"Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы N 113 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары
туралы конвенциясын ратификациялау туралы

      Венада 1968 жылы 8 қарашада қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясы ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Жол белгілері және сигналдары туралы конвенция
(Вена, 1968 жылғы 8 қараша)

       Еуропалық Келісіммен (Женева, 1971 жылғы 1 мамыр) осы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
      Сондай-ақ Венада 1968 жылғы 8 қарашада қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімге Жолдарды белгілеу туралы хаттаманы қараңыз (Женева, 1973 жылғы 1 наурыз).
       Сондай-ақ Жол қозғалысы туралы конвенцияны (Вена, 1968 жылғы 8 қараша) қараңыз.

      Кіріспе
      І тарау Жалпы ережелер
      ІІ тарау Жол белгілері және сигналдары
      ІІІ тарау Жарық жол сигналдары
      IV тарау Жолдарды белгілеу
      V тарау Өзге де жол белгілері мен сигналдары
      VI тарау Қорытынды ережелер
      1-қосымша Қиылыстар мен темір жол өтпелеріне жақын жерлерге қойылатын белгілерден басқа ескерту белгілері
      А бөлімі. Ескерту белгілерінің үлгілері
      В бөлімі. Ескерту белгілерінің мәні және бұл белгілерді қолдануға қатысты нұсқама
      2-қосымша Қиылыстарда жүруге басым құқықты реттейтін белгілер, қиылыстарға жақын жерлерге орнатылатын ескерту белгілері және жолдың тар учаскелерінде жүруге басым құқықты реттейтін белгілер
      А бөлімі. Қиылыстарда жүруге басым құқықты реттейтін белгілер
      В бөлімі. Қиылыстарға жақын жерлерге орнатылатын ескерту белгілері
      С бөлімі. Жолдың тар учаскелерінде жүруге басым құқықты реттейтін белгілер
      3-қосымша Темір жол өтпелеріне қатысты белгілер
      А бөлімі. Ескерту белгілері
      В бөлімі. Темір жол өтпелеріне тікелей жақын орнатылатын белгілер
      С бөлімі. Темір жол өтпелеріне жақын орнатылатын қосымша белгілер
      4-қосымша Жүруге, аялдауға және тұруға басым құқыққа қатысты белгілерді қоспағанда, міндетті нұсқаманы білдіретін белгілер
      А бөлімі. Тыйым салатын немесе шектейтін белгілер
      В бөлімі. Нұсқамалық белгілер
      5-қосымша Тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, сілтеме белгілер А-F бөлімдеріндегі белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамасы (G) бөліміндегі белгілер мен белгілеулердің сипаттамасына қатысты осы бөлімді қараңыз)
      А бөлімі. Бағыттардың алдын ала көрсеткіштері
      В бөлімі. Бағыттар көрсеткіштері
      С бөлімі. Атаулар көрсеткіштері
       D бөлімі. Растау белгілері
      Е бөлімі. Жаяу жүргінші өтпесі
      Ғ бөлімі. Көлік құралдарының жүргізушілеріне пайдалы нұсқаулар беретін басқа да белгілер
      G бөлімі. Жолды пайдаланушылар үшін пайдалы болу мүмкін объектілерді білдіретін белгілер
      6-қосымша Аялдауға және тұруға қатысты белгілер
      А бөлімі. Аялдауға және тұруға тыйым салатын немесе шектейтін белгілер
      В бөлімі. Тұруға қатысты пайдалы нұсқаулар беретін белгілер
      7-қосымша Қосымша кестелер
      8-қосымша Жолдарды белгілеу

      Уағдаласушы Тараптар
      халықаралық көлемде жол белгілері, сигналдар мен белгілеулер және жолдарды белгілеудің біркелкілігі халықаралық жол қозғалысын жеңілдету және жолдарда қауіпсіздікті арттыру үшін қажет екенін мойындай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

Бірінші тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Анықтамалар

      Осы Конвенцияның ережелерін қолдау кезінде төмендегі терминдер осы бапта берілетін мағынасына ие болады:
      а) Уағдаласушы Тараптың "ұлттық заңнамасы" термині осы Уағдаласушы Тараптың аумағында қолданылатын ұлттық немесе жергілікті заңдар мен ережелердің жиынтығын білдіреді;
      b) "елді мекен" термині оған кіретін және одан шығатын жолдар арнайы тиісті белгілермен белгіленген немесе Ұлттық заңнамада қандайда бір өзгеше түрде айқындалған, құрылысы бар аумақты білдіреді;
      с) " жол " термині қозғалыс үшін ашық кез-келген жол немесе көше бөлігінің барлық жолағын білдіреді;
      d) "жолдың жүріс бөлігі" көбінесе, көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын жолдың бөлігін білдіреді; жолдың нақты, әсіресе бөлу жолағымен шектелген немесе әр түрлі деңгейдегі бірнеше жүріс бөлігі болуы мүмкін;
      с) " қозғалыс жолағы " термині жолдың жүріс бөлігінің бөлінуі мүмкін, ұзына бойғы таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген, бірақ автомобильдердің, мотоциклдерден басқа, өзге де көліктердің бір қатармен қозғалуы үшін жеткілікті жолағы бар ұзына бойғы жолақтардың кез-келгенін білдіреді;
      f) "көше қиылысы" термині бір деңгейдегі кез-келген қиылысты, осындай қиылыстармен, қосылған жерлермен немесе тармақтармен құрылған аумақты коса алғанда, жолдардың қосылған жерлерін немесе тармақтарын білдіреді;
      g) "темір жол өткелі " термині тәуелсіз төсемі бар, жолдың темір жол немесе трамвай жолдарымен бір деңгейдегі кез-келген қиылысын білдіреді;
      h) "автомагистраль" термині автокөлік құралдарының қозғалысы үшін арнайы салынған және соған арналған, жол жиегіндегі жолдарға қызмет көрсетпейтін, және
      і) жекелеген орындарды қоспағанда немесе уақыт тәртібінде, қозғалысқа арналмаған болу жолағы арқылы немесе ерекше жағдайларда, басқа құралдармен бір-бірінен бөлінген, қозғалыстың екі бағытына арналған жеке жүріс бөліктері бар;
      іі) жолдармен де, трамвай жолдарымен де, жаяу жүргінші жолдарымен де бір деңгейде қиылысы жоқ;
      ііі) автомагистраль ретінде арнайы белгіленген жолды білдіреді;
      і) көлік құралы:
      і) егер адамдарды отырғызу немесе түсіру, не болмаса жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақыт кезеңіне қозғалыссыз күнге келтірілген болса, "тоқтатылған";
      іі) егер басқа да жол пайдаланушысымен немесе қандайда бір кедергімен қақтығысудан аулақ болу немесе қозғалыс ережелерінің ұйғарымдарын орындау қажеттігінен өзге себеп бойынша қозғалыссыз күнге келтірілген болса және оны тоқтату адамдарды отырғызу немесе түсіру, не болмаса жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақытпен шектелмесе, "тұрақта тұрған" деп есептеледі;
      Алайда Уағдаласушы тараптар жоғарыда, іі) тармағында белгіленген жағдайларда қозғалыссыз күнге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен аспаса "тоқтатылған" және жоғарыда, і) тармағында белгіленген жағдайларда қозғалыссыз күйге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен асса "тұрақта тұрған" деп есептеуі мүмкін;
      j) "велосипед" термині қалай болғанда да екі доңғалағы бар және осы көлік құралындағы адамның бұлшық еті энергиясымен, әсіресе, тепкі мен тұтқыштың көмегімен қозғалысқа келтірілетін кез-келген көлік құралын білдіреді;
      k) "аспалы қозғалтқышы бар велосипед" 50 куб. см (дюймнің 3,05 кубы) аспайтын цилиндр көлемінде ішкі тұтанғыш қозғалтқышымен жабдықталған және ең жоғарғы конструктивтік жылдамдығы 50 км/сағ (сағатына 30 миль) аспайтын, кез-келген екі немесе үш доңғалағы бар көлік құралын білдіреді; алайда Уағдаласушы тараптар өз ұлттық заңнамаларына сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігіне, әсіресе оларды тепкілердің көмегімен қозғалысқа келтіру мүмкіндігіне карай велосипедтердің сипатына жатпайтын немесе өзінің ең жоғары конструктивті жылдамдығы, салмағы немесе қозғалтқыштың кейбір сипаттамалары бойынша белгіленген шектен асатын көлік құралдарын аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер деп есептемеуі мүмкін. Осы анықтамалардың бірде-бір ережесі жол қозғалысына қатысты өз ұлттық заңнамаларының ұйғарымдарын қолданған кезде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді велосипедтерге толық теңеу үшін Уағдаласушы тараптарға кедергі ретінде түсіндірілмеуі тиіс;
      l) "мотоцикл" термині қозғалтқышы бар, коляскалы және коляскасыз кез-келген екі доңғалақты көлік құралын білдіреді. Уағдаласушы тараптар өз ұлттық заңнамасында мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг (900 фунт) аспайтын, үш доңғалақты көлік құралдарын теңестіре алады. "Мотоцикл" терминіне аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер кірмейді, алайда Уағдаласушы тараптар осы Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті өтініш білдірген жағдайда, осы Конвенцияны қолданған кезде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіре алады. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг аспайтын үш доңғалақты көлік құралдары теңестіріледі.
      m) "механикалық көлік құралы" термині аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді қоспағанда, оларды мотоциклдерге теңестірмейтін Уағдаласушы тараптардың аумағында және рельстік көлік құралдарын қоспағанда, кез-келген өзі жүретін көлік құралын білдіреді;
      n) "автомобиль" термині жолдар бойынша адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға немесе адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын жолдарда буксирге алуға арналған механикалық көлік құралын білдіреді;
      o) "тіркеме" термині оны механикалық көлік құралымен буксирге алуға арналған кез-келген көлік құралын білдіреді; бұл термин сондай-ақ жартылай тіркемелерді де қамтиды;
      р) "жартылай тіркеме" термині оның бөлігін автомобильге таяу, автомобильге тіркеуге арналған кез-келген тіркемені білдіреді және оның соңғысы жартылай тіркеме мен оның жүгінің салмағының едәуір бөлігін тартады;
      q) "жүргізуші" ( "мал айдаушы" ) термині көлік құралын, автомобильді және т.б. (велосипедтерді қосқанда) басқаратын немесе жыл бойында мал, табын, жегілген, теңдеп жүк артылған немесе салт мінетін жануарларды айдайтын барлық адамды білдіреді;
      r) "рұқсат етілген ең жоғары салмақ" термині көлік құралы тіркелген, мемлекеттің құзырлы органы рұқсат берілгенін жариялаған тиелген көлік құралының ең жоғары салмағын білдіреді;
      s) " жүктемелі салмақ " термині тиелген көлік құралының, экипаждың және жолаушылардың нақты салмағын білдіреді;
      t) "қозғалыстың бағыты" және " қозғалыс бағытына сәйкес "     терминдері егер көлік құралының жүргізушісі ұлттық заңнамаға сәйкес басқа көлік құралымен кездескен жағдайда, оны сол жағынан өткізуге тиіс болса, оң жақты білдіреді; керісінше жағдайда, бұл терминдер сол жақты білдіреді;
      u) жүргізушілерге арналған басқа көлік құралдарына " жол беру " ұйғарымы, егер жүргізушіні басқа көлік құралдарының жүргізушілерін кенеттен қозғалыс бағытын немесе жылдамдықты өзгертуге мәжбүр етсе, қозғалысты жалғастыруға немесе қайта бастауға немесе маневр жасауға тиіс еместігін білдіреді.

2-бап. Конвенцияға қосымшалар

      Осы Конвенцияға төмендегі қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады:
      1-қосымша: Қиылыстар мен темір жол өтпелеріне жақын жерлерге қойылатын белгілерден басқа ескерту белгілері
      2-қосымша: Қиылыстарда жүруге басым құқықты реттейтін белгілер, қиылыстарға жақын жерлерге орнатылатын ескерту белгілері және жолдың тар учаскелерінде жүруге басым құқықты реттейтін белгілер
      3-қосымша: Темір жол өтпелеріне қатысты белгілер
      4-қосымша: Жүруге, аялдауға және тұруға басым құқыққа қатысты белгілерді қоспағанда, міндетті нұсқаманы білдіретін белгілер
      5-қосымша: Тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, сілтеме белгілер
      6-қосымша: Аялдауға және тұруға қатысты белгілер
      7-қосымша: Қосымша кестелер
      8-қосымша: Жолдарды белгілеу
      9-қосымша: 1-7-қосымшаларда айтылған сигналдық белгілердің, белгілеулер мен кестелердің түрлі түсті суреті.

3-бап. Уағдаласушы Тараптардың міндеттемелері

      1. а) Осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары онда белгіленген жол белгілері мен сигналдарының және жол таңбаларының жүйесін қабылдайды және оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде іске асыруға міндеттенеді. Осы мақсатта:
      і) осы Конвенция сигналдық белгіні, белгілеулерді немесе ұйғарымды көрсетуге немесе жолды пайдаланушыларға белгілі бір ақпаратты хабарлауға арналған таңбаларды белгілеген жағдайда, Уағдаласушы Тараптар осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мерзімдерді сақтай отырып, осы ұйғарымды көрсетуге немесе осы ақпаратты хабарлауға арналған басқа сигналдық белгіні, белгілеуді немесе таңбаларды қабылдамауға міндеттенеді;
      іі) осы Конвенция сигналдық белгіні, белгілеулерді немесе ұйғарымды көрсетуге немесе жолды пайдаланушыларға белгілі бір ақпаратты хабарлауға арналған таңбаларды көздемеген жағдайда, Уағдаласушы Тараптар осы мақсатта егер Конвенцияда бұл сигналдық белгі, белгілеу немесе таңба өзге мағынасы бар нұсқауларды көздемеген  және олар онда белгіленген жүйеге сәйкес келген жағдайда, өздері таңдаған сигналдық белгіні, белгілеуді немесе таңбаны пайдалана алады.
      b) Қозғалысты бақылауды жақсарту үшін және тәжірибелер өткізудің қажеттілігіне байланысты осы Конвенцияға түзетулер енгізуді ұсынбас бұрын, Уағдаласушы Тараптар эксперимент түрінде және уақытша тәртіппен жолдың кейбір учаскелерінде осы Конвенцияның ережелерінен шегініс жасауы мүмкін.
      2. Уағдаласушы Тараптар өз аумағында осы Конвенция күшіне енген күнінен бастап төрт жылдан кешіктірмей, олар осы Конвенцияда белгіленген жүйенің сигналдық белгілеріне, белгілеулеріне, құрылғылары мен таңбаларына сырттай сәйкес болған кезде осы Конвенцияда сигналдық белгілерге, белгілеулерге, құрылғылары мен таңбаларға берілгеннен өзге мағына бере алатын нұсқауларды көрсететін барлық сигналдық белгілерді, белгілеулерді, құрылғылар мен таңбаларды ауыстыруға және толықтыруға міндеттенеді.
      3. Уағдаласушы Тараптар өз аумағында осы Конвенция күшіне енген күнінен бастан он бес жыл ішінде осы Конвенцияда белгіленген жүйеге сәйкес келмейтін барлық сигналдық белгілерді, белгілеулерді, құрылғылар мен таңбаларды ауыстыруға міндеттенеді. Осы кезең ішінде жолды пайдаланушылар осы Конвенцияда белгіленген жүйеге үйрену үшін осы Конвенцияда көзделген сигналдық белгілермен және белгілеулермен қатар бұрынғы сигналдық белгілерді және белгілеулерді қолдана алады.
      4. Осы Конвенцияның ешбір ережесі Уағдаласушы Тараптарға осы Конвенцияда белгіленген сигналдық белгілер мен таңбалардың барлық  түрлерін қабылдау міндетін жүктеу ретінде түсіндірілмеуге тиіс. Керісінше, Уағдаласушы Тараптар өздері қабылдайтын сигналдық белгілер мен таңбалардың санын қажетті минимуммен шектейді.

4-бап

      Уағдаласушы Тараптар:
      а) қозғалысты реттеуге арналған белгіде, оның тіреуішінде немесе кез-келген басқа құрылғыда осы сигналдық белгіге немесе құрылғыға қатысы жоқ нәрселерді орналастыруға; алайда, егер Уағдаласушы Тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері материалдық пайда табу мақсатын көздемейтін қандайда бір қауымдастыққа нұсқау белгілерін орнатуға рұқсат етсе, олар белгілердің мағынасын түсінуді қиындатпаған жағдайда осы қауымдастық эмблемасын осы белгіде немесе оның тіреуішінде белгілеуге жол береді;
      b) қозғалысты реттеуге арналған сигналдық белгілер немесе басқа да құрылғылар ретінде қабылдануы не болмаса олардың байқалуын немесе тиімділігін төмендетуі мүмкін немесе осылайша жол қозғалысы үшін қауіптілік тудыра отырып, жолды пайдаланушылардың көздерін қарықтыратын немесе олардың назарын аударатын плакаттарды, жарнамаларды орналастыруға, таңбалар салуға және құрылғылар орнатуға тыйым салу үшін шаралар қабылдауға міндеттенеді.

II Тарау. Жол белгілері мен сигналдары

5-бап

      1. Осы Конвенцияда ұйғарылған жүйеде сигналдық белгілердің мынадай санаттары ерекшеленеді:
      а) қауіптілік туралы ескерту белгілері: бұл белгілердің мақсаты жолды пайдаланушыларға жолдардағы қауіп және сол қауіптің сипаты туралы ескерту;
      b) міндетті ұйғарымды білдіретін белгілер: бұл белгілердің мақсаты жолды пайдаланушыларға оларды сақтауы тиіс міндеттемелер, шектеулер мен арнайы тыйым салулар туралы хабарлау; олар:
      і) жол жүрудің басымдылық құқығының белгілері;
      іі) тыйым салатын немесе шектейтін белгілер;
      ііі) алдын ала жазылатын белгілер;
      с) нұсқау белгілері; бұл белгілердің мақсаты жолды пайдаланушыларға олар келе жатқан жол бойынша қажетті ақпарат немесе басқа да пайдалы нұсқаулар беру; олар:
      і) бағыттарды алдын ала көрсету белгілері;
      іі) бағыттарды көрсету белгілері;
      ііі) маршрутты маркілер;
      іv) атауларды көрсету белгілері;
      v) растайтын белгілер;
      vі) көлік құралдарының жүргізушілеріне пайдалы нұсқаулар беретін басқа да белгілер;
      vіі) жолды пайдаланушылар үшін пайдалы болуы мүмкін объектілерді белгілейтін басқа да белгілер болып бөлінеді.
      2. Осы Конвенция бірнеше белгілер мен белгілеулердің арасынан таңдап алу мүмкіндігін берген жағдайларда:
      а) Уағдаласушы Тараптар өзінің барлық аумағында тек қана бір белгі немесе белгілеуді қолдануға міндеттенеді;
      b) Уағдаласушы Тараптар өңірлік деңгейде сол белгінің немесе сол белгілеудің таңдалып алыну үшін келісімге кол жеткізуге тырысуға тиіс;
      с) Осы Конвенцияның 3-бабы 3-тармағының ережелері таңдалып алынбаған сигналдық белгілер мен белгілеулерге қолданылады.

6-бап.

      1. Белгілер оларға арналған белгілер жүргізушілерге тез және дер кезінде танылатындай орналастырады. Көбінесе олар қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолдың бетіне орналастырылады; алайда олар жолдың жүріс бөлігіне орналастырылуы немесе қайталануы мүмкін. Қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолдың бетіне орналастырылған кез-келген белгі жүріс бөлігінде немесе жергілікті жағдайлар олар үшін арналған белгіні көлік құралдарының жүргізушілері уақытында байқамауы мүмкін болса, жолдың қарсы бетінде қайталануы керек.
      2. Әр белгінің әрекеті ол арналған жүргізушілердің жол қозғалысы үшін ашық жүріс бөлігінің барлық еніне таратылады. Алайда белгінің әрекеті жүріс бөлігінде ұзына бойғы таңбамен бөлінген бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарымен шектелуі мүмкін.
      3. Құзырлы органдардың пікірі бойынша, бөлек жүріс бөліктері бар жолдың жиегінде орналасқан сол немесе өзге белгі тиімсіз болып табылғанда, ол айырым жолағында орналастырылуы мүмкін, бұл жағдайда оны жол жиегінде қайталамауға болады.
      4. Ұлттық заңнамада мыналарды ескерту ұсынылады:
      а) белгілер жүріс бөлігіндегі көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейтіндей орналастырылады, ал жолдың жиегінде орнатылған белгілер жаяу жүргіншілердің қозғалысына мейлінше аз шамада кедергі келтіруі тиіс. Белгі орналасқан жақтан жол деңгейінің жиегі мен белгінің төменгі шетінің арасындағы қашықтық мүмкіндігінше сол жол бойындағы бір немесе сол санаттағы белгілер үшін неғұрлым немесе анағұрлым бірдей болуы тиіс;
      b) белгілердің көлемі алыстан жақсы көрінетіндей және оған жақындаған кезде жеңіл айыруға болатындай болуы тиіс; осы тармақтың тармақшасының ережелеріне қатысты түсінік бере отырып, белгілердің көлемі көлік құралдарының әдеттегі жылдамдығын ескеріп белгіленеді;
      с) ескерту белгілері мен міндетті ұйғарымды білдіретін белгілердің көлемі әр Уағдаласушы Тараптың аумағында стандартталуы тиіс. Әдетте, сигналдық белгілердің әр түрі үшін көлемнің төрт санаты белгіленеді: кіші, қалыпты, үлкен және өте үлкен көлемдер. Кіші көлемді белгілер қалыпты көлемдегі белгіні орнату жағдайы болмағанда немесе тек төмен жылдамдықта ғана қозғалу рұқсат етілген жағдайда орнатылады. Олар алда кездескен белгіні қайталау үшін орнатылуы да мүмкін. Үлкен көлемді белгілер жылдам қозғалысы бар өте кең жолдарда орнатылуы тиіс. Өте үлкен көлемді белгілер жоғары жылдамдығы бар жолдарда, оның ішінде автомагистральдарда орнатылуы тиіс.

7-бап

      1. Ұлттық заңнамада мыналарды көздеу ұсынылады: жол белгілері, әсіресе, ескерту және міндетті ұйғарымды білдіретін белгілер, елді мекендердің жарықталған көшелерінде аялдауды немесе тұруды реттейтін белгілерді қоспағанда, түнде жақсы көрінуі және жеңіл оқылуы үшін оларды жарықтандыру керек немесе ол жолды пайдаланушылардың көзін жарықтандыруға әкеп соқпайтын жағдайда, жарық қайтарғыш материалдар мен құрылғыларды пайдалану қажет.
      2. Осы Конвенцияның ешбір ережесі кейбір сағаттарға немесе кейбір күндерге қатысты хабарлау немесе ескерту үшін оларда жазылған ақпарат әрекет еткен жағдайда ғана көрінетін белгілерді пайдалануға тыйым салмайды.

8-бап

      1. Белгілердің халықаралық көлемде түсінікті болуын жеңілдету үшін осы Конвенцияда белгіленген жол белгілері мен сигналдарының жүйесі белгілердің әрбір санатына тән нысандар мен түстерге, сондай-ақ басқа мүмкін болған барлық жағдайларда, жазбаларда емес, сызба белгілеулерге негізделген. Егер Уағдаласушы Тараптар көзделген белгілеулерге қандайда бір өзгерістер енгізуді қажет деп есептесе, бұл өзгерістер сигналдық белгілердің негізгі сипаттамасын өзгертуге тиіс емес.
      2. Осы Конвенцияның 3-бабының 1-тармағы а, іі-тармақшаларының ережелеріне сәйкес Конвенцияда көзделмеген сигналдық белгілерді немесе белгілеулерді қабылдауға ниет білдірген Уағдаласушы Тараптар өңірлік көлемде осы жаңа сигналдық белгіге немесе белгілеуге қатысты келісімге қол жеткізуге тырысу керек.
       3 . Осы Конвенцияның ешбір ережесі сигналдық белгілерді түсіндіруді жеңілдету үшін сигналдық белгінің астыңғы жағынан орналастырылатын тікбұрышты табличкаға немесе сигналдық белгіні құрайтын тікбұрышты қалқанның ішіне жазба қосуға тыйым салмайды; мұндай жазба оны түсіне алмайтын жүргізушілердің түсінуін қиындатпайтын жағдайларда белгінің өзіне орналастырылуы мүмкін.
      4. Құзырлы органдар сигналдық белгінің немесе белгілеулердің мағынасын нақтылау не болмаса міндетті ұйғарымды білдіретін белгілердің әрекетін шектеу қажет деп есептеген жағдайларда, жолды пайдаланушылардың кейбір санаттары немесе кейбір уақыт кезеңдері және қажетті нұсқаулар осы Конвенцияға қосымшаларда айқындалған жағдайларда қосымша белгі немесе сан ретінде көрсетілмесе, белгі астындағы тікбұрышты табличкаға жазба орналастырылады, бұл ретте жазбаларды сол табличкаға орналастырылатын бір немесе бірнеше графикалық белгілеулермен ауыстыру немесе толықтыру мүмкіндігі сақталады.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жазбалар ұлттық  тілде немесе бір немесе бірнеше Ұлттың тілінде жазылады, сонымен катар егер тиісті Уағдаласушы Тарап қажет деп есептесе, басқа тілдерде де, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде де жазылады.

Ескерту белгілері
9-бап

      1. Осы Конвенцияға 1-қосымшаның А бөлімінде ескерту белгілерінің үлгілері аталған, ал осы қосымшаның В бөлімінде осы сигналдық белгілерде орналастырылатын белгілеулер, сондай-ақ осы белгілерді пайдалануға қатысты кейбір ұйғарымдар келтірілген. Алайда көше қиылысына жақындағаны туралы ескертетін белгілер мен белгілеулер осы Конвенцияға 2-қосымшада, темір жол өтпесіне жақындағаны туралы ескертетін белгілеулер осы Конвенцияға 3-қосымшада сипатталған. Осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір мемлекет ескерту белгілері үшін қай үлгіні: А(а) немесе А(b) таңдап  алғаны туралы Бас Хатшыға мәлімдейді.
      2. Ескерту белгілері қажеттілігі болмаса, қайталанбауы тиіс, бірақ мұндай белгілер қажетті сақтық жасайтын жүргізушінің дер кезінде байқауына қиындық тудыратын ықтимал жол қаупін белгілеу үшін орнатылуы керек.
      3. Ескерту белгілері қауіпті учаскеден, жол мен қозғалыс жағдайларын, атап айтқанда көлік құралдары қозғалысының әдеттегі жылдамдығы мен ол жерден белгі көрінетін қашықтықты ескере отырып, күндіз де, түнде де олардың ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін қашықтықта орнатылуы тиіс.
      4. Сигналдық белгі мен қауіпті учаскенің басталуы арасындағы қашықтық осы Конвенцияға 7-қосымшаның 1-үлгісіндегі қосымша табличкада көрсетілуі мүмкін, ол аталған қосымшаның ережелеріне сәйкес орнатылады; бұл нұсқау белгі мен қауіпті учаскенің басталуы арасындағы қашықтықты жүргізушілер анықтай алмағанда және олардың әдеттегі күткенінен де өзге жағдайда берілуі тиіс.
      5. Ескерту белгілері, көбінесе, автомагистральдарда және оларға теңестірілген жолдарда қайталануы мүмкін. Егер ескерту белгілері қайталанса, белгі мен қауіпті жол учаскесінің арасындағы қашықтық осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес көрсетілуі тиіс. Алайда айырылатын көпірлер мен темір жол өтпелерінің алдында орнатылатын ескерту белгілеріне қатысты Уағдаласушы Тараптар осы баптың ережелерінің орнына 35-баптың 3-тармағының ережелерін немесе осы Конвенцияға 1-қосымшаның В бөлімінің 5-тармағын қолдана алады.
      6. Егер ескерту белгісі қауіптілікті көрсету үшін жолдың ұзын кесіндісінде орнатылса (мысалы, қауіпті бұрылыстар, жолдың жүріс бөлігінің кескіні нашар жағдайда) және осы кескіннің ұзындығын көрсету қажет деп есептелсе, тиісті нұсқау осы Конвенцияға 7-қосымшаның 2-үлгісінің қосымша табличкасында беріледі, ол аталған қосымшаның ережелеріне сәйкес орналастырылады.

Аялдауға немесе тұруға қатысты белгілерден басқа, міндетті нұсқауларды білдіретін белгілер
10-бап. Жол жүрудің басымдылық құқық белгілері

      1. Көше қиылыстарында жол жүрудің басымдылық беретін ерекше ережелерін жолды пайдаланушылардың назарына жеткізу мақсаты бар сигналдық белгілер осы Конвенцияға 2-қосымшаның А бөлімінде сипатталған В,1, В,2, В,3 және В,4 белгілері болып табылады. Жолдың тар учаскелерінде жол жүрудің басымдылық беретін ерекше ережелерін жолды пайдаланушылардың назарына жеткізу мақсаты бар сигналдық белгілер 2-қосымшаның С бөлімінде сипатталған В,5 және В,6 белгілері болып табылады. "Басты жолмен қиылысу" В,1 сигналдық белгісі жүргізушілердің осы белгі орнатылған көше қиылысында ол жақындаған жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралына жол беруі тиіс екендігін көрсету үшін қолданылады.
      3. "Аялдаусыз жол жүруге тыйым салынады" В,2 сигналдық белгісі осы белгі орнатылған көше қиылысына шығар алдында жүргізушілердің тоқтауға және олар жақындаған жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралына жол беруге тиіс екенін көрсету үшін қолданылады. Осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір мемлекет "Аялдаусыз жол жүруге тыйым салынады" белгілерінің қай үлгісін: В,2(а) немесе В,2(b) таңдап алғаны туралы Бас Хатшыға мәлімдейді.
      4. Құзырлы органдар жүргізушілерге олардың белгіге жақындап қалған кезде тоқтауы және қауіптілік тудырмайтынына көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалысты жалғастыруы керек екенін көрсету кажет деп есептесе, В,2 сигналдық белгісі көше қиылысынан тыс орналастырылуы мүмкін.
      5. В,1 және В,2 белгілері көше қиылысына тікелей жақын, мүмкіндігінше көлік құралдары аялдауы тиіс немесе басқа көлік құралдарына алдын ала жол бермей, олар оған шығуға тиіс емес жерлерде орнатылады.
      6. А,23 немесе А,24 белгілеулері бар А белгісі алдын ала дабыл қағу белгісі ретінде пайдаланылуы мүмкін, ол тиісінше В,1 немесе В,2 белгілерінің алдында орнатылады. Алайда А(а) белгілерін ескерту белгілері ретінде қолданатын мемлекеттерде В,1 немесе В,2 белгілерінің алдында орнатылатын ескерту белгілері оларға осы Конвенцияға 7-қосымшада ескерілген 1-үлгідегі қосымша табличка қосылған белгілер болуы мүмкін.
      7. "Басты жол" В,3 белгісі жолды пайдаланушыларға осы басты жолдың басқа жолдармен қиылысында сол жолдармен келе жатқан немесе олардан шығатын көлік құралдарының жүргізушілері басты жолмен келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті екенін көрсету үшін қолданылады. Бұл белгі жолдың басында орнатылуы және әрбір көше қиылысынан кейін қайталануы мүмкін, сонымен қатар ол көше қиылысына дейін немесе сол көше қиылысына орнатылады. Егер жолда В,3 сигналдық белгісі орнатылған болса, "Басты жолдың аяқталуы" В,4 сигналдық белгісі басты жолдың басқа жолдарға қарағанда басымдылығы аяқталатын жерге жақын орнатылуы тиіс. В,4 белгісі басымдылық жойылатын жерге дейін бір немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін; бұл жағдайда белгі немесе осы жердің алдында орнатылған белгілер 7-қосымшасының 1 -үлгісіндегі табличкамен толықтырылады.
      8. Қиылысқа жақындағанды көрсету үшін жолға А,22 белгілеулерінің бірі бар ескерту белгісі орнатылса немесе қиылыстағы жол осы баптың 7-тармағының ережелеріне сәйкес В,3 сигналдық белгілерімен осындай ретінде белгіленген басты жол болып табылса, барлық басқа жолдардағы қиылыстарда В,1 белгісі немесе В,2 белгісі орнатылуы тиіс; алайда В,1 немесе В,2 белгілерін ауыл аралық және қара жолдарда орнату міндетті емес, себебі сол жолдармен келе жатқан жүргізушілер, мұндай белгілер болмаған кезде де, қиылыста жол беруге тиіс. Егер құзырлы органдар жүргізушілерге көлік құралының аялдауын ұйғаруды қажет деп есептесе, оның ішінде бұл көлік құралдарының жүргізушілеріне олар жақындаған жол учаскесінің қиылысы осы немесе басқа жақтан нашар көрінетін болса ғана В,2 белгісі орнатылады.

11-бап. Тыйым салатын және шектейтін белгілер

      Тыйым салатын және шектейтін белгілер, аялдауға немесе тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, олардың мағынасы осы Конвенцияға 4-қосымшаның А бөлімінде көрсетіле отырып сипатталады. Сонымен қатар бұл бөлімде осы тыйым салулар мен шектеулерді немесе олардың бірін білдіретін белгілер сипатталған.

12-бап. Алдын ала жазылатын белгілер

      Алдын ала жазылатын белгілер 4-қосымшаның В бөлімінде олардың мәндері көрсетіле отырып сипатталған.

13-бап. Осы конвенцияға 4-қосымшада сипатталған сигналдық белгілерге қатысты жалпы ұйғарымдар

      1. Тыйым салатын, шектейтін белгілер және алдын ала жазылатын
белгілер ұйғарым, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жерге тікелей жақын орнатылады және құзырлы органдар оны қажет деп тапса, қайталануы мүмкін. Алайда құзырлы органдар оны нашар көрінетіндікке байланысты болуы немесе жолды пайдаланушыларды алдын ала ескерту үшін керек деп қаласа, бұл белгілер ұйғарым, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жердің алдында тиісті қашықтықта орнатылуы мүмкін. Ұйғарым, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жердің алдында орнатылған белгілердің астына 7-қосымшаның 1-үлгісіне сәйкес қосымша табличка орналастырылады.
      2. Елді мекен атауының көрсеткішімен қатар немесе тікелей одан кейін орнатылған, міндетті ұйғарымды білдіретін белгілер, елді мекен жолдарының кейбір учаскелерінде орнатылған басқа белгілердің өзге ұйғарымы болған жағдайды есептемегенде, бұл ұйғарымдардың барлық елді мекенде қолданылатынын білдіреді.

Тұруға қатысты белгілерден басқа, нұсқау белгілері
14-бап

      1. Осы Конвенцияға 5-қосымшада жолды пайдаланушыларға, аялдауға қатысты белгілерден басқа, пайдалы нұсқаулар беретін белгілер сипатталған немесе осындай белгілердің үлгілері келтірілген; сонымен қатар бұл қосымшада олардың пайдалануға қатысты кейбір ұйғарымдар берілген.
      2. 5-баптың 1-тармағының с тармақшасында көрсетілген і-v нұсқау белгілеріндегі жазбалар, латын алфавитін пайдаланбайтын елдерде ұлттық тілде де, мүмкіндігінше транслитерация және ұлттық тілде сөздердің айтылуын беретін латын әріптерімен де жазылады.
      3. Латын алфавитін пайдаланбайтын елдерде латын әріптерімен жазылған сөздер ұлттық тілдегі мәтіні бар белгіде де, сондай-ақ қосымша тілде де орналастырылуы мүмкін.
      4. Белгідегі жазбалар кемінде екі тілде ғана жазылу керек.

15-бап. Бағыттардың алдын ала көрсеткіштері

      Бағыттардың алдын ала көрсеткіштері қиылыстан жол мен қозғалыс жағдайларын, атап айтқанда, көлік құралдары қозғалысының әдеттегі жылдамдығы мен ол жерден белгі көрінетін қашықтықты ескере отырып, күндіз де, түнде де олардың ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін қашықтықта орнатылуы тиіс; бұл қашықтық елді мекендерде 50 м-ден (55 ярдтан) аспауы тиіс, бірақ автомагистральдарда және жоғары жылдамдықтағы қозғалыс жолдарында кемінде 500 м (550 ярд) болуы тиіс. Бұл белгілер қайталануы мүмкін. Белгінің астында орналасқан қосымша табличкада белгі мен қиылыстың арасындағы қашықтық көрсетілуі мүмкін; сондай-ақ бұл қашықтық сол белгінің төменгі бөлігінде көрсетілуі де мүмкін.

16-бап. Бағыттарды көрсеткіштер

      1. Бағыттың бір және сол көрсеткішінде бірнеше елді мекеннің атауы белгіленуі мүмкін; бұл жағдайда атаулар сигналдық белгіде бірінен соң бірі көрсетіледі. Бір елді мекеннің атауы үшін, егер осы елді мекен ең ірі болып табылатын жағдайда ғана, басқа елді мекендердің атауларына қарағанда, ең үлкен әріптермен жазылуы мүмкін.
      2. Белгілерде қашықтық белгіленсе, тиісті сандар елді мекен атауымен бір деңгейде жазылу керек. Нұсқар нысанды бағыттарды көрсеткіштерде бұл сандар елді мекеннің атауы мен нұсқар ұшының арасында орналастырылуы керек; тік бұрышты нысанды белгілерде олар елді мекеннің атауынан кейін орналастырылуы тиіс.

17-бап. Маршрутты маркалар

      Жолдарды белгілеу үшін не болмаса сандардан, әріптерден немесе сандар мен әріптердің комбинациясынан тұратын олардың нөмірлерінің не болмаса жолдардың атауының көмегімен пайдаланылатын белгілер тік бұрышты немесе қалқан үлгідегі жол шеңберге орналастырылған осы нөмірден немесе атаудан тұруы мүмкін. Алайда оларда жолдарды жіктеу жүйесі бар Уағдаласушы Тараптар бұл жол шеңберлерді жіктеуді белгілеумен алмастыра алады.

18-бап. Атауларды көрсеткіштер

      1. Атауларды көрсеткіштер екі мемлекеттің немесе бір және сол елдің екі әкімшілік бірліктерінің арасындағы шекараны не болмаса елді мекен, өзен, өткел, жергілікті жер және т.б. атауларды көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
      2. Е,9(а) немесе Е,9(b) белгілері елді мекенге кірер жолда; Е,9(е) немесе Е,9(d) белгілері елді мекеннің шығар жолда орнатылады. Ұлттық заңнама, елді мекендегі жолдардың кейбір учаскелерінде өзге ережелер басқа белгілермен ұйғарылатын жағдайларды қоспағанда, бұл белгілер жолды пайдаланушыларға Е,9(а) немесе Е,9(b) белгілерінен Е,9(с) немесе Е,9(d) белгілеріне дейін елді мекенде осы елдің аумағында қолданыстағы жол қозғалысы ережесін қолдануды көздей алады; алайда В,4 белгісі елді мекенде жолда жүрудің басымдылық құқығы өз әрекетін тоқтатқан жағдайларда, В,3 сигналдық белгісі бар бас жолдарда орнатылуы тиіс.
      3. Елді мекен атауынан басқа өзге нұсқаулар беретін атауларды көрсеткіштер Е,9(а)-Е,9(b) белгілерінен, көбінесе түсі бойынша ерекшеленуі тиіс.

19-бап. Растайтын белгілер

      Растайтын белгілер құзырлы органдар оны, мысалы ірі елді мекендерден шығар кезде, қажет деп есептесе, жол бағытын растау мақсатын көздейді. Оларда осы Конвенцияның 16-бабының 1-тармағында көзделгендей, бір немесе бірнеше елді мекеннің атауы көрсетіледі. Қашықтық көрсетілген жағдайда  тиісті сандар елді мекен атауынан кейін орналастырылады.

20-бап. Жаяу жүргінші өтпесіндегі белгі

      Е,11(а) немесе Е,11(b) белгісі құзырлы органдар мақсатқа сай деп есептеген жүргінші өтпелерінде орналастырылады.

21-бап. Әр түрлі нұсқау белгілеріне қатысты жалпы ұйғарымдар

      1. Осы Конвенцияның 15-20-баптарында аталған нұсқау белгілері құзырлы органдар мақсатқа сай деп есептеген жерлерге орнатылады. Басқа нұсқау белгілері 6-баптың 1-тармағының ережелерін ескере отырып, құзырлы органдар мақсатқа сай деп есептеген жерлерге орнатылады; атап айтқанда, Ғ,2-Ғ,7 белгілері оларда апат болған жағдайда жөндеу пункттері, жанар-жағар май құю, түнеу және тамақтану пункттері бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан жолдарда ғана орнатылады.
      2. Нұсқау белгілері қайталануы мүмкін. Белгінің астында орналасқан қосымша табличка белгіден бастан оның болуы туралы осы белгі көрсететін орынға дейінгі ара қашықтықты көрсетеді; бұл қашықтық сол белгінің төменгі жағында белгіленуі мүмкін.

Аялдауға және тұруға қатысты белгілер
22-бап

      Осы Конвенцияға 6-қосымшаның А бөлімінде аялдауға немесе тұруға тыйым салатын немесе шектейтін белгілер сипатталған, ал В бөлімінде тұруға байланысты пайдалы нұсқаулар беретін басқа белгілер, осы қосымшада бұл белгілердің мағынасы, сондай-ақ оларды пайдалануға қатысты кейбір ұйғарымдар беріледі.

III Тарау. Жарық жол сигналдары

23-бап. Көлік құралдарының қозғалысын реттеуге арналған сигналдар

      1. Осы баптың 12-бабының ережесін сақтаған жағдайда көлік құралдарының қозғалысын реттейтін жарық сигналдары ретінде төмендегі мағынасы бар төменде көрсетілген оттар ғана пайдаланылуы мүмкін:
      а) жыпылықтамайтын сигналдар;
      і) жасыл сигнал жолдан ету рұқсатын білдіреді; алайда қиылыстағы қозғалысты реттеуге арналған жасыл сигнал жүргізушілерге, егер олар қозғалуға ниет білдірген бағытта қозғалыс кептелісі пайда болып, бұл жағдайда олар қиылысқа шығарда сигнал фазасы ауысқан кезде оны босата алмаса, жүруге рұқсат бермейді;
      іі) қызыл сигнал қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді; көлік құралдары аялдау сызығын қиып өтуге немесе егер аялдау сызығы болмаса, бағдаршамнан асуға тиіс емес; егер бағдаршам қиылыстың ортасында немесе қарама-қарсы жағында орналасқан болса, олар қиылысқа немесе осы қиылыстағы жаяу жүргінші өтпесіне шығуға тиіс емес;
      ііі) сары сигнал, ол бір өзі немесе қызыл сигналмен бір уақытта қосылады; бір өзі ғана қолданылғанда, ол ешбір көлік құралының аялдау сызығын қиып өтпеу керектігін немесе сигнал жанған сәтте ол бағдаршамға жақын жағдайларды есептемегенде, қозғалыс қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, аялдау сызығының немесе бағдаршамның алдында аялдай алмайтынын білдіреді. Егер сигнал жол қиылысының ортасында немесе одан келіп орналасса, онда сары сигнал жанған сәтте қиылысқа тым жақын келіп қалған, қозғалыс қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, қиылысқа шығар кезде аялдау мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, сары сигнал ешбір көлік құралының қиылысқа немесе осы қиылыстағы жаяу жүргіншілер өтпесіне шықпауы тиіс екенін білдіреді. Сары сигнал қызыл сигналмен бір уақытта қосылған кезде сигнал көрсеткіштерінің шұғыл ауысатынын білдіреді, бірақ ол қызыл сигнал ұйғарған жүруге тыйым салуды өзгертпейді;
      b) жыпылықтайтын жарықтар
      і) бір қызыл жыпылықтайтын сигнал немесе олардың біреуі қосылғанда, екіншісі сөнетін, бір және сол бағанда бір биіктікте орналасқан және бір бағытқа қаратылған, кезекпен қосылатын екі қызыл сигнал көлік құралының аялдау сызығын қиып өтпеуге тиіс екенін, ал егер аялдау сызығы болмаса, бағдаршамнан асып аялдауға болмайтынын білдіреді; бұл сигналдар тек қана темір жол өтпелерінде және айырылатын көпірлерге шығатын жерлерде немесе кеме-паромдар кемежайында, сондай-ақ өрт сөндірушілер автомобильдерінің жолға шығуымен немесе оның траекториясы жақын биіктікте автомобиль жолымен  қиылысатын ұшу аппараттарының жақындауымен байланысты жүруге тыйым салуды белгілеу үшін қолданылады;
      іі) жыпылықтайтын сары сигнал немесе кезекпен жыпылықтайтын екі  сары сигнал жүргізушіге қозғалысты жалғастыруға болатынын, бірақ бұл ретте оның ерекше сақтық сақтауға міндетті екенін білдіреді.
      2. Үш түсті жарық сигналдарының жүйесі үш жыпылықтамайтын сигналдан, атап айтқанда қызыл, сары және жасыл сигналдардан тұрады; жасыл сигнал қызыл және сары сигналдар сөнгеннен кейін ғана қосылуы тиіс.
      3. Екі түсті жарық сигналдары жыпылықтамайтын қызыл және жасыл
түстерден тұрады. Қызыл және жасыл сигналдар бір уақытта қосылуға тиіс емес. Екі түсті жарық сигналдарының жүйесі осы Конвенцияның 3-бабының 3 тармағында көзделген қолда бар құрылғыларды ауыстыру мерзіміне қатысты көрсетіле отырып, уақытша қондырғы ретінде ғана қолданылады.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген үш түсті және екі түсті жүйелердің сигналдары тігінен немесе көлденеңінен орналастырылады.
      5. Сигналдар тігінен орналасқан жағдайларда қызыл сигнал жоғары орналастырылады; егер сигналдар көлденең орналасқан болса, онда қызыл сигнал қозғалыс бағытына сәйкес жаққа қарама-қарсы жақта орналастырылады.
      6. Үш түсті жүйеде сары сигнал ортасында орналастырылады.
      7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған үш түсті және екі түсті жүйелерінің сигналдарында олардың барлығы дөңгелек болуы тиіс. Осы баптың 1-тармағына аталған жыпылықтайтын қызыл сигналдар да дөңгелек болуы тиіс.
      8. Жыпылықтайтын сары сигнал жеке орнатылуы мүмкін; қозғалыс азайған кезде бұл сигнал үш түсті жүйе сигналдарымен ауыстырылуы мүмкін.
      9. Үш түсті жүйенің жасыл сигналының бір немесе бірнеше нұсқары болса, бұл нұсқар мен нұсқарлардың қосылуы көлік құралдарының нұсқар
немесе нұсқарлар көрсеткен бағытта немесе бағыттарда жүре алатындығын білдіреді. Тура жүруге рұқсат беретін нұсқарлардың ұшы жоғары бағытталуға тиіс.
      10. Үш түсті жүйенің сигналы нұсқары немесе нұсқарлары бар бір немесе бірнеше жасыл сигналмен толықтырылған болса, осы қосымша нұсқардың немесе қосымша нұсқарлардың қосылуы - осы кезде үш түсті жүйенің қай сигналы қосылып тұрғанына қарамастан, көлік құралдарының нұсқар немесе нұсқарлар көрсеткен бағытта немесе бағыттарда жүре алатындығын білдіреді; бұл сондай-ақ, егер көлік құралдары нұсқар көрсеткен бағыттағы қозғалысқа ғана арналған жолақта немесе ол бойынша қозғалыс жүзеге асырылатын жолақта болса, олардың жүргізушілері олар жүруге ниет білдірген бағытта қозғалып келе жатқан көлік құралдарына жол берген және олар жаяу жүргіншілерге қауіпті тудырмайтын жағдайда, олардың көлік құралдарының аялдауы сол жолақта олардан кейін келе жатқан басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасаған жағдайларда осы бағытпен жүру керектігін білдіреді. Осы қосымша жасыл сигналдар кәдімгі жасыл сигналмен бір деңгейде орнатылуға тиіс.
      11. Жасыл немесе қызыл сигналдар бірнеше қозғалыс жолақтары бар, ұзына бойғы сызықтармен белгіленген жол қозғалысы жолақтарына орнатылғанда, қызыл сигнал ол орналасқан жолақтағы қозғалысқа тыйым салуды, ал жасыл сигнал ондағы қозғалысқа рұқсат беруді білдіреді. Осылайша орнатылған қызыл сигналдың екі айқасқан иілген жолақты нысаны, ал жасыл сигналдың төменге бағытталған нұсқар нысаны болуы тиіс.
      12. Ұлттық заңнама кейбір темір жол өтпелерінде жүріп өту рұқсатын білдіретін баяу жыпылықтайтын ай түстес ақ сигнал орнатуды көздей алады.
      13. Егер жолдың жарық сигналдары тек велосипед жүргізушілеріне арналған болса, егер ол шатастырып алудың алдын алуға қажет болса, сигналдың өзінде велосипед сұлбасын бейнелеуге немесе велосипед суреті салынған тік бұрышты табличкамен толықтырылған кіші көлемді сигналды пайдалануға болады.

24-бап. Жаяу жүргіншілерге ғана арналған сигналдар

      1. Жаяу жүргіншілерге ғана арналған жарық сигналдары ретінде мынадай мағыналары бар төменде көрсетілген сигналдар ғана пайдаланылуы мүмкін:
      а) жыпылықтамайтын сигналдар:
      і) жасыл сигнал жаяу жүргіншілердің қозғалысына рұқсатты білдіреді;
      іі) сары сигнал жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салуды білдіреді, бірақ жүріс бөлігіне шығып үлгергендерге одан өтуді аяқтауға мүмкіндік береді;
      ііі) қызыл сигнал жаяу жүргіншілердің жолдың жүріс бөлігіне шығуына тыйым салуды білдіреді;
      b) жыпылықтайтын сигналдар:
      жасыл жыпылықтайтын сигнал жаяу жүргіншілердің жолдың жүріс бөлігінен өту уақыты аяқталғанын және тез арада қызыл сигнал қосылатынын білдіреді.
      2. Жаяу жүргіншілерге арналған жарық сигналдары екі түстен, атап айтқанда қызыл және жасыл түстен тұратын екі түсті жүйелі болуы тиіс; алайда олар қызыл, сары және жасыл түстерден тұратын үш түсті жүйеде болуы мүмкін. Екі сигнал ешқашан бір уақытта қосылмауы тиіс.
      3. Сигналдар тігінен орнатылуға тиіс, бұл ретте қызыл сигнал әрқашан үстінде, жасыл сигнал - әрқашан астында болу керек. Қызыл сигналда қозғалмайтын жаяу жүргіншінің немесе жаяу жүргіншілердің сұлбасының, ал жасыл сигналда - қозғалыстағы жаяу жүргіншінің немесе жаяу жүргіншілердің сұлбасының нысаны болғаны дұрыс.
      4. Жаяу жүргіншілер бағдаршамының құрылысы және олардың орналасу тәсілдері оларды жүргізушілердің көлік құралдарының қозғалысын реттеуге арналған жарық сигналдары ретінде қабылдауына мүмкіндік бермеуге тиіс.

IV бөлім. Жолдарды таңбалау.

25-бап

      Құзырлы органдар оны жол қозғалысын реттеу, жолды пайдаланушыларды ескерту немесе бағыттау мақсатында қажет деп тапқан жағдайларда жүріс бөлігіндегі белгілеулер (жол таңбалары) қолданылады. Бұл белгілеулер дербес, сондай-ақ олардың көрсеткіштерін күшейту немесе нақтылау үшін басқа да жол сигналдық белгілермен қатар қолданыла алады.

26-бап

      1. Жүріс бөлігі бойынша өткізілген тұтас сызықтан тұратын ұзына бойғы таңба барлық көлік құралдарының одан өтіп кетуіне немесе үстінен жүруіне тыйым салуды білдіреді; таңба қозғалыстың қос бағытын тең бөлген кезде, ол жүргізуші үшін қозғалыс бағытына сәйкес келетін жүріс бөлігінің қарсы шеті болып табылатын таңба жақтан ешбір көлік құралының жүрмеуге тиіс екенін білдіреді. Екі тұтас сызықтан тұратын ұзына бойғы таңбаның да мағынасы осындай.
      2. а) Жолдың жүріс бөлігі бойынша өткізілген үзік сызықтардан тұратын, ұзына бойғы таңба тыйым салу мағынасын бермейді, бірақ олар:
      і) не болмаса қозғалыс жолағының ара-жігін ашуға, сондай-ақ қозғалыс ағындарының бағыттарын бөлуге;
      іі) не болмаса тұтас сызыққа жақындағаны және ол белгілеген тыйым салу немесе аса қауіптілік тудыратын басқа учаскеге жақындағаны туралы ескертуге;
      b) сызықтар арасындағы қашықтық ұзындығының сызық ұзындығына қатынасы осы тармақтың а, і-тармақшаларында баяндалған мақсаттарда пайдаланылатын сызықтарға қарағанда, осы тармақтың а, іі-тармақшаларында баяндалған мақсаттарда пайдаланылатын үзік сызықтардағы кесінділерден едәуір кішкентай болуы тиіс.
      3. Ұзына бойғы таңба жолдың жүріс бөлігінде үзік сызықпен қатар
тұтас сызықтан тұратын жағдайларда, жүргізушілер олардың жағындағы сызықтардағы көрсеткіштерді ғана басшылыққа алуы тиіс. Бұл ереже рұқсат етілген басып озуды іске асырған жүргізушілерге қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолаққа қайта шығуға кедергі келтірмейді.
      4. Осы баптың ережесін қолданған кезде олардың жақсы көрінуін
қамтамасыз етуге арналған жолдың жүріс бөлігінің шетін білдіретін немесе олар көлденең сызықтармен қосылған, жолдың жүріс бөлігінде аялдауға арналған жерлерді білдіретін ұзына бойғы сызықтар ұзына бойғы таңбалар болып табылмайды.

27-бап

      1. Бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарының барлық еніне жүргізілген тұтас сызықтан немесе екі параллель тұтас сызықтан тұратын көлденең таңба осы Конвенцияның 10-бабының 3-тармағында көрсетілген "Аялдаусыз өтуге тыйым салынады" В,2 сигналдық белгісімен ұйғарылған, көлік құралдарының аялдау сызығын білдіреді. Сонымен қатар мұндай таңба аялдау сызығын көрсету үшін немесе теміржол өтпесінің алдында қолданылуы мүмкін, оны жол жарық сигналдары, жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адам ұйғара алады. В,2 сигналдық белгісіне ілесетін таңбаның алдында жолдың жүріс бөлігінде
"тоқта" сөзі берілуі мүмкін.
      2. Техникалық жағынан мүмкін болмаған жағдайларда, осы баптың
1-тармағында көрсетілген көлденең таңба әрбір В,2 белгісі орнатылғаннан кейін қойылуы керек.
      3. Бір үзік сызықтан немесе бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарының барлық ені бойынша қатар жүргізілген екі үзік сызықтан тұратын көлденең таңба олар осы Конвенцияның 10-бабының 2-тармағында айтылған "Басты жол қиылысы" В,1 белгісіне сәйкес жол беруге міндетті болғанда, көлік құралдарының одан өтпеуге тиіс сызығын білдіреді. Осы таңбаның алдында В,1 белгісін белгілеу үшін жолдың жүріс бөлігінде жалпақ көмкерілген үшбұрыш бейнеленуі мүмкін, оның бір жағы таңбаға параллель, ал қарама-қарсы ұшы жақындап қалған көлік құралдарына бағытталған болады.
      4. Жаяу жүргіншілер өтпесін белгілеу үшін жолдың жүріс бөлігінің осіне параллель, барынша жалпақ жолақтар жүргізген жөн.
      5. Велосипедшілер өтпесін белгілеу үшін көлденең сызықтар не болмаса жаяу жүргіншілер өтпесіне қойылатын таңбалар ретінде қабылдауға болмайтын басқа таңба қолданылады.

28-бап

      1. Жолдың жүріс бөлігіндегі таңбалардың басқа түрлері, нұсқарлар, параллель немесе қиғаш сызықтар немесе жазбалар сигналдық белгілердің ұйғарымдарын қайталау үшін немесе жолды пайдаланушыларға сигналдық белгілер бермейтін көрсеткіштерді беру үшін қолданылуы мүмкін. Таңбалардың мұндай түрлері, көбінесе, тұрақ аймақтарының немесе жолақтарының шекараларын, оларда тұруға тыйым салынатын, автобустардың немесе троллейбустардың аялдау орындарын, сондай-ақ жол қиылысына жақындаған кезде қатардан-қатарға алдын ала орын ауыстыруды белгілеу үшін пайдаланылады. Алайда, егер ұзына бойғы таңбалармен қозғалыс жолақтарына бөлінген жүріс бөлігінде нұсқар болса, онда жүргізушілер олар келе жатқан жолақта көрсетілген бағытта немесе бағыттардың бірімен қозғалысты жалғастыруға тиіс.
      2. Осы Конвенцияның 27-бабы 4-тармағының жаяу жүргіншілерге
қатысты ережелері сақталған жағдайда, жолдың жүріс бөлігі аймағын немесе жолдың жүріс бөлігі деңгейінен сәл шығыңқы аймақты тұтас немесе үзік жолақтармен жиектелген параллель көлбеу сызықтармен таңбалау тұтас жолақтар болған кезде көлік құралдарының бұл аймаққа шықпауға тиіс екенін, ал үзік сызықтар болған кезде бұл аймаққа тек қауіпсіз болған жағдайда ғана немесе жүріс бөлігінің қарама-қарсы жағынан көлденең көшеге өту үшін қажет болғанда өтуге болатынын білдіреді.
      3. Жолдың жүріс бөлігінің шетіндегі ирек сызық жүріс бөлігінің
көрсетілген жағынан осы сызықтың барлық ұзындығында тұруға тыйым салуды білдіреді.

29-бап

      1. Осы Конвенцияның 26-28-баптарында айтылған таңба жолдың жүріс бөлігінде бояумен немесе соншалықты тиімді болып табылатын кез-келген тәсілмен жасалуы мүмкін.
      2. Егер жолдың жүріс бөлігінің таңбасы бояумен жасалса, онда ол сары немесе ақ түсті болуы тиіс; алайда рұқсат етілген немесе шектелген аялдау орнын белгілейтін таңба үшін көк түс қолданылуы мүмкін. Уағдаласушы Тараптың аумағында сары және ақ түстің екеуі де қолданылатын болса, бір санаттағы таңба бір түсті болуы тиіс. Осы тармақтың ережелерін қолданған кезде "ақ" терминіне "күміс түстес" немесе "ақ-сұр" бояулары да жатады.
      3. Таңбаға енгізілген жазбаларды, суреттер мен нұсқарларды салу кезінде олардың көлік құралдарының қозғалыс бағытында жүргізушілерге кіші бұрышты қиғаштықта ғана көрінетіндігі үшін жазбалардың, суреттер мен нұсқарлардың көлемін ұлғайту қажеттігін ескеру қажет.
      4. Жылжымалы көлік құралдарына арналған жол таңбасы оны
қозғалыстың қарқындылығы талап ететін жағдайларда және нашар
жарықтанған немесе мүлде жарықтандырылмаған жерлерде жарық қайтарғыш
болуы ұсынылады.

30-бап.

      Осы Конвенцияға 8-қосымшада жол таңбаларының сызбаларына немесе  суреттеріне қатысты ұсынымдардың жиынтығы берілген.

V тарау. Басқа жол белгілері мен сигналдары

31-бап. Жөндеу жұмыстарының сигнализациясы

      1. Оларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жүріс бөлігі учаскелерінің шекараларын сигналдық белгілермен белгілеу керек.
      2. Жөндеу жұмыстарының көлеміне және қозғалыстың қарқындылығына  байланысты болғанда, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жүріс бөлігі учаскелерінің шекараларын белгілеу үшін ақ пен қызыл, сары мен қызыл, қара мен ақ немесе қара және сары жолақтармен кезектесіп боялған үзік немесе тұтас барьерлер қойылады және сонымен қатар түнде, егер барьерлерге жарық қайтарғыш ерекшелік берілмесе, онда жарық және жарық қайтарғыш құрылғы орнатылады. Жарық қайтарғыш құралдар және жыпылықтамайтын жарықтар қызыл немесе қою сары түсті, жыпылықтайтын жарықтар қою сары түсті болуы тиіс. Алайда,
      а) жарықтар мен құрылғылар, егер олар қозғалыстың бір бағытында ғана көрінсе және осы қозғалыс бағытының қарама-қарсы жағындағы учаскенің шекарасын білдірсе, ақ түсті болуы мүмкін;
      b) жарықтар мен құрылғылар, егер олар қозғалыстың қос бағытын бөліп тұратын учаскенің шекарасын білдіретін болса, ақ немесе ақшыл-сары түсті болуы мүмкін.

32-бап. Жарықтардың немесе жарық қайтарғыш құрылғылардың көмегімен жасалатын таңбалар

      Әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің барлық аумағында жүріс бөлігінің шегін белгілеу үшін қолданылатын жарықтар немесе жарық қайтарғыш құрылғылар үшін бір және сол түсті немесе түстердің бір немесе сол жүйесін қолданатын болады.

Темір жол өтпелері
33-бап

      1. а) Егер темір жол өтпесінде пойыздардың жақындағаны немесе  шлагбаум мен жартылай шлагбаумның жабылатыны туралы ескерту үшін сигнализация орнатылған болса, онда ол осы Конвенцияның 23-бабы
1-тармағының b тармақшасында көзделгендей, жыпылықтайтын қызыл, сигналдан немесе кезекпен жыпылықтайтын қызыл сигналдардан тұруы тиіс. Алайда
      і) жыпылықтайтын қызыл сигналдар осы Конвенцияның 23-бабының
2-тармағында сипатталғандай, қызыл-жасыл-сары үш түсті жарық сигналдары жүйесімен немесе егер темір жол өтпесіне жақын жолда басқа үш түсті жарық сигналдары немесе темір жол өтпесінде шлагбаумдар орнатылған болса, онда жасыл жарығы жоқ сигналмен толықтырылуы немесе алмастырылуы мүмкін;
      II) қозғалысы өте аз, қара жолдарда және жаяу жүргіншілер жолдарында тек дыбыстық сигнал ғана қолданылуы мүмкін.
      b) Барлық жағдайларда жарық сигнализациясы дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкін.
      2. Бағдаршамдар қозғалыс бағытына сәйкес жолдың жүріс бөлігінің шетіне орнатылады; бұл мән-жайлармен, мысалы сигналдардың көрінуі немесе қозғалыстың қарқындылығы жағдайларымен талап етілсе, сигналдар жолдың қарама-қарсы жағында қайталануы тиіс. Алайда, егер жергілікті жағдайда бұл қажет деп есептелсе, олар жолдың жүріс бөлігінің ортасында қауіпсіздік аралында қайталануы немесе жолдың жүріс бөлігінде орнатылуы мүмкін.
      3. Осы Конвенцияның 10-бабының 4-тармағына сәйкес "Аялдаусыз өтуге тыйым салынады" В,2 сигналдық белгісі шлагбаумсыз, жартылай шлагбаумсыз немесе пойыздардың жақындағаны туралы ескертетін жарық сигнализациясы жоқ темір жол өтпесінде орнатылуы мүмкін; егер темір жол өтпесінде осы белгі орнатылса, жүргізушілер өздерінің көлік құралдарын аялдау сызығында тоқтатуы немесе аялдау сызығы болмаған жағдайда, өтпеге пойыз жақындап қалмағанына көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалысын жалғастыруға тиіс.

34-бап

      1. Темір жолдың әр жағында шахматтық тәртіппен орналасқан
шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар темір жол өтпелерінде осы шлагбаумдардың немесе жартылай шлагбаумдардың көлденең орналасуы
жолдың әрбір пайдаланушының өзі жақын келген әр шлагбаумның немесе
жартылай шлагбаумның алдында тоқтауға міндетті екендігін білдіреді; шлагбаумдардың және жартылай шлагбаумдардың көлденең түсуге
бағытталған қозғалысы да осындай мағынада болады.
      2. Қызыл сигналдың немесе осы Конвенцияның 33-бабы 1-тармағының
а тармақшасында айтылған қызыл сигналдардың немесе сол 1-тармақта  айтылған дыбыстық сигналдың қосылуы ешбір жолды пайдаланушының аялдау сызығын кесіп өтпеуге немесе егер аялдау сызығы болмаса,  бағдаршамнан аспауға тиіс екенін білдіреді. 33-баптың 1-тармағының а, і тармақшаларында айтылған үш түсті жүйенің сары сигналының қосылуы ешбір жолды пайдаланушының аялдау сызығынан өту немесе егер аялдау сызығы болмаса, сары сигнал қосылған сәтте көлік құралдары сигналға соншалықты жақын келіп, қауіптілік тудырмастан, олардың алдында аялдай алмайтын жағдайларды қоспағанда, бағдаршамнан асу құқығы жоқ екенін білдіреді.

35-бап

      1. Темір жол өтпелерінің шлагбаумдары мен жартылай шлагбаумдары
кезектесіп келетін қызыл және ақ, қызыл және сары, қара және ақ немесе сары және қара жолақтармен анық белгіленуі тиіс. Алайда олар үлкен қызыл дискінің ортасына орналастырылған жағдайда, олар тек ақ немесе сары түске ғана боялуы мүмкін.
      2. Шлагбаумдары және жартылай шлагбаумдары жоқ әр темір жол өтпесінде темір жолға тікелей жақын жерде 3-қосымшада сипатталған В,7
сигналдық белгісі орнатылуы тиіс. Пойыздардың жақындағаны туралы
ескертетін бағдаршам немесе "Аялдаусыз өтуге тыйым салынады" В,2 белгісі болған кезде В,7 сигналдық белгісі В,2 белгісінің тіреуінде немесе бағдаршамның бағанына орнатылады. В,7 белгісін:
      а) оларда темір жол қозғалысы өте төмен жылдамдықта жүзеге асырылатын, ал жол қозғалысын қажетті сигналдарды қолмен көрсететін, темір жол көлігі құралдарына ілесіп жүретін адам реттейтін автомобиль жолдары мен темір жолдардың қиылысында;
      b) темір жолдар мен қозғалысы аз қара жолдардың және жаяу жүргінші жолдарының қиылысында орнату міндетті емес.
      3. Осы Конвенцияға 3-қосымшада сипатталған А,26 немесе А,27
белгілеулерінің бірі берілген кез-келген ескерту белгісінің астында ұзындығы тігінен қойылған және ақ немесе сары түске салынған қызыл көлбеу жолақтары бар тік бұрышты қалқанша орнатылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда белгі мен темір жол арасындағы қашықтықтың үштен біріне және үштен екісіне тең аралықта бірыңғай нысандағы қалқандардан тұратын қосымша белгілер орнатылады, оларда ақ немесе сары түске тиісінше бір немесе екі қызыл жолақ салынады. Бұл белгілер жолдың жүріс бөлігінің қарама-қарсы жағында қайталануы мүмкін. Осы тармақта айтылған қалқаншалар осы Конвенцияға 3-қосымшаның С бөлімінде сипатталған.

36-бап

      1. Темір жол өтпелерінде туындайтын ерекше қауіптілік сипатына қарай Уағдаласушы Тараптар:
      а) әр темір жол өтпесінің алдында А,26 немесе А,27 белгілеулерінің бірі бар ескерту белгілерінің бірін орнату үшін шаралар қабылдауға міндетті; алайда
      і) елді мекендерде орын алуы мүмкін ерекше жағдайларда;
      іі) оларда механикалық көлік құралдарының қозғалысы өте сирек жағдайларда ғана жүзеге асырылатын қара және ауыл аралық жолдарда ешқандай белгі орнатпауға болады;
      b) барлық темір жол өтпелері шлагбаумдармен немесе жартылай шлагбаумдармен, темір жол, әсіресе, пойыздың ең жоғары жылдамдығын ескере отырып, темір жол өтпесіне сол және басқа жағынан жақындап қалған жол көлік құралының жүргізушісі темір жол өтпесіне шығар алдында дер кезінде аялдай алатындай, егер пойыз көрінсе, пойыз өтпеге жеткен сәтте сол жерде болған жолды пайдаланушылар одан түсіп кете алатындай, пайдаланушыларға өтпенің екі жағынан да көрінетін жағдайларды есептемегенде, пойыздардың жақындағаны туралы ескертетін сигнализация жүйесімен жабдықталған болуы үшін шаралар қабылдауға міндетті; алайда Уағдаласушы Тараптар пойыздардың қозғалыс жылдамдығы салыстырмалы түрде жоғары емес немесе жол механикалық көлік құралдары сирек жүретін темір жол өтпелерінде осы тармақтың ережелерінен шегінуге жол бере алады;
      с) шлагбаумдар немесе жартылай шлагбаумдар көрінбейтін бекеттен басқарылатын шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар барлық темір жол өтпелерінің пойыздардың жақындағаны туралы ескертетін және осы Конвенцияның 33-бабының 1-тармағында көрсетілген сигнализация жүйелерінің бірімен жабдықталуы;
      d) пойыз жақындағанда автоматты түрде іске қосылатын шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар барлық темір жол өтпелерінің пойыздардың жақындағаны туралы ескертетін және осы Конвенцияның 33-бабының 1-тармағында көрсетілген сигнализация жүйелерінің бірімен жабдықталуы;
      е) олардың жақсы көрінуі үшін шлагбаумдарды немесе жартылай шлагбаумдарды жарық қайтарғыш материалдармен жабу немесе жарық қайтарғыш құрылғылармен жабдықтау және қажет жағдайда, түнде жарықтандыру; сонымен қатар қарқынды түнгі автомобиль қозғалысы бар жолдарда темір жол өтпелері алдында орнатылатын ескерту белгілерін жарық қайтарғыш материалдармен жабу немесе жарық қайтарғыш құрылғылармен жабдықтау және қажет болған жағдайда түнде жарықтандыру;
      f) жартылай шлагбаумдармен жабдықталған темір жолға жақын жолдардың жүріс бөлігінің ортасына, мүмкіндігінше, темір жол өтпесіне жақындаған көлік құралдарына тыйым салатын ұзына бойғы таңба салу, қозғалыс бағытына қарама қарсы жүріс бөлігі жағына шығу немесе қозғалыстың қос бағытын бөліп тұратын бағыттаушы аралдарды жарақтау үшін шаралар қабылдауға міндетті.
      2. Осы баптың ережелері осы Конвенцияның 35-бабының 2-тармағындағы соңғы сөйлемде көзделген жағдайларда қолданылмайды.

VI тарау. Қорытынды ережелер

37-бап

      1. Осы Конвенция барлық Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекеттердің немесе кез-келген мамандандырылған мекемелердің мүшелерінің немесе Атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттік мүшелерінің немесе Халықаралық Сот Статуты тараптарының және осы Конвенцияның Тарабы болуға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шақырған кез-келген мемлекеттің қол қоюы үшін Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Мекемелерінде 1969 жылғы 31 желтоқсанға дейін ашық.
      2. Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының сақтауына беріледі.
      КСРО Конвенцияны КСРО ЖС Президиумының 1974 жылғы 29 сәуірдегі 5939-VIII Жарлығымен ратификациялаған.
      3. Осы Конвенция осы баптың 1-тармағында аталған кез-келген  мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық болып қалады. Қосылу туралы құжаттар Бас Хатшының сақтауына беріледі.

38-бап

      1. Әр мемлекет осы Конвенцияға қол қою, оны ратификациялау немесе оған қосылу кезінде немесе одан кейін кез-келген сәтте Бас Хатшыға жолданған нотификациялау арқылы Конвенцияның барлық аумақта немесе аумақтың бөлігінде қолдануға болатынын, оның сыртқы қатынастары үшін жауапты екенін білдіре алады. Бас Хатшы аталған нотификацияны алған күнінен бастап отыз күн өткеннен кейін немесе Конвенция нотификация жасаған мемлекетке қатысты күшіне енген сәтте, егер бұл уақыт анағұрлым кеш болып табылатын болса, Конвенция нотификацияда аталған аумақта немесе аумақтарда қолданыла бастайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған нотификацияны жасайтын әр  мемлекет олардың тапсырмасы бойынша осындай нотификация жасалған аумақтардың атынан осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағында көзделген мазмұндағы өтініші бар нотификация жіберуге тиіс.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес өтініш жасаған әр мемлекет осыдан кейін кез-келген сәтте Бас Хатшыға жолданған нотификациялау арқылы Конвенцияның нотификацияда аталған аумақта қолданылуы тоқтайтынын және Бас Хатшы осы нотификацияны алған күнінен бастап бір жыл өткеннен кейін Конвенцияның нотификацияда аталған аумақта қолданылуы тоқтайтынын білдіре алады.

39-бап

      1. Осы Конвенция ратификациялау туралы немесе қосылу туралы он бесінші құжатты сақтауға берілген күнінен бастап он екі ай өткеннен кейін күшіне енеді.
      2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әр мемлекетке қатысты ратификациялау туралы немесе қосылу туралы он бесінші құжат сақтауға берілгеннен кейін Конвенция осы мемлекет ратификациялық грамотаны немесе қосылуы туралы құжатты сақтауға тапсырған күнінен бастап он екі ай өткеннен кейін күшіне енеді.

40-бап

      Осы Конвенция күшіне енген сәтінен бастап, ол Уағдаласушы Тараптар арасындағы 1931 жылғы 30 наурыздағы Женева қаласында қол қоюға ашылған Жол белгілері мен сигналдарының бірыңғайлылығын енгізу жөніндегі Конвенция және 1949 жылғы 19 қыркүйектегі Женевада қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы Хаттаманың күшін жояды және ауыстырады.

       Аталған құжаттың толық атауы: Жол сингализациясының бірізділігі туралы Конвенция (Женева, 1931 жылғы 30 наурыз).

41-бап

      1. Осы Конвенция күшіне енген соң бір жылдан кейін әр Уағдаласушы Тарап Конвенцияға бір немесе бірнеше түзетулер ұсына алады. Кез-келген ұсынылған түзетудің мәтіні түсіндірме меморандуммен бірге Бас Хатшыға жолданады, ол оны Уағдаласушы Тараптардың барлығына жібереді. Уағдаласушы тараптар осы мәтін жіберілген күнінен бастап он екі ай мерзім ішінде: а) олардың түзетуді қабылдайтындығы, b) түзетуден бас тартатындығы немесе с) осы түзетуді қарау үшін конференция шақыруды қалайтыны туралы хабарлай алады. Бас Хатшы ұсынылған түзетудің мәтінін осы Конвенцияның; 37-бабының 1-тармағында аталған барлық басқа да мемлекеттерге жібереді.
      2. а) Жоғарыдағы тармаққа сәйкес таратылған, кез-келген ұсынылған түзету, егер жоғарыда айтылған он екі ай мерзім ішінде Уағдаласушы Тараптардың үштен бір бөлігінен кем бөлігі Бас Хатшыға олардың түзетуді қабылдамайтындықтары немесе осы түзетуді қарау үшін конференция шақыруды ұсынатындығы туралы хабарласа, қабылданды деп есептеледі. Бас Хатшы барлық Уағдаласушы Тараптарға ұсынылған түзетудің қабылданғандығы немесе олардан бас тартылғандығы туралы және конференция шақыру туралы келіп түскен әрбір өтініш туралы хабарлайды. Егер белгіленген он екі ай мерзім ішінде осындай бас тартулар мен өтініштерді барлық Уағдаласушы Тараптардың үштен бір бөлігінен кем бөлігі ғана алса, Бас Хатшы түзетудің алдыңғы тармақта айтылған он екі ай мерзімі өткен соң алты ай өткеннен кейін, белгіленген мерзім ішінде түзетуден бас тартқан немесе оны талқылау үшін конференция шақыруға өтініш білдіргендерді қоспағанда, барлық Уағдаласушы Тараптар үшін күшіне енетіндігі туралы хабарлайды.
      b) Жоғарыда аталған он екі ай мерзім ішінде ұсынылған түзетуден бас тартқан немесе оны қарау үшін конференция шақыруға өтініш білдірген әрбір Уағдаласушы Тарап осы мерзім өткеннен кейін кез-келген уақытта оның түзетуді қабылдағандығы туралы Бас Хатшыға мәлімдей алады, Бас Хатшыға бұл мәлімдемені қалған Уағдаласушы Тараптардың барлығына жолдайды. Түзету қабылдау туралы осындай мәлімдеме жіберген Уағдаласушы Тараптарға қатысты оны Бас Хатшы алған соң алты ай өткеннен кейін күшіне енеді.
       3. Егер ұсынылған түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес және осы
баптың 1-тармағында көзделген он екі ай мерзім ішінде қабылданбаған болса, Уағдаласушы Тараптардың жалпы санының жартысынан кемі олардың
ұсынылған түзетуден бас тартатындығы және барлық Уағдаласушы
Тараптардың үштен бірі, бірақ кемінде он бөлігі оны қабылдайтындары немесе осы түзетуді қарау үшін конференция шақыруды қолдайтындығы туралы Бас Хатшыға хабарласа, Бас Хатшы ұсынылған түзетуді немесе осы баптың 1-тармағына сәйкес оған жіберілген кез-келген басқа ұсынысты қарау үшін конференция шақырады.
      4. Егер Конференция осы баптың 3-тармағына сәйкес шақырылатын болса, Бас Хатшы оған осы Конвенцияның 37-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерді шақырады. Бас Хатшы конференцияға шақырылған мемлекеттердің барлығына конференцияның ашылуына кем дегенде алты ай қалған мерзімге дейін ұсынылатын түзетуге қосымша қарау үшін кез-келген ұсыныстарды жіберуді сұрайды және осы ұсыныстар туралы конференцияның ашылуына кемінде үш ай мерзім қалғанға дейін конференцияға шақырылған барлық мемлекеттерге мәлімдейді.
      5. а) Осы Конвенцияға кез-келген түзету, егер ол Конференцияға қатысқан мемлекеттердің үштен екісінің басым дауысымен қабылданса және бұл көпшілік кем дегенде, Конференцияға қатысқан барлық Уағдаласушы тараптардың үштен екісін қамтыған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Бас Хатшы түзетудің қабылданғандығы және оның осы хабарланған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін, осы мерзім ішінде Бас Хатшыға түзетуден бас тартатындықтары туралы хабарлағандарды қоспағанда, барлық Уағдаласушы Тараптарға қатысты күшіне енетіндігі туралы Уағдаласушы Тараптардың барлығына хабарлайды.
       b) Жоғарыда аталған он екі ай мерзім ішінде ұсынылған түзетуден бас тартқан немесе оны қарау үшін конференция шақыруға өтініш білдірген әрбір Уағдаласушы Тарап оның түзетуді қабылдағандығы туралы Бас Хатшыға мәлімдей алады, Бас Хатшы бұл мәлімдемені қалған Уағдаласушы Тараптардың бәріне жолдайды. Оны қабылдағаны туралы мәлімдемеген Уағдаласушы Тарапқа қатысты түзету осы мәлімдемені Бас Хатшы алғаннан кейін алты ай өткен соң, егер бұл мерзім кешірек аяқталатын болса, жоғарыда аталғаннан он екі ай мерзім өткеннен кейін күшіне енеді.
      6. Егер ұсынылған түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданбады деп есептелсе және Конференцияны шақырудың осы баптың 3-тармағында ұйғарылған шарттары орындалмаса, ұсынылған түзетуден бас тартылды деп есептеледі.

42-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап Бас Хатшыға жолданған жазбаша нотификация арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою Бас Хатшы осы нотификацияны алған күнінен бастап бір жыл өткен соң күшіне енеді.

43-бап

      Егер Уағдаласушы тараптардың саны кейінгі он екі айдан соң қандайда бір кезең ішінде бесеуден кем болса, осы Конвенция күшін жояды.

44-бап

      Екі немесе одан да көп Уағдаласушы  Тараптардың арасында осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты туындаған барлық дау, оны Тараптар келіссөздер немесе басқа да реттеу құралдары арқылы  шеше алмаса, мүдделі Уағдаласушы Тараптардың бірінің өтініші бойынша Халықаралық Сотқа шешу үшін берілуі мүмкін.

45-бап

      Осы Конвенцияның ешбір ережесі Уағдаласушы Тараптардың кез-келгеніне Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына сәйкес келетін және қалыптасқан жағдаймен шектелетін, ол өзінің сыртқы немесе ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті деп есептейтін шараларды қабылдауға кедергі келтіретіндей түсіндірілмеуі тиіс.

46-бап

      1. Осы Конвенцияға қол қою немесе ратификациялық грамотасын немесе қосылуы туралы құжатын сақтауға тапсыру кезінде әрбір мемлекет өзін осы Конвенцияның 44-бабымен байланысты деп есептемейтіндігін айта алады. Басқа Уағдаласушы тараптар осындай өтініш жасаған кез-келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты 44-баппен байланысты болып табылмайды.
      2. а) Өзінің ратификациялық грамотасын немесе қосылуы туралы құжатын сақтауға тапсыру сәтінде әрбір мемлекет Бас Хатшыға жолданған нотификация арқылы:
      і) оның ескерту белгісі (9-баптың 1-тармағы) ретінде А(а) немесе А(b) үлгілерінің қайсысын таңдайтыны; және
      іі) осы Конвенцияны қолдану мақсатында "Аялдаусыз өтуге тыйым салынады" (10-баптың 3-тармағы) белгісі ретінде В,2(а) немесе В,2(b)   үлгілерінің қайсысын таңдайтыны туралы хабарлайды.
      Кейіннен кез-келген уақытта әрбір мемлекет Бас Хатшыға жолданған нотификация арқылы өзінің өтінішін басқамен алмастырып, таңдауын өзгерте алады.
      b) Өзінің ратификациялық грамотасын немесе қосылуы туралы құжатын сақтауға тапсыру сәтінде әрбір мемлекет Бас Хатшыға жолданған нотификация арқылы осы Конвенцияны қолдану мақсатында велосипедтерді аспалы двигателі бар мотоциклдерге теңестіретінін (1-баптың 1-тармағы) білдіре алады.
      Кейіннен әрбір мемлекет кез-келген уақытта Бас Хатшыға жолданған нотификация арқылы өз өтінішін қайтарып ала алады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген өтініштер Бас Хатшы нотификацияны алғаннан кейін алты айдан соң немесе егер бұл уақыт анағұрлым кеш болып табылмаса, өтініш жасаған мемлекетке қатысты Конвенция күшіне енген сәтте күшіне енеді.
      4. Осы баптың 1-тармағында көзделген ескертпелерден өзге, осы   Конвенциядағы және оның қосымшаларындағы ескертпелерге олар жазбаша нысанда ұсынылған жағдайда және олар ратификациялық грамотаны немесе қосылу туралы құжатты сақтауға ұсынғанға дейін жасалса және олар ратификациялық грамотада немесе қосылу туралы құжатта расталған жағдайда рұқсат беріледі. Бас Хатшы аталған ескертпелер туралы осы Конвенцияның 37-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерге хабарлайды.
      5. Ескертпе немесе осы баптың 1 және 4-тармақтарына сәйкес өтініш жасаған әрбір Уағдаласушы Тарап өз ескертпесін Бас Хатшыға жолданған нотификация арқылы кез-келген сәтте қайтарып ала алады.
      6. Осы баптың 4-тармағына сәйкес жасалған кез-келген ескертпе
      а) жоғарыда аталған ескертпені жасаған Уағдаласушы Тарап үшін осы ескертпе шеңберінде оған қатысты Конвенция ережелерін өзгертеді;
      b) ескертпе жасаған Уағдаласушы Тараппен өзара қарым-қатынаста басқа Уағдаласушы Тараптар үшін де осындай ережелерді өзгертеді.

47-бап

      Бас Хатшы осы Конвенцияның 41 және 46-баптарында көзделген өтініштерден, нотификациялар мен хабарландырулардан басқа 37-баптың 1-тармағында аталған барлық мемлекеттерге,
      а) 37-бапқа сәйкес Конвенцияға қол қоюлар, ратификациялар және қосылулар туралы;
      b) 38-бапқа сәйкес өтініштер туралы;
      с) 39-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшіне енген күні туралы;
      d) 41-баптың 2 және 5-тармақтарына сәйкес осы Конвенцияға түзетулер күшіне енген күні туралы;
      с) 42-бапқа сәйкес күшін жоюлар туралы;
      f) 43-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшін жою туралы хабарлайды.

48-бап

      Ағылшын, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде бір данада құрастырылған осы Конвенцияның түпнұсқасы, барлық бес мәтін де тең түпнұсқа болады, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады, ол расталған көшірмелерді осы Конвенцияның 37-бабының  1-тармағында аталған барлық мемлекеттерге тиісті түрде жібереді.
      Өз үкіметтері тиісті түрде уәкілеттіктер берген, төменде қол қойған өкілдер оны куәландыру үшін осы Конвенцияға қол қойды.
      Вена қаласында бір мың тоғыз жүз алпыс сегізінші жылдың қараша айында жасалды.
_________________
      * Конвенция мәтінінің типографиялық тәсілмен басылған тиісті жерлерінде сигналдық белгілер, таңбалар мен табличкалар бейнеленуі мүмкін.

      Осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес төмендегі қосымшалар олардың
ажырамас бөлігі болып табылады:

1-қосымша

      Жол қиылыстарына немесе темір жол өтпелеріне жақын орнатылатын белгілерді қоспағанда, ескерту белгілері

      Ескертпе: Жол қиылыстарына жақын орнатылатын ескерту белгілеріне қатысты 2-қосымшаның В бөлімін қараңыз. Темір жол өтпелеріне жақын орнатылатын ескерту белгілеріне қатысты 3-қосымшаның А және С бөлімдерін қараңыз.

А бөлімі. Ескерту белгілерінің үлгілері

      А(а) немесе А(b) үлгілері ескерту белгілерінің үлгілері болып табылады. А(а) үлгісі тең қабырғалы үшбұрышты болып келеді, оның бір қабырғасы көлденең, ал оған қарама қарсы бұрышы жоғары қарайды; фоны ақ немесе сары түсті, жиегі қызыл түсті болады. А(b) үлгісі квадрат болып, оның диагоналының бірі тігінен орналасады; фоны сары түсті, жиегі қара түсті жіңішке жолақпен көмкеріледі. Осы белгілердегі таңбалар оларды сипаттауда өзге нұсқамаларсыз берілуі және қара немесе қою көк түсті болуы тиіс.
      Қалыпты мөлшердегі А(а) белгілері үшін қабырғаларының ұзындығы 0,9 м (3 фут), кіші мөлшердегі А(а) белгілері үшін - 0,6 м (2 фут) құрайды; Қалыпты мөлшердегі А(b) белгілері үшін қабырғаларының ұзындығы 0,6 м (2 фут), кіші мөлшердегі А(b) белгілері үшін 0,4 м (1 фут 4 дюйм) құрайды;
      А(а) және А(b) үлгілерін таңдауға қатысты осы Конвенцияның 5-бабының 2-тармағын және 9-баптың 1-тармағын қараңыз.

В бөлімі. Ескерту белгілері мен осы белгілерді пайдалануға
      қатысты ұйғарымдардың белгілеулері

       1. Қауіпті бұрылыс немесе қауіпті бұрылыстар
      Қауіпті бұрылысқа немесе бірінен соң бірі келетін қауіпті бұрылыстарға жақындағанын ескерту үшін жағдайларға байланысты мына белгілердің бірі пайдаланылады:
      А,1(а): Солға бұрылыс
      А,1(b): Оңға бұрылыс
      А,1(с): Екі еселенген бұрылыс немесе бірінші солға бұрылып, бірінен соң бірі жалғасатын екеуден көп бұрылыстар
      А,1(d): Екі еселенген бұрылыс немесе бірінші оңға бұрылып, бірінен соң бірі жалғасатын екі бұрылыстан да көп бұрылыстар.

       2. Тік еңіс
      Үлкен ылдиы бар тік еңіске жақындағаны туралы ескерту үшін А(а) белгісінің үлгісіндегі А,2(а) белгілеуі және А(b) белгісінің үлгісіндегі А,2(b)белгілеуі пайдаланады.
      А,2(а) белгілеуінің сол жағы сигналдық белгі қалқанының сол бұрышын, ал оның негіздемесі осы қалқанның барлық енін алады.
А,2(а) және А,2(b) белгілеулеріндегі сан еңістің пайызын көрсетеді; бұл нұсқау қатыстылықпен, алмастырылуы (1:10) мүмкін. Алайда, Уағдаласушы Тараптар А,2(а) немесе А,2(b) белгілеулерінің орнына, бірақ Конвенцияның 5-бабының 2-тармағы b тармақшасының ережелерін мүмкіндігінше ескере отырып, егер олар А(а) белгісінің үлгісін қабылдаса, А,2(с) белгілеуін, А(b) белгісінің үлгісін қабылдаған болса, А,2(d) белгілеуін таңдай алады.

       3. Тік өрлеу
      Тік өрлеуге жақындағаны туралы ескерту үшін А(а) белгісінің үлгісіндегі А,3 белгілеуі және А(b) белгісінің үлгісіндегі А,3(b) белгілеуі пайдаланылады.
      А,3(а) белгілеуінің оң жағы сигналдық белгі қалқанының оң бұрышын, ал оның негіздемесі осы қалқанның барлық енін алады. А,3(а) және А,3(b) белгілеулеріндегі сан өрлеудің пайызын көрсетеді; бұл нұсқаулар қатыстылықпен (1:10) алмастырылуы мүмкін. Алайда тік еңіс үшін А,2(с) белгілеуін таңдап алған Уағдаласушы Тараптар А,3(а) белгілеуінің орнына А,3(с) белгілеуін, ал А,2(d) белгілеуін таңдап алған Уағдаласушы Тараптар А,3(b) белгілеуінің орнына А,3(d) белгілеуін ала алады.

       4. Жолдың тарылуы
      Жолдың тарылуын ескерту үшін А,4(а) белгілеуі немесе осы жердің кескін үйлесімін едәуір анық көрсететін белгілеу, мысалы А,4(b) сияқты белгілеу пайдаланылады.

       5. Айырылатын көпір
      Айырылатын көпірге жақындағаны туралы ескерту үшін А,5 белгілеуі пайдаланылады.
      А,5 белгілеуі бар ескерту белгісінің астына 3-қосымшаның С бөлімінде сипатталған А,29(а) үлгісіндегі тік бұрышты табличка орналастырылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда А,5 белгілеуі мен айырылатын көпірдің арасындағы қашықтықтың шамамен үштен біріне және үштен екісіне көрсетілген қосымшада сипатталған А,29(b) және А,29(с) үлгілерінің табличкалары орналастырылады.

       6. Жағалауға немесе жағаға шығу
      Жолдың жағалауға немесе жағаға шығатыны туралы ескерту үшін А,6
белгілеуі пайдаланылады.

       7 . Тегіс емес жол
       Шұңқырларға, дөңес көпірлерге немесе дөңестерге немесе жолдың жүріс бөлігі нашар жағдайдағы жерлерге жақындағаны туралы ескерту үшін А,7(а) белгілеуі пайдаланылады.
      Дөңес көпірлерді немесе дөңес жерлерді белгілеу үшін А,7(а) белгілеуі А,7(b) белгілеуімен алмастырылуы мүмкін.
      Шұңқырларды белгілеу үшін А,7(а) белгілеуі А,7(с) белгілеуімен алмастырылуы мүмкін.

       8. Тайғақ жол
      Жолдың тайғақтығы өте жоғары учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,8 белгілеуі пайдаланылады.

       9. Қиыршық тастың шашылуы
      Жолдың қиыршық тастар шашылуы мүмкін учаскесіне жақындағаны
туралы ескерту үшін А(а) белгісінің үлгісіндегі А,9(а) белгілеуі және А(b) белгісінің үлгісіндегі А,9(b) белгілеуі пайдаланылады.
      Сол жақты қозғалыс кезінде белгілеулер қарама-қарсы жаққа қаратылады.

       10. Тастардың құлауы
      Тастардың құлау қаупі бар және оның салдарынан жолдарда тастардың болуы мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А(а) белгісінің үлгісіндегі А,10(а) белгілеуі және А(b) белгісінің үлгісіндегі А,10(b)белгілеуі пайдаланылады.
      Екі жағдайда да белгілеудің оң жағы сигналдық белгі қалқанының оң бұрышын алады.
      Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.

       11. Жаяу жүргінші өтпесі
      Жол таңбасымен немесе Е,11(а) немесе Е,11(b) белгісімен белгіленген жаяу жүргінші өтпесіне жақындағаны туралы ескерту үшін екі - А,11(а) және А,11(b) және А,11 белгілеуі пайдаланылады.
      Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.

       12. Балалар
      Жолдың балалар жиі өтетін, мысалы мектептен немесе ойын алаңдарынан шығатын учаскелеріне жақындағаны туралы ескерту үшін А,12 белгілеуі пайдаланылады.
      Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.

       13. Велосипедшілердің шығуы
      Велосипедшілер жолға жиі шығатын немесе оны кесіп өтетін жерлерге жақындағаны туралы ескерту үшін А,13 белгілеуі пайдаланылады.

       14. Мал айдап өтетін және басқа да жануарлардың шығып қалуы мүмкін жерлер
      Жолдың мал кесіп өту қаупі бар жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін жиі кездесетін үй немесе дала жануарларының сұлбасынан тұратын белгілеулер, мысалы үй жануары үшін А,14(а) белгілеуі; жабайы аңдар үшін А,14(b) белгілеуі пайдаланылады.
      Белгілеулер қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.

       15. Жөндеу жұмыстары
      Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,15 белгілеуі пайдаланылады.

       16. Жарық сигнализациясы
      Қозғалысы үш түсті сигналмен реттелетін жерге жақындағаны туралы ескерту қажет деп табылса және оны жолды пайдаланушылар алдын ала байқай алмайтын жағдайларда, А,16 белгілеуі пайдаланылады. А,16 белгілеуінің үш үлгісі бар: А,16(а); А,16(b) және А,16(с), олар осы Конвенцияның 23-бабының 4-6-тармақтарында сипатталған үш түсті жүйедегі сигналдардың орналасуына сәйкес келеді.
      Бұл белгілеуге үш түсті сигнал, атап айтқанда оған жақындағаны туралы ескертетін сигнал түстері кіреді.

       17. Ұшу-қону жолағы
      Ұшу-қону алаңынан ұшатын немесе оған қонатын ұшу аппараттарының шағын биіктікте ұшып етуі мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,17 белгілеуі пайдаланылады.
      Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.

       18. Бүйірден соғатын жел
      Бүйірден қатты жел жиі соғуы мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,18 белгілеуі пайдаланылады.
      Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.

       19. Екі жақты қозғалыс
      Мұның алдындағы учаскеде қозғалыс бір бағытты немесе бір бағыттағы қозғалысқа арналған бірнеше жүріс бөліктері бар жолда жүргізілсе, онда бір жүріс бөлігінде уақытша немесе ұдайы екі жақты қозғалыс жүргізілетін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,19 белгілеуі пайдаланылады.
      Осындай белгілеуі бар белгі аталған учаскеге кірер жерде, сонымен қатар жол учаскеде қажеттілігіне қарай жиі қайталануы тиіс. Сол жақты қозғалыс кезінде нұсқарлар қарама-қарсы жаққа қаратылуы тиіс.

       20. Басқа қауіптіліктер
      Жоғарыда 1-19-тармақтарда немесе 2 және 3-қосымшалардағы белгілеулермен көзделмеген қауіптілігі бар жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,20 белгілеуі пайдаланылады.
      Алайда Уағдаласушы Тараптар Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының а, іі тармақшаларының ережелеріне сәйкес графикалық белгілеулерді қабылдай алады.
      А,20 белгісі, көбіне, онда темір жол қозғалысы өте төмен жылдамдықта жүзеге асырылатын, ал жол қозғалысын қажетті сигналдарды қолмен беретін, темір жол құралдарына ілесіп жүретін адам реттейтін темір жол қиылысы туралы ескерту үшін қолданылуы мүмкін.

2-қосымша 

Жол қиылыстарында жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілер, жол қиылыстарына жақын орнатылатын ескерту белгілері және жолдың тар учаскелерінде жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілер

      Ескертпе: Егер басты жол кіретін қиылыста соңғысының бағыты өзгерсе, қиылысқа жақындағаны туралы ескертетін белгілердің астына немесе қиылыста немесе оның алдында орнатылған жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілердің астына қиылыстағы сызбада басты жолдың бағытын көрсететін табличка орналастырылуы мүмкін.

А бөлімі. Жол қиылыстарында жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілер

       1. "Басты жолдың қиылысы" белгісі
      "Басты жолдың қиылысы" белгісі В,1 белгісі болып табылады. Оның нысаны бір қабырғасы көлденең орналасқан, ал қарама-қарсы ұшы төмен қараған, тең қабырғалы үшбұрышты болады; фоны ақ немесе сары түсті, ал жиегі қызыл түсті болуы тиіс; белгіде белгілеулер болмайды.
      Қалыпты көлемдегі белгілер үшін үшбұрыш қабырғаларының ұзындығы шамамен 0,9 м (3 фут), ал кіші көлемдегі белгі үшін кем дегенде 0,6 м (2 фут) құрайды.

      2. "Аялдаусыз жолдан өтуге тыйым салынады" белгісі
      "Аялдаусыз жолдан өтуге тыйым салынады" белгісі В,2 белгісі болып табылады, онда екі үлгі бар:
      - В,2(а) үлгісі қызыл фонда ағылшын немесе тиісті мемлекеттің тілінде ақ әріптермен жазылған "тоқта" деген сөз жазылған сегізбұрышты болуы тиіс: сөздің әріптерінің биіктігі табличка биіктігінің кемінде үштен біріндей болуы тиіс;
      - В,2(b) үлгісі ақ немесе сары фонда және қызыл жиегі болуы тиіс; оның ішінде В,1 белгісі жазбасыз орналастырылады және сонымен қатар үстіңгі бөлігінде қара немесе көк түсті әріптермен ағылшын немесе тиісті мемлекеттің тілінде "тоқта" сөзі орналастырылады. Қалыпты көлемдегі В,2(а) белгісінің биіктігі және қалыпты көлемдегі В,2(b) белгісінің диаметрі 0,9 м (3 фут) құрауы тиіс: кіші көлемдегі белгілердің биіктігі мен диаметрі тиісінше 0,6 м (2 фут)болуы тиіс.
      В,2(а) және В,2(b) үлгілерінің арасындағы таңдауға қатысты Конвенцияның 5-бабының 2-тармағын және 10-бабының 3-тармағын қараңыз.

       3. "Басты жол" белгісі
      "Басты жол" белгісі В,3 белгісі болып табылады. Ол шаршы нысанды, оның диагоналдарының бірі тігінен орналасқан. Шаршы қара жиекпен көмкерілген; ортасына сары немесе қызғылт сары түсті қара жиегі бар шаршы орналасқан. Екі шаршы арасындағы кеңістік ақ түсті болуы тиіс.
      Қалыпты көлемдегі белгілер үшін шаршы қабырғаларының ұзындығы шамамен 0,5 м (1 фут 8 дюйм), кіші көлемдегі белгілерде - кем дегенде 0,35 м (1 фут 2 дюйм) болады.

       4. "Басты жолдың аяқталуы"
      "Басты жолдың аяқталуы" белгісі В,4 белгісі болып табылады. Бұл белгі жоғарыда бейнеленген В,3 белгісінен және оған шаршының төменгі сол жағына және жоғары оң жағына перпендикуляр қара немесе сұр орталық жолақ немесе жоғарыда аталған жолақты құрайтын параллель сұр штрихтар қосылған белгіден тұрады.

      В бөлімі. Қиылыстарға жақын орнатылатын ескерту белгілері

       1. Белгілер
      Қиылыстарға жақын орнатылатын ескерту белгілері 1-қосымшаның А бөлімінде сипатталған А(а) немесе А(b) белгілеріне сәйкес болуы тиіс.

       2. Белгілеулер
      Белгілеулер қара немесе көк болуы тиіс.
      а) А(а) немесе А(b) белгілеріне орналастырылатын белгілеулерге қатысты мынадай жағдайлар болады:
      і) ол бойынша жолдан өтудің басымдылық құқығы мемлекетте қолданылатын жалпы қабылданған жолдан өтудің басымдылық ережесімен айқындалатын қиылыс; А(а) белгісінің үлгісіндегі А,21(а) белгілеуі және А(b) белгісінің үлгісіндегі А,21(b) белгілеуі пайдаланылады.
      А,21(а) және А,22(b) белгілеулері қиылыстың сипатын анағұрлым анық көрсететін, мысалы А,21(с), А,21(d), А,21(е), А,21(f) және А,21(g) белгілеулерімен алмастырылуы мүмкін.
      іі) жолды пайдаланушылар жол беруі тиіс жолмен қиылыс; А,22(а) белгілеуі пайдаланылады.
      А,22(а) белгілеуі қиылыстың сипатын анағұрлым анық көрсететін, мысалы А,22(b) және А,22(с) белгілеулерімен алмастырылуы мүмкін.
      Егер жолда немесе ол белгіленген қиылысты құрайтын жолдарда В,1 немесе В,2 белгілері қойылса немесе жол сипаты ұлттық заңнамаға байланысты онымен жүріп келе жатқан жүргізушілер осы белгілеулердің бар-жоғына қарамастан қиылыста жол беруі тиіс (мысалы, ауыл аралық немесе қара жолдарда) болса, осындай жағдайларда ғана бұл белгілеулер қолданылуы мүмкін. Оларда В,3 белгісі орнатылған жолдарда осы белгілеулерді пайдалану кейбір ерекше жағдайлармен шектеледі.
      ііі) Жолды пайдаланушылар жол беруі тиіс жол қиылысы.
      Егер қиылыста "Басты жолмен қиылыс" белгісі орнатылған болса, А,23 белгілеуі қолданылады.
      Егер қиылыста "Аялдаусыз өтуге тыйым салынады" (В,2) белгісі орнатылған болса, онда А,24(а) және А,24(b) белгілеулерінің В,2 белгісінің үлгісіне сәйкес келетіні қолданылады.
      Алайда А(а) сигналдық белгісі мен оның белгілеулерінің орнына осы Конвенцияның 10-бабының 6-тармағына сәйкес В,1 немесе В,2 белгілері қолданылуы мүмкін.
      іv) Айналмалы қозғалысы бар қиылыс: А,25 белгілеуі пайдаланылады.
      Сол жақты қозғалыс кезінде нұсқарлардың бағыты кері болуы тиіс.
      b) Қиылыстағы қозғалыс жарық сигналдарымен реттелетін жағдайларда, осы В бөлімінде сипатталған белгілерге қосымша немесе осы белгілердің орнына 1-қосымшаның В бөлімінде сипатталған А,16 белгілеумен бірге А(а) немесе А(b) белгілері орналастырылуы мүмкін.

С бөлімі. Жолдың тар учаскелерінде жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілер

      1. Қарсы келе жатқан көлікке басымдылық беретін белгі
      Қарсы жол айрығы қиын немесе мүмкін емес болатын жолдың тар учаскесінде қозғалыс реттеледі, егер осы реттеу жарық жол сигналдарын орнатуда емес, бір бағыттағы қозғалысқа басымдылық беруді білдірсе, себебі жүргізушілер күндіз де, түнде де одан жүріп өту жолын анық көре алады, "Қарсы келе жатқан көліктің басымдылығы" В,5 белгісі басымдылық құқығы жоқ жүріп өту жағынан қозғалыс бағытына қаратып орнатылады. Бұл белгі қарсы келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілерін аялдауға мәжбүр етпей, осы учаскеден өтуге болғанша жолдың тар учаскесіне шығуға тыйым салынатын көрсетуді білдіреді.
      Бұл белгі дөңгелек ақ немесе сары фонда және қызыл жиекті болуы тиіс; басымдылық берілген бағытты білдіретін нұсқар қара түсті, ал басқа бағытты білдіретін нұсқар қызыл түсті болуы тиіс.
      Сол жақты қозғалысы бар мемлекеттерде нұсқарлар кері орналастырылуы тиіс .

       2. Қарсы келе жатқан көлікке қатысты басымдылық беретін белгі
      Жүргізушілерді жолдың тар учаскесінде қарсы келе жатқан көлікке қарағанда басымдылықты пайдаланатынын ескерту үшін В,6 белгісі қолданылады.
      Бұл белгінің фоны көгілдір түсті, нысаны тік бұрышты болады; жоғары бағытталған нұсқар ақ, ал басқасы қызыл түсті болуы тиіс.
      Сол жақты қозғалыс кезінде нұсқарлар кері бағытта орналасуы тиіс.
      Жолда В,6 белгісі пайдаланылса, жолдың тар учаскесінің басқа жағынан кері бағытта келе жатқан көлік құралдарына арналған В,5 белгісі міндетті түрде орнатылады.

3-қосымша

Темір жол өтпелеріне қатысты белгілер

       А бөлімі. Ескерту белгілері

      1-қосымшаның А бөлімінде сипатталған А(а) немесе А(b) белгілері орнатылуға тиіс белгілер болып табылады. Белгіде орналастырылатын белгілеуге қатысты мына жағдайлар айқындалады:
      а) шахматтық тәртіппен орналасқан шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар темір жол өтпелерін белгілеу үшін темір жолдың әр жағынан А,26 белгілеуі пайдаланылады;
      b) басқа темір жол өтпелерін белгілеу үшін А,27(а) және А,27(b) екі үлгісі бар А,27 белгілеуі пайдаланылады;
      с) трамвай желісінің қиылысына жақындағаны туралы ескерту үшін және бұл қиылыс Конвенцияның 1-бабындағы анықтамаға сәйкес темір жол өтпесі болып табылмайтын жағдайда, А,28 белгілеуі пайдаланылуы мүмкін.
      Ескертпе: Оларда темір жол қозғалысы өте төмен жылдамдықта жүзеге асырылатын, ал жол қозғалысын қажетті сигналдарды қолмен көрсететін, теміржол көлігі құралдарына ілесіп жүретін адам реттейтін автомобиль жолдары мен темір жолдардың қиылысына жақындағаны туралы ескерту қажет деп табылса, 1-қосымшаның В бөлімінде сипатталған А,20 белгісі пайдаланылады.

      В бөлімі. Темір жол өтпелеріне тікелей жақын орнатылатын белгілер

      Осы конвенцияның 35-бабының 2-тармағында айтылған В,7 белгісінің В,7(а), В,7(b) және В,7(с) деген үш үлгісі бар.
      В,7(а) және В,7(b) үлгілерінің қызыл немесе қара жиекті ақ немесе сары фоны болады; В,7(с) үлгісінің қара жиекті ақ немесе сары фоны болады, В,7(с) үлгісіндегі жазулар қара әріптермен жазылады, егер жолдың кем дегенде екі ізі болса, онда В,7(b) үлгісі пайдаланылады; В,7(с) белгісін пайдалануда қосымша табличка тек жолдың кем дегенде екі ізі бар болғанда қолданылады және бұл жағдайда олардың саны көрсетіледі.
      Крестің қалыпты ұзындығы 1,2 м (4 фут) болуы тиіс. Жеткілікті кеңістік болмаған жағдайда белгі оның ұштары жоғары және төмен бағытталып бейнеленуі мүмкін.

      С бөлімі. Темір жол өтпелеріне жақын орнатылатын қосымша белгілер

      35-баптың 3-тармағында аталған қалқандар А,29(а), А,29(b) және А,29(с) белгілері болып табылады.
      Жолақтардың көлбеуі жүріс бөлігіне қаратылады.
      А,29(b) және А,29(с) белгілерінің үстіне А,29(а) белгісінің үстінде орнатылатындай, темір жол өтпелеріне жақындағаны туралы ескертетін белгі қойылуы керек.

4-қосымша  

Жолдан өтудің басымдылық құқығына, аялдауға және тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, міндетті ұйғарымды білдіретін белгілер

       Ескертпе: Жолдан өтудің басымдылық құқығын реттейтін белгілерге қатысты 2-қосымшаны қараңыз; аялдауға және тұруға қатысты 6-қосымшаны қараңыз.

А бөлімі. Тыйым салатын немесе шектейтін белгілер

       1. Белгілер мен белгілеулердің сипаттамалары

      а) Тыйым салатын және шектейтін белгілер дөңгелек болуы тиіс; олардың диаметрі елді мекендерден тыс жерлерде 0,6 м (2 фут) және елді мекендерде 0,4 м (16 дюйм) болуы тиіс.
      b) Белгілерді сипаттауға байланысты төменде көрсетілген шегінулерді қоспағанда, тыйым салатын және шектейтін белгілер ақ немесе сары фонда қызыл жиекті болуы тиіс, ал егер белгілеулер болатын болса, онда олар жазбалар сияқты қара немесе көк түсті болуы тиіс; көлбеу жолақтар болса, онда олар қызыл түсті және белгіні солдан оңға төмен қарай кесіп өтуі тиіс.

      2. Белгілердің сипаттамасы

      а) Қозғалысқа тыйым салу және шектеу
      і) Кез келген көлік құралдарының кіруіне тыйым салуды көрсету үшін "Кіруге тыйым салынады" С,1 белгісі пайдаланылады. Бұл белгінің С,1(а) және С,1(b) екі үлгісі бар.
      іі) қос бағыттағы көлік құралдарының барлық қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін "Екі бағыттағы қозғалысқа да тыйым салынады" С,2 белгісі пайдаланылады.
      ііі) Көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың кейбір санаттарының ғана қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін оның белгілеуі олардың қозғалысына тыйым салынған көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың сұлбасынан тұратын белгі пайдаланылады. Көрсетілген С,3(а), С,3(b), С,3(с), С,3(d), С,3(е), С,3(f), С,3(g), С,3(h), С (j) және С,3(k) белгілерінің мынадай мәндері болады:
      С,3(а): "Коляскасыз екі дөңгелекті мотоциклдерді қоспағанда, барлық механикалық құралдардың қозғалысына тыйым салынады";
      С,3(b): "Мотоциклдік қозғалысқа тыйым салынады";
      С,3(с): "Велосипедтік қозғалысқа тыйым салынады";
      С,3(d): "Аспалы двигателі бар велосипедтердің қозғалысына тыйым салынады";
      С,3(е): "Жүк қозғалысына тыйым салынады";
      Тонна санын көлік құралы сұлбасында ақшыл түспен не болмаса Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес С,3(е) белгісінің астында орналасқан қосымша табличкада көрсету көлік құралының немесе көлік құралы құрамының рұқсат етілген ең жоғары салмағы көрсетілген саннан асып кеткен жағдайда ғана қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді.
      С,3 (f) "Жартылай немесе бір осьті тіркемеден басқа тіркемені сүйреткен кез-келген механикалық көлік құралының қозғалысына тыйым салынады"
      Тонна санын көлік құралы сұлбасында ақшыл түспен не болмаса Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес С,3(f) белгісінің астында орналасқан қосымша табличкада көрсету тіркеменің рұқсат етілген ең жоғары салмағы көрсетілген саннан асып кеткен жағдайда ғана қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді.
      Уағдаласушы Тараптар оны мақсатты деп есептеген жағдайларда жүк автомобилінің артқы бөлігінің сұлбасын жеңіл автомобильдің артқы бөлігінің сұлбасымен, ал тіркеменің сұлбасын (ол бейнеленген түрде) оны осындай автомобильге тіркеуге болатын тіркеменің сұлбасымен алмастыра алады.
      С,3(g): "Жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады"
      С,3(h): "Көлік-арба қозғалысына тыйым салынады"
      С,3(i): "Қол арбалардың қозғалысына тыйым салынады"
      С,3(k): "Өздері жүретін ауыл шаруашылық көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады"
      Ескертпе : Уағдаласушы Тараптар С,3(а)-С,3(к) белгілерінде сол жақтағы жоғарғы квадратты оң жақтағы төменгі квадратпен қосатын қызыл көлбеу жолақтарды жүргізбеу немесе ол белгілеудің көрінуін немесе түсінігін нашарлатпайтын болса, жолақты осы белгілеудің деңгейінде үзбеу туралы шешім қабылдай алады.
      iv) Көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың кейбір санаттарының қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін қанша тыйым салу санаттары бар, сонша тыйым салу белгілерін, не болмаса олардың қозғалысына тыйым салынған әр түрлі көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың сұлбалары бейнеленген тыйым салу белгісін пайдалануға болады. Төменде берілген "Механикалық көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады" С,4(а) және "Механикалық көлік құралдарының және көлік-арба қозғалысына тыйым салынады" С,4(b) белгілері осындай белгінің үлгісі болып табылады.
      Елді мекендерден тыс жерлерде екеуден көп сұлбалары бар белгілерді, ал елді мекендерде үшеуден көп сұлбалары бар белгілерді орнатуға болмайды.
      v) Салмағы немесе көлемі белгіленген шектен асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
      С,5: "Көлемдік ені... метрден (... фунттан) асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады";
      С,6: "Көлемдік биіктігі ... метрден (... фунттан) асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады";
      С,7: "Салмағы жүгімен қоса алғанда, ... тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады";
      С,8: "Осіне түсетін салмағы ... тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады";
      С,9: "Ұзындығы ... метрден (... фунттан) асатын көлік құралдарының немесе көлік құралдары құрамасының қозғалысына тыйым салынады".
      vi) Көлік құралдарының олардың арасындағы белгіде көрсетілген ара қашықтықты сақтамай қозғалуына тыйым салынатынын көрсету үшін "Кемінде ... метр (..ярд) ара қашықтықты сақтамай қозғалуға тыйым салынады" С,10 белгісі пайдаланылады.

       b) Бұрылуға тыйым салынады
      Бұрылуға (нұсқардың бағытына байланысты оңға немесе солға) тыйым салуды көрсету үшін "Солға бұрылуға тыйым салынады" С,11(а) белгісі немесе "Оңға бұрылуға тыйым салынады" С,11(b) белгісі пайдаланылады.

       с) Айналыс жасауға тыйым салынады
      Айналыс жасауға тыйым салуды көрсету үшін "Айналыс жасауға тыйым салынады" С,12 белгісі пайдаланылады.

      d) Басып озуға тыйым салынады
      і) Қолданыстағы ережелермен көзделген, басып озуға қатысты жалпы ұйғарымдардан басқа, аспалы двигателі бар екі дөңгелекті велосипедтер мен коляскасы жоқ екі дөңгелекті мотоциклдерді қоспағанда, жолмен қозғалатын барлық механикалық көлік құралдарына басып озуға тыйым салуды көрсету үшін "Басып озуға тыйым салынады" С,13(а) белгісі пайдаланылады.
      Осы белгінің екі үлгісі бар: С,13 (аа) және С,13 (а).
      іі) Олардың рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан (7 700 фунттан) асатын жүк көлік құралдарына басып озуға тыйым салуды көрсету үшін "Жүк көлік құралына басып озуға тыйым салынады" С,13(b) белгісі пайдаланылады. Осы белгінің екі үлгісі бар: С,13(bа) және С,13(bb).
      Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес белгінің астында орналасқан қосымша табличкада көлік құралының рұқсат етілген ең жоғары салмағын өзгерту туралы нұсқау орналастырылуы мүмкін, одан асқан кезде тыйым салу белгісі қолданылады.
      ііі) Сол жақты қозғалыс кезінде С,13(аа) және С,13(bа) белгілеріндегі автомобильдердің түстерін тиісінше өзгерту керек.

       с) Жылдамдықты шектеу
      Жылдамдықты шектеуді көрсету үшін "Көрсетілген санмен шектелетін ең жоғары жылдамдық" С,14 белгісі пайдаланылады. Белгіде берілген сан көлік құралына жылдамдықты көрсету үшін осы мемлекетте жиі пайдаланылатын өлшем бірлігімен ең жоғары жылдамдықты көрсетеді. Жылдамдықты білдіретін саннан кейін немесе төмен мысалы, "км" (километр) немесе "миль" белгісі қосымша берілуі мүмкін.
      Олардың рұқсат етілген ең жоғары салмағы белгіленген саннан асатын көлік құралдарына қолданылатын жылдамдықты шектеуді көрсету үшін осы сан көрсетілген жазба Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес белгінің астындағы қосымша табличкаға орналастырылады.

       f) Дыбыстық сигналдарды беруге тыйым салу
      Дыбыстық сигналдар беруге тыйым салуды көрсету үшін жол-көлік оқиғаларын болдырмауға қажет жағдайларды қоспағанда, "Дыбыстық сигналдар беруге тыйым салынады" С,15 белгісі пайдаланылады. Егер бұл белгі елді мекенге кірер жерде елді мекен атауының көрсеткішімен қатар немесе осы белгіден кейін орнатылмаған болса, ол 7-қосымшада сипатталған 2-үлгідегі тыйым салынатын қашықтық көрсетілген табличкамен толықтырылуы тиіс. Егер тыйым салу барлық елді мекендерге таратылатын болса, бұл белгіні елді мекенге кірер жерде орнатпау және елді мекенге кірер жерге елді мекен атауының көрсеткіші жол пайдаланушыларға осы жерден бастап елді мекендерде осы аумақ қолданысындағы жол ережесі қолданылатындығын ескеру қажеттігін ұсынады.

       g) Аялдаусыз өтуге тыйым салынады
      Аялдау міндетті болатын кеденнің жақындығын көрсету үшін "Аялдаусыз өтуге тыйым салынады" С,16 белгісі пайдаланылады. Конвенцияның 8-бабының ережесінен шегіне отырып, бұл белгіде "кеден" сөзі белгіленген, әрі оны екі тілде көрсеткен жөн; С,16 белгісін пайдаланатын Уағдаласушы Тараптар бұл сөздің барлық орнатылатын белгілерде бір тілде белгіленуіне өңірлік деңгейде қол жеткізуі тиіс.
      Бұл белгі аялдаусыз өтуге тыйым салудың басқа да жағдайларында пайдаланылуы мүмкін; бұл кезде "кеден" сөзі аялдау себебін көрсететін өте қысқа жазбамен алмастырылады.

       h) Тыйым салулардың немесе шектеулерді4 аяқталғандығын білдіретін белгілер
      і) қозғалып келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілерінің назарына жеткізілетін барлық тыйым салулардың аяқталу орнын көрсету үшін "Қозғалып келе жатқан көлік құралдарына қатысты жергілікті сипаттағы барлық тыйым салулардың аяқталуы" С,17(а) белгісі пайдаланылады. Бұл белгі бордюрсыз, ақ немесе сары түсті, қара жиекті дөңгелек болуы және оң жақ жоғарыдан солға қарай төмен бағытталған қара диагональды жолағы бар болуы немесе қара сұр түсті немесе қара немесе сұр параллель сызықтарынан тұруы тиіс.
      іі) тыйым салу немесе шектеу белгілері арқылы қозғалып келе жатқан көлік құралы жүргізушілерінің назарына жеткізілген тыйым салу немесе шектеу белгісі әрекетінің аяқталатынын көрсету үшін "Жылдамдықты шектеу аяқталады" С,17(b) немесе "Басып озуға тыйым салудың аяқталуы" С,17(с) белгілері пайдаланылады. Бұл белгілер С,17(а) белгілеріне ұқсас, бірақ оларға қосымша оның әрекеті тоқтатылатын тыйым салу немесе шектеу белгілерінің ашық сұр түсті белгілері енгізіледі.
      Осы h тармақшасында көрсетілген Конвенцияның 6-бабының 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып, белгілер қарсы бағытта келе жатқан көліктерге арналған тыйым салу немесе шектеу белгілерінің артқы жағында орнатылуы мүмкін.

В бөлімі. Алдын ала жазылатын белгілер

      1. Белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамасы

      а) Алдын ала жазылатын белгілер дөңгелек болуы тиіс; елді мекендерден тыс жерлерде олардың диаметрі кемінде 0,6 м (2 фут) және елді мекендерде кемінде 0,4 м (16 дюйм) болуы тиіс. Алайда диаметрі 0,3 метрден (12 дюймнан) кем болмайтын белгілер жарық және сигналдарымен бірге пайдаланылуы немесе қауіпсіздік аралдарында тумбаларда орнатылуы мүмкін.
      b) Өзге нұсқаулар болмаған кезде бұл белгілер көгілдір түсті болуы тиіс, ал таңбалар ақ немесе ақшыл түсті немесе ықтимал нұсқа ретінде, белгілер қызыл жиекті ақшыл түсті, ал белгілеулер қара түсті болуы тиіс.

       2. Белгілердің сипаттамасы

       а) Міндетті бағыт
      Көлік құралдары осы бағытта немесе тек белгілі бағыттарда ғана қозғалуы тиіс екендігін көрсету үшін "Міндетті бағыт" D,1 белгісінің D,1(а) үлгісі пайдаланылады, онда нұсқар немесе нұсқарлар тиісті бағытқа немесе тиісті бағыттарға бағытталады. Алайда осы бөлімнің 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып D,1(а) белгісінің орнына D,1(b) белгісі пайдаланылуы мүмкін. D,1(b) белгісі ақ жиегі бар қара түсті болады және оның ақ түсті белгілеуі болуы тиіс.

       b) Кедергіні міндетті түрде айналып өту
      Конвенцияның 6-бабының 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып, қауіпсіздік аралында немесе жолдағы қандайда бір кедергінің алдында орнатылған "Кедергіні міндетті түрде айналып өту" D,2 белгісі қауіпсіздік аралын немесе нұсқармен көрсетілген жақтағы кедергіні көлік құралының міндетті түрде айналып өтуін көрсетеді.

       с) Міндетті айналма қозғалыс
      "Міндетті айналма қозғалыс" D,3 белгісі жүргізушілерге олардың айналма қозғалысқа қатысты ережелерді сақтауы тиіс екендігін көрсетеді.
      Сол жақты қозғалыс кезінде нұсқарлар қарама-қарсы жаққа бағытталуы тиіс.

       d) Міндетті велосипед жолы
      "Міндетті велосипед жолы" D,4 белгісі велосипедшілерге олардың велосипед жолын пайдалануға міндетті екенін көрсетеді және басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне олардың осы жолды пайдалануға құқығы жоқ екенін көрсетеді. Алайда, егер ол Ұлттық заңнамада көзделетін немесе онда жазба немесе С,3(d) белгісінің белгілеуі қосымша табличкада ұйғарылатын болса, аспалы двигательдері бар велосипедтердің жүргізушілері де осы жолды пайдалануға міндетті.

       е) Жаяу жүргіншілер үшін міндетті жол
      "Жаяу жүргіншілер үшін міндетті жол" D,5 белгісі жүргіншілерге олардың белгі орнатылған жолды пайдалануы міндетті екенін көрсетеді және басқа жолды пайдаланушыларға олардың осы жолды пайдалану құқығы жоқ екендігін көрсетеді.

       f) Аттылар үшін міндетті жол
      Жол басында орнатылған "Аттылар үшін міндетті жол" D,6 белгісі аттылардың осы жолды пайдалануға міндетті екенін және басқа жолды пайдаланушыларға олардың осы жолды пайдалану құқығы жоқ екенін көрсетеді.

      g) Міндетті ең төмен жылдамдық
      Жол басында орнатылған "Міндетті ең төмен жылдамдық" D,7 белгісі жолда келе жатқан көлік құралына оның көрсетілген жылдамдық шегінде қозғалуы керек екендігін көрсетеді; белгіде берілген сан көлік құралдарының жылдамдығын көрсету үшін осы мемлекетте жиі пайдаланылатын өлшем бірлігі арқылы осы жылдамдықты көрсетеді. Жылдамдықты білдіретін саннан кейін, мысалы "км" (километр) немесе "миль" белгілеулері қосылуы мүмкін.

       h) Міндетті ең төмен жылдамдықтың аяқталуы
      "Міндетті ең төмен жылдамдықтың аяқталуы" D,8 белгісі D,7 белгісінде ұйғарылған міндетті ең төмен жылдамдық әрекетінің аяқталатынын көрсетеді. D,8 белгісі D,7 белгісімен бірдей, бірақ ол оң жақ жоғарыдан төмен солға қарай өтетін көлбеу қызыл жолақтармен сызылады.

       і) Тайғанауға қарсы шынжыры болуы міндетті
      Жол басында "Тайғанауға қарсы шынжыры болуы міндетті" D,9 белгісі орнатылған жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралының кемінде екі жетекші дөңгелегінде тайғанауға қарсы шынжырлары болуы міндетті екендігін көрсетеді.

5-қосымша 

Аялдауға қатысты белгілерді қоспағанда, нұсқау белгілері

      Ескертпе: Аялдауға қатысты нұсқау белгілеріне байланысты 6-қосымшаны қараңыз.
      А-Ғ бөлімдеріндегі белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамалары (G бөліміндегі белгілер мен белгілеулердің сипаттамаларына қатысты осы бөлімді қараңыз)

      1. Нұсқау белгілерінің нысаны, әдетте, тікбұрышты болады; алайда бағыт көрсеткіштері бір қабырғасы көлденең орналасқан тікбұрыштың нұсқарымен аяқталатын ұзынша нысанды болуы мүмкін.
      2. Нұсқау белгілерінде қара фонға ақ немесе ақшыл белгілеулер немесе жазбалар немесе ақ немесе ақшыл фонға қара белгілеулер немесе жазбалар түсірілуі мүмкін; қызыл түс ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкін, бірақ ешқашан басым болмауы тиіс.

А бөлімі. Бағыттарды алдын ала көрсететін белгілер

      1. Жалпы жағдай
      Бағыттарды алдын ала көрсететін белгілердің үлгілері: Е,1(а); Е,1(b) және Е,1(с)

       2. Ерекше жағдайлар
      а) Тұйыққа тірелетін жолдың бағыттарын алдын ала көрсеткіштер: Е,2(а) және Е,2 (b)
      b) егер келесі қиылыста солға бұрылуға тыйым салынған болса, солға бұрылу үшін ол бойынша жүруге тиісті бағдарларға арналған бағыттардың алдын ала көрсеткіштерінің үлгісі: Е,3
      с) бірнеше қозғалыс жолағы бар жолдың қиылысында қатарларға алдын ала ауысу белгісінің үлгісі: Е,4.

В бөлімі. Бағыттардың көрсеткіштері

      1. Елді мекен бағытын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,5(а), Е,5(b), Е,5(с) және Е,5(d).
      2. Әуежай бағытын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,6(а), Е,6(b) және Е,6(с).
      3. Е,7 белгісі автотуристер лагерінің бағытын көрсетеді.
      4. Е,8 белгісі жастардың туристік базасының бағытын көрсетеді.

       С бөлімі. Атаулардың көрсеткіштері

      Осы белгіні құрайтын тікбұрыштың ұзын қабырғасы көлденең орналасады.
      1.Елді мекеннің басталуын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,9(а) және Е,9(b).
      2. Елді мекеннің аяқталуын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,9(с) және Е,9(d).
      Конвенцияның 6-бабының 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып, бұл белгілер елді мекендер атаулары көрсеткіштерінің артқы жағында орналастырылуы мүмкін.

D бөлімі. Растайтын белгілер

      E,10 белгісі растайтын белгінің үлгісі болып табылады.
      Конвенцияның 6-бабының 1-тармағындағы ережеден шегіне отырып, бұл белгі қарсы бағытта қозғалып келе жатқан көлік құралдарына арналған басқа белгінің артқы жағында орналастырылуы мүмкін.

Е бөлімі. Жаяу жүргінші өтпесі

      "Жаяу жүргінші өтпесі" Е,11(а) жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жаяу жүргінші өтпесі бар жерлерді көрсету үшін пайдаланылады.
      Қара немесе көк белгілеуі бар ақ немесе сары түсті үшбұрышты көгілдір немесе қара түсті қалқан; А,11 таңбасы пайдаланылады.
      Сондай-ақ көгілдір фоны мен ақ белгілеулері бар қисық бесбұрышты нысаны бар Е,11(b) белгісін пайдалануға болады.

Ғ бөлімі. Көлік құралдарының жүргізушілеріне пайдалы нұсқаулар беретін басқа да белгілер

      Бұл белгілердің көгілдір фоны болуы тиіс.

       1. "Аурухана" белгісі
      Бұл белгі көлік құралдарының жүргізушілеріне емдеу мекемелерінің жақын болуына, оның ішінде шудың болуынан сақтану қажеттілігіне байланысты сақтық шараларын қабылдауды көрсету үшін пайдаланылады. Бұл белгінің екі үлгісі бар: Е,12(а) және Е,12(b).
      Е,12(b) белгісінде бейнеленген қызыл крест G бөлімінің 2-тармағының а тармақшасында көрсетілген белгілеулердің бірімен алмастырылуы мүмкін.

       2. "Біржақты қозғалыс жолы" белгісі
      Бір жақты қозғалысы бар жолда келе жатқандықтарын растау қажет деп табылған жағдайда "Біржақты қозғалыс жолы" деген екі түрлі белгі орнатылуы мүмкін.
      а) жолдың жүріс бөлігінің осіне барынша немесе кемінде перпендикуляр орнатылған Е,13(а) белгісі; белгінің қалқаны шаршы түрінде болуы тиіс.
      b) жүріс бөлігінің осіне параллель орналасқан Е,13(b) белгісі; белгінің қалқаны ұзарған тікбұрышты болады, оның ұзын қабырғасы көлденең орналасады. Е,13(b) белгісінің нұсқарында ұлттық тілде немесе мемлекеттің ұлттық тілдерінің бірінде "біржақты қозғалыс" деген сөз жазылуы мүмкін.
      Е,13(а) және Е,13(b) белгілері көшеге кірерге дейін тыйым салатын немесе алдын ала жазылатын белгілердің орнатылған-орнатылмағандығына қарамастан орнатылады.

       3. "Тұйыққа апаратын жол"
      Жолға шығар жерде орналасқан "Жол тұйыққа тіреледі" Е,14 белгісі жолдың тұйыққа әкелетінін көрсетеді.

       4. Автомагистральға немесе автомагистральдан шығу туралы
ескертетін белгілер
      "Автомагистраль" Е,15 белгісі автомагистраль бойынша қозғалыстың арнайы ережесі қолданылатын жерге орнатылады. "Автомагистральдің аяқталуы" Е,16 белгісі көрсетілген ережелердің қолданылуы тоқтатылатын жерлерге орнатылуы тиіс.
      Е,16 белгісі автомагистральдің аяқталуына жақындағаны туралы ескерту үшін пайдалануға және қайталауға болады; осындай түрде орналастырылған әрбір белгінің астыңғы бөлігінде белгі мен автомагистральдің аяқталуы арасындағы ара-қашықтықты көрсетеді.

       5. Автомагистральға қолданылатын қозғалыс ережесі күшінде
болатын жолға шығу туралы және осындай жолдан шығу туралы ескерту белгілері
      "Автомобиль жолы" Е,17 белгісі автомагистральдан өзге автомобиль қозғалысына арналған және жол бойындағы иеліктерді қамтымайтын жолдардағы қозғалыстың арнайы ережесі қолданылуы басталатын жерге орнатылады. Е,17 белгісінің астында орналасқан қосымша табличкада ережеден ауытқып, жол бойындағы иеліктерге кіруге рұқсат етілетіндігі көрсетілуі мүмкін.
      "Автомобиль жолының аяқталуы" Е,18 белгісі автомобиль жолының соңына жақындағаны туралы ескерту үшін пайдалануға және қайталауға болады.

       6. Автобус немесе трамвай аялдауын білдіретін белгілер
      "Автобус аялдамасы" Е,19 және "Трамвай аялдамасы" Е,20 белгілері.

      7. "Жолды пайдалану мүмкіндігі" белгісі
      "Жолды пайдалану мүмкіндігі" Е,21 белгісі тау жолы, оның ішінде ашық немесе жабық асу арқылы өтетіндігін көрсету үшін орнатылады; ол осы өткелге апаратын жолға түсер жерде немесе жолда орнатылады.
      Өткелдің атауы (асу) ақ әріптермен жазылады. Белгідегі "FURKA" деген атау үлгі ретінде берілген.
      1, 2 және 3 табличкалары алмалы-салмалы болып табылады.
      Егер өткел жабық болса, "жабық" деген жазуы бар қызыл түсті 1-табличка қолданылады, егер өткел ашық болса, "ашық" деген жазуы бар жасыл түсті табличка қолданылады. Жазулар ақ сырмен және бірнеше тілде жазылады.
      2 және 3-табличкалардың жазулары мен қара түсті белгілеулері бар ақ фоны болады.
      Егер өткел ашық болса, онда 3-табличкада ешқандай нұсқау болмайды, ал 2-табличкада жолдың ара-қашықтығына байланысты, ешқандай нұсқау болмайды, не "Тайғанауға қарсы шынжырдың болуы міндетті" D,9 белгісі бейнеленеді, не "Тайғанауға қарсы шынжырды немесе қысқы шиналарды қолдану ұсынылады" Е,22 белгісі бар болса, бұл белгі қара түсті болуы тиіс.
      Егер өткел жабық болса, онда 3-табличкада оған дейінгі жолы ашық елді мекеннің атауы көрсетіледі, ал 2-табличкада жолдың жай-күйіне байланысты не "дейін ашық" деген жазу, не Е,22 белгілеуі не D,9 белгісі беріледі.

G бөлімі. Жолды пайдаланушылар үшін пайдалы болуы мүмкін объектілерді білдіретін белгілер

       1. Бөлімдегі белгілер мен белгілеулердің сипаттамалары

      а) F белгілерінің көгілдір немесе жасыл фоны болуы тиіс;
оларда таңбалар түсірілетін ақ немесе сары тік төртбұрыш бейнеленуі тиіс.
      b) Белгінің төменгі бөлігіндегі көгілдір немесе жасыл жолақта белгіленген жерге дейінгі немесе оған апаратын жолға шыққанға дейінгі қашықтық ақ санмен көрсетілуі тиіс; Ғ,5 таңбалы белгіде осындай тәсілмен "қонақ үй" немесе "мотель" деген жазу берілуі мүмкін. Сондай-ақ белгілер белгіленген жерге апаратын жолға шығар жерге орнатылуы мүмкін, бұл жағдайда белгінің төменгі жағындағы көгілдір немесе жасыл жолақта бағыттаушы ақ нұсқар салынуы мүмкін. Қызыл түсті болуы тиіс Ғ,1(а), Ғ,1(b) және Ғ,1(с) таңбаларын қоспағанда таңба қара немесе қою көк түсті болуы тиіс.

       2. Белгілеулердің сипаттамасы

       а) "Медициналық көмек көрсету пункті" белгілеуі
      Медициналық көмек көрсету пункттерін көрсету үшін тиісті мемлекеттерде қолданылатын белгілеулер пайдаланылады. Бұл белгілеулер қызыл түсті болуы тиіс. Ғ,1(а), Ғ,1(b) және Ғ,1(с) белгілері осы белгілердің үлгілері болып табылады.
       b) Өзге де таңбалар
      F,2: "Техникалық қызмет көрсету пункті"
      F,3: "Телефон"
      F,4: "Автожанар-жағар май құю станциясы"
      Ғ,5: "Қонақ үй немесе мотель"
      Ғ,6: "Мейрамхана"
      Ғ,7: "Буфет немесе кафетерий"
      F,8: "Сейілге арналған учаске"
      Ғ,9: "Жаяу жүргіншілер маршруттарының бастапқы пункттеріне арналған учаске"
      Ғ,10: "Автотуристер лагері (кемпинг)"
      Ғ,11: "Кемпинг үшін тіркемелердің тұрақ орны"
      F,12: "Автотуристер лагеріне арналған учаске және кемпинг үшін тіркемелердің тұрақ орны"
      Ғ,13: "Жастардың туристік базасы"

6-қосымша

Аялдауға және тұруға қатысты белгілер

       А бөлімі. Аялдауға немесе тұруға тыйым салатын немесе шектейтін белгілер

       Белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамасы
      Бұл белгілер дөңгелек болуы тиіс; елді мекендерден тыс жерлерде олардың диаметрі 0,6 метрден (2 фунттан және елді мекендерде 0,25 метрден (10 дюймнан) кем болмауы тиіс. Осы қосымшада өзге нұсқаулар болмаған жағдайда олардың фоны көгілдір, жиегі мен көлбеу жолақтары қызыл болуы тиіс.

      Белгілердің сипаттамалары
      1. а) Тұруға тыйым салынған жерлерді көрсету үшін "Тұруға тыйым салынады" С,18 белгісі, ал аялдау мен тұруға тыйым салынатын жерде "Аялдау мен тұруға тыйым салынады" С,19 белгісі пайдаланылады.
      b) С,18 белгісі қызыл жиекті дөңгелек белгімен және қызыл көлденең жолақтармен алмастырылуы мүмкін, онда ақ немесе сары фонда қара бояумен Р әрпі немесе осы мемлекетте "тұрақты" белгілеу үшін қолданылатын идеограмма бейнеленеді.
      с) Белгінің астында орналасқан қосымша табличкадағы жазбалар тыйым салуды шектеуі және жағдайларға байланысты:
      і) тыйым салу күшінде болатын аптаның немесе айдың күндерін немесе күндізгі уақытты;
      іі) С,18 белгісімен аялдауға тыйым салынатын уақытты немесе С,19 белгісімен аялдауға және тұруға тыйым салынатын уақытты;
      ііі) кейбір жолды пайдаланушыларға қатысты ерекше жағдайларды көрсетуі мүмкін.
      d) олардан асуға тыйым салынатын тұру немесе аялдаудың ұзақтығына қатысты жазбалар қосымшада табличкада емес, белгінің қызыл шеңберінің төменгі бөлігінде орналастырылуы мүмкін.
      2. а) Егер аялдау жолдың біресе бір жағында, біресе екінші жағында рұқсат етілген болса, онда С,18 белгісінің орнына "Кезектескен тұрақ" С,20(а) немесе С,20(b) белгілері пайдаланылады.
      b) Тұруға тыйым салу С,20(а) белгісі тарапынан тақ сан күндері және С,20(b) белгісі тарапынан жұп сан күндері, әрі тараптарды ауыстыру сағаты Ұлттық заңнамамен белгіленеді және ол түн ортасы болуы шарт емес. Сондай-ақ Ұлттық заңнама күнделіктіден басқа, тұрудың кезектесу мерзімділігін белгілейді; бұл жағдайда белгідегі I және II сандары кезектесу кезеңдерін көрсететін уақытпен алмастырылады, мысалы әр айдың 1-нен және 16 күндерін кезектестіру үшін 1-15 және 16-31 күндері алынады.
      с) Конвенцияның 8-бабы 4-тармағының ережесіне сәйкес қосымша жазбалары бар С,18 белгісі С,19, С,20(а) және С,20(b) белгілерін қабылдамаған мемлекеттерде қолданылуы мүмкін.
      3. а) Ерекше жағдайларды қоспағанда, белгілер олардың дискілері жолдың осіне перпендикуляр немесе осы оське перпендикуляр жазықтыққа қатысты сәл көлбеу болып орналастырылады.
      b) Тұруға қатысты барлық тыйым салулар мен шектеулер жолдың тек белгі орнатылған жағында қолданылады.
      с) Өзге нұсқаулар болмаған кезде мыналар берілуі мүмкін:
      - оның шегінде тыйым салу қолданылатын қашықтық көрсетілетін,7-қосымшаның 2-үлгісіне сәйкес қосымша табличкада;
      - осы тармақтың в тармақшасындағы ұйғарымдарға сәйкес тыйым салу белгіден бастап жолға шығатын жақын жерге дейін қолданылады.
       d) Тыйым салу бастап қолданылатын жерге орнатылған белгінің астында 7-қосымшада аталған 3(а) немесе 4(а) үлгілеріне сәйкес келетін қосымша табличка орналастырылуы мүмкін. Тыйым салуды қайталайтын белгілердің астында 7-қосымшада аталған 3(b) немесе 4(b) үлгілеріне сәйкес келетін қосымша табличка орналасуы мүмкін. Тыйым салу тоқтатылатын жерде 7-қосымшада аталған 3(с) немесе 4(с) үлгілеріне сәйкес келетін қосымша табличкада тағы бір тыйым салатын белгі орналасуы мүмкін. 3-үлгідегі табличка жолдың осіне параллель, ал 4-үлгідегі табличка осы оське перпендикуляр орналасады. Егер 3-үлгідегі табличкада қашықтық берілсе, олар нұсқармен көрсетілген тыйым салынатын бағыттағы қашықтықты білдіреді.
      е) Егер тыйым салу жолға шыққанға дейін тоқтатылатын болса, онда қосымша табличкада жоғарыда d тармақшасында сипатталған тыйым салудың аяқталғандығын көрсететін белгі орнатылады. Алайда тыйым салу тек қысқа қашықтыққа қолданылатын болса, бір ғана белгі орнатылуы мүмкін, ол:
      - оның шегінде тыйым салу қолданылатын қашықтықты көрсете отырып, қызыл түсті шеңберден,
      - не болмаса 3-үлгідегі қосымша табличкадан тұрады.
      f) 1 Паркометрлермен жабдықталған жерлерде, осы паркометрлердің бар болуы тұрақтың ақылы екендігін және оның ұзақтығы минуттық тетіктердің жұмыс уақытымен шектелетіндігін білдіреді.
      g) Шектеулі, бірақ ақылы емес тұрақтар аймағында тұрақты шектеу қосымша табличкасы бар С,18 белгісімен емес, жол бойындағы жарық бағандарында, ағаштарда және т.б. шамамен 2 м биіктікте орналасқан көк жолақпен немесе жүріс бөлігінің бордюрінде жолақтармен белгіленеді.
      4. Оның ақылы немесе тегін екендігіне қарамастан, елді мекендерде онда тұру ұзақтығы шектелген аймаққа кіру орнын көрсету үшін "Тұрудың шектелген аймағы" С,21 белгісі қойылады. С,18 белгісі орналастырылатын осы белгінің фоны ашық болуы тиіс. С,18 белгісі Е,23 белгісімен алмастырылуы мүмкін; бұл жағдайда белгінің фоны көгілдір болады.
      Табличканың төменгі бөлігінде қосымша тұрақтық диск немесе аймақтағы тұрақты шектеу шарттарын көрсету үшін паркометр бейнеленуі мүмкін.
      Тиісті жағдайларда белгінің өзінде немесе С,21 белгісінің астында орналасқан қосымша табличкада шектеу күшінде болатын күндер мен сағаттар және шектеу шарттары көрсетіледі.

      В бөлімі. Тұруға қатысты пайдалы нұсқаулар беретін белгілер

       1."Тұрақ орны" белгісі
      Жолдың осіне параллель орнатылуы мүмкін "Тұрақ орны" Е,23 белгісі көлік құралдарының тұрағына рұқсат етілген орынды көрсетеді. Қалқан нысаны шаршы түрінде болады. Оған тиісті мемлекетте тұрақты көрсету үшін қолданылатын әріптер немесе идеограмма жазылады. Бұл белгінің көгілдір фоны болады.
      Белгінің астында орналасқан қосымша табличкада немесе белгінің өзінде тұрақ орнына баратын бағытты немесе осы орын арналған көлік құралдарының санаттарын көрсететін таңбалар мен жазбалар болады; бұл жазбалар рұқсат етілген тұрақтың ұзақтығын шектеуі мүмкін.

       2. Шектелген тұрақ аймағынан шығу жолын көрсететін белгі         Елді мекендерде онда тұру ұзақтығы шектелген аймақтан шығу және оған С,18 белгісі енгізілген С,21 белгісімен белгіленген тұраққа кіру жолдарын көрсету үшін Е,24 белгісі пайдаланылады; бұл белгі ақшыл-сұр түсті С,18 белгісі және диагональді қара немесе қара-сұр түсті жолақтан, не болмаса сұр немесе осындай жолақтар құрайтын қара параллель сызықтар енгізілген ақшыл шаршыдан тұрады. Егер аймаққа кірер жерге Е,23 белгілері енгізілген С,21 белгілері орнатылса, шығатын жер диагональді қара немесе қара-сұр түсті жолақтар, не болмаса сұр немесе осындай жолақтар құрайтын қара параллель сызықтар және ақшыл фондағы тұрақ дискісі бар табличкамен белгіленуі мүмкін.

7-қосымша

Қосымша табличкалар

      1. Бұл табличкалардың ақ немесе сары фоны және қара, көк немесе қызыл жиегі болады, ал ара қашықтығы немесе ұзындығы бұл жағдайда қара немесе көк сандармен белгіленеді немесе табличкалардың кара немесе көк және ақ фоны, сары немесе қызыл жиегі болады да, ара қашықтығы немесе ұзындығы ақ немесе сары сандармен белгіленеді.
      2. а) 1-үлгідегі қосымша табличкалар белгі мен ереже қолданылатын қауіпті учаскенің немесе аймақтың басталуы арасындағы ара қашықтықты көрсетеді.
      b) 2-үлгідегі қосымша табличкалар нұсқама қолданылатын қауіпті учаскенің ұзындығын көрсетеді.
      с) Қосымша табличкалар белгілердің астында орналасады. Бірақ А(b) үлгісінің қосымша табличкалар үшін қарастырылған ескерту белгілері де белгілердің астыңғы бөлігіне орналасуы мүмкін.
      3. 3(а), 3(b), 3(с), 4(а), 4(b) және 4(с) үлгілерінің тиісті табличкалары (6-қосымшаның А бөлімінің 3-тармағына қараңыз) 3 және 4-үлгілердің тұраққа тыйым салатын немесе шектейтін қосымша табличкалары болып табылады.

8-қосымша

Жол белгілері

      I тарау. Жалпы ережелер                    (1-т.)
      II тарау. Ұзына бойғы таңбалар             (2-29 т.т.)
      III тарау. Көлденең таңба                  (29-38 т.т.)
      ІV  тарау. Таңбалардың басқа түрлері       (39-46 т.т.)

I тарау. Жалпы ережелер

      1. Жолдың жүріс бөлігіндегі таңбалар (жол таңбалары) сырғанамайтын материалдарды қолдана отырып жасалуы және жолдың деңгейінен 6 мм-ден аспауы тиіс. Егер жол таңбалары үшін кнопкалар (сыналар) немесе осыған ұқсас құрылғылар қолданылатын болса, олар жол деңгейінен 1,5 см-ден аспауы тиіс (немесе жарық қайтарғыш кнопкалар (сыналар) қолданылған жағдайларда, 2,5 см-ден аспауы); оларды пайдалану жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сай болуы тиіс.

II тарау. Ұзына бойғы таңбалар

       А. Таңбалардың көлемдері
      2. Ұзына бойғы таңбалау кезінде тұтас және үзік сызықтардың ені 0,1 метрден (4 дюймнан) кем болмауы тиіс.
      3. Қатар жүргізілген ұзына бойғы екі белгінің ара қашықтығы (қос сызық) 0,1 метрден (4 дюймнан) 0,18 метрге (7 дюймге) дейін болуы тиіс.
      4. Үзік сызықтар бірдей ұзындықтағы, бірдей аралықтармен бөлінген сызықтардан тұрады. Сызықтардың және олардың араларының ұзындығын анықтаған кезде жолдың осы учаскесіндегі немесе осы аймақтағы көлік құралдарының жылдамдығы ескеріледі.
      5. Елді мекендерден тыс жерде үзік сызық ұзындығы 2 метрден (6 дюйм 6 фунттан) 10 метрге (32 фунтқа) дейін болатын кесінділерден тұрады; осы қосымшаның 23-тармағында көрсетілген жақындауды білдіретін кесінді сызықтардың ұзындығы ара қашықтық ұзындығынан 2-3 есе асуы тиіс.
      6. Елді мекендерде кесінділер мен олардың аралықтарының ұзындығы елді мекендерден тыс жерлерде қолданылатын кесінділер мен олардың аралықтарының ұзындығынан кем болуы тиіс. Кесіндінің ұзындығы  1 метрге (4 дюйм 3 фунтқа) дейін азайтылуы мүмкін. Алайда кейбір үлкен қалалық жылдамдығы жоғары магистральдарда ұзына бойғы таңбалар елді мекендерден тыс жерлердегідей болуы мүмкін.

      В. Қозғалыс жолақтарын таңбалау
      7. Қозғалыс жолақтарын таңбалау үзік не болмаса тұтас не болмаса басқа тиісті құралдармен жасалады.
      і) Елді мекендерден тыс
      8. Екі қозғалыс жолағы бар жақты қозғалыс бар жолдарда жолдың  жүріс бөлігінің осьтік сызығы ұзына бойғы таңбамен белгіленуі тиіс. Осьтік сызық, міндетті түрде, үзік сызықтармен белгіленеді. Ерекше жағдайларда, осы мақсатта тұтас сызықтар қолданылады.
      9. Көрінуі жақсы учаскедегі үш жолақты қозғалысы бар жолдарда, ереже бойынша, жолақтар үзік сызықтармен белгіленеді. Жекелеген жағдайларда қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін тұтас сызықтар немесе тұтас сызықтармен қатар жүргізілген үзік сызықтар қолданылуы мүмкін.
      10. Орталық жолақтардағы қозғалыс бағыты өзгеруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, үш жолақты қозғалысы бар жолдарда қозғалыс бағыттарын бөліп тұратын сызық тұтас немесе екі тұтас сызықтардан тұрады. Сонымен қатар қозғалыс жолақтары үзік сызықтармен белгіленуі тиіс (1а және 1b диаграммалары).
      іі) Елді мекендерде
      11. Осы қосымшаның 8 - 10-тармақтарында баяндалған ұсынымдар елді мекендердегі кемінде қозғалыстың екі жолағы, екі жақты және бір жақты қозғалысы бар көшелеріне таратылады.
      12. Қозғалыс жолақтары бордюрлердің, қауіпсіздік алаңдарының немесе бағыттаушы аралдардың болуы себебінен жолдың жүріс бөлігінің ені тарылған пункттерінде белгіленуі тиіс.
      13. Жолдың ені көлік құралдарының екі немесе бірнеше қатарының қозғалысына жеткілікті болатын үлкен қиылыстар маңайында (әсіресе, реттелетін) 2 және 3-диаграммаларға сәйкес белгіленуі тиіс. Бұл жағдайларда жолақтардың ара-жігін бөлетін сызықтар нұсқарлармен толықтырылуы мүмкін (осы қосымшаның 39-тармағын қараңыз).

       С. Ерекше жағдайларды белгілеу
      і) Тұтас сызықтарды қолдану
      14. Кейбір қиылыстарда жол қауіпсіздігін арттыру үшін осьтік үзік сызықтарды (4-диаграмма) тұтас сызықпен алмастыру немесе тұтас сызықпен (5 және 6-диаграммалар) толықтыру керек.
      15. Егер қозғалыстың кері бағытына арналған жолдың көру қашықтығы кеміген (жолдың сынуы, бұрылыстарда және т.б.) жерлерде немесе жолдың жүріс бөлігі тарылған учаскелерінде немесе қандайда бір ерекшеліктердің болуына байланысты жол бөлігінің пайдаланылуына тыйым салу қажеттілігі туындаса, көру қашықтығы М көрінуі кіші қашықтығынан төмен болған жолды пайдаланушылар үшін алдын ала жазылатын шектеулер 7а-16*(1) диаграммасына сәйкес тұтас сызықпен белгіленуі тиіс. Бұл көлік құралдарының құрылысына сәйкес келетін елдерде 7а-10(b) диаграммаларында көрсетілген биіктік, көзбен қарағанда 1 метрге тең, 1,2 метрге дейін ұлғайтылуы мүмкін.
      16. М үшін қабылданатын көлем жолдың сипатына қарай өзгереді. 7а, 7b, 8а, 8b, 8с және 8d диаграммаларында көрінуі шектелген қашықтықтағы жолдар өзгеретін жерлерде, екі және үш жолақты қозғалысы бар жолдар үшін тиісті сызықтар салу көрсетілген. Бұл диаграммалар олар орналасқан беттің жоғары бөлігінде көрсетілген ұзына бойғы профильдерге және төмендегі 24-тармағына сәйкес белгіленген М қашықтығына сәйкес келеді: А (немесе D) пункттері көру қашықтығы М-дан кіші пункт, ал С (немесе В) пункті көру қашықтығы қайтадан М*(2)-нан жоғары болып табылатын пункт болады.
      17. АВ және СD кесінділері бірін-бірі жабатын жағдайларда, яғни егер екі бағыттағы көріну жағдайы жол ойығына жеткенге дейін, М көріну  қашықтығынан жоғары болған жағдайда, үзік сызықтармен қатар түсірілген тұтас сызықтар 9, 10а және 10b диаграммаларында көрсетілгендей түйіспейтін тәсілмен орналастырылуы тиіс.
      18. 11 а және 11 b диаграммалары көрінуі шектеулі қозғалысы бар екі жолақты жолдың майысқан учаскесінде осы гипотезадағы сызық белгісін көрсетеді.
      19. Қозғалыстың үш жолағы бар жолдарда екі әдістің қолданылуы мүмкін. Олар 8а, 8b, 8с және 8d диаграммаларында (немесе, жағдайларға байланысты -10а және 10b) көрсетілген. 8а немесе 8b диаграммасы (немесе, жағдайға байланысты - 10а) екі дөңгелекті көлік құралдарының едәуір қозғалысы бар жолдарға, ал 8с және 8d (немесе, жағдайға байланысты - 10b) диаграммасы төрт дөңгелекті көлік құралдарының қозғалысы басым жолдарға қолданылады. 11с диаграммасы көрінуі шектеулі қозғалыстың үш жолағы бар бұралаңдаған жол учаскесінде сол гипотезадағы сызық таңбасын көрсетеді.
      20. 12, 13 және 14-диаграммаларда жолдың тарылуын белгілейтін сызықтар көрсетіледі.
      21. 8а, 8b, 8с, 8d, 10а және 10b-диаграммаларындағы ауыспалы сызықтардың көлбеу түсуі өзінің осьтік сызығына қатысты 1/20-дан аспауы тиіс.
      22. Жолдың жүріс бөлігінің ені өзгерген кездегі таңбаны бейнелейтін 13 және 14-шы диаграммаларда, сондай-ақ тұтас сызықты немесе тұтас сызықтардың алынуын талап ететін кедергілерді көрсететін 15, 16 және 17-ші диаграммаларда бұл сызықтың немесе сызықтардың көлбеулілігі жоғары жылдамдығы бар жолдарда 1/50-ден кіші басымдықта және қозғалыс жылдамдығы сағатына 50 км-ден (30 миль) аспайтын жолдарда 1/20-дан кем болуы тиіс. Сонымен қатар көлбеу тұтас сызықтардың алдында оның қолданылатын қозғалыс бағытына жолдың жүріс бөлігінің осіне параллель және автомобильдің орташа жылдамдығымен  1 секундта өте алатын қашықтық ұзындығына сәйкес тұтас сызық өтуі тиіс.
      23. Жолдың қалыпты учаскесінде үзік сызықтармен қозғалыс жолақтарын белгілеу қажеттілігі болмаған жағдайда, тұтас сызықтың алдында көлік құралдарының қалыпты жылдамдығына тәуелді, яғни кемінде 50 метр қашықтық қалғанда үзік сызықтың жақындағандығын көрсететін сызық берілуі тиіс. Жолдың қалыпты учаскесінде қозғалыс жолақтары үзік сызықтармен белгіленген жағдайда, тұтас сызықтың алдында көлік құралдарының қалыпты жылдамдығына тәуелді, яғни кемінде 50 метр қашықтық қалғанда үзік сызықтың жақындағандығын көрсететін сызық берілуі тиіс.
      Таңба нұсқармен немесе жүргізушілерге олардың жүруі тиіс қозғалыс жолағын алдын ала нұсқайтын бірнеше нұсқарлармен толықтырылуы мүмкін.
      іі) Тұтас сызықтарды қолдану шарттары
      24. Тұтас сызықтар қажет немесе қажет емес жол учаскелерін белгілеу кезінде көру қашықтығын таңдау қабылдануы тиіс, сондай-ақ осы сызықтың тиісті ұзындығын белгілеу компромисс нәтижесі болып табылады. Төменде берілген кестелер жақын келудің түрлі жылдамдықтарына сәйкес М үшін ұсынылатын көлемді береді *(3):
      Жақындаудың жылдамдығы                  
      100 км/сағ (сағатына 60 миль)
      80 км/сағ (сағатына 50 миль)
      65 км/сағ (сағатына 40 миль)
      50 км/сағ (сағатына 30 миль)

      М көлемінің кестесі
      60 м-ден (480 фунттан) 320 м-ге (960 фунтқа) дейін
      130 м-ден (380 фунттан) 260 м-ге (760 фунтқа) дейін
      90 м-ден (270 фунттан) 180 м-ге (540 фунтқа) дейін
      60 м-ден (180 фунттан) 120 м-ге (360 фунтқа) дейін
      25. Осы кестеде көрсетілмеген жылдамдықтар үшін М-нің тиісті көлемі интерполяцияның немесе эксинтерполяцияның көмегімен есептелуі тиіс.

       D. Жолдың жүріс бөлігін белгілейтін шектес сызықтар
      26. Жолдың жүріс бөлігінің шекараларын белгілейтін сызықтар таңбасы тұтас сызықтардан тұрады. Осы сызықтармен қоса плиткалар, кнопкалар немесе жарық қайтарғыштар қолданылуы мүмкін.

       Е. Кедергілерді белгілеу
      27. 15, 16 және 17-ші диаграммаларда жолдың жүріс бөлігіндегі
аралдардың немесе басқа да кедергілердің маңайына орналастырылатын
белгілердің үлгілері бейнеленген.

       F. Бұрылыс сызықтары
      28. Кейбір қиылыстарда оң жақты қозғалысы бар елдерде солға бұрылу қалай іске асырылатынын немесе сол жақты қозғалысы бар елдерде оңға бұрылу қалай іске асырылу керектігін жүргізушілерге нұсқау қажет.

III тарау. Көлденең таңба

       А. Жалпы ережелер
      29. Жүргізушілерге жол таңбасы көрінетін көздің көру бұрышын ескере отырып, көлденең белгілеулер ұзына бойғы белгілеулерден жалпақ болуы тиіс.

       В. Тоқтау сызығы
      30. Тоқта-сызығының ең кіші ені 0,2 м (8 дюйм), ал ең жоғары ені 0,6 м (24 дюйм) болуы тиіс. Енінің 0,3 м (12 дюйм) болуы ұсынылады.
      31. Бұл сызық аялдауды білдіретін жол белгісімен қатар қолданылған жағдайда, тоқта-сызығы оның алдына келіп тоқтаған жүргізушінің қиылыстың басқа кіре берістеріндегі қозғалысты еркін байқай алуына мүмкіндік беретіндей болып жасалуы тиіс; сонымен бірге басқа көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысынан туындайтын талаптар назарға алынуы тиіс.
      32. Тоқта-сызығы ұзына бойғы сызықтармен толықтырылуы тиіс (18 және 19-шы диаграммаларды қараңыз). Олар жүріс бөлігінде орналасқан "тоқта" деген сөзбен толықтырылуы мүмкін; осындай белгілердің үлгілері 20 және 21-ші диаграммаларда берілген. "Тоқта" деген сөз әріптерінің жоғары төбесінен бастап тоқта-сызығының арасындағы қашықтық 2 м-ден (7 дюйм 6 фунттан) кем болмауы және 25 м-ден (2 дюйм 82 фунттан) аспауы тиіс.

       С. Жүргізушілердің жол беруі міндетті жерді белгілейтін сызықтар
      33. Әр сызықтың ең кіші ені 0,2 метрді (8 дюймды), ал ең жоғары ені 0,6 метрді (24 дюймді) құрайды; егер екі сызық болған жағдайда, олардың арасындағы қашықтық кемінде 0,3 метрді (12 дюймды) құрайды. Сызық жолда қатар орналасқан үшбұрыштармен ауыстырылуы мүмкін, олардың ұшы жол беруге міндетті жүргізуші жаққа бағытталады. Бұл үшбұрыштардың 0,4 м-ден (16 дюймнан) кем емес және 0,6 м-ден (24 дюймнан) аспайтын негіздемесі және 0,5-ден (24 дюймнан) кем болмайтын және 0,7 м-ден (28 дюймнан) аспайтын биіктігі болуы тиіс.
      34. Көлденең таңба осы қосымшаның 31-тармағында айтылған тоқта-сызығына ұқсас жағдайларда жүргізіледі.
      35. 34-тармақта көрсетілген таңба жолдың жүріс бөлігіне жасалатын және үлгісі 22-тармақта берілген үшбұрышпен толықтырылуы мүмкін. Осы үшбұрыштың негіздемесі мен көлденең таңбаның арасындағы қашықтық 2 метрден (7 дюйм 6 фунттан) 25 метрге (2 дюйм 82 фунтқа) дейін болуы тиіс. Осы үшбұрыштың негіздемесі кемінде 1 м (4 дюйм 3 фут) болуы тиіс; оның биіктігі оның негізінен үш есе көп болуы тиіс.
      36. Бұл көлденең таңба ұзына бойғы сызықтармен толықтырылуы мүмкін.

       D. Жаяу жүргіншілер өтпелері
      37. Жаяу жүргіншілер өтпесі белгіленген жолақтардың ара қашықтығы кемінде осы жолақтардың еніне тең болуы және одан екі есе асып кетпеуі тиіс. Бір жолақтың жалпы ені және жолақтардың арасындағы аралық 1 метрден (4 дюйм 3 фунттан) 1,4 метрге (8 дюйм 4 фунтқа) дейін болуы тиіс. Жаяу жүргіншілер өтпесінің ең кіші ені жылдамдық 60 км/сағ-пен шектелетін жолдарда 2,5 м (8 фут), ал аса жоғары жылдамдықтарға рұқсат етілген немесе жылдамдық шектелмейтін жолдарда 4 м (13 фут) ұсынылады.

       Е. Велосипедшілерге арналған өтпелер
      38. Велосипедшілерге арналған өтпелер қосарланған үзік сызықтармен белгіленуі тиіс. Бұл үзік сызықтар басымдылығы бойынша шаршылардан (0,4 - 0,6) X (0,4 - 0,6) м ((16 - 24) х (16 - 24) дюйм) тұруы тиіс. Бұл шаршылардың арасындағы ара қашықтық 0,4 - 0,6 метрді (16-24 дюймді) құрайды. Өтпе енінің 1,8 метрдегі (6 фунттан) кем болмауы ұсынылады. Плиткалар мен кнопкаларды қолдану ұсынылмайды.

      IV тарау. Таңбалардың басқа түрлері

       А. Нұсқарлар
      39. Қиылысқа жақындаған кезде көлік құралдарының орын ауыстыруына мүмкіндік беретін жеткілікті қозғалыс жолақтары бар жолдарда қозғалыс үшін пайдаланылатын жолақтар жолдың жүріс бөлігінің үстіне түсірілетін нұсқардың көмегімен (2, 3, 19 және 23-ші диаграммалар) көрсетілуі мүмкін. Нұсқарлар сонымен бірге, бір жақты қозғалысы бар жолдарда қозғалыс бағытын растау үшін қолданылуы мүмкін. Осы нұсқарлардың ұзындығы 2 метрден (7 дюйм 6 фунттан) кем болмауы тиіс. Нұсқардың таңбасы жүріс бөлігіндегі жазулармен толықтырылуы мүмкін.

       В. Параллель көлбеу сызықтар
      40. 24 және 25-ші диаграммаларда көлік құралдарының кіруіне тыйым салынған аймақтар мысалға келтірілген.

       С. Жазбалар
      41. Жолдың жүріс бөлігіндегі жазбалар қозғалысты реттеу, жолды пайдаланушыларға ескерту немесе бағыттау мақсатында қолданылады. Бұл кезде қолданылатын сөз елді мекеннің атауы не болмаса жол нөмірі, не болмаса халықаралық көлемде жалпыға бірдей қабылданған сөздер (мысалы: "stop", "bus", "tахі") болуы тиіс.
      42. Жүргізушілерге көрінетін көру бұрышының тым кішіреюінен жазу әріптері едәуір созылып көрінуі тиіс (20-диаграмманы қараңыз).
      43. Жақындау жылдамдығы сағатына 50 км-ден (30 мильден) аспаған жағдайда, әріптердің ең кіші ұзындығы 2,5 метрді (8 фунтты) құрайды.

       D. Аялдау мен тұруға қатысты белгілер
      44. Аялдау мен тұруға шек қою бордюрлерде немесе жүріс бөлігіндегі  белгілермен көрсетілуі мүмкін. Тұру орындарының шекаралары жолдың жүріс бөлігіне жүргізілген тиісті сызықтармен белгіленеді.

       Е. Жолдың жүріс бөлігіндегі және оған жақын орналасқан құрылыстардағы белгілер
      і) Көлік құралының тұрағы шектелген орынды көрсететін белгі
      45. 26-диаграммада иректелген сызықтың үлгісі берілген.
      іі) Кедергі келтіретін заттарды белгілеу
      46. Кедергі келтіретін заттардағы белгілердің үлгісі 27-диаграммада берілген.

      Ескертпе: 2, 4, 5, 6, 18 және 19-шы диаграммалардағы сызықтардың мөлшеріне және ара қашықтығына қатысты сандар бағыттаушы көрсеткіш ретінде қаралуы тиіс.
________________________
      *(1) Осы тармақта көрсетілген көру ара қашықтығы ретінде жолдың жүріс бөлігінің деңгейінен 1 метр (4 дюйм 3 фут) биіктікте орнатылған зат жүріс бөлігіндегі бақылаушыға көріну керек, оның көзі де жүріс бөлігі деңгейінен 1 метр (4 дюйм 3 фут) биіктікте болады.
      *(2) 7-ші диаграммада бейнеленген таңба А және D арасында оның жанына үзік сызықты қатарластырмай, бір тұтас осьтік сызықпен алмастырылуы мүмкін. Оның алдында кемінде үш сызықтан тұратын үзік осьтік сызық жүргізілуі мүмкін. Алайда бұл жеңілдетілген белгілеу сақтықпен, тек ерекше жағдайларда ғана қолданылуы тиіс, себебі көру қашықтығына сәйкес келетін белгілі бір қашықтықта ол жүргізушінің басып озуына кедергі келтіреді. Түсініспеушілік болмау үшін мүмкіндігінше, бір бағытта немесе сол аудандағы бір типті бағыттарда екі әдісті қолданудан бас тартқан жөн.
      *(3) Жақындау жылдамдығы - бұл көлік құралының 85 %-ның бұдан аспайтын қозғалыс жылдамдығы немесе егер ол аса жоғары болып табылатын болса, негізгі жылдамдық болып қабылданған жылдамдық есебі.
      _________________________
      Құжатқа ескертпе
      Конвенция 1978 жылғы 6 маусымда күшіне енді.
      КСРО Конвенцияны қол қою кезінде жасалған түсіндірмесімен және өтініштерімен ратификациялады (КСРО ЖК Президиумының Жарлығы, 1974 жылғы 29 сәуірдегі N 5939-VIII).
      "Жол белгілері мен сигналдары туралы Конвенция" (1968 жылғы 8 қарашада Вена қаласында жасалды.)

      РҚАО-ның ескертуі: 1-27 диаграммаларды қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады