Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 249 және 2008 жылғы 16 тамыздағы N 754 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1084 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысында :
      2-тармақта:
      2) тармақшада "1300000000 (бір миллиард үш жүз миллион)" деген сандар мен сөздер "867259673 (сегіз жүз алпыс жеті миллион екі жүз елу тоғыз мың алты жүз жетпіс үш)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада:
      "ұсынатын" деген сөзден кейін "ауыл шаруашылығы техникасы," деген сөздермен толықтырылсын;
      "102000000 (бір жүз екі миллион)" деген сандар мен сөздер "534740327 (бес жүз отыз терт миллион жеті жүз қырық мың үш жүз жиырма жеті)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 тамыздағы N 754 қаулысында :
      тақырыбында және 1-тармақта "ұсынатын" деген сөзден кейін "ауыл шаруашылығы техникасы," деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер, ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесінде:
      тақырыбында және 1, 2, 4, 13, 24-тармақтарда "ұсынатын" деген сөзден кейін "ауыл шаруашылығы техникасы," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта "102000,0 мың (бір жүз екі миллион)" деген сандар мен сөздер "534740327 (бес жүз отыз төрт миллион жеті жүз қырық мың үш жүз жиырма жеті)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың 4) және 5) тармақшаларында "өсіру" деген сөз "өсіру, қайта өңдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 7) тармақшасында "сәйкес" деген сөзден кейін "ауыл шаруашылығы техникасын," деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақта "102000,0 мың теңге" деген сандар мен сөздер "537740327 теңге" деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларда жоғары оң жақ бұрышында "ұсынатын" деген сөзден кейін "ауыл шаруашылығы техникасы," деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген Ережеге 1, 5, 7-қосымшаларда бүкіл мәтін бойынша "ұсынатын" деген сөзден кейін "ауыл шаруашылығы техникасы," деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген Ережеге 4-қосымшада "Арнаулы техникаларды жеткізген күннен бастап лизинг бойынша есептелген сыйақы сомасы, теңге" деген бағаннан кейін "Ауыл шаруашылығы техникасын жеткізген күннен бастап лизинг бойынша есептелген сыйақы сомасы, теңге" деген бағанмен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады