Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1147 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимиттік Корольдігі арасындағы достық қатынастарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 1935 жылы шығарылған зауыттық нөмірі 19172, ТТ жүйесінің 7,62 мм пистолетін жиынтығымен Иордан Хашимиттік Корольдігінің Королі Абдалла II Бен Хусейн Бен Талалға сыйға беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қарудың экспортына лицензияны ресімдесін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулыға сәйкес әкетілетін қаруды кедендік ресімдеуді және бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады