"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы
Заңына
, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы "Бурабай" геофизикалық обсерваториясының бірқатар объектілерін бұзу жөніндегі іс-шараларға Ақмола облысының әкіміне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы трансферттер түрінде 101500000 (бір жүз бір миллион бес жүз мың) теңге бөлінсін.
2. Ақмола облысының әкімі 2008 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп берсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов