Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап
.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 18, 111-құжат):
12-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) алаңдарға, көшелерге, саябақтарға, скверлерге, көпірлерге және аудандық маңызы бар қалалардың басқа да құрамды бөліктеріне, аудандық маңызы бар қаланың бағынысындағы кенттерге, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.".
2. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
3-баптың екінші бөлігінде "аумақтық" деген сөз алып тасталсын.
3. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23; 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
13-баптың бесінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86-87-құжаттар; N 15, 92-95-құжаттар; N 16, 99-құжат: N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат):
1) актінің тақырыбында, кіріспесінде, 1-баптың 1), 4), 7) тармақшаларында, 2-баптың тақырыбында және 1-тармағында, 3-баптың тақырыбында және 1-тармағында, 41-баптың 1-тармағында "мемлекеттік басқару", "мемлекеттік басқарудың", "мемлекеттік басқаруды" деген сөздерден кейін тиісінше "және өзін-өзі басқару", "және өзін-өзі басқарудың", "өзін-өзі басқаруды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) жергілікті қоғамдастық — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында, жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін шекарада тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
5-2) жергілікті маңызы бар мәселелер - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес реттелуі тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) қызметінің мәселелері;
9-1) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және жергілікті өзін-өзі басқарудың басқа да органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде анықталған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;";
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың
негіздері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) шегінде жеке жүзеге асырылады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың басқа да органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.";
4) 5-баптың 1-тармағында "төрт" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 6-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасында "және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта "ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жүйесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен оның мөлшерін айқындау" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аудандық мәслихаттар құзыретіне қалалар, тиісті аудан аумағында орналасқан қалалардың, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту де, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын сайлаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттіктері сайлаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.";
6) 7-баптың 4-тармағында "ведомствоаралық сипаттағы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
7) 16-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мәслихаттың тексеру комиссиясының жұмыс органы мәслихат аппаратының құрылымына кіретін, санын мәслихат осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында белгіленген шектен аса белгілейтін мәслихат тексеру комиссиясының аппараты болып табылады.";
8) 21-1-баптың бірінші абзацында ", сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының" деген сөздер алып тасталсын;
9) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мәслихаттың өкілеттіктерін Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.";
10) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мәслихат депутаттарының жалпы санынан кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санынан көпшілік дауыспен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.";
11) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Сайлаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты
депутатының өкілеттігін тоқтату
1. Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық ету туралы шешімді облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихаты қабылдайды. Бұл туралы тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы немесе Республика астанасындағы сайлау комиссиясына және Парламент Сенатының депутатына үш күн мерзімде хабарланады.
2. Сайлаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға бастамашылық етуді бір мәслихаттағы сайлаушылардың жиырма бес пайыз дауысынан кем емес, бірақ барлық облыс мәслихаттарын, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихаттарын білдіретін сайлаушылардың жалпы санынан кемінде жиырма бес пайыз даусы қолдауға тиіс.
Сайлаушыларды қолдау олардың қол жинауымен куәландырылады. Қол жинауды бастау туралы шешімді облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихаты қабылдайды. Қолдардың жиналуын Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға бастамашылық еткен сайлаушылар ұйымдастырады.
3. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық ету туралы мәслихаттың хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бастамашыларға шығарылған шешімді қолдауға қолдарды жинау үшін қол қою парақтарын береді.
Әрбір қол қою парағында реттік нөмірі болуға, өкілеттіктерін тоқтатуға бастамашылық етілген Парламент Сенаты депутатының тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ сайлаушылардың өз қолдарын қоятыны туралы мынадай мәліметтерді:
1. тегі, аты, әкесінің аты;
2. депутаты болып табылатын мәслихат;
3. туған күні, айы және жылы;
4. тұрғылықты мекенжайы;
5. жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиіс.
Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
4. Қолдарды жинау облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясынан сайлаушылар қол қою парақтарын алған күннен бастап отыз күннің ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім аяқталған соң облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясы қол қою парақтарын қабылдауға тиіс емес.
Толтырылған қол қою парақтары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып, тиісінше жиналған қолдардың шынайылығына бес күн мерзімде тексеруді жүзеге асыратын облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясына тапсырылады және тиісті хаттама ресімделеді.
5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясы қойылған қолдардың шынайылығын тексергеннен кейін Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату туралы мәселені дауыс беруге шығару туралы шешім қабылдайды.
6. Егер қолдардың шынайылығын тексеру нәтижесінде жиналған қолдардың бір пайыздан астамы шынайы еместігі, не жиналған қолдардың саны осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату туралы мәселені дауыс беруге шығарудан бас тартады.
Мәселені дауыс беруге шығарудан бас тартылған күннен бастап бір жылдың ішінде сол негіздер бойынша Сенат депутатының өкілеттіктерін тоқтату туралы мәселені қайтадан қозғауға жол берілмейді.
7. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасы мәслихатының хатшысы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясы мәселені дауыс беруге шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес күннен кешіктірмей өкілеттікті тоқтату туралы мәселе қозғалған депутатқа жазбаша хабарлауға тиіс.
Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату туралы дауыс беру бойынша сайлаушылардың бірлескен отырысы, дауыстарды есептеу және қорытындыларын белгілеу облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату туралы мәселе қою туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей жүргізіледі.
Дауыс беру үшін бюллетеннің мәтінін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
8. Егер оған тиісінше облыстың барлық мәслихаттарын, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатын білдіретін сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі қатысса бірлескен отырыс заңды деп есептеледі.
Бірлескен отырыста Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату бойынша дауыс беру, егер оған қатысатын сайлаушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса өтті деп есептеледі.
Бірлескен отырыста төрағалық етуші тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатының хатшысы болып табылады.
Сайлаушылардың бірлескен отырысына тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатының төрағасы мен мүшелері қатысады.
Сайлаушылардың бірлескен отырысы өтетін үй-жайда тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату бойынша сайлаушылардың бірлескен отырыс өткізуін куәландыратын құжат тиісті мәслихаттың хатшысы тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының сайлау комиссиясына ұсынатын бірлескен отырыс хаттамасы болып табылады.
Бірлескен отырыс тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының сайлау комиссиясының төрағасы Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылады.
9. Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату бойынша дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өтетін тиісінше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының) сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша:
1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын;
2) сайлаушылардың бірлескен отырысында жария етілетін;
3) Орталық сайлау комиссиясына дауыс беру күнінен бастап екі күн мерзімнен асырмай жіберілетін Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату бойынша дауыстарды санау хаттамасы жасалады.
10. Дауыс беру қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттіктерін тоқтату бойынша дауыс беру өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей белгілейді.
Егер осы шешімге дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының елу пайыздан астамы дауыс берсе, Парламент Сенаты депутатының өкілеттігі тоқтатылды деп есептеледі.
Дауыстарды санауға, дауыс беру қорытындыларын белгілеуге және жариялауға байланысты өзге мәселелер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.
11. Сайлау комиссиясының шешіміне немесе әрекетіне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым берілуі мүмкін. Көрсетілген мерзімдер аяқталған соң сайлау комиссиясының шешіміне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз қарауға жатпайды.
Сайлау комиссиясының шешіміне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру туралы арызды қарау Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-тарауына сәйкес жүргізіледі.";
12) 27-бапта:
1-1) тармақшада "жергілікті уәкілетті органының" деген сөздер "жергілікті уәкілетті органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2) бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;";
1-6) тармақша алып тасталсын;
14-1) тармақшада "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және", "басқа да" деген сөздер алып тасталсын;
19) тармақша "бойынша" деген сөзден кейін ",соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) төмен тұрған әкімдер қызметіне бақылауды жүзеге асырады";
13) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды.";
14) 31-бапта:
1-тармақтың 1-5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23), 24) тармақшалармен толықтырылсын:
"23) олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
24) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады";
15) 37-баптың 7-тармағында "ведомствоаралық сипаттағы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
16) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы
39-1-бап. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу
негіздері
1. Қазақстан Республикасының азаматтығын тануға жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын шекарада әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағындағы тұрғылықты жері бойынша оны тіркеу фактісі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті қоғамдастық мүшелігіне енудің осы тармақта көзделген негіздерден басқа қандай да бір өзге де шарттар белгіленуіне жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар заңда немесе халықаралық шартта белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
39-2-бап. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен
міндеттері
1. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің:
1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарым-қатынасына, сеніміне, саяси партияларға және қоғамдық бірлестіктерге қатысына қарамастан тікелей, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
2. Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға ықпал етуге;
2) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға міндетті.
39-3-бап. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы
1. Тікелей өз еркін білдіру жолымен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдық жиналысы өткізуі мүмкін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберілуі мүмкін.
39-4-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, соның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
2) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға жол бермеуге;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
4) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
5) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық және ашықтық қағидаттарын ұстануға, қоғамдық пікірді ескеруге, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қол жетімділік мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
7) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті.
39-5-бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару
органдарымен өзара қарым-қатынасы
1. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
2. Мемлекет осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік береді.
39-6-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
жауапкершілігі
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.";
17) 40-бап алып тасталсын.
2-бап
.
Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті