Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қарашадағы N 1028 Қаулысы

      Қырғыз Республикасындағы қиратушы жер сілкінісінің салдарынан қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес материалдық құндылықтар мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығарылсын (бұдан әрі - ізгілік жүк).
      2. Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі темір жол көлігімен Ош-2 станциясына дейін;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі әуе көлігімен Ош қаласының әуежайына дейін ізгілік жүкті уақтылы тиеуді, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне темір жол көлігімен ізгілік жүкті жеткізуге байланысты шығыстардың құнын өтеу үшін 455821 (төрт жүз елу бес мың сегіз жүз жиырма бір) теңге сомасында қаражат;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әуе көлігімен ізгілік жүкті жеткізуге байланысты шығыстардың құнын өтеу үшін 5397470 (бес миллион үш жүз тоқсан жеті мың терт жүз жетпіс) теңге сомасында қаражат бөлсін.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен 2009 жылы Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің қаражаты есебінен осы қаулыға қосымшада көрсетілген материалдық құндылықтардың құнын өтеуді қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 8 қарашадағы 
      N 1028 қаулысына   
      қосымша       

       Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін               шығарылатын материалдық құндылықтардың тізбесі     

Р/с N Материалдық
құндылықтардың
атауы
Өлшем
бірлігі
Саны Өлшем
бірлігі
үшін
бағасы
(теңге)
Сомасы,
теңге

1

Макарон өнімдері

тн.

40

150 000

6 000 000

2

Бидай ұны

тн.

10

120 000

1 200 000

3

388 гр. ет консервілері

ф.б.

9 900

250

2 475 000

4

Сүт консервілері

ф.б.

9 900

130

1 287 000

Жиыны:                                              10 962 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады