Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеудің 2009 - 2010 жылдарға
арналған кешенді жоспары (1-кезең) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет
20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне
Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 ақпандағы
N 221 қаулысымен
Энергия үнемдеудің 2009 - 2010 жылдарға арналған кешенді
жоспары (1-кезең)
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындаушы |
Орындалу мерзімі |
Болжанатын шығыстар, млн.теңге |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ұйымдастыру іс-шаралары | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Энергия үнемдеудің салалық және өңірлік кешенді жоспарлары туралы ережені әзірлеу жөнінде ұсыныстар жасау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ЭМРМ |
2009 жылғы |
Талап |
|
2 |
Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігі бойынша статистикалық есептіліктің нысаны мен әдістемесін әзірлеу және бекіту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ, СА |
2009 жылғы III тоқсан |
Талап |
|
3 |
Энергия үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі өңірлік кешенді жоспарларды, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерінің кешенді жоспарларының жобаларын әзірлеу |
Мәслихаттардың шешімдері, шаруашылық жүргізу субъектілер басшыларының бұйрықтары |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары |
2009 жылғы III тоқсан |
Талап етілмейді |
|
4 |
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді жүйелі энергетикалық тексерулер жоспарын әзірлеу |
Мәслихаттардың шешімдері |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары |
2009-2010 жылдар |
Талап етілмейді |
|
5 |
Өңірлерде энергосервис компанияларын (ЭСК) құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ЭМРМ, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009-2010 жылдар |
Талап етілмейді |
|
6 |
Энергетикалық тиімділігі жоғары көрсету аймақтарын құру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ |
2009-2010 жылдар |
Талап етілмейді |
|
Нормативтік-құқықтық іс-шаралар | ||||||
7 |
Кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды энергетикалық тексеру (энергия аудитін) жүргізу тәртібі мен мерзімдері туралы мәселені қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ |
2009 жылғы II тоқсан |
Талап етілмейді |
|
8 |
Өнім бірлігіне энергияны тұтыну нормативтерін іске қосу тәртібін әзірлеу және бекіту |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭМРМ |
2009 жылғы II тоқсан |
Талап етілмейді |
|
9 |
Тұтынатын активті және реактивті қуаттың арақатынасы бойынша нормативті әзірлеу туралы мәселені қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ |
2009 жылғы II тоқсан |
Талап етілмейді |
|
10 |
Барлық деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдарды жүйелі энергетикалық тексеруді жүргізу тәртібі туралы ұсыныстар дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ |
2009 жылғы II тоқсан |
Талап етілмейді |
|
11 |
Энергия үнемдеу саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу жөнінде ұсыныстар жасау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ЭМРМ |
2009 жылғы III тоқсан |
Талап етілмейді |
|
12 |
Тұтынылатын энергетикалық ресурстарға лимиттерді белгілеу және олардың барлық деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдарда сақталуын тексеру |
Шешімдер |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2009-2010 жылдар |
Талап етілмейді |
|
13 |
Бюджет саласында энергия үнемдеуді ынталандыру тетіктерін жетілдіру туралы мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ |
2010 жыл |
Талап етілмейді |
|
Білім беру іс-шаралары | ||||||
14 |
Энергия үнемдеудің компьютерлік Әдістемелік кластары үшін әдістемелік материалдар жасау |
Әдістемелік ұсынымдар |
ЭМРМ |
2009-2010 жылдар |
Талап етілмейді |
|
Энергия үнемдеуді ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау | ||||||
15 |
Өңірлерде энергия үнемдеу мен энергияны ұтымды пайдалану проблемалары мен тәжірибесі бойынша деректер базаларына кіру интерфейсі болатын, энергия тиімділігі жөніндегі ақпараттық порталдың тұжырымдамасы мен әдістемесін жасау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ |
2010 жыл |
Талап етілмейді |
|
16 |
Энергия үнемдеу мәселесі жөнінде анықтамалық құралдармен ақпараттық бюллетеньдерді кезеңдік шығару |
Анықтамалық құралдар, ақпараттық бюллетеньдер |
ЭМРМ |
2010 жыл |
Талап етілмейді |
|
17 |
Энергия үнемдеу жөнінде көрмелерді, конкурстар мен тақырыптық семинарларды өткізу жоспарын дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ |
2009-2010 жылдар |
Талап етілмейді |
|
Стандарттау және сертификаттау жөніндегі іс-шаралар |
||||||
18 |
Республика өңірлерінде ғимараттар мен құрылыстарды, құрастырмалар бұйымдарын сынаудың жылу өткізгіштігіне, жарық өткізетін конструкцияларды сертификаттау мәніне жылу-техникалық тексерістерді жүзеге асыру мақсатында құрылыс кешенінде энергия үнемдеу жөніндегі бағыттарда талдамалық зертханаларды, сәйкестікті растау бойынша органдарды құру және аккредиттеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
|
19 |
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр станциялары үшін энергия тиімділігі іс-шараларын әзірлеу мақсатында энергоресурсы энергия үнемдеу технологиясы жөнінде оқу-зерттеу зертханаларын құру және аккредиттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ, |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
|
20 |
Еуропаның нормалар негізінде отынның балама түрлері үшін (биодизельдік және т.б.) сынау, сынаманы алу және есептеу әдістерін әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ, |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
|
21 |
Адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың энергияны үнемдеуге әлеуетті әсері ретінде ауаны баптау жүйелерінің сәйкестігін міндетті растауды регламенттеу жөніндегі мәселені қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2009- 2010 жылдар |
Талап етілмейді |
|
22 |
Жылу энергетикалық кешен кәсіпорындарында 9000, 14000 және т.б. сериялы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2009- 2010 жылдар |
Талап етілмейді |
|
23 |
Энергия үнемдеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөніндегі техникалық комитетті құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭМРМ, ИСМ |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
|
24 |
Энергия үнемдеу мәселелері бойынша сынау, тексеру және калибрлеу зертханаларының қызметін талдауды жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ, ЭМРМ |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
|
25 |
Тексеру мен калибрлеуді аккредиттеу саласынан мынадай өлшеу құралдарын: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИСМ, ЭМРМ |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
|
26 |
Лицензиялау саласындағы қызмет аясынан қателігі 1,5; 2 және 2,5 % электр энергиясын санауыштарды жөндеу және өндіру құқығын алып тастау туралы ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
ИСМ, ЭМРМ |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
|
27 |
Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және бекіту туралы ұсыныстарды жасау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ, ЭМРМ |
2009 жыл |
Талап етілмейді |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі