"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) басқарма төрағасы Азамат Байқуанышұлы Батырғажиннің өкілеттігін тоқтатуды;
2) Ғабыллатып Тұрғанбайұлы Мырзақұловты қоғамның президенті етіп сайлауды қамтамасыз етсін.
2. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 964 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов