушының) аффилирленген тұлғасы болып табылатын сатушыдан тауарды сатып алуға жол берімейді.
9. Ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартымен ақша немесе өзге мүлік кепілімен тауарларды төлеу бойынша сатып алушы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талаптары көзделуі мүмкін.
10. Егер, ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартының мәні дайындалуға жататын тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, жылжымалы жаңа затты, жаңадан құрылатын жылжымайтын мүлікті), мүлікті пайдалану, жұмысты орындау не қызмет көрсету нәтижесінде алынатын тауарларды (ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы немесе өзге ұқсас өнімнен шығарылған мүлікті пайдалану барысында бөлініп алынатын жемістер түрінде) сатып алу болып табылатын жағдайда, шарттың осы Заңның 52-1-бабында көзделген талаптарға сәйкестігі туралы Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы талап етіледі.
11. Дайындалуға жататын немесе мүлікті пайдалану, жұмысты орындау не қызмет көрсету нәтижесінде алынатын тауарларды сатып алу туралы ислам банкі мен тауарды өндіруші (дайындаушы) арасында жасалған шартпен тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (жеткізілімнің мерзімін ұзарту) тауарды жеткізу (жеткізіп беру) талабымен сатып алынатын тауар (аванс түрінде коммерциялық кредит) құнын жылдам ішінара немесе толық төлеу көзделуі мүмкін. Тауарды өндірушіге коммерциялық кредитті берген кезде тауарды тікелей сатып алушымен ислам банкінің сатып алу-сату шарты тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде (жеткізілімнің мерзімін ұзарту) тауарды жеткізу талабымен тауарға жылдам ішінара немесе толық алдын ала төлем жасау туралы талаптарды көздеуі мүмкін. Соңғы жағдайда ислам банкі сауда қызметіндегі делдалдығы және (немесе) тауарды өндірушінің (сатушының) міндеттемелерін орындауын қамтамасыз еткені үшін сыйақы түрінде тауарды сатып алушымен сатып алу-сату шарты бойынша тауарға үстеме бағаны алдын ала көздеуге құқылы.
12. Осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарты жасалған жағдайда, банк пен тауарды өндіруші арасындағы қатынастарға мердігер, жеткізілім, келісім-шарт жасасу, қызметтерді өтеусіз көрсету туралы ережелер немесе осы қатынастарга сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген міндеттеме туралы басқа ережелер қолданылады. Ислам банкі мен тауарды өндіруші арасындағы шарт ислам банкінің тауарды сатушының сатып алу-сату шарты үшін осы баптың 6-9 тармақтарымен көзделген талаптарға жауап беруі тиіс.
52-9-бап. Заңды тұлғалардың жарғы капиталдарына қатысу және
(немесе) серіктестік талаптар жолымен өндірістік және
сауда қызметін қаржыландыру
1. Ислам банкі кіріс алу мақсатына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін өзге мақсаттарға қол жеткізуге арналған серіктестік туралы шарт негізінде өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруға құқылы. Серіктестік туралы шартпен заңды тұлғаны құру жөніндегі талап көзделуі мүмкін (заңды тұлғаның құрылуына байланысты серіктестік туралы шарт).
2. Серіктестік туралы шарт исламдық қаржыландыру принциптері бойынша Кеңестің оң қорытындысын алғаннан кейін жасалуы мүмкін. Осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды бұзу серіктестік туралы шартты ұзақ мерзімге бұзуға және (немесе) әріптестік туралы шарт негізінде заңды тұлғаның таратылуына не ислам банкінің үлесін, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғы капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін шеттетуге және алынған кірістің қайырымдылыққа бағытталуына негіздеме болып табылады.
3. Заңды тұлғаны құру жөніндегі талаптарсыз жасалған серіктестік туралы шартта (ислам банкінің қатысуымен жасалған жай серіктестік шарты) осы баппен көзделген ерекшеліктермен бірге бірлескен қызмет туралы шарт ережесі қолданылады.
4. Ислам банкінің қатысуымен жасалған жай серіктестік шартында бірлескен қызмет мақсаты, шарттың қолданылу мерзімі немесе пайда болуына байланысты шартты тоқтататын талап, бірлескен қызметтен түскен кірісті бөлу тәртібі және кезеңділігі, қатысушының шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін қатысушылардың әр қайсысының енгізген мүлкінің тізбесі, түрлері және құны туралы мәліметтер болуы тиіс. Егер шартпен өзгесі көзделмеген болса, жалпы мүліктегі қатысушылардың әр қайсысының үлес мелшері бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін енгізілген мүлік құнына теңбе-тең анықталады. Шартпен бірлескен қызметтен алынған кіріс бөлігін қайырымдылық мақсаттарға пайдалану жөніндегі талаптар көзделуі мүмкін.
5. Бірлескен қызметтен алынған кіріс, ислам банкінің қатысуымен алынған жай серіктестік шартына қатысушылардың жалпы кірістері мен шығындары егер өзгесі шартта көзделмеген болса, жалпы мүліктегі үлес бойынша теңбе-тең бөлінеді. Ислам банкінің қатысуымен жай серіктестік алған кіріс күтіліп отырған кірісті есепке алмай, нақты нәтиже бойынша бөлінуі тиіс. Серіктестік қатысушысының кірісі белгіленген ақша сомасы түрінде белгіленуі мүмкін емес.
6. Жай серіктестіктің жалпы мүлкі жеткіліксіз болған кезде оның қатысушылары жалпы мүліктегі үлеске теңбе-тең жай серіктестік шартына байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілік алады.
7. Заңды тұлғаны құруға байланысты серіктестік туралы шартта, егер осы шартпен немесе осы бап ережелерімен өзгесі кезделмеген болса, заңды тұлғаның тиісті ұйымдық-құрылымдық нысандағы құрылтай шарты жөніндегі ереже қолданылады.
8. Ұйымдық-құрылымдық нысанмен белгіленген заңды тұлғаның құрылтай шартында Қазақстан Республикасының заңнамасымен кезделген мәліметтерден басқа, заңды тұлғаны құруға байланысты серіктестік туралы шартта серіктестіктің мақсаты мен мерзімі туралы мәліметтер, заңды тұлғаның кірісін әрбір қатысушы үлесіне теңбе-тең енгізе отырып, бөлу туралы талаптар болуы тиіс.
9. Заңды тұлғаны құруға байланысты серіктестік туралы шарттың ережесі сондай-ақ серіктестіктің және акцияларды сатып алудың (қатысу үлесінің) мақсаты осы заңды тұлғаның өндірістік немесе сауда қызметін қаржыландыру болып табылатын маңызды талаптарға байланысты жұмыс істеп отырған заңды тұлғаның акцияларын немесе қатысу үлестерін сатып алу болып табылатын жағдайларда да қолданылады.
52-10-бап. Лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық
қызметті жүзеге асыру
1. Ислам банктері лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2. Ислам банктерінің мүлікті лизингтеу (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыру қатынастарында осы бап ережелерінде көзделген ерекшеліктермен бірге қаржы лизингі немесе мүлікті жалдау жөніндегі ереже қолданылады.
3. Ислам банкімен жасалған лизинг (жалдау) шартының талаптары бойынша жалға алынған мүлікті сатып алу құқығын көздей алмайды. Жалға алынған мүліктің меншік құқығы жалдау мерзімі соңында жеке келісім негізінде лизинг алушыға (жалдаушыға) берілуі мүмкін.
4. Егер ислам банкінің жарғысымен немесе ішкі ережелерімен өзгесі көзделмесе, лизинг немесе мүлікті жалдау бойынша мәмілелер осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес бекітілген Ислам банкінің операцияларды жүргізуінің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалады және Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі Кеңестің жеке бекітуін талап етпейді.
5. Шартпен кепілге беру немесе өзге тәсілмен лизингтік төлемдерге (жалдау төлемдеріне) ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз ету туралы талап көзделуі мүмкін.
52-11-бап. Агенттік қызметті жүзеге асыру
1. Ислам банкі инвестициялық-агенттік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соған сәйкес ислам банкі өз клиентінің агенті бола алады не үшінші тұлғаны өзінің агенті етіп тағайындай алады.
2. Агент клиенттің атынан және оның тапсыруы бойынша не өз атынан, бірақ клиенттің тапсыруымен және клиент есебінен агенттік келісімге сәйкес өз жеке тәжірибесі және білімі негізінде сыйақыға кіріс алуға бағытталған белгілі бір заңды іс-қимылдарды жасауға міндеттенеді.
3. Ислам банкінің талаптарына қатысты агенттік келісімдерінде осы бапта көзделген ерекшеліктерге сай тапсырма шарты туралы ереже немесе комиссия қолданылады.
4. Ислам банкімен жасалған агенттік (клиент не агент) келісім бойынша тараптар ретінде жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде банктер және өзге қаржы ұйымдары бола алады.
5. Агенттік келісімнің талаптарымен агенттің сыйақысын анықтау және төлеу тәртібі белгіленуі тиіс. Клиенттің кепілдік берілген кірісінің мөлшері агенттік келісімнің талаптары ретінде көзделе алмайды.
6. Егер қызметті орындамау немесе шығын агенттің кінэсінен болған жағдайды қоспағанда, агенттің сыйақы алу құқығы агенттік келісімнің орындалуына немесе оның нәтижесіне қатыссыз сақталып отырады.
7. Шығын агенттің кінәсінен болған жағдайды қоспағанда, агент қызметі нәтижесіндегі шығындар тәуекелін агенттік келісім клиенті мойнына алады.";
17) 74-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Ислам банкінің тарату конкурстық массасына ислам банкінің инвестициялық депозиті туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік енгізілмейді. Аталған мүлік, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер басқа ислам банкіне тапсырылуға жатады.
Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті, және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерді тапсыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";
18) 74-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы "депозиттер" деген сөзден кейін ",оның ішінде ислам банкі қабылдаған талап ету бойынша процентсіз депозиттер" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат, N 17, 141-құжат; 2008 ж. 16 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 ж. 17 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі
Заңы
):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 24-1, 28-1, 28-2, 45-1, 52-1, 57-1, 58-1, 67-1 тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) исламның арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер — исламның арнайы қаржы компаниясы сатып алған мүлік және талап ету құқықтары, олар бойынша келіп түсулер;";
"24-1) инвестициялық жоба - инвестициялаудан белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылған және аяқталу сипаты бар кешенді іс-шаралар;";
"28-1) исламның арнайы қаржы компаниясы - бұл ислам банкімен акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған және исламдық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;";
"28-2) ислам бағалы қағаздары - шығару талаптары ислам қаржыландыру принциптеріне сәйкес келетін, материалдық активтердегі бөлінбейтін үлесті иелену құқығын, оларды пайдаланудан түскен активтер мен кірістерді, нақты жобаларды қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздарды шығарған қызметтерді немесе активтерді иелену құқыгын растайтын эмиссиялық бағалы қағаздар;";
"45-1) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны - ислам бағалы қағаздарын оларды бастапқы орналастыру аясында сатып алу кезінде инвестор төлейтін ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісімен белгіленген ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай көрінісі;";
"52-1) оригинатор - активтері исламның арнайы қаржы компаниясына сатып алу-сату шарттың негізінде тапсырылатын және (немесе) исламның арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын ислам банкі;";
"57-1) ислам бағалы қағаздарын өтеу - осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы санын ұстаушыға тиесілі ислам бағалы қағаздары санына теңбе-тең қатынастағы үлеске тиесілі бөлінген активтер, ақша сомасы есебінен ислам бағалы қағаздары проспектісі белгілеген мерзімде жасалған төлемдер;";
"58-1) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі - ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар мүддесі үшін эмитентпен жасалған шарт негізінде іс-қимыл жасайтын ұйым өкілі;";
"67-1) резервтік қор - қалыптасу және пайдалану тәртібі ислам бағалы қағаздары проспектісімен анықталатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақша қаражатын инвестициялау нәтижесінде пайда болған шығынды жабуға арналған қаражат;";
2) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Ислам бағалы қағаздары проспектісіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Ислам бағалы қағаздары проспектісі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуі тиіс.
Эмитент шығарылым проспектісімен белгіленген ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделеріне қысым жасалған жағдайда шығарылым проспектісімен белгіленген ислам бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.";
5-тармақтағы "шығару проспектісіне" деген сөздерден кейін "ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектілеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Ислам бағалы қағаздарына төлем жасау тек қана ақшалай жүзеге асырылады. Эмитент орналастырылатын ислам бағалы қағаздарына толық төлем жасалғанға дейін ислам бағалы қағаздарын ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі оны иеленушінің жеке шотына (номиналды ұстаушының есепке алу жүйесіндегі) есептеу жөнінде бұйрық беруге құқығы жоқ.
2-2. Ислам бағалы қағаздарының айналысқа шығуы жалдау шартын (қаржы лизингі) немесе жобаны іске асырудың бірінші төлемін алғаннан кейін ғана болуы мүмкін.";
4) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығарудың және айналысқа
жіберудің ерекшеліктері
32-1-бап. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері. Ислам
бағалы қағаздарын шығару және айналысқа жіберу
1. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) эмитент ислам бағалы қағаздарын шығарған кезде бағалы қағаздар құнының проценті түріндегі сыйақыны есептеуге, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша кіріске кепілдік беруге құқылы емес;
2) ислам бағалы қағаздарын шығару және айналысқа жіберу нәтижесінде алынған қаражат исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі Кеңес қаржыландыруға тыйым салатын темекі, ішімдік өнімдеріне байланысты өндірісті және (немесе) сауданы, қару-жарақ және оқ-дәрі, құмарлық ойындар бизнесін, порноиндустрияны, сондай-ақ Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға бағытталмауы тиіс.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі Кеңес ислам бағалы қағаздары эмитентінің қызметіне қойылатын өзге де сақталуы міндетті талаптарды қосымша анықтауға құқылы.
32-2-бап. Ислам бағалы қағаздарының түрлері
1. Ислам бағалы қағаздарына мыналар жатады:
1) ислам инвестициялық акциялары мен пайлары;
2) исламдық жалдау сертификаттары;
3) исламдық қатысу сертификаттары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ислам бағалы қағаздары болып танылған өзге бағалы қағаздар.
2. Ислам инвестициялық қорлары пайларының эмитенттері болып инвестициялық портфельді басқарушылар табылады.
Исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттарының эмитенттері болып ислам банктері немесе исламдық арнайы қаржы компаниялары табылады.
32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары
1. Исламдық жалдау сертификаттары - оларды шығару кезінде ұстаушылары алдын-ала жалдау шарты бойынша (қаржы лизингі) алынатын кірістерді алу құқығын иеленетін айналыс мерзімімен белгіленген ислам банкі не исламның арнайы қаржы компаниясы шығарып отырған ислам бағалы қағаздары.
2. Исламдық жалдау сертификаттары олардың ұстаушыларына мынадай құқықтар береді:
1) жалдау шарты бойынша (қаржы лизингі) кірістер алу;
2) бөлінген активтерді күрайтын мүлік үлесіне сәйкес ұстаушыға, исламдық жалдау сертификаттарына орналастырылған жалпы санына тиесілі ақша сомасын алуға;
3) эмитенттің (оригинатордың) қызметі туралы, оның ішінде эмитенттің (оригинатордың) қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде исламдық жалдау сертификаттары шығарылым проспектісімен белгіленген тәртіп бойынша эмитенттің (оригинатордың) қаржылық есеп беруімен танысуға;
4) қоғам тіркеушісінен немесе исламдық жалдау сертификаттарына меншік құқығын растайтын номиналды ұстаушыдан үзінді көшірмелер алуға;
5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен көзделген өзге құқықтарын.
3. Исламның арнайы қаржы компаниясы - исламдық жалдау сертификаттарын шығару, оларды орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға мүлік сатып алу, сондай-ақ осы мүлікті жалдау шартынан (қаржы лизингі), исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушылардан келіп түскен төлемдерді бөлу үшін құрылады.
4. Исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектісімен оригинатордың (ислам банкінің) исламның арнайы қаржы компаниясынан мүлік сатып алған жағдайында исламдық жалдау сертификаттарын мерзімінен бүрын өтеу талаптары көзделуі мүмкін.
5. Исламдық жалдау сертификаттарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеудің өзге де талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
32-4-бап. Исламдық қатысу сертификаттары
1. Исламдық қатысу сертификаттары - айналысқа шығару кезінде мерзімі алдын-ала белгіленген, исламның арнайы қаржы компаниясынан шығарылған, жаңа инвестициялық жобаны ұйымдастыру үшін, жұмыс істеп отырған инвестициялық жобаны дамыту немесе жай серіктестік шарты негізінде кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру не акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаны немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру үшін қамтылған қаражатты пайдалану мақсатында шығарылған ислам бағалы қағаздары.
2. Оригинатор инвестициялық жобаға мүлікті енгізу арқылы және (немесе) исламның арнайы қаржы компаниясына тиесілі акцияларды сенімгерлік басқаруды (қатысу үлесі) жүзеге асыра отырып қатысады.
3. Инвестициялық жоба бойынша оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы пайда (кірістер) бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне сәйкес бөлінеді.
4. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттары шығарылымы проспектісінде белгіленген мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға құқылы.
5. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын былайша сатып алады:
1) исламдық қатысу сертификаттары шығарылымы проспектісінде белгіленген жағдайда;
2) исламдық қатысу сертификаттары бойынша дефолт жағдайында;
3) исламның арнайы қаржы компаниясын тарату туралы шешім қабылданған жағдайда.
6. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын оригинатордың ұсынысы бойынша заңды тұлға нысанындағы инвестициялық жоба таратылған жағдайда исламдық қатысу сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға міндетті.
7. Оригинатор таратылған жағдайда жай серіктестік шарты өзінің қолданылуын тоқтатады. Осы инвестициялық жобаны құрайтын мүлікті исламдық қатысу сертификаттары ұстаушылар өкілі аталған мүлікті сатудан алған ақша қаражатын исламдық қатысу сертификаттары шығарылымы көлеміндегі олардың үлестеріне сәйкес исламдық қатысу сертификаттары ұстаушыларына төлеген соң сатуға жатқызады.
8. Исламдық қатысу сертификаттары ұстаушылары исламдық қатысу сертификаттары шығарылымы талаптарында көзделген жағдайларда оригинатормен бірлесіп, қаржыландыру жобаларын таңдау кезінде шешім қабылдауға құқылы.
32-5-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес
1. Ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат есебінен қаржыландыру объектілерін исламдық қаржыландыру принциптері бойынша сәйкестендіруді анықтауды ислам банкінің исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі жүзеге асырады.
Ислам инвестициялық қорларының акциялары мен пайларын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат есебінен қаржыландыру объектілерін исламдық қаржыландыру принциптері бойынша сәйкестендіруді анықтауды ислам инвестициялық қоры басқарушы компаниясы құрған исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі жүзеге асырады.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес - эмитенттің басқару органының ұсынымы бойынша ислам банкінің (ислам инвестициялық қорының басқарушы компаниясы) акционерлердің (құрылтайшылар) жалпы жиналысы тағайындаған тәуелсіз орган.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес шешімдер қабылдау жөнінде ешкімге тәуелсіз.
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы бапта көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген шарт жасау сатысында тұрған ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес таныған жағдайда мұндай мәміле жасала алмайды және орындалмайды.
4. Осы бапта көрсетілген, талаптарға сәйкес келмейтін ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілелерді Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес таныған жағдайда, мұндай мәміле ислам банкінің (ислам инвестициялық қорының басқарушы компаниясының) талабы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
32-6-бап. Исламның арнайы қаржы компаниясы
1. Исламның арнайы қаржы компаниясы исламның арнайы қаржы компаниясына мүлік пен бөлінген активтерді жіберетін оригинатор арқылы ғана құрылады.
Исламның арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2. Исламның арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптасады.
3. Ислам бағалы қағаздарының осының алдындағы шығарылымын өтеуді аяқтағанға дейін алдағы ислам бағалы қағаздарын шығаруға тыйым салынады.
4. Исламның арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есеп беру аудитін жүргізуге міндетті.
5. Исламның арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыру немесе тарату ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеу қорытындылары туралы есепті уәкілетті орган бекіткеннен кейін уәкілетті органның рұқсатымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Уәкілетті орган исламның арнайы қаржы компаниясының өтініші негізінде исламның арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыру немесе таратуға рұқсат беру жөнінде шешім шығарады және өтініш келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде бұл туралы исламның арнайы қаржы компаниясын жазбаша хабардар етеді. Уәкілетті орган исламның арнайы қаржы компаниясының өтініші негізінде исламның арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыру немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту жөнінде шешім шығарған жағдайда бұл туралы исламның арнайы қаржы компаниясын бас тарту негіздемесін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.
6. Исламның арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыру немесе таратуға рұқсат беру жөнінде шешім шығару тэртібі уэкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен анықталады.
7. Исламның арнайы қаржы компаниясы ислам бағалы қағаздары бойынша тиісті резервтік қорларды құруды қосқандағы, ол шығарған ислам бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелерді орындауға ғана қатысты бөлінген активтердің түсуін пайдаланады.
8. Бөлінген активтер исламның арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан бөлек есепке алынады.
9. Исламның арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы Заңға сәйкес исламның арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарының осы шығарылымының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтерге тәртіптік жаза қолдану - исламның арнайы қаржы компаниясының міндетттемелерін орындау үшін ғана жасалуы мүмкін.
10. Исламның арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікті қаражат және бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржылық есеп беруді ұсынады.
11. Исламның арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді ұсынуды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
32-7-бап. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі. Ислам
бағалы қағаздарын ұстаушылардың функциялары мен
міндеттері
1. Эмитент пен үшінші тұлға алдындағы акцияларды, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар мүдделерін ұсынуды қоспағанда ислам бағалы қағаздарын шығару және айналысқа жіберу кезінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі жүзеге асырады.
Эмитент ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілін таңдауды бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қатарынан дербес жүзеге асырады.
Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі эмитенттің аффилиирленген тұлғасы болмауы тиіс.
2. Эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар мүдделері туралы шарт мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуының тәртібі мен жағдайы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
3. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздары шығарылымы проспектісімен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары алдында белгіленген міндеттемелерінің орындалуын бақылайды;
2) қаржыландыру объектілерінің ислам бағалы қағаздары шығарылымы талаптарына сәйкес келуін бақылайды;
3) ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
4) ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке, ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді жүзеге асыру бөлігіндегі қаржылық есеп беруге, сондай-ақ аталған қаражат олардың активтеріне инвестицияланған заңды тұлғаларға мониторингті жүзеге асырады;
5) исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде исламдық қаржыландыру туралы заңнамаға сәйкес жобаны басқару органдарында заңды тұлға нысанында құрылған арнайы қаржы компаниясының мүддесін білдіреді;
6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес және осындай іс-қимылдар қорытындысы бойынша ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларын өз іс-қимылдары туралы хабардар етеді.
4. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының өкілі мыналар үшін міндетті:
1) ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін бұзуға душар ететін жағдайларды анықтауға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларын аталған жағдайлар туралы үш күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге;
2) уәкілетті органды және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүліктің жай-күйі туралы хабардар етуге;
3) уәкілетті органды және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларын оның өкіл ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылатындығы туралы эмитентпен жасалған шарт бұзылған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде хабардар етуі керек;
4) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілі ретінде оның қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттарды беруге;
5) қызметтік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді жарияламауға.
5. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары өкілінің осы баптың 1 және 2 тармақтарымен белгіленген функциялары мен міндеттерін орындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.".
5. "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі
Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат, N 4, 33-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
"4-1-бап. Ислам инвестициялық қорлары
1. Ислам инвестициялық қоры - акционерлік инвестициялық қор не исламдық қаржыландыру принциптерін сақтай отырып, қор активтерін инвестициялауды жүзеге асыратын жабық пай инвестициялық қоры.
2. Ислам инвестициялық қорларының бағалы қағаздарының ұстаушылары өкілінің міндеттерін кастодиан жүзеге асырады.
3. Ислам инвестициялық қорының инвестициялық декларациясы исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес келуі тиіс және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуі тиіс";
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Ислам инвестициялық қорының атауындағы мазмұнында осы қордың ислам қоры болып табылатындығы көрсетілуі тиіс".
6. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат):
55-бапта:
атауындағы "мүлікке" деген сөзден кейін "инвестициялық депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі "қордың" деген сөзден кейін "немесе инвестициялық депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
"құрамына кіретін" деген сөздерден кейін "немесе ислам банкі инвестициялық депозит қаражаты есебінен сатып алған" деген сөздермен толықтырылсын;
"пайлық инвестициялық қордың пай ұстаушылары" деген сөздерден кейін "немесе инвестициялық депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттері" деген сөздермен толықтырылсын;
"инвестициялық пай ұстаушылардың" деген сөздерден кейін "немесе ислам банкі клиенттерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"қорда" деген сөзден кейін "немесе инвестициялық депозит шарты бойынша ислам банкі клиенттеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
"(басқарушы компания)" деген сөздерден кейін "немесе ислам банкі" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Ислам банкі тіркеуге ислам банкі жарғысының нотариатта расталған көшірмесін, ислам банкінде операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережені және ислам банкіне банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияны береді.".
2-бап
. Осы Заң ол алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті