"2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1245 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Барлығы, штат саны (бірлік)" деген бағанда:
"Ақтөбе" деген жолдағы "2485" деген сандар "2503" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы" деген жолдағы "3714" деген сандар "3784" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "4035" деген сандар "4101" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жамбыл" деген жолдағы "2620" деген сандар "2640" деген сандармен ауыстырылсын;
"Батыс Қазақстан" деген жолдағы "2320" деген сандар "2343" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қарағанды" деген жолдағы "3423" деген сандар "3490" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қостанай" деген жолдағы "3538" деген сандар "3558" деген сандармен ауыстырылсын;
"Маңғыстау" деген жолдағы "1159" деген сандар "1166" деген сандармен ауыстырылсын;
"Солтүстік Қазақстан" деген жолдағы "2803" деген сандар "2821" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы қаласы" деген жолдағы "1421" деген сандар "1457" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана қаласы" деген жолдағы "931" деген сандар "954" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолдағы "41990" деген сандар "42358" деген сандармен ауыстырылсын.
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 266 Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов