Мемлекеттік ресурстарға 2009 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылығы 10 ақпандағы N 126 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік ресурстарға 2009 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
      көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 5589000000 (бес миллиард бес жүз сексен тоғыз миллион) теңге мөлшерінде;
      күзгі кезеңде 5589000000 (бес миллиард бес жүз сексен тоғыз миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады