Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы N 1168 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің     
      2008 жылғы 11 желтоқсандағы
      N 1168 қаулысына  
      қосымша      

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2006 жылғы 28 қарашадағы
      N 1127 қаулысымен   
      бекітілген      

      Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі

р/с N Атауы Конкурсты ұйымдастырушы
1 2 3
1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде
жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері

1.

"Алматы - Өскемен" автомобиль жолының "Алматы-Қапшағай" учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану

ККМ

2.

"Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке)-Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" автомобиль жолының "Астана - Қарағанды" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3.

"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас" автомобиль жолының "Алматы - Қорғас" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары
негізінде жүзеге асырылатын объектілер

4.

Ералиев - Құрық теміржол учаскесі

ККМ

5.

Қорғас - Жетіген теміржол учаскесі

ККМ

6.

Мақат - Қандыағаш теміржол учаскесін электрлендіру

ККМ

7.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газдытурбиналық электр станциясы

ЭМРМ

8.

Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы

Маңғыстау
облысының әкімдігі

9.

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

ККМ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады