Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1235 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 106 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.07.2013 № 684 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар (сипаттама) паспортының үлгісінде:
      9-тармақта:
      үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-бетте тігінен мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
                  "МӘЛІМЕТ/OBSERVATIONS";
      мемлекеттік және орыс тілдерінде:
            "ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ".
деген жазу орналасқан";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматының паспортында ұлты иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады