Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314
Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат; N 38, 430-құжат; 2008 ж., N 24, 226-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның
құрамында
:
көрсетілген комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мусин - Қазақстан Республикасы Президенті
Аслан Есболайұлы Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның
орынбасары
Келімбетов - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Қайрат Нематұлы басқармасының төрағасы
"Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары" деген жол алып тасталсын;
"Мирчев Александр - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі";
"Эванс Ричард - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мирчев Александр - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі";
"Эванс Ричард - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі";
көрсетілген комиссияның құрамынан Қ.А. Бозымбаев, А.Ғ. Дунаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев