Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінен (бұдан әрі - Атқарушы комитет) мыналар шақырып алынсын:
Айдаров Наурыз Ғұбайдоллаұлы - Атқарушы комитет төрағасының орынбасары - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы хатшысы;
Намазбаев Шәкір Исламұлы - Атқарушы комитеттің Қауіпсіздік және жаңа қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары - бөлім бастығы;
Досанов Бақыт Мұхамеджанұлы - Атқарушы комитеттің Ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары - бөлім бастығы.
2. Қазақстан Республикасынан Атқарушы комитетке квоталық лауазымдарда жұмыс істеу үшін:
Бұзубаев Тоқтасын Ысқақұлы - Атқарушы комитет төрағасының орынбасары - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы хатшысы;
Досанов Бақыт Мұхамеджанұлы - Атқарушы комитеттің Қауіпсіздік және жаңа қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары - бөлім бастығы ретінде жіберілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов