Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2323 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы № 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      «9 480 (тоғыз мың төрт жүз сексен)» деген сандар мен сөздер «9 385,966 (тоғыз мың үш жүз сексен бес тонна тоғыз жүз алпыс алты килограмм)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      «29340 (жиырма тоғыз мың үш жүз қырық)» деген сандар мен сөздер «29 265,205 (жиырма тоғыз мың екі жүз алпыс бес тонна екі жүз бес килограмм)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасында:
      «4000000 (терт миллион)» деген сандар мен сөздер «3 956 451,57 (үш миллион тоғыз жүз елу алты мың төрт жүз елу бір доллар елу жеті цент)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      «4000000 (төрт миллион)» деген сандар мен сөздер «3 980 067,88 (үш миллион тоғыз жүз сексен мың алпыс жеті доллар сексен сегіз цент)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады