"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 348 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 1119 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы  N 348 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы
N 348 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Жаңа білімдерді тиімді тұжырымдауды, сондай-ақ қолдауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті ғылыми жүйені дамыту мақсатында Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 348 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 20, 228-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      "1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде:
      "Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімде:
      "43386,2", "24133,7" деген цифрлар тиісінше "42204,9", "22952,4" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асырудың тетіктері" деген бөлімде:
      "5.1. Ғылыми-техникалық саланы басқару жүйесін жетілдіру" деген кіші бөлімде:
      он төртінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сараптама жүргізудің барлық деңгейлерінде ғалымдардың қоғамдық бірлестіктерін тарту көзделеді.";
      мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Ғылыми қызмет саласын сала ретінде сипаттайтын ғылымның негізгі параметрлері мынадай болуы тиіс:
      1. Жаңалығы. Қазақстан Республикасының алғашқы патентімен қатар халықаралық патенттермен немесе басқа елдердің патенттерімен расталған жаңалықтар мен өнертабыстар алумен сипатталады;
      2. Маңыздылығы. Алынған нәтижелерді іске асырумен расталады (халықаралық деңгей, елдің ішінде экономика салалары деңгейінде немесе жекелеген кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде).
      3. Тиімділігі. Әлеуметтік маңызды нәтижелер немесе экономикалық әсер алумен бағаланады (зерттеулерге салынған қаражаттан алынған кірістің арақатынасы).
      4. Жабдықталуы. Тұтастай алғанда ғылым саласы және жеке алғанда ғылыми ұйымдар құрылымы басым ғылыми бағыттар бойынша зерттеулердің тиімді орындалуын толығымен қамтамасыз етуі тиіс.
      5. Қамтамасыз етілуі. Кадрлық - ғылыми орталықтарды (мектептерді) қалыптастыру есебінен және қаржылық - ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдарға дәлелді түрде еңбекақы төлеу жүйесін қамтитын ҒЗТКЖ қаржыландырумен бірге.
      Әзірленіп жатқан және іске асырылып жатқан ғылыми бағдарламалар осы негізгі параметрлермен бағалануы тиіс, бұл ретте олардың сандық бағалануы әрбір бағдарлама бойынша жекелей, зерттеу түрін (іргелі, қолданбалы, тәжірибелік-конструкторлық, ізденістік және т.б.) және ғылымның бағытын (гуманитарлық, табиғи, техникалық және т.б.) ескеру арқылы анықталады.";
      "5.2. Ғылыми-техникалық инфрақұрылымды жаңғырту" деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражат, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражатты тарту есебінен ғылымның физикалық инфрақұрылымын дамыту екпінді болуы қажет.";
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және енгізу жұмыстарын орындайтын ғылыми ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту мен материалдық-техникалық базасын жетілдіруді идеяларды технологияға дейін, технологияны өнімнің тәжірибелік үлгісіне дейін, тәжірибелік өндірісті - өнеркәсіптік өндіріске дейін жеткізуге қабілетті көп деңгейлі кадрлар даярлау жүйесін ескере отырып жүргізу қажет.";
      мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Ғылыми идеядан ғылыми-техникалық әзірлемелер арқылы жаңа технологиялар мен өнімнің тәжірибелік үлгілеріне және өнеркәсіптік өндіріске инновацияларды алға жылжыту тетіктері әзірленетін болады.
      Ғылымның өндіріспен байланысын нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары мынадай болуы тиіс:
      өндіріс тарапынан ғылыми өнімге деген сұранысты зерделеу және белсенді қалыптастыру және ғылым тарапынан осы сұранысқа деген сәйкес ұсыныстарды әзірлеу;
      ғылыми әзірлемелерден бастап даяр өнім шығаруға дейінгі барлық өндірістік процесті басқару технологиясын қамтитын операциялық технологияларды игеру;
      техникалық идеялардан бастап оны өнімге жеткізуге дейінгі циклді қысқартуға мүмкіндік беретін ғылыми, инновациялық және өндірістік бөлімшелерді қазіргі заманғы нысанда, соның ішінде технологиялық бизнес-инкубаторлар нысанында ұйымдастырушылық біріктіру.";
      "5.3. Жоғары білікті ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау және оларды зерттеу қызметіне ынталандыру" деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Ғылыми орталықтар мен ғылыми мектептерді қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде дамыту.";
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Ғалым мен инженер еңбегінің беделін арттыруды мынадай жолдармен жүзеге асыру қажет:
      номенклатурасы және көлемі бойынша біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды даярлау деңгейін ғылымды, технологиялар мен техниканы дамытудың басым бағыттарын іске асыру қажеттіліктерімен өзара байланыстыруды қамтамасыз ету;
      біліктілігі жоғары мамандандырылған ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау саласында ғылыми қызметкерлерді жалдаудың келісім-шарттық нысанын жетілдіру;
      ғылыми қызметкерлердің мәртебесін, әлеуметтік кепілдіктерін арттыруды және кіріс деңгейін ұлғайтуды регламенттейтін заңнамалық базаны жетілдіру;
      зияткерлік меншік нарығын, сондай-ақ ғылыми әзірлемелер нарығын дамыту үшін құқықтық жағдайлар мен экономикалық жағдайлар жасау.";
      "5.4. Ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру жүйесін жетілдіру" деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Шетелдік компаниялардан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған тікелей тапсырыстарды тарту үшін тиісті ғылыми және зертханалық практиканың халықаралық стандарттарын алу жолымен бәсекеге қабілетті деңгейге дейін жететін отандық перспективалы ғылыми ұйымдардың тізбесін айқындау қажет.";
      "5.5. Ғылыми-техникалық қызметтің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру" деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "отандас ғалымдар мен шетелдік ғалымдарды елге тарту тетігін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық база жасау;";
      "6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген бөлімде:
      "43386,2", "24133,7" деген цифрлар тиісінше "42204,9", "22952,4" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтіндегі "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтіндегі "Самғау" деген сөз "Парасат" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады