Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 54 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді сату ережесінде:
      7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Уәкілетті орган өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері бойынша тіркеу органына осы елді мекенде соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлкінің бар екендігі (немесе жоқтығы) туралы мәліметтер алу үшін сұрау салу жібереді.";
      мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3 және 13-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "13-1. Тұрғын үй комиссиясы алдын ала іріктеуден өткен, қарыз берушіге ұсыну үшін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның жолдамасы берілетін өтініш берушілердің тізімін қалыптастырады.
      Алдын ала іріктеуден өткен өтініш берушілердің тізімін уәкілетті орган Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйдің тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан өтініш берушіге сатылғаны туралы қорытынды алу үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына жібереді. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары аталған қорытындыны сұрау салу алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.
      13-2. Өтініш беруші қарыз берушіге уәкілетті орган берген жолдама мен қарыз берушінің талаптарына сәйкес төлем қабілеттілігін бағалауды жүзеге асыру үшін кредиттік өтінімді ұсынады.
      13-3. Қарыз беруші уәкілетті орган берген жолдаманың және кредиттік өтінімнің негізінде ішкі ережелерге сәйкес тұрғын үй пайдалануға берілгенге дейін кемінде екі ай бұрын, бірақ алты айдан ерте емес мерзімде өтініш берушінің төлем қабілеттілігін бағалауды жүзеге асырады.
      Қарыз беруші өтініш берушіге хабарлама береді, оны өтініш беруші уәкілетті органға береді. Бұл ретте уәкілетті орган қарыз берушіден берілген барлық хабарламалар бойынша ақпарат сұрауы мүмкін.
      Егер қарыз беруші төлем қабілетін оң бағалау туралы хабарламаны берген күннен бастап өтініш беруші банктік қарызды беруге кредиттік өтінім бергенге дейінгі мерзім алты айдан асып кетсе, қарыз беруші төлем қабілетін қайта бағалауды жүзеге асырады.
      13-4. Қарыз беруші өтініш берушінің төлем қабілетіне теріс бағалау берген жағдайда, тұрғын үй комиссиясы осы Ережеде көзделген тәртіппен төлем қабілетіне теріс бағалау алған өтініш беруші тұрған санат шегінде қалған өтініштер қатарынан басқа өтініш берушіні іріктеуді жүргізеді.";
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Қарыз берушінің хабарламасын алғаннан кейін тұрғын үй комиссиясы іріктеуден өткен өтініш берушілердің тізімдерін қалыптастырады, олар уәкілетті органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";
      18-тармақтың бірінші абзацында "бес" деген сөздің алдынан "он" деген сөзбен толықтырылсын;
      Ережеге 2-қосымшада:
      "Уәкілетті органның басшысы" деген сөздерден кейін "және/немесе жолдамаларға қол қою құқығына уәкілеттік берілген қызметкерлер" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады