Куба Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 1075 Қаулысы

      Куба Республикасындағы "Густав" және "Айк" дауылдары салдарының нәтижесінде қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Куба Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 75000 (жетпіс бес мың) Евроға (ЕUR) баламалы сомада қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банк шотына: "Алушының банкі: Banco Financiero Internacional S.A., La Habana, Сиbа", "Алушының шоты: 030000003347326", "Банктің коды SWIFT: BFICCUHH" аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады