Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қарашадағы N 1042 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 860 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 860 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 28, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым ставкаларында:

      реттік нөмірі 1) жолдың 2-бағаны ", CDMA-450 стандартындағы сымсыз радиоға қол жеткізу жүйелерінің абоненттік терминалдары" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады