Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 1063 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы N 200 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 1063 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 43, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      7-тармақтың екінші абзацында "1) және 2) тармақшаларына" деген сөздер "1), 4) және 5) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғалар үшін - "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімінің немесе "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі бар қызметкермен еңбек шартының".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады