"Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортына қатысты іс қарауды бастасын;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес іс қарау рәсімі аяқталғанға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
3) он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне іс қараудың басталғандығы туралы хабарласын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 6 қарашадағы
N 1015 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға
қатысты іс қарау рәсімі басталатын тауарлардың тізбесі
Өнімнің атауы | ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
---|---|
Құрамында какао жоқ, ішінде тәттісі бар немесе тәттісі жоқ мұз кәмпиттен жасалған карамель |
1704907100 |
Тоффи, карамельдер және құрамында какао жоқ соған ұқсас тәттілер |
1704907500 |
Құрамында алкоголь бар, ішінде тәттісі бар немесе тәттісі жоқ шоколадты кәмпиттер |
1806901100 |
Ішінде тәттісі бар немесе тәттісі жоқ өзге шоколадты кәмпиттер |
1806901900 |
Құрамында какао бар, қантты алмастыратын өнімдерден әзірленген, қанттан және оның алмастырғыштарынан жасалған кондитерлік өнімдер: ішінде тәттісі бар немесе тәттісі жоқ мұз кәмпиттен жасалған карамель |
1806905001 |
Құрамында какао бар, қантты алмастыратын өнімдерден әзірленген, қанттан және оның алмастырғыштарынан жасалған кондитерлік өнімдер: |
1806905002 |
Құрамында какао бар, қантты алмастыратын өнімдерден әзірленген, қанттан және оның алмастырғыштарынан жасалған кондитерлік өнімдер: өзгелері |
1806905009 |