"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 қарашадағы N 1013 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., N 16, 220-құжат; 2001 ж., N 23, 318-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 1-бапта:
      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) асыл тұқымдық куәлік - аттестацияланған асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық беретін, асыл тұқымды өнімнің (материалдың) шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын растайтын құжат;
      3) асыл тұқымды мал - тұқымның (кросстың) типі мен өнімділік бағытына сәйкес келетін және шығу тегі құжатпен расталған мал;";
      6) тармақшада:
      "кроссқа," деген сөз алып тасталсын;
      "құндылығы жоғары малды" деген сөздерден кейін "құстардың тұқымдары мен кростарының таза тұқымдық желілері және (немесе) ата тек табының" деген сөздермен толықтырылсын;
      9), 12) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) асыл тұқымды өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдардан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, бір тәуліктік балапандар, уылдырық, дернәсілдер мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды ұрықтанған аналықтары, асыл тұқымды бал ара ұясы мен арапакеттер;
      12) аттестаттау - жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектісінің мәртебесін беру үшін белгіленген талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін комиссиялық бағалау;
      18) мал - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтар мен аралардың барлық түрлері;";
      20) тармақшада "түр мен тұқымға жататын асыл тұқымды малды" деген сөздер "түріне, тұқымға жататын асыл тұқымды малды және (немесе) құстардың тұқымдары мен кростарының ата-енелік табынын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) тармақшада "ауыл шаруашылық" деген сөздер алып тасталсын, "малының" деген сөз "малдың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 31), 32), 33), 34), 35), 36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:
      "31) қайта аттестаттау - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект аттестаттың күшін жалғастыруға ниет білдірген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді мерзімді жүргізілетін комиссиялық бағалау;
      32) ата тек табыны - құстардың ата-енелік табынын өз төлінен өсіру үшін пайдаланатын еркек және ұрғашы бастар;
      33) ата-енелік табыны - будандастырылған ұрпағын инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндіру үшін пайдаланатын құстардың еркек және ұрғашы бастары;
      34) басым тұқымдар - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын және бекітетін мал тұқымы;
      35) асыл тұқымды бал ара ұясы - өзінің тұқымдық белгілерін ұрпағына тұрақты түрде беретін таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының өнімділігі жоғары ұясы;
      36) асыл тұқымды бал араларының ұрықтанған аналығы - асыл тұқымды бал ара ұясының молықтырылуын қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрғашы бал ара;
      37) бал ара пакеті - өз құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, өсіріп кебейтетін жердің (кәрезді пакетте), тірі бал ара мен араларға арналған тасымалдау үшін қажетті азық бар асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген бөлшек.";
      2) 4-баптың екінші бөлігінде "Егер осы Заңда және өзге де заң актілерінде өзгеше белгіленбесе," деген сөздер алып тасталсын;
      3) 8-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер учаскелері мен суаттарды беру және пайдалану режимі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.";
      4) 10-бапта:
      4) тармақшада "және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды бекітілген нысандар бойынша жүргізеді" деген сөздер алып тасталсын;
      5) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жеке және заңды тұлғаларға асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін беру үшін аттестаттауды, сондай-ақ оларды қайта аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
      15) экспорттаушы елдердің ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың қолданылуын тану тәртібін әзірлейді және бекітеді және оны тануды жүзеге асырады;";
      18) тармақшада "ауыл шаруашылығы жануарларының" деген сөздер "асыл тұқымды өнімнің (материалдың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      "19) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымды өнімге (материалға) қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау үшін малдың басым тұқымдарын айқындайды және тізбесін бекітеді.";
      5) 10-1-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) аттестат берумен бірге асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін беру үшін жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) аттестаттың қолданылуын ұзартуға ниет білдірген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді қайта аттестаттауды жүргізеді;";
      6) 11-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшада "шаруашылығының" деген сөз "шаруашылығы саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша "субъектілердің" деген сөздің алдынан "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-1-тармақта ", қажет болған жағдайда тексеру мерзімі тағы да күнтізбелік он күнге ұзартылуы мүмкін" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      "2-2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тексерулердің кезеңділігі жылына 2 реттен аспайды.";
      7) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті
               мемлекеттік аттестаттау және қайта аттестатау
      Мемлекеттік аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша өткізіледі.
      Мемлекеттік қайта аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект аттестаттың қолданылуын жалғастыруға ниет білдірген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің өтініші бойынша өткізіледі.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін беру (аттестаттың қолданылуын жалғастыру) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жүргізіледі.
      Аттестаттың қолданылу мерзімі 5 жыл. Қайта аттестаттау аттестаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 ай бұрын өткізіледі.
      Аттестаттың қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) аттестаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің аттестатты өз еркімен қайтару туралы өтініші бойынша;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда сот шешімі бойынша тоқтатылады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъекті мәртебесін беру үшін аттестаттау, сондай-ақ оларды қайта аттестаттауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
      8) 13-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды малды асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде сатып алған жағдайда, қолда бар асыл тұқымды малдар мен табындарды асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына есеп береді.";
      9) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "инкубациялық жұмыртқа және бір тәулікті балапандар аттестатталған малды асылдандырушы шаруашылықтар мен асыл тұқымды мал зауытынан алынса және асыл тұқымдық куәлігі болса;
      уылдырық, дернәсілдер мен жас балықтар аттестатталған малды асылдандырушы шаруашылықтар мен асыл тұқымды мал зауытынан алынса және асыл тұқымдық куәлігі болса;
      асыл тұқымды бал ара ұялары, асыл тұқымды бал араларының ұрықтанған аналықтары мен арапакеттер аттестатталған малды асылдандырушы шаруашылықтардан мен асыл тұқымды мал зауытынан алынса және асыл тұқымдық куәлігі болса;";
      10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Асыл тұқымды малды бағалау
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер міндетті түрде асыл тұқымды малдарды бағалауды жүргізеді.
      Бағалауды малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететін аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейін тиісті сынып бере отырып, оларды белгілер кешені (тұқымдылығы, өнімдік сапасы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік ерекшеліктері) бойынша бағалау арқылы анықтау мақсатында жүргізеді.";
      11) 24-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "құстардың тұқымдары мен кростарының таза тұқымдық желілерін және (немесе) ата тек табын өсіру, жетілдіру және сату.";
      12) 25-бапта:
      екінші абзацта ", типтерін және кросстарын" деген сөздер "және типтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "құстардың тұқымдары мен кростарының ата-енелік табын өсіру, жетілдіру және сату.";
      13) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "28-1-бап. Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде
                 қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар
                 қызметінің негізгі бағыттары
      Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің негізгі бағыттары асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әдістемелерге сәйкес малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейін тиісті сынып бере отырып, оларды белгілер кешені (тұқымдылығы, өнімдік сапасы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік ерекшеліктері) бойынша бағалау жолымен айқындау және тиісті санат бере отырып, өндірушілерге төлінің сапасы бойынша бағалау жүргізу болып табылады.".
      2. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 19, 655-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; 2007 ж., N 5-6, 37-құжат):
      2-бапта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) асыл тұқымды мал - тұқымның (кросстың) типі мен өнімділік бағытына сәйкес келетін және шығу тегі құжатпен расталған мал;
      4) асыл тұқымды өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдардан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, бір тәуліктік балапандар, уылдырық, дернәсілдер мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды ұрықтанған аналықтары, асыл тұқымды бал ара ұясы мен арапакеттер;";
      19) тармақшада "ауыл шаруашылық жануарларының" деген сөздер "жануарлардың" деген сөзбен ауыстырылсын.
       2-бап . Осы Заң алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады