Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 және 2004 жылғы 15 желтоксандағы N 1324 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1107 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынандай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен
      2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) 1-қосымшаның кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
 

Өңірлер

Барлығы, штат саны
(бірлік)

Облыстың,
Алматы, Астана
қалаларының
әкімі орынбасарларының
саны
(бірлік)

1

2

3

Ақмола

3305

4

Ақтөбе

2485

4

Алматы

3714

4

Атырау

1583

5

Шығыс Қазақстан

4035

4

Жамбыл

2620

4

Батыс Қазақстан

2320

4

Қарағанды

3423

4

Қостанай

3538

4

Қызылорда

1799

5

Маңғыстау

1159

4

Павлодар

2910

4

Солтүстік Қазақстан

2803

4

Оңтүстік Қазақстан

3944

5

Алматы қаласы

1421

5

Астана қаласы

931

5

ЖИЫНЫ:

41990

69

       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2008.12.20 N 1189 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Орталық атқарушы органдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы қаулымен бекітілген үлгі құрылымға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген басқармалардың ұсынылатын құрылымдарын жіберсін.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады