Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 29 қазандағы
N 990 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталады) 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімнің (бұдан әрі Келісім деп аталады) 7-бабы негізінде мыналарды қамтитын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Келісімнің 11-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылған Қазақстан-қытай трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиясы Комитет құрамына кіреді, оның бақылауында жұмыс істейді және Комитеттің тең төрағаларының алдында өзінің қызметі туралы әр тоқсан сайын есеп береді".
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3-бап
Осы Хаттама келісімнің әрекет ету мерзімінде қолданыста болады.
2008 жылғы қазанда Астана қаласында, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін