Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы N 17 Қаулысы

      Тәжікстан Республикасында қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік астықтың сатылатын ресурстарынан 12536 (он екі мың бес жүз отыз алты) тонна азық-түліктік астықты тиеуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін заңнамада белгіленген тәртіппен 9 385,966 (тоғыз мың үш жүз сексен бес тонна тоғыз жүз алпыс алты килограмм) тонна дизель отынын және 29 265,205 (жиырма тоғыз мың екі жүз алпыс бес тонна екі жүз бес килограмм) тонна отын мазутын тиеуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2323 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Тәжікстан Республикасына азық-түліктік астықты Кудукли станциясына дейін, дизель отынын Кудукли және Амузанг станцияларына, отын мазутын Кудукли станциясына дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгілеген тәртіппен 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне азық-түліктік бидайының құнын және сақтау, тасымалдау мен жеткізу жөніндегі шығындарды өтеуге 4054866 (төрт миллион елу төрт мың сегіз жүз алпыс алты) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне дизель отынының құнын өтеуге 3 956 451,57 (үш миллион тоғыз жүз елу алты мың төрт жүз елу бір доллар елу жеті цент) АҚШ долларына баламалы сомада және отын мазутының құнын өтеуге 3 980 067,88 (үш миллион тоғыз жүз сексен мың алпыс жеті доллар сексен сегіз цент) АҚШ долларына баламалы сомада, сондай-ақ оларды сақтау, тасымалдау мен жеткізу жөніндегі шығындарды өтеуге қаражат бөлсін.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2323 Қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады