"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы N 1018 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы

      Астанада 2007 жылғы 28 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының)
қызметі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі,
      Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достық қатынас пен ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 19 мамырдағы шартты және Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 5 шілдедегі Келісімді негізге ала отырып,
      тату көршілік қатынастарды дамытуға және қазақстан-түрікменстан мемлекеттік шекарасының (бұдан әрі - мемлекеттік шекара) режимін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып,
      өздерінің мемлекеттік шекараларын күзету жөніндегі шараларды қабылдауда екі тәуелсіз мемлекеттердің ажырамас құқығын мойындай отырып,
      Қазақстан Республикасының шекара өкілдері мен Түрікменстанның шекара комиссарларының шекаралық қақтығыстардың алдын алуына, ал олар туындаған жағдайда - оларды шұғыл тергеуді және реттеуді қамтамасыз етуге қатысу қажеттілігін атап өте отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен олардың орынбасарлары Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес тағайындалады. Тараптардың шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мен олардың орынбасарларының тағайындалғаны туралы олардың тегін, атын және әкесінің атын, қызмет ету учаскелерін және келу орындарын көрсете отырып, шекара ведомстволарының желісі бойынша бір-біріне хабарлайды.
      Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) міндеттерін орындаған кезде шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) орынбасарлары шекара өкілдеріне (шекара комиссарларына) берілген құқықтарды пайдаланады.

2-бап

      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында жасалған халықаралық шарттарға, осы Келісімге және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызмет ету учаскелері туралы хаттамамен (1-қосымша) анықталған қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасы учаскелері шегінде өз міндеттерін орындайды.
      Жазбаша өкілеттіктерді (2-қосымша):
      Қазақстан Республикасының шекара өкілдеріне және олардың орынбасарларына - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің Директоры;
      Түрікменстанның шекара комиссарларына және олардың орынбасарларына - Мемлекеттік шекара қызметінің бастығы - Түрікменстанның Шекара әскерлерінің қолбасшысы береді.

3-бап

      Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметін қамтамасыз ету үшін көмекшілер, хатшылар, аудармашылар, қызметтік хат-хабарды қабылдау-беру жөніндегі уәкілеттілер тағайындалады, сондай-ақ сарапшылар мен басқа да тұлғалар тартылуы мүмкін.
      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) көмекшілерінің жазбаша өкілеттіктері (3-қосымша), хатшылардың және аудармашылардың куәліктері (4-қосымша), сарапшылар мен басқада тұлғалардың шекарадан екі жаққа бір жолғы өтуге арналған куәліктері (5-қосымша) шекара өкілдерімен (шекара комиссарларымен) беріледі. Шекарадан екі жаққа бір жолға өтуге арналған куәлік бір күннен артық емес мерзімге беріледі.

4-бап

      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) өз қызметі учаскелері шегінде:
      шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу және туындаған жағдайда оларды реттеу жөнінде қажетті шараларды қабылдайды;
      Тараптар белгілеген мемлекеттік шекарадан өту ережесінің сақталуын бақылайды және белгіленген тәртіпті бұза отырып, одан өтуді болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
      Тараптар мемлекеттерінің тиісті уәкілетті органдарымен бірлесіп, қару-жарақ, оқ-дәрі контрабандасына, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, бағалы заттар мен валюталардың, сондай-ақ радиоактивтік заттардың заңсыз өтуіне қарсы күрес жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
      Тараптар мемлекеттерінің тиісті уәкілетті органдарымен бірлесіп, белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл және шектес Тарапты уақтылы хабардар етумен ұйымдасқан қылмыстық құралымдармен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қарсы күрес жөнінде шаралар қабылдайды;
      өздерінің құзыреті шегінде Тараптардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүргізуде, құралымдармен қылмысқа, терроризмге және діни экстремизмге қарсы күреске бағытталған операцияларды қамтамасыз етеді;
      Тараптар мемлекеттерінің тиісті уәкілетті органдарымен бірлесіп, заңсыз көшіп келушілерді депортациялау (беру) жөнінде қажетті шараларды қабылдайды, соның ішінде үшінші елден, егер олардың шектес тарап мемлекетінің аумағынан заңсыз кіруге дәлелдемелер бар болса;
      адамдардың мәйіттерін тануға қатысады және қажет болған жағдайда оларды беру жөніндегі шараларды қабылдайды;
      Тараптар мемлекеттерінің тиісті уәкілетті органдармен бірлесіп, мемлекеттік шекарадағы шаруашылық жұмыстары мен өзге де қызметтің жүргізілуін, сондай-ақ шекаралық су тоғандардағы суды пайдалануға тиісінше бақылауды қамтамасыз етеді;
      мемлекеттік шекара арқылы өрттердің, жұқпалы аурулардың, індеттердің және ауыл шаруашылығы зиянкестерінің таралу қаупі туралы бір-біріне уақтылы хабарлайды;
      мемлекеттік шекара режимін ұстауға байланысты басқа да мәселелерді шешеді.

5-бап

      1. Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) бірлескен жұмысты, әдетте, мәжілістерде (кездесулерде) жүргізеді. Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) арасындағы уағдаластық бойынша олардың орынбасарлары мен көмекшілерінің кездесулері өткізілуі мүмкін.
      2. Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) мәжілісі (кездесуі) өзара келісім бойынша өткізіледі. Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) және олардың орынбасарларының жоспарлы мәжілісі (кездесуі) әдетте, Түрікменстан мен Қазақстан Республикасының аумақтарында, жоспардан тысы - оларды өткізуді ұсынған шекара өкілінің (шекара комиссарының) Тарабы аумағында кезекпен өткізіледі. Ұсыныста мәжілістің (кездесудің) күн тәртібі, қатысушылардың құрамы, оның өткізілетін орны мен уақыты көрсетілуі тиіс.
      Жекелеген жағдайларда мәжілістерде (кездесулерде) шекара өкілдері (шекара комиссарлары) арасында өзара уағдаластық бойынша бұрын талқылауға ұсынылмаған мәселелер қаралуы мүмкін.
      Мәжілісті (кездесуді) өткізу туралы ұсынысқа жауапты шекара өкілі (шекара комиссары) мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде, бірақ осындай ұсынысты қызметтік хат-хабарды қабылдау-беру жөніндегі уәкілеттілер алған сәттен бастап 48 сағаттан кешіктірмей беруі тиіс. Бұл ретте талқылау үшін қосымша мәселелер, сондай-ақ мәжілісті (кездесуді) өткізетін өзге де уақыт пен орын ұсынылуы мүмкін.
      3. Шекара өкілі (шекара комиссары) ұсынған мәжіліске (кездесуге) шектес мемлекеттің шекара өкілі (шекара комиссары) өзі келуі тиіс. Егер бұл мүмкін болмаса, онда мәжіліске (кездесуге) оның орынбасары келеді, ол туралы мәжіліс (кездесу) басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей кездесуді ұсынған шекара өкілі (шекара комиссары) хабардар етіледі.
      4. Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) мәжілістерінде (кездесулерінде) олардың орынбасарлары, көмекшілері, хатшылары және қатысуы қажет болып табылатын адамдар (сарапшылар, куәлер, жәбірленушілер және өзге де адамдар) қатыса алады.
      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) көмекшілерінің кездесулеріне хатшылар, ал қажет болған кезде сарапшылар мен басқа да тұлғалар қатыса алады.
      5. Жеке кездесулерді талап өтпейтін мәселелер, хат алмасу немесе байланыстардың техникалық құралдарын пайдалану жолымен шешілуі мүмкін.
      6. Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) өзара уағдаластық бойынша мәжілістерде (кездесулерде) қабылданған шешімдерді орындау жөніндегі қабылданатын шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.

6-бап

      Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) көмекшілері бірлескен жұмысты шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) тапсырмасы бойынша, әдетте, өздерінің кездесулерінде өткізеді. Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) көмекшілері қабылдаған шешімдер оларды тиісті шекара өкілдері (шекара комиссарлары) бекіткеннен кейін күшіне енеді. Шекара өкілдерінің көмекшілері (шекара комиссарлары) келісе алмаған мәселелер тиісті шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қарауына беріледі.

7-бап

      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мәжілісінің (кездесуінің) қорытындысы бойынша бірлескен хаттама жасалады, онда: мәжілістің (кездесудің) тәртібі, қатысушылардың құрамы, мәжілістің (кездесудің) жалпы барысы, қабылданған шешімдермен оларды орындау мерзімдері көрсетіледі.
      Мәжілістің (кездесудің) хаттамасы екі данада, әрқайсысы орыс тілінде жасалады, шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) немесе оларды алмастыратын адамдардың қолдарымен және елтаңбалық мөрлермен бекітіледі.

8-бап

      1. Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) өзара келісім бойынша мемлекеттік шекарада кездесу пункттерін, сондай-ақ қызметтік хат-хабар алмасу пункттерін және техникалық байланыс құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді. Қызметтік хат-хабарды қабылдау-беру жөніндегі уәкілеттілер, оны мемлекеттік шекарада тәулік бойы жүргізуге міндетті.
      2. Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) әрбір Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес ұсталған адамдарды, сондай-ақ үй жануарларын, адамдардың мәйіттерін беруді жүзеге асырады. Әрбір осындай берудің уақыты мен тәртібін шекара өкілдері (шекара комиссарлары) жеке анықтайды. Мемлекеттік шекараны бұзған кезде ұсталған адамдар, олардың қасақанасыз шекарадан өткен фактілерін анықтаған кезде, сондай-ақ олар өту кезінде қылмыс жасамаған жағдайда, олар келген мемлекеттің аумағына беріледі.
      3. Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) өзара уағдаластық бойынша адамдарды, үй жануарларын, мүліктерді, адамдардың мәйіттерін, қызметтік хат-хабарды қабылдау-беру кезінде, сондай-ақ осы Келісімнің ережелеріне сәйкес басқа да әрекет жасау кезінде ресімделетін актілердің, қолжазбалардың және басқа да құжаттардың үлгілерін белгілейді.
      Адамдарды, жануарларды, мүліктерді, адамдардың мәйіттерін беруді шекара өкілдері (шекара комиссарлары), олардың орынбасарлары және көмекшілері жүзеге асырады.

9-бап

      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары), олардың орынбасарлары, көмекшілері, хатшылары, аудармашылары мен сарапшылары осы Келісімнің шеңберінде өздерінің міндеттерін орындау үшін осы үшін белгіленген пункттерде немесе келісілген жерлерде, нысандары екі мемлекеттің шекара ведомстволарының басшыларымен дипломатиялық арналар бойынша келісілетін және бекітілетін құжаттар негізінде мемлекеттік шекарадан өтеді.
      Шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарды жоғалтқан жағдайда, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес олардың иелері бұл туралы шұғыл түрде мемлекетінің шекара өкіліне (шекара комиссарына) хабарлауы тиіс, ол шектес мемлекеттің шекара өкілін (шекара комиссарын) болған жағдай туралы хабардар етеді.

10-бап

      1. Шекара өкілдеріне (шекара комиссарларына), олардың орынбасарларына, көмекшілеріне, хатшыларға, қызметтік хат-хабарды қабылдау беру жөніндегі уәкілеттілерге осы Келісімнің ережелеріне сәйкес басқа Тарап мемлекетінің аумағында жеке басының қол сұғылмаушылығына, сондай-ақ оларға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті өздеріндегі құжаттар мен мүліктерге қол сұғылмайтындығына кепілдік беріледі.
      Көрсетілген лауазымды тұлғалар белгіленген нысандағы киімді киіп, бажсыз және басқа да салық пен алымдар салынбайтын жеке пайдалану және жұмыс істеу үшін қажетті заттар, азық-түлік тағамдар, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмектерді өзімен және басқа Тарап мемлекетінің аумағына алып жүре алады.
      2. Тараптар осы Келісімді іске асыруға байланысты шығындарды өздігінен көтереді.

11-бап

      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) мынадай ақпараттармен алмасады:
      мемлекеттік шекарадан заңсыз өту және оған дайындалу фактілері туралы;
      шекара арқылы адамдарды, қару-жарақты, оқ-дәріні, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, құндылықтар мен валюталарды, сондай-ақ радиоактивті заттарды заңсыз тасымалдаумен айналысатын адамдардың іс-әрекеті туралы;
      мемлекеттік шекараның маңында адамдардың немесе жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруларының туындауы туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және орман зиянкестерінің жаппай таралуы, өрттер мен су тасқындары туралы;
      шекара арқылы өткізу пункттеріндегі Тараптар мемлекеттері азаматтарының заңсыз әрекеттернің фактілері туралы;
      әрбір Тарап мемлекетінің қауіпсіздігіне және мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін ықтимал іс-әрекеттер туралы, сондай-ақ шекаралық қақтығыстардың алдын алу жөнінде қабылданған шаралар туралы;
      мемлекеттік шекара режимін қолдауға байланысты басқа да мәселелер бойынша.

12-бап

      Шекара өкілдері (шекара комиссарлары) Тараптар мемлекеттерінің тиісті уәкілетті органдарымен бірлесіп шекаралық қақтығыстарды болдырмау жөніндегі ынтымақтастықты жүзеге асырады, ал олар пайда болған жағдайда шекаралық қақтығыстарға, соның ішінде:
      мемлекеттік шекара арқылы адамдарға және аумаққа қарай атыс жүргізу, соның ішінде адамдардың қаза болуына немесе жарақат алуына, мүліктердің бүлінуіне және басқа да ауыр салдарға әкеліп соқтыратын жағдайларға;
      адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне;
      мемлекеттік шекараны жүзу құралдарымен және ұшу аппараттарымен бұзуға;
      мемлекеттік шекара арқылы контрабандаларды өткізуге;
      басқа Тарап мемлекетінің аумағында табиғат апатына немесе өзге де жағдайларға орай пайда болған мүліктерді табуға;
      шекара белгілерін және басқа да шекара ғимараттарын өз бетімен немесе кездейсоқ жылжытуға, бүлдіруге немесе қиратуға;
      үй жануарларының мемлекеттік шекара арқылы өтуіне;
      мемлекеттік шекара арқылы өрттің таралуына;
      Тараптар мемлекеттерінің мүддесін қозғайтын мемлекеттік шекара режимінің өзге де бұзылуларына тергеу жүргізеді және жояды.

13-бап

      1. Осы Келісімнің 12-бабында көрсетілген шекаралық қақтығыстардың мән-жайын анықтауды келісілген тәртіппен шекара өкілдері (шекара комиссарлары) жүргізеді. Шекаралық қақтығыстарды бірлесіп тергеу шекаралық қақтығыс болған учаске аумағында шекара өкілінің (шекара комиссарының) басшылығымен жүзеге асырылады.
      2. Шекаралық қақтығыстарды бірлесіп тексерудің нәтижелері туралы акт, ал қажет болған кезде мәжіліс хаттамасына қосымша ретінде қорытылатын, басқа да құжаттар жасалады.
      3. Шекара өкілдері (шекара комиссарлары), осы Келісіммен оларға берілген өкілеттіктер шеңберінде басқа Тарап мемлекетінің аумағында болған үй жануарларын, мүліктерді қайтару мәселелерін шешеді.
      4. Шекаралық қақтығыстарды бірлесіп тергеу шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) құзыреті шеңберінде және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.
      5. Шекара өкілдерімен (шекара комиссарларымен) реттелмеген шекаралық қақтығыстар дипломатиялық арналар бойынша шешіледі.

14-бап

      Осы Келісім қатысушылары Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан болып табылатын басқа да қолданыстағы халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

15-бап

      Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша, осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

16-бап

      Осы Келісімнің ережелерін орындау немесе қолдану барысында туындаған кез-келген келіспеушіліктер немесе даулы мәселелер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешілетін болады.

17-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және Тараптардың бірі басқа Тараптан осы Келісімнің күшін тоқтатуға өзінің ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалатын болады.
      2007 жылғы 28 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей күште болады.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндірген кезде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

       Қазақстан Республикасының            Түрікменстанның
      Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін

      Сыртқы істер Министрі                Министрлер Кабинеті
      М. Тәжин                             Төрағасының орынбасары -
                                           Сыртқы істер Министрі
                                           Р. Мередов

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Түрікменстанның Үкіметі  
арасындағы шекара өкілдерінің 
(шекара комиссарларының)   
қызметі туралы келісімге   
1-қосымша           

      Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының)
                   қызмет учаскелері туралы
                        ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімнің 2-бабына сәйкес, Тараптар мыналарды анықтады:
      Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызмет учаскелері:
       Қазақстан Республикасы тарабынан:
      Ақтау учаскесі бойынша шекара өкілі үшін (келу орны - Ақтау қаласы) - Суе мүйісінен Қазақстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесіне дейін;
       Түрікменстан тарабынан:
      Гарабогаз учаскесі бойынша шекара комиссары үшін (келу орны - Гарабогаз қаласы) - Қазақстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінен Суе мүйісіне дейін.

                                    Қазақстан Республикасының Үкіметі
                                       мен Түрікменстанның Үкіметі
                                      арасындағы шекара өкілдерінің
                                        (шекара комиссарларының)
                                        қызметі туралы келісімге
                                                2-қосымша

        ШЕКАРА ӨКІЛДЕРІНІҢ (ШЕКАРА КОМИССАРЛАРЫНЫҢ)
                   ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ
                          ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

      Мұқаба - Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы, ӨКІЛЕТТІК
      1-бет -
      2-бет - Фотосурет, мөр, иесінің колы
      3-бет - 2007 ж. "__" мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімнің негізінде
____________________________________________________________________
                  (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
қазақстан-түрікменстан мемлекеттік шекарасының _____________________
                                                 (учаскенің атауы) бойынша______________________________ шекара өкілі (шекара комиссары)
             (мемлекеттің атауы)
(шекара өкілінің орынбасары) болып тағайындалды.
____________________________________________________________________
                   (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
жоғарыда аталған Келісімде көзделген міндеттерді орындау үшін уәкілеттенеді және осыған байланысты қазақстан-түрікменстан мемлекеттік шекарасынан кесіп өтуге және шекара жолағында болуға құқығы бар.
____________________________________________________________________
                        (мемлекеттің атауы)
____________________________________________________________________
      (өкілеттікке қол қоюға құқығы бар адам лауазымының атауы)
____________________________________________________________________
                 (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны
      _____ж. "__" ___________
      4-бет - 3 беттің мәтіні______________тілінде
      5-бет -
      6-бет -

                                    Қазақстан Республикасының Үкіметі
                                       мен Түрікменстанның Үкіметі
                                      арасындағы шекара өкілдерінің
                                        (шекара комиссарларының)
                                        қызметі туралы келісімге
                                                3-қосымша

      ШЕКАРА ӨКІЛІ (ШЕКАРА КОМИССАРЫ) КӨМЕКШІСІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ

      Мұқаба - Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы, ӨКІЛЕТТІК
      1-бет -
      2-бет - Фотосурет, мөр, иесінің қолы
      3-бет - 2007 ж. "__" мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімнің негізінде
____________________________________________________________________
                  (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
қазақстан-түрікменстан мемлекеттік шекарасының _____________________
                                                 (учаскенің атауы) бойынша______________________________ шекара өкілі (шекара комиссары)
             (мемлекеттің атауы)
(көмекшісі) болып тағайындалды.
____________________________________________________________________
                   (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
жоғарыда аталған Келісімде көзделген міндеттерді орындау үшін уәкілеттенеді және осыған байланысты қазақстан-түрікменстан шекарасынан өтуге және __________________ шекара жолағында болуға
                      (мемлекеттің атауы)
құқығы бар.

                  ШЕКАРА ӨКІЛІ (ШЕКАРА КОМИССАРЫ)

____________________________________________________________________
                        (мемлекеттің атауы)
____________________________________________________________________
                  (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны
      200__ж. "__" ___________
      4-бет - 3 беттің мәтіні______________тілінде
      5-бет -
      6-бет -

                                    Қазақстан Республикасының Үкіметі
                                       мен Түрікменстанның Үкіметі
                                      арасындағы шекара өкілдерінің
                                        (шекара комиссарларының)
                                        қызметі туралы келісімге
                                                4-қосымша

            ХАТШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ АУДАРМАШЫЛАРДЫҢ КУӘЛІГІ

      Мұқаба - Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттің атауы, ӨКІЛЕТТІК
      1-бет -
      2-бет - Фотосурет, мөр, иесінің колы
      3-бет - 2007 ж. "__" мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімнің негізінде
____________________________________________________________________
                  (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
қазақстан-түрікменстан мемлекеттік шекарасының _____________________
                                                (мемлекеттің атауы)
_______________________ бойынша шекара өкілінің (шекара комиссарының)
  (учаскенің атауы)
__________________ болып тағайындалды және қазақстан-түрікменстан
   (лауазымы)
шекарасынан өтуге және _________________________________ шекара
                             (мемлекеттің атауы)
жолағында болуға құқығы бар.

                   ШЕКАРА ӨКІЛІ (ШЕКАРА КОМИССАРЫ)
____________________________________________________________________
                       (мемлекеттің атауы)
____________________________________________________________________
                 (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны
      200__ж. "__" ___________
      4-бет - 3 беттің мәтіні______________тілінде
      5-бет -
      6-бет -

                                    Қазақстан Республикасының Үкіметі
                                       мен Түрікменстанның Үкіметі
                                      арасындағы шекара өкілдерінің
                                        (шекара комиссарларының)
                                        қызметі туралы келісімге
                                                5-қосымша

    ЕКІЖАҚҚА ШЕКАРАДАН БІР ЖОЛҒЫ КЕСІП ӨТУГЕ АРНАЛҒАН КУӘЛІК

      1-бет - қазақстан-түрікменстан шекарасынан бір жолғы өтуге
арналған КУӘЛІК
      2-бет - 2007 ж. "__" мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісімнің негізінде
____________________________________________________________________
                  (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
қазақстан-түрікменстан шекарасының екі жағына да кесіп өтуге немесе ________________________ шекара жолағында болуға құқығы бар.
  (мемлекеттің атауы)
      Иесінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды
      200__ж. "_______"__________________бастап
      200__ж. "_______"__________________кезеңінде жарамды

                 ШЕКАРА ӨКІЛІ (ШЕКАРА КОМИССАРЫ)

____________________________________________________________________
                       (мемлекеттің атауы)
____________________________________________________________________
                 (атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны
      _____ж. "__" ___________
      3-бет - 2 беттің мәтіні______________тілінде
      4-бет -

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады