Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жүмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерлерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2002 жылғы 17 сәуір N 443. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1328 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1328 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерi - тәулiгiне 2 айлық есептiк көрсеткiш болып бекiтiлсiн.
      2. "Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеудiң мөлшерi туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 қарашадағы N 674 P910674_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеу туралы ережеде:
      1) 1-тармақтың екiншi "Қызметкерлерiне далалық жабдықталым төленетiн дала ұйымдарының тiзiмдерiн жоғары тұрған ұйымдар жыл сайын, жылдық жұмыс жоспарларын бекітумен бір мезгiлде бекiтедi". және үшiншi "Тiзiмдердi бекiту тиiстi кәсiподақ комитетiмен келiсiм бойынша жүргiзiледi. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру ұйымдарының (кәсіпорындардың) тізімге енгізілмеген, бірақ дала жұмыстарының орындайтын қызметкерлеріне далалық жабдықталым ақы осы Ережеде көзделген тәртіппен төленеді". абзацтары алынып тасталсын;
      2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Салық салынуға жатпайтын далалық жабдықталым ақшасының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады."; 3) 7-тармақтағы "қызмет бабындағы командировканы төлеу туралы" деген сөздер алынып тасталсын; 4) 8-тармақ алынып тасталсын. Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.21. N 935 қаулысымен. P020935_ 3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады