"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қазандағы N 995 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат, N 8, 45-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 170-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат):
      1) 39-баптың бірінші бөлігінің з) тармағы алып тасталсын;
      2) 41-баптың төртінші бөлігіндегі ", тәртіптік әскери бөлімде ұстауға" деген сөздер алып тасталсын;
      3) 47-бап алып тасталсын;
      4) 61-бапта:
      бірінші бөліктің а) тармағындағы "немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың" деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен," деген сөздер алып тасталсын;
      5) 62-бапта:
      бірінші бөліктегі "тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың," деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөліктегі ", тәртіптік әскери бөлімде ұстау" деген сөздер алып тасталсын;
      6) 63-баптың бірінші бөлігіндегі "немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау" деген сөздер алып тасталсын;
      7) 70-баптың бірінші бөлігіндегі ", тәртіптік әскери бөлімде ұстау" деген сөздер алып тасталсын;
      8) 73-баптың төртінші бөлігіндегі "не тәртіптік әскери бөлімде ұстауға" деген сөздер алып тасталсын;
      9) 77-баптың үшінші бөлігінің б) тармағындағы "тәртіптік  әскери бөлімде ұсталу," деген сөздер алып тасталсын;
      10) 367-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "тәртіптік әскери бөлімде ұстауға" деген сөздер "бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "тәртіптік әскери бөлімде ұстауға" деген сөздер "бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Ескертпе.
      Осы баптағы қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтіру деп қасақана жасалған денсаулыққа жеңіл зиян келтіру не абайсыздығынан жасаған қару-жарақ пен әскери техникаға және басқа да мүлікке залал келтіру не абайсыздығынан жасалған жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуді бұзу түсініледі.";
      11) 368, 370-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға," деген сөздер алып тасталсын;
      12) 369-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "не екі жылға дейінгі мерзімге әскери тәртіптік бөлімде ұстауға" деген сөздер "не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 371-бапта:
      бірінші бөлік алып тасталсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "тәртіптік әскери бөлімде ұстауға" деген сөздер "бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 372-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
      1. Соғыс уақытында әскери қызметші жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, ал сол сияқты қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, егер өз бетімен болмау бір тәуліктен көп болса, -
      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік жағдайда бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, -
      үш жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      15) 374-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "елуден бір жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш айыппұлына не әскери қызметі бойынша бір жылға дейінгі мерзімге шектеуге не үштен алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      16) 375, 376, 377, 378-баптардың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға," деген сөздер алып тасталсын;
      17) 379-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті
                қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін
                бұзу
      Қоғамдық тәртіпті қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери наряд құрамына кіретін адам қызмет атқарудың ережелерін бұзса, егер бұл әрекет ауыр салдарларға әкеп соқтырса, -
      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      18) 382-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "әскери қызметі бойынша екі жылға дейінгі мерзімге шектеуге не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      19) 387-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы ", не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға" деген сөздер алып тасталсын;
      20) 388-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "не бір жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға," деген сөздер алып тасталсын;
      21) 389, 390 және 391-баптардың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға," деген сөздер алып тасталсын.
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17,140-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 13-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "тәртіптік әскери бөлімде ұстауға," деген сөздер алып тасталсын;
      2) 14-бапта:
      2-тармақтағы "немесе тәртіптік әскери бөлім" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтағы "тәртіптік әскери бөлімде ұстау - осы үшін арнайы арналған тәртіптік әскери бөлімдер;" деген сөздер алып тасталсын;
      3) 18-баптың 3-тармағындағы "тәртіптік әскери бөлімде ұстауды," деген сөздер алып тасталсын;
      4) 24-баптың 2-тармағындағы "немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау" деген сөздер алып тасталсын;
      5) 27-баптың 2-тармағындағы "немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстауға" деген сөздер алып тасталсын;
      6) 5-бөлімнің тақырыбындағы "және тәртіптік әскери бөлімде ұстау" деген сөздер алып тасталсын;
      7) 20-тарау алып тасталсын;
      8) 173-баптың 1-тармағындағы "және тәртіптік әскери бөлімде ұстау" деген сөздер алып тасталсын;
      9) 174-баптың 1-тармағындағы "не тәртіптік әскери бөлімде ұстауды" деген сөздер алып тасталсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат, N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51, 54, 57, 58-құжаттар; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 35-бапта:
      бірінші бөліктегі "әскери жиында жүрген азаматтар" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстің 512-1, 512-2, 512-3, 512-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі "және әкімшілік қамауға алу түрінде," деген сөздерден кейін "(әкімшілік қамау осы Кодекстің 512-1, 512-2, 512-3, 512-4-баптарында көзделген жағдайларда ғана мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылады)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 512-1, 512-2, 512-3, 512-4-баптармен толықтырылсын:
      "512-1-бап. Әскери қызметшіні қорлау
      1. Әскери қызмет міндеттерін орындау уақытында немесе орындауға байланысты олардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаған кезде бір әскери қызметшінің екінші әскери қызметшіні қорлауы, -
      оннан жиырма беске дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соқтырады.
      2. Әкімшілік жазалау қолданғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті қайтадан жасаса, -
      жиырма бестен елуге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соқтырады.
      512-2-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
      1. Бейбіт уақытта бөлімнен босату кезінде, тағайындау, ауыстыру, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесінен келу кезінде шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерушінің әскери қызметші жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетуі, сол сияқты қызметке бес тәуліктен артық, бірақ он тәуліктен көп емес мерзімде дәлелсіз себептермен келмеуі, -
      оннан жиырма беске дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соқтырады.
      2. Бейбіт уақытта шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерушінің әскери қызметші жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетуі, сол сияқты қызметке он тәуліктен артық, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде дәлелсіз себептермен келмеуі, -
      жиырма бестен елуге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соқтырады.
      512-3-бап. Қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті
                 қамтамасыз ету жөніндегі қызметті өткеру ережелерін
                 бұзу
      Қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери наряд құрамына кіретін адам қызметті өткеру ережелерін бұзса, егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      бестен онға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға әкеп соқтырады.
      512-4-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгеше орындамау
      Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, белгіленген тәртіппен берілген бастықтың бұйрығын бағыныстының өзгеше қасақана орындамауы, -
      он бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.";
      3) 541-баптың бірінші бөлігіндегі "501," деген сандардан кейін "512-1 - 512-4," деген сандармен толықтырылсын;
      4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы қырық сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "әскери полиция органдарының (512-1 - 512-4-баптар);";
      5) 727-бапта:
      бірінші бөліктегі "ішкі істер органдары" деген сөздерден кейін "және әскери полиция органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Әкімшілік қамауға алуға ұшыраған әскери қызметшілер гауптвахтада жазасын өтейді.".
      4. "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 5, 4-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      5-баптың 7) тармақшасындағы "гауптвахтаға жабу арқылы ұстауды орындау" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жазаны орындау" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-баптың 20) тармақшасындағы "гауптвахтада ұстау арқылы қамау түріндегі тәртіптік жаза" деген сөздер "әкімшілік қамау" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап . Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады