"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 1169 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісімді бекіту туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында кол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер,
      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік шартының қағидаттары мен мақсаттарына және оның шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен құжаттарға өзінің бейілділігін растай отырып,
      трансұлттық қыр-көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы әрекет саласындағы одақтастық қатынастарды өрістетуге ұмтыла отырып,
      осы мақсатта, Тараптардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жан-жақты арнайы техника мен арнайы құралдармен жарақтау үшін жеңілдетілген жағдайлар жасау ниетін басшылыққа алып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтірілген терминдер мыналарды білдіреді:
      құқық қорғау органдары - негізгі (арнайы) функциясы құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмысқа, басқа да құқық бұзушылыққа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау болып табылатын мемлекеттік органдардың жиынтығы;
      арнайы қызметтер - Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес барлауды, қарсы барлауды жүзеге асыруға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы функцияларды іске асыратын мемлекеттік органдар;
      арнайы техника - байланыс, ақпаратты қорғау құралдары, ақпаратты және телекоммуникациялық жүйелерді қорғау техникалық құралдары, радиобақылау құралдары, мамандандырылған аумақтық автоматтық жүйелер, есептеуіш техниканың үлгілік желілік байланыстары, өмірді қамтамасыз ету құралдары, сауытты қорғауды қоса алғандағы дербес қорғаныс құралдары, жедел, криминалистикалық және іздестіру техникалық құралдары, инженерлік-техникалық құралдары, күзет, қарау және бақылау жүйелері, жедел-қызметтік көлік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету техникалық құралдары, сондай-ақ Тараптардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін қамтамасыз етуге қабылданған және Тараптардың заңнамаларына сәйкес әскери мақсаттағы өнімдерге жатқызылмаған басқа да техникалық құралдар мен олардың қосалқы бөлшектері;
      арнайы құралдар - шабуылды қайтару, қылмыстың алдын алу, қарсылық көрсету, іздестіру, ұстау, тұтқындалғандарды жеткізу, қамаудан қашудың алдын алу, кепілдікке алынған адамдарды, басып алынған ғимараттарды, орындарды, құрылыстарды, көлік құралдарын және жер төлемдерін босату, жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу, көлік құралдарын тоқтату кезінде нысананы өлімге алып келмеу мақсатында құқық қорғау органдары үшін арнайы өңделген және мақсатталған, Тараптардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерінде қабылданған және Тараптардың заңнамаларына сәйкес әскери мақсаттағы өнімдерге жатқызылмаған түрлі бұйымдар;
      жеңілдетілген шарттардағы жеткізілім - құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің өз қажеттіліктері үшін сатып алынатын арнайы техника мен арнайы құралдардың мемлекетте қалыптасқан бағасына негізделіп қалыптасқан баға бойынша арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізу.
      Тараптардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерінде болған арнайы техника мен арнайы құралдар жеке өз қорынан жеткізілген жағдайда арнайы техника мен арнайы құралдардың бағасы қалдық құны негізінде оны сақтаудағы, қызмет етудегі, тасымалдаудағы және жеткізуге байланысты басқа да шығындарды ескере отырып есептеледі.

2-бап

      Арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдетілген жағдайларда жеткізу Тараптардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтау мүддесімен Тараптардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың мемлекеттік органдары мен/немесе Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес арнайы техника мен арнайы құралдарға қатысты сыртқы сауда әрекеттерін жүргізуге құқығы бар заңды тұлғалар арасында жасалған шарттар (келісім-шарттар) негізінде іске асырылады.

3-бап

      Осы Келісімге сәйкес жеңілдетілген жағдайларда арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізу кезінде Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес арнайы техника мен арнайы құралдарға қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік органдары және/немесе заңды тұлғалары халықаралық тәжірибеде белгіленген есептесу шарттары мен түрлерін еркін айырбасталатын валютада қолданады.

4-бап

      Арнайы техника мен арнайы құралдарға есеп аталған өнімнің дайындауға қажетті (аванс) алдын ала төлеудің есебімен жүзеге асырылады.
      Шарттарға (келісім-шарттарға) экспорттық бағаларды қалыптастырудың жеңілдетілген тәртібін қамтамасыз ету мақсатында аванс төлемдерін қайтаруға банктің кепілдігін тапсыру туралы шарт енгізілмейді.

5-бап

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында жеңілдетілген жағдайда берілетін арнайы техника мен арнайы құралдарды тасымалдаған кезде Тараптар тасымалдау және/немесе транзит шарттарын қолданады, оның ішіне ұқсас арнайы техника мен арнайы құралдарды тасымалдау үшін орнатылған және өзінің құқық қорғау органдарына және арнайы қызметтерге арналған олардың тасымалдауына және/немесе транзит тарифтері кіреді.
      Осы Келісімге сәйкес жеңілдетілген жағдайда Тараптың аумағы бойынша тасымалданатын арнайы құралдар мен арнайы техника, жабдықтайтын Тараптың немесе алатын Тараптың сұрауы негізінде осы Келісіммен жабдықталатын арнайы құралдар мен арнайы техниканы транзиттік тасымалдау үшін бірінші кезектегі құқық береді.
      Бұл ретте, Тарап заңының аумағында бекітілген автокөлік құралдарының өлшемдерді көтерген жағдайда тасымалдау Тарап заңының талаптарына сәйкес тасымалдау бағдары бар аумағында жүзеге асырылады.

6-бап

      Осы Келісімнің шегінде құқық қорғау шетел мемлекеттерінің құқық органдарына және арнайы қызметтерге, жеке және заңды тұлғаларға немесе халықаралық ұйымдарға берілген арнайы техника мен арнайы құралдарды тасымалдайтын Тараптың жазбаша келісімінсіз Тараптар сатпайды және бермейді.
      Осы баптың ережелерін бұзған немесе Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымынан шыққан Тарап үш ай ішінде арнайы техника мен арнайы құралдарды тасымалдаған Тарапқа арнайы техника мен арнайы құралдардың және сондай-ақ өнімнің элем базарында тасымалданатын бағалар арасында айырмашылықты еркін айырбасталатын валютада төлейді.
      Арнайы техника мен арнайы құралдарды пайдалануға әр жылға бағасын төмендету есебін (сатып алу өнімі бөлігінде) мемлекеттік тапсырыс берушінің келісімі бойынша кәсіпорын-өндіруші жеткізілетін арнайы техника мен арнайы құралдардың жалпы қызмет мерзіміне сәйкес іске асырады.
      Бұл міндеттеме арнайы техника мен арнайы құралдардың әрбір жеткізіліміне арналған шарттарда (келісім-шарттарда), сондай-ақ Тараптар арасында келісілген және алушы Тараптың уәкілетті мемлекеттік органы қол қойған қаржылық міндеттемелер нысандарында еркін айырбасталатын валютада сәйкес сомаларда белгіленеді.

7-бап

      Жеткізуші Тарап осы Келісімнің шегінде тасымалданған арнайы техника мен арнайы құралдарды пайдалануын бақылауды іске асыруға хақылы. Арнайы техника мен арнайы құралдарды тасымалдауды тетігі ретінде, 2002 жылғы 7 қазанда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін Әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамада көзделген тетік қолданады.

8-бап

      Мемлекеттік құпияны құрайтын және осы Келісімнің іске асыру барысында алынған мәліметтерді қорғау Тараптардың заңнамасына және 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Келісімнің шегінде ынтымақтастық барысында алынған ақпарат, шарттық бағаларды қоса, конфиденциалдық немесе құпия сипатында болады, мүдделі Тараптардың келісімісіз осы Келісімнің Тараптары емес мемлекеттерге, олардың жеке тұлға мен заң тұлғаларына, ешқандай жағдайда берілмейді және Тараптардың бірінің мүдделеріне зиян ретінде қолданылмайды.

9-бап

      Осы Келісімнің шегіндегі алынған арнайы техника мен арнайы құралдары ішінара сондай-ақ тұтас зияткерлік мүлік пәні болып табылатынын және бұл мағынада ерекше немесе оны тапсырған Тараптың өзге құқығының объектісі болатынын таниды.
      Аталған арнайы техника мен арнайы құралдарды алған Тарап оларды рұқсатсыз пайдалану және/немесе тапсыратын Тараппен келісімсіз Тараптармен уәкілетті емес заң және жеке тұлғалардың зияткерлік меншікке енген жағдайда жауапқа тартылады және өз мемлекетінің заң шеңберінде, сондай-ақ өздері қатысушылары болып табылатын, халықаралық шарттарға сәйкес, оның құқықтық және өзге қорғауын тиісті шаралармен қамтамасыз етеді.

10-бап

      Егер осы Келісімнің ережелерін Тараптардың бірі оның мақсаттарына зиян келтіріп бұзса, басқа Тараптар бұзған Тарапқа қатысты Келісімнің немесе оның жеке ережелерінің әрекетін тоқтатуға және оның осы Келісімнің 6-бабында көзделген өтемақыны төлеуі туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Осы Келісімнің ережелерінен туындайтын міндеттерді Тараптардың бірі сақтамаған жағдайда, осының салдарынан оның мүддесіне зиян келтірілген Тарап тиісті Тарапқа қатысты осы Келісімнің әрекетін толық немесе ішінара тоқтату немесе жою туралы өтініш жасай алады.

11-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар мүдделі Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

12-бап

      Кез келген Тарап, шығуына кем дегенде 6 (алты) ай қалғанда, Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының Хатшылығына өзінің ниеті туралы жазбаша хабар жіберу арқылы осы Келісімнен шыға алады. Бұл Тарапқа қатысты осы Келісімнің қолданылуы осындай хабарламаны алған күнінен бастап алты ай еткен соң тоқтатылады.
      Осы Келісімнің тоқталуына байланысты туындаған барлық даулы мәселелер Тараптардың келіссөз жолымен реттеледі.
      Мүдделі Тараптар осы Келісімнің әрекеті одан шыққан Тарап үшін тоқталуына байланысты туындаған даулы мәселелерді келіссөздер жолымен реттегенше, осы Келісімнің 6-бабы ережелері бұл ретте күшінде қалады.

13-бап

      Әрбір Тарап осы Келісім ережелерін іске асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды тағайындайды, ол туралы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Хатшылығын хабардар етеді.

14-бап

      Осы Келісім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, бұл туралы ол барлық Тараптарды хабардар етеді және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде қолданыста болады.
      Қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кейіннен орындаған Тараптар үшін осы Келісім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығына тиісті жазбаша хабарлама тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.

15-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, ол жеке хаттамалармен ресімделеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Осындай хаттамалар Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

       Армения Республикасы үшін       Ресей Федерациясы үшін
      Беларусь Республикасы үшін      Тәжікстан Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін     Өзбекстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін

      Осымен 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісімнің бұл көшірмесін дәлдігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігінің Штабы
      Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
      бастығының орынбасары                              Ғ. Әушәріп

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады