Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 13 қарашадағы Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің Үйлестіру қызметін қаржыландыру үшін үлестік жарналарды аудару тәртібі мен көлемі туралы келісімнің әрекетін тоқтату туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 1992 жылғы 13 қарашадағы Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің Үйлестіру қызметін қаржыландыру үшін үлестік жарналарды аудару тәртібі мен көлемі туралы келісімнің әрекетін тоқтату туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 қарашадағы
N 1049 қаулысымен
мақұлданған
жоба
1992 жылғы 13 қарашадағы Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің Үйлестіру қызметін қаржыландыру үшін үлестік жарналарды аудару тәртібі мен көлемі туралы келісімнің әрекетін тоқтату туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 13 қарашадағы Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің Үйлестіру қызметін қаржыландыру үшін үлестік жарнаны аудару тәртібі мен көлемі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшыларының кеңесі 2006 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ТМД органдарын ұстауға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үлестік жарнасын есептеу тәртібі мен көлемі туралы шешім қабылдауына байланысты 1992 жылғы 13 қарашадағы Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің Үйлестіру қызметін қаржыландыру үшін үлестік жарналарды аудару тәртібі мен көлемі туралы келісімге қатысушылардың әрекеті тоқтатылғанын атап көрсетеді.
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2008 жылғы_________ ______________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін