Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі)" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 328-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы V тармақпен толықтырылсын:
"V. 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов