Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071
өкіміне
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 52, 507-құжат; 2001 ж., N 23, 283-құжат; 2006 ж., N 50, 530-құжат, 2008 ж., N 20, 182-құжат, N 30, 292-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Томас Миров - Еуропа Қайта құру және Даму банкінің
президенті
Клаудио Дескальци - "Эни" корпорациясының бас өндірістік
директоры, өндіруді барлау
бөлімшесінің басшысы
Шаою Жао - Азия Даму Банкінің вице-президенті;
"Блаватник Лен - "Аксесс Индастриз, Инк" компаниясының
президенті"
"Булыгин - "Русский алюминий" бірлескен
Александр Станиславович компаниясының бас директоры"
"Джордж Киркланд - "Шеврон" корпорациясының барлау және
өндіру жөніндегі атқарушы
вице-президенті"
"Лакшми Миттал - "АрселорМиттал" директорлар кеңесінің
компаниясының президенті, бас
жетекшісі"
"Фаузи Кириякос-Саад - "Кредит Суисс Групп" компаниясының
Европа, Таяу Шығыс және Африка дамушы
елдері бойынша бас атқарушы директоры,
басқарушы директоры"
"Фрэнк Кайларс - "АВN АМRO Банк НВ" компаниясының
атқарушы вице-президенті, мұнай-газ
секторының басқарма бастығы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Булыгин - "Российский алюминий" компаниясының
Александр Станиславович бас директоры
"Джордж Киркланд - "Шеврон" корпорациясының барлау,
өндіру және газ жобалары жөніндегі
атқарушы вице-президенті"
"Лакшми Миттал - "АрселорМиттал" компаниясының төрағасы
және бас жетекшісі"
"Леонард Блаватник - "Ассеss Industres Іnс." компаниясының
директорлар кеңесінің төрағасы"
"Фаузи Кириякос-Саад - "Кредит Суисс" компаниясының ТМД,
Ресей және Түркия елдері бойынша бас
директоры, "Кредит Суисс"
компаниясының (Европа, Таяу Шығыс және
Африка дамушы нарықтары) ЕМЕА елдері
бойынша басқарма мүшесі"
"Фрэнк Кайларс - "The Royal Bank of Scotland group plc"
компаниясының атқарушы
вице-президенті";
көрсетілген кеңестің құрамынан Джин Личун, Жан Лемьер, Као Стефано шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев