"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1164 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1599 Қаулысымен.

      "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1164 қаулысымен    
бекітілген       

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы
меморандум

1. Жалпы ережелер

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер ету факторларынан сақтандыру үшін құрылған ұлттық басқарушы холдинг болып табылады.
      Қор қызметінің негізгі мақсаты әлемдік нарықтарда олардың ұзақ мерзімді құндылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың (бұдан әрі - компаниялар) өзіне меншік құқығындағы тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.

2. Қор қызметінің негізгі қағидаттары

      Қор өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
      2) Қор мен компаниялар қызметінің айқындығы, тиімділігі және икемділігі;
      3) шешімдерді қабылдау және оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделділік;
      4) жауапкершілік пен есеп берушілік.

3. Қор қызметінің негізгі бағыттары, міндеттері мен
қызметтері

      Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      1) ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
      2) елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
      3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.

Ұлттық экономиканы жаңғыртудағы және әртараптандыруға
жәрдемдесу

      Ескерту. Бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 303 Қаулысымен.

      Қор мен компаниялар қызметінің негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын, компаниялар алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде Ұлттық экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру болып табылады.
      Осы бағыттың шеңберінде Қазақстан экономикасында жүйелі сипатқа ие проблемалық мәселелер мынадай түрде шешілетін болады:
      экономиканың шикізаттық бағыттылығы;
      өңдеуші өнеркәсіптің ең төмен өнімділігі;
      өндірістік инфрақұрылымды - темір жол инфрақұрылымы, электр энергетикасы мен электр беру желілері, телекоммуникациялар қызметтері мен басқа да инфрақұрылымның төмен даму деңгейі;
      отандық өнімнің төмен бәсекеге қабілеттілігі;
      өндірістік компаниялардың негізгі қорларының көп тозуы;
      ел ішінде экономикалық бірігуі әлсіздігі - Қазақстан экономикасында салааралық және өңіраралық байланыстардың жеткіліксіз түрде дамуы;
      отандық кәсіпорындардың, оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін меншікті ақшалай қаражаттың жетіспеуі.
      Қор экономиканың нақты секторында инвестицияларды тарту, өңірлерде жұмыстарды белсенді ету, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді тез және шұғыл шеше және қолда бар артықшылықтар мен мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесуге көмектесуге шақырылады.
      Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту белсенді инвестициялық қызметті іске асыру, әсіресе, экономиканың басым секторларында, мұнай-газ секторы, электр энергетикасы, металлургия, химия, мұнай химиясы және инфрақұрылым сияқтыларды іске асыру жолымен жүзеге асырылады.
      Қордың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) Қордың компаниялар тобының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту;
      3) өңірлердің дамуына және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
      4) отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қолдау.
      Қарастырылатын міндеттер шеңберінде Қор мынадай функцияларды орындайтын болады:
      1) өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды, оның ішінде экономиканың нақты секторында жеке және (немесе) компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ стратегиялық шетелдік және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, жарғылық капиталдарға қатысуы арқылы әзірлеу және (немесе) іске асыру және қарыздар беру;
      2) "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге де бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөніндегі оператордың функцияларын орындау;
      3) экономиканың жаңа секторларын игеру және елдегі, сондай-ақ шетелдегі экономикалық тартымды активтерді сатып алу;
      4) компаниялар инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асырған кезде үйлестірілген және белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету, оның негізгі басымдығы Қазақстанның аумағында жобаларды іске асыру болып табылады;
      5) экономиканың әр түрлі салаларында отандық пен шетелдік, мемлекеттік және жеке меншік инвестицияларды тарту және инновацияларды енгізу;
      6) капиталдың әлемдік және отандық нарықтарында капиталдың теңгерімделген қарыз алуын жүзеге асыру;
      7) шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру;
      8) компаниялар топтары шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдардың тиімді кешенді жүйесін құру;
      9) өңіраралық, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру арқылы экономикалық байланыстарды дамыту;
      10) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өңірлердің серпінді дамуын қамтамасыз ету.

Ел экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу

      Ғаламдық қаржылық дағдарыс халықаралық қаржы нарықтарына, сонымен бірге барлық елдердің экономикалық дамуына өзінің күшті теріс әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы ғаламдық экономикаға өзінің терең ықпалдасуы себебінен одан тыс қала алмайды.
      Үлкен корпоративтік сыртқы борыш, әлемдік нарықта шикізаттық ресурстар бағаларына тікелей тәуелділік пен әлемдік қаржы жүйесінің тұрақсыздығы ұлттық экономиканың тұрақтылығына бұдан әрі тиімді дамыту қаупін тудыра отырып, қатты ықпал етті.
      Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер ұлттық экономикаға кредит беру көлемдерін едәуір қысқарта отырып, сыртқы қарыз алу бойынша өз берешектерін өтеуге мәжбүрленді. Елде екінші деңгейдегі банктердің несие қоржыны өсуінің 2007 жылғы 55%-дан 2008 жылдың 8 айы ішінде 0,3%-ға дейін қысқаруы байқалуда. Бұл, өз кезегінде, экономиканың нақты секторын және ішкі сұраныстың дамуына теріс ықпалын тигізуде. Екінші деңгейдегі банктердің ұлттық экономикаға кредит беру көлемін қысқартуы елдің Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқындары мен шағын және орта, сонымен бірге ірі бизнес субъектілері сияқты жаңа және дамып келе жатқан өндірістер үшін ақшалай қаражат тапшылығын баяулатуда көрінді.
      Осыған байланысты ұлттық экономиканың дағдарысқа тұрақтылығын арттыру мақсатында елдегі экономикалық өсудің сыртқы өзгерістерге қолданыстағы және ықтимал теріс әсер ететін факторлардың алдын алу үшін шараларды қайта қабылдау қажеттілігі туып отыр және мұнда ерекше рөлді Қор атқаруы мүмкін.
      Қалыптасқан жағдайда Қор алдында экономиканың тұрақты дамуы үшін тұрақтандыру және ескертетін шараларды іске асыру міндеті тұр.
      Қор қарастырылып жатқан міндет шеңберінде мынадай функцияларды орындайды:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларына қатысу;
      2) екінші деңгейдегі банктердің жарияланған дауыс беретін акцияларын сатып алу;
      3) әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктерде негізделген қаражатты орналастыру, оның ішінде құрылыс объектілерін аяқтау, шағын және орта бизнес және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру;
      4) ипотекалық кредит беру нарығын және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
      5) Қор мен компаниялардың қазақстандық тауар өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алуларында отандық қатысуды ұлғайту, Қазақстанда компаниялар оны көп сатып алған кезде шығару, құрастыру, импорттық құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды оқшауландыруды қамтамасыз ету жөніндегі көзделетін тетіктерді Қор мен компаниялардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібін анықтау, бекіту және мониторингін жүзеге асыру;
      6) "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімді басқаруды жүзеге асыру.

Компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру

      Қазақстанда компаниялардың жоғары тиімділігі экономика үшін қолданыстағы ресурстарды пайдалануды, сонымен бірге еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуді оңтайландыру ретінде маңызды мәнге ие.
      Қордың құрамына кіретін Компаниялар ұлттық экономиканың негізін, оның инфрақұрылымын құрайды және мемлекеттің стратегиялық міндеттерін орындауға ықпал етуге арналған.
      Макроэкономикалық деңгейде компаниялардың міндеті қазақстандық экономиканың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырудан және шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайтудан тұрады. Қор компанияларды тиімді басқару арқылы экономиканы әртараптандыруды, оның секторларындағы өнімділікті арттыруды, шикізаттық ресурстарға тәуелділікті төмендетуді және өңірлердің экономикалық дамуын ынталандыруды қамтамасыз етуі тиіс.
      Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің қатысуымен компаниялардың тиімділігін арттырудың ең пәрменді тәсілі - корпоративтік басқаруды жақсарту болып табылады. Бұл акционер ретінде өз тиімділігін арттыруға мүдделі Үкіметке компанияларға берілген қызметтерді басқару мен бақылау сапасын жақсарту жөніндегі пәрменді құралды алуға мүмкіндік береді. Ұлттық басқарушы холдингте корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі Қазақстан үшін маңызды стратегиялық міндеттерді іске асыру шеңберінде мемлекет берген активтерді тиімді басқарудың маңызды шарты болып табылады.
      Қордың компанияларды басқаруы жүйелі үйлестірілген тәсілді және қаржылық ағындарды бақылаудың нақты тетігін қамтамасыз етуге, ішкі корпоративтік үдерістер мен рәсімдерді жетілдіруге, сондай-ақ корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттарын практикада іске асыруға мүмкіндік береді.
      Компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі бағыттарды іске асыру шеңберінде Қорға мынадай міндеттерді орындау жүктеледі:
      1) компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      2) корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу.
      Қор алға қойылған міндеттер шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:
      1) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру және жаңа активтерді құру;
      2) компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық нарықтарға шығуына жәрдемдесу;
      3) компаниялар үшін елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін ескере отырып қабылданған мақсаттар қою;
      4) компаниялар қызметінің түйінді көрсеткіштерін айқындау;
      5) компаниялар қызметі нәтижелерінің мониторингі, компанияларға қойылған мақсаттар мен қызметтердің түйінді көрсеткіштерін орындамаған жағдайда түзету жасау шараларын қабылдауды қамтамасыз ету;
      6) компаниялардың басқарушы қызметкерлерін іріктеу, уәждемелеу және біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
      7) компаниялардағы ғылыми және өндірістік әлеуеттің сақталуы мен дамуын қамтамасыз ету;
      8) компаниялардың аудиті мен ішкі бақылауын ұйымдық қамтамасыз ету;
      9) компанияларда тәуекелдерді басқаруда бірыңғай әдістер, тәсілдер мен амалдарды енгізу арқылы тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
      10) компанияларға қатысты белсенді дивидендтік саясатты жүргізу;
      11) компаниялардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын енгізу.

4. Қорды басқару мәселелері

      Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.02 № 209 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет атынан Қордың жалғыз акционері болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордың директорлар кеңесінің құрамын анықтайды.
      Қордың директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылады.
      Қордың директорлар кеңесінің құрамына Экономикалық даму және сауда, Қаржы, Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің бірінші басшылары, тәуелсіз директорлар, Қордың басқарма төрағасы және өзге тұлғалар кіреді.
      Қордың корпоративтік хатшысының міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктеледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Қорды басқаруға қатыса алмайды.
      Қордың қызметін қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты мен компаниялардан түскен дивидендтер есебінен қалыптасқан кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
      Компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) сату туралы шешімді Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылдау жолымен қабылданады.
      Қорды басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын, консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қорды басқару жөніндегі кеңес құрылады.
      Осы Меморандуммен Қордың оған жүктелген міндеттері мен функцияларының орындалуына тиісті бақылауды (мониторингті) қамтамасыз ету үшін Қордың даму стратегиясында Қор қызметінің тиісті сандық және сапалық түйінді көрсеткіштері көрсетілетін болады.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен Қор арасындағы өзара қарым-қатынастар

      Қордың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жәрдемдесуге көмек көрсететін болады.

6. Қор мен Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      Қордың компаниялармен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қор мен компаниялардың құжаттарына сәйкес корпоративтік басқару шеңберінде жүзеге асырылады.
      Осы Меморандумда белгіленген міндеттерді іске асыру Қордың компанияларды басқаруға компаниялардың директорлар кеңестеріндегі (байқаушы кеңестеріндегі) акционердің (қатысушының) және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы белсенді қатысуы, сондай-ақ өздері және (немесе) компаниялармен және (немесе) стратегиялық шетелдік және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Компаниялардың директорлар кеңесінің құрамына Қордың өкілдері, тәуелсіз директорлар және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланатын өзге тұлғалар кіреді.
      Шетелдік заңи құзыреттегі компаниялармен өзара қарым-қатынастар осы компаниялар тіркелген елдердің заңнама талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады