Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 1067 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19 тамыздағы N 646 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жыл сайын 10 маусым мен 10 желтоқсаннан кешіктірмей Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жылына екі рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2008 жылғы 18 қарашадағы
                                                 N 1067 қаулысымен
                                                    бекітілген

       Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін
  дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
              асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с N Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Орындауға (іске асыруға) жауапты Орындау (іске асыру) мерзімі Болжанатын
шығыстар
Қаржыландыру көзі
1 2 3 4 5 6 7
1. Ювенальды әділет жүйесінің құрылымдық элементтерін
жетілдіру

1.

Республиканың барлық аумақтарында кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған соттар құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

СӘК (келісім бойынша)

2009 жыл

Талап
етілмейді

-

2.

Прокуратура органдарында кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды ұйымдастыру бойынша мамандандырылған бөлімшелер құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БП (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

Талап
етілмейді

-

3.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторларын, тергеушілерді және криминалды полицияның жедел өкілдерін қамтитын мамандандырылған ювенальды полиция құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ

2009 жылғы маусым

Талап етілмейді

-

4.

Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшалау, оңалту, бейімдеу орталықтарын қайта ұйымдастыру және қылмыс жасады деп айыпталушы, сондай-ақ арнайы білім ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау үшін арнайы мекемелер құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ, БҒМ

2009 жылғы қазан

Талап
етілмейді

-

5.

Республиканың қалалары мен облыс орталықтарында мамандандырылған ювенальды заң консультацияларын құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

2009 жыл

Талап
етілмейді

-

6.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару инспекциялары басқармаларының және аумақтық бөлімдерінің штаттарына қолда бар штат санының есебінен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларды енгізу мәселесін
пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2009 жылғы
25 шілде;
2010 жылғы
25 қаңтар

Талап
етілмейді

-

7.

Уәкілетті органның тарапынан білім беру ұйымдарының қызметін ведомствоаралық үйлестіру мен бақылаудың тиімді жүйесін құру
мәселесін
пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, жергілікті атқарушы органдар

2009 жыл

Талап етілмейді

-

2. Ювенальды әділет жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету

8.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында кәмелетке толмағандар қатысатын істерді қарауға маманданған судьялар даярлауды көздейтін арнайы бағдарлама енгізу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МҚА (келісім бойынша), БҒМ, ЖС (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

9.

Кәмелетке толмағандарды ювенальды әділет жүйесінде айрықша әлеуметтік сүйемелдеу туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, БҒМ, ІІМ, ЖС (келісім бойынша)

2009 жылғы ақпан

Талап етілмейді

-

10.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органдардың жұмысын күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, жергілікті атқарушы органдар

2009 - 2011 жылдар

Талап етілмейді

-

11.

БАҚ арқылы балаларға және жасөспірімдерге құқықтық білім беруді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ақпарат

МАМ, БҒМ

2009 - 2011 жылдар

Талап етілмейді

-

12.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған соттардың судьяларын және кәмелетке толмағандар ісі жөнінде мамандандырылған басқа да адамдарды оқыту бойынша білім бағдарламаларын әзірлеу және енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне
ақпарат

БҒМ, ІІМ, Әділетмині,
БП (келісім бойынша),
ЖС (келісім бойынша)

2011 жылғы 10 маусым;
2011 жылғы
10 желтоқсан

Талап етілмейді

-

3. Ювенальды әділет жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту

13.

Ювенальды әділет жүйесінің материалдық- техникалық базасын нығайту бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Әділетмині, ІІМ, БҒМ, Еңбекмині, БП (келісім бойынша), СӘК (келісім бойынша)

2009 жылғы
қазан

Талап етілмейді

-

4. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

14.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ВАК-тың қарауына енгізу

ВАК-қа ұсыныстар

Әділетмині,
ЭБЖМ

2010 жыл

Талап етілмейді

-

15.

Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін ұйымдастыру мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің тиімділігіне талдау жасау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, ІІМ, БҒМ, БП (келісім бойынша)

2011 жылғы 25 қаңтар;
2011 жылғы
25 шілде

Талап етілмейді

-

16.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі ұсыныстарды ВАК-тың қарауына енгізу

ВАК-қа ұсыныстар

Әділетмині, ІІМ, БҒМ, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

-

       Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      СӘК - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
      ВАК - Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
      БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады