Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 235 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 136-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 2 наурыздағы
N 235 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «бақылау актісі», «бақылау актісіне», «Бақылау актісіне», «бақылау актісін», «бақылау актісінің» деген сөздерден кейін «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының)» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685 Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 136-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі - ішкі бақылау) жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына (бұдан әрі – Cтандарттар) және осы Ережеге сәйкес жүргізілуі тиіс.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аралық акт - бақылау жүргізу барысында жасалатын және дереу (жекелеген) құжаттамалық ресімдеуді талап ететін бақылау актісі (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды);
      1-1) бақылау актісі - бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган жасаған құжат;
      1-2) ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды - ішкі бақылау қызметі және ішкі бақылау объектісі қол қоятын, жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша жасалатын құжат;
      1-3) ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп - жұмыс тиімділігін арттыру, мемлекеттік органның басшысына ұсынылатын ішкі бақылау объектісі қызметінің тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту бойынша ұсынымдары бар ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде жасалған құжат;
      2) бақылау материалдары - бақылау іс-шараларын жүргізу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ бақылау нәтижесі бойынша жасалған құжаттар және анықталған бұзушылықтардың қоса берілетін дәлелдемелері және жұмыстағы кемшіліктерді;
      3) бақылау объектісінің лауазымды тұлғалары - бақылау объектісінің басшысы, сондай-ақ бақылау объектісінің басшысы анықтайтын, бақылау объектісінің бухгалтерлік және өзге де құжаттарына қол қою құқығы бар тұлғалар;
      4) бақылау іс-шарасы (бұдан әрі - бақылау) - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына және өзге де заңнамасына сәйкестігі мәніне ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ бақылау объектілеріндегі бұзушылықтарды анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі мәніне ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын өзара байланысты бақылау іс-қимылдарының кешені; 
      5) бақылау ауқымы - мәселелер тізбесі, тексерілетін кезең және бақылау жүргізу мерзімі;
      6) маман - мемлекеттік органдардың мамандары және уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізуге тартқан сарапшылар;
      7) ревизор - бақылау іс-шарасын жүзеге асыратын ішкі бақылау органының қызметкері;
      8) тексеруші топ - екі және одан көп ревизор, сондай-ақ қажеттілігіне карай тартылған мамандар;
      9) ішкі бақылау органдары - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері (бұдан әрі - ішкі бақылау қызметтері);
      10) бақылау жүргізу жоспары - бақылау объектісін алдын ала зерделеу деректері негізінде әзірленген, бақылау тұрпаттары, түрлері, мақсаттары, объектілері және ауқымы, оның ішінде бақылауды жоспарлау процесінде туындайтын басымдықтар мен мәселелер, бақылауды жүзеге асыруға арналған қажетті ресурстар мен бақылау органдары қызметкерлерінің құрамы кіретін құжат;
      11) бақылау бағдарламасы - бақылауға жататын мәселелер тізбесін құрайтын, әрбір бақылау объектісі бойынша дербес жасалатын, егжей-тегжейлі әзірленген құжат.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685 Қаулысымен.
      3. Осы Ережеде пайдаланылатын басқа да ұғымдар Кодексте айқындалатын мәндерде қолданылады.

2-тарау. Ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі § 1. Бақылау іс-шараларын жоспарлау

      4. Ішкі бақылау органдары объектінің атауын, бақылаудың ауқымын және түрін қамтитын тиісті қаржы жылына бекітілген бақылау іс-шараларының жоспары бойынша бақылау жүргізеді.
      5. Бақылау іс-шараларын жоспарлау процесі мынадай сатылардан тұрады:
      1) бақылау объектілерінің қызметін, оның ішінде бақылау объектісінің өткен қаржы жылы үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді атқаруын алдын ала зерделеу;
      2) бақылау объектілерін, бақылау жүргізу мерзімдері мен бақылау іс-шараларын аяқтау нысандарын көрсете отырып, бақылау іс-шараларының жоспарын әзірлеу.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685 Қаулысымен.
      6. Бақылау іс-шараларын жоспарлау бақылау объектісін таңдау кезінде Кодексте көзделген тәуелсіздік және объективтілік принциптері бойынша жүзеге асырылады.
      7. Кешенді бақылауды жоспарлау Кодексте анықталған кезеңділік негізінде жүзеге асырылады.
      Тақырыптық бақылауды жоспарлау тиісті өкілді және атқарушы органдардың бастамашылық мәселелері, тапсырмалары мен сұратулары негізінде және басқа негіздемелер бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жоспарлау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында анықталған кезеңділік негізінде жүзеге асырылады.
      8. Уәкілетті органның бақылау іс-шараларының жоспары жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін бекітіледі және күнтізбелік үш күн ішінде ішкі бақылау қызметтеріне жіберіледі.
      Ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының жоспары уәкілетті органның жоспарын ескере отырып, жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін бекітіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      9. Бақылауды жүргізу мақсатында ішкі бақылау органдары ақпарат алмасу мерзімдері көзделуі тиіс жазбаша сұрау салудың негізінде жоспарлары және жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      10. Уәкілетті орган жоспардан тыс бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, депутаттық сауалдар бойынша жүргізеді.

§ 2. Ішкі бақылауды жүргізуді ұйымдастыру

      11. Ережеге 1-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы үлгі бұйрықтың негізінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы шығарған бақылауды тағайындау туралы бұйрық ішкі бақылау жүргізу үшін негіздеме қызметін атқаратын құжат болып табылады.
      11-1. Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес шығарылған құқық қорғау органдарының тексеру жүргізу және (немесе) маман тарту туралы қаулылары келіп түскен жағдайда жоспардан тыс бақылау тағайындалады және (немесе) бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс бақылау жүргізу және (немесе) қорытынды беру үшін осы құқық қорғау органдарының қарамағына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы саласында арнайы білімі бар ревизор жіберіледі.
      Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне тексеру жүргізу туралы өкілеттік шеңберінде шығарылған құқық қорғау органдарының өтініштері (сауалдары) келіп түскен жағдайда, жоспардан тыс тақырыптық бақылау тағайындалады.
      Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша жоспардан тыс бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің ревизоры бақылау объектісінде бақылауды Ереже мен Cтандарттарға сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      12. Бақылауды жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттері, тексеру тобы мүшелерінің саны, сондай-ақ бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоюға қажетті уақыт ескеріле отырып белгіленеді және отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Объективті себептер болған кезде бақылау жүргізу мерзімі бақылау іс-шарасына басшылық ететін ревизордың дәлелденген ұсынысы бойынша уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы негізінде отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685, 2012.06.26 N 851 Қаулыларымен.
      13. Ішкі бақылау органы бақылауды тағайындау туралы бұйрықтар бойынша бұйрықты тіркеу нөмірі және күні, бақылау объектісінің атауы, бақылау түрі, бақылауды жүргізуге тағайындалған лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, бақылау ауқымы көрсетілетін жеке журнал жүргізеді.
      14. Бақылау жүргізу мерзімі басталғанға дейін ішкі бақылау органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органның және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның ішкі бақылау қызметінің басшысы бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды адамның ұсынысы бойынша ішкі бақылау органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органның және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның ішкі бақылау қызметінің басшысы бақылау жүргізу процесінде өзгертетін немесе толықтыратын бақылау жүргізу жоспарын бекітеді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      15. Бақылау бағдарламасын ішкі бақылау органының бақылау жүргізу үшін жауапты лауазымды тұлғасы немесе бақылау органы бөлімшесінің басшысы бекітеді және бақылау объектісіндегі бұзушылықтар туралы қосымша алынған ақпараттың негізінде олар орын алған нақты кезеңді және бұзушылықтардың жалпы сомасын анықтау үшін бақылау жүргізу процесінде өзгеріске және (немесе) толықтыруға ұшырайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      16. Бақылау іс-шарасына басшылық ететін ревизор бақылау жүргізуді бастар алдында:
      1) бақылау объектісінің басшысына бақылауды тағайындау туралы бұйрықты ұсынады, онда бақылау мақсаты, уақыты, ұзақтығы көрсетіледі;
      2) бақылау объектісінің басшысын тексеруші топтың мүшелерімен таныстырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      17. Ревизорлар бақылау жүргізу кезінде:
      1) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен өздері белгілеген мерзімде сұратады және алады;
      2) мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектісінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес ішкі бақылау органының құзыретіне кіретін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
      4) бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтарды анықтаған кезде Бұзушылықтар сыныптауышын басшылыққа алады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      17-1. Бақылау объектісінің басшысы мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен, бақылауды жүзеге асыруға қажетті барлық сұрау салынған ақпаратпен қамтамасыз етеді, оның дұрыстығы, объективтілігі және толықтығы үшін дербес жауап береді; мемлекеттік қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің іс-қимылына араласпайды, бақылау жүргізуге кедергі жасамайды және оның ауқымын шектемейді; бақылау органдарының жоғары тұрған лауазымды адамдарының объективті және толық бақылау жүргізуі мақсатында бақылау объектісінде жүріп қызметкерлерді жүйелі түрде бақылауды жүзеге асыруына кедергі жасамайды, мемлекеттік қаржылық бақылау тексерушілеріне кедергі жасаған жағдайда бақылау объектісінің басшысына заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік жүктеледі.
      Ескерту. Ереже 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      18. Бақылау іс-шарасын мамандарды немесе аудиторлық ұйымды тарта отырып жүргізу қажет болған кезде ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы уәкілетті органға бақылау объектісін уәкілетті органның ағымдағы немесе келесі қаржы жылының бақылау іс-шаралары жоспарына енгізу туралы өтініш жібереді.
      Ішкі бақылау қызметтері бақылау іс-шараларын жүргізуге қатысуға ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басқа да қызметкерлерін тарта алады.
      19. Тексеруші топтың мүшелері бақылауды тағайындау туралы бұйрыққа және бақылау бағдарламасына енгізілген барлық мәселелер бойынша бақылау жүргізеді.
      20. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша ревизор Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада бақылау актісін жасайды, Ережеге 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру тобының мүшесі ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) ревизор (тексеруші топтың мүшелері) қол қояды және әр парағын дәйектейді.
      Бірлескен бақылау жүргізілген жағдайда, бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) даналар санын ревизор айқындайды.
      Бақылау іс-шарасы аяқталғанға дейін бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) бір данасы бақылау объектісінің басшысына танысу үшін беріледі, бұл ретте тексерушінің қатысуымен бақылау объектісінің басшысы бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) екі данасына оны алған күнді тіркей отырып белгі қояды.
      Бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны) жүргізілген бақылау нәтижесімен танысуға берілген күннен бастап үш күн ішінде бақылау объектісінің басшысы бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) екі данасына қол қояды және әр парағын дәйектейді.
      Бақылау объектісі басшысының бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоймауы бақылау материалдарын одан әрі іске асыруға кедергі болып табылмайды.
      Бақылау объектісінің басшысы бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қойылғаннан кейін он күн ішінде ішкі бақылау органына бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылық жібереді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      21. Анықталған бұзушылықтарды жою немесе көрсетілген бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар қабылдау қажет болған кезде дереу бұзушылықтар дәлелдері қоса берілген аралық акт жасалады.
      Бақылау іс-шарасына басшылық ететін уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ревизоры аралық актіні (бақылау материалдарын) осы Ереженің 29-тармағына сәйкес шаралар қабылдау туралы шешім шығару үшін дереу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысына жібереді.
      Бақылау іс-шарасына басшылық ететін ішкі бақылау қызметінің ревизоры аралық актіні (бақылау материалдарын) осы Ереженің 29-тармағына сәйкес шаралар қабылдау туралы мәселені шешу үшін ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысына жіберуін қамтамасыз ететін ішкі бақылау қызметі басшысына дереу жібереді.
      Аралық актілер мамандар, сондай-ақ ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен тартылған қызметкерлер жүзеге асыратын тексерістер бойынша да жасалады.
      Аралық актілер бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қоса беріледі.
      22. Уәкілетті орган бірлескен бақылауды жүзеге асырған кезде бірлескен бақылауға қатысушы барлық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қояды.
      Бақылау нәтижелері бақылау іс-шараларын жүргізген мемлекеттік органдар арасында анықталған бұзушылықтарды алдын ала бөле отырып бақылау материалдарына енгізіледі.
      23. Бақылау бағдарламасында анықталған мәселелер бойынша бұзушылықтар болмаған кезде бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) бақылау бағдарламасында белгіленген қатаң сәйкестікте және көлемде бақылау жүргізілді, бұл ретте бұзушылықтар анықталған жоқ деген сілтеме жасалады.
      23-1. Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары тиімділікті бақылауды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін бағалауды жүргізу, нәтижелілік, бюджеттік бағдарламалар тиімділігі көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесін және оларды өлшеудің дұрыстығын талдау негізінде, сондай-ақ сәйкестік пен қаржылық есептілік тұрғысынан бақылау негізінде жүзеге асырылады.
      Тиімділікті бақылауды жүргізу кезінде тексерушілер бюджет жүйесінің нәтижелілік және тиімділік принциптерін басшылыққа алуы тиіс.
      Ескерту. Ереже 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      23-2. Сонымен қатар ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігіне бақылау жүргізу кезінде жүргізілген инвестицияларға сәйкес тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне, бюджеттік инвестициялар мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуіне, жүргізілген инвестициялар нәтижесінде қол жеткізілген сапа мен тиімділік көрсеткіштеріне баға береді.
      Ескерту. Ереже 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен. 
      24. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын Бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ішкі бақылау қызметтерінің бақылау материалдарының сапасын бақылауды жүргізеді.
      Ішкі бақылау қызметтерінің ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда бақылау объектісі уәкілетті органның ағымдағы немесе келесі қаржы жылының бақылау іс-шаралары жоспарына енгізіледі.
      Бақылау материалдары мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның басшысы оның қызметкерлері қызметінің, олар, оның ішінде мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес бақылау объектісінде бола отырып жүргізген бақылаудың жекелеген бағыттарының сапасына бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685 Қаулысымен.

§ 3. Бақылау материалдарын іске асыру

      25. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және өзге де заңнамасын бұзушылықтар, бақылау объектісінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бақылау объектісіне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін міндетті ұсыну жібереді.
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын және өзге де заңнамаларын бұзушылықтар, бақылау объектісінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда ішкі бақылау қызметі ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның басшысына нақты кезеңдегі бақылау объектісінде анықталған бұзушылықтар, жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлардың нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды жою жөніндегі ұсыныстарды қамтитын ішкі бақылау нәтижелері туралы есепті енгізеді.
      Есепті қарау нәтижелері бойынша ішкі бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау объектісінің жұмысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ онда қамтылған бақылау объектісінің жұмысындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған ұсынымдарды орындау үшін міндетті ұсыну жобасын енгізеді.
      Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу кезінде облыстық деңгейдегі ішкі бақылау қызметі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізілген мемлекеттік органның бірінші басшысына бақылау нәтижелері туралы есеп пен ұсыну жобасын береді.
      Ұсынуда анықталған бұзушылықтарды, заңнаманы бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы, сондай-ақ бақылау объектісінің бұзушылықтарды жасауға кінәлі тұлғаларына шаралар қолдану туралы міндетті талаптар болуға тиіс.
      Ұсынуда жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсынымдар баяндалуы тиіс.
      Бақылау объектісіне берілген ұсынымдар бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезіндегі түсімдер бойынша міндеттемелерді (салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді бюджетке аудару жөніндегі міндеттемелерді) орындау бойынша бұзушылықтарды жою және келешекте жол бермеу, бюджеттік рәсімдер мен мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының рәсімдерін орындаудың белгіленген мерзімдерін, тәртібін сақтау бөлігінде бухгалтерлік есепті жүргізумен қаржылық есептілікті жасау, ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, персоналды басқарудың ішкі жүйелерін жетілдіру, бақылау объектісі қызметінің нақты бағыттарының және басқалардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстарды қамтуға тиіс.
      Қолданылуы тоқтатылғанға дейін ұсыну осы ұсынуды шығарған уәкілетті орган немесе мемлекеттік орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот тоқтата тұруы, өзгертуі не күшін жоюы мүмкін.
      Бақылау объектісі шағымданған жағдайда уәкілетті орган (мемлекеттік орган) жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа енгізген ұсыну осы ұсынудың күшін жою немесе өзгерту туралы тиісті шешім қабылданғанға дейін қолданылуы тоқтатыла тұрады.
      Ұсыну Ережеге 5-қосымшаға сәйкес жасалады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      26. Бақылау объектісі немесе оның құрылымдық бөлімшесі ұсыныста белгіленген мерзім ішінде бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамаған немесе толық көлемде қабылдамаған кезде:
      1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды;
      2) ішкі бақылау қызметтері кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тиісті ақпаратты осы ішкі бақылау қызметі құрылған орталық мемлекеттік органның басшысына жібереді;
      3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органның бірінші басшысына тиісті ақпарат жібереді.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685, 2012.06.26 N 851 Қаулыларымен.
      27. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері бюджетті жоспарлау бөлігінде бюджет заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе тиісінше жұмыста басшылыққа алу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      28. Бақылау объектілеріне олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қамти отырып жүргізілген кешенді бақылаудың нәтижелерін шығару кезінде қорытылған ақпарат жасалады. Оның негізіне бақылаумен қамтылған бақылау объектілерінің толық тізбесі келтіріле отырып бақылау материалдары кіреді.
      Ақпарат бұзушылықтарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлі тұлғаларға шаралар қолдану үшін бақылау объектісінің басшысына жіберіледі.
      29. Бақылау іс-шарасының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көздейтін бұзушылықтардың белгілері анықталған жағдайда уәкілетті орган өкілеттіктері шегінде тиісті шаралар қабылдайды.
      Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, ішкі бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді.
      Берілетін материалдар мыналарды:
      1) уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы қол қойған бұзушылықтар фактілері туралы ілеспе хатты;
      2) бақылау объектісінің басшысы қол қойған актілердің, оның ішінде аралық актілердің көшірмелерін;
      3) бақылау материалдарына қоса берілген анықталған фактілерге қатысты құжаттардың расталған көшірмелерін, бақылау объектісі қызметкерлерінің жазбаша түсініктемелері мен келіспеушіліктерін қамтуы тиіс.
      Уәкілетті орган және құқық қорғау органдары тиісті құқық қорғау органына берілген бақылау материалдарының қозғалысы туралы тоқсан сайынғы салыстыруларды жүргізеді.
      30. Ішкі бақылау органының бақылау материалдарын іске асыруды аяқтауы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы бекітетін анықтамамен ресімделеді.
      31. Ішкі бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      32. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өткізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы тоқсан сайын және тиісті қаржы жылының қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жиынтық есептер тапсырады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
      33. Уәкілетті органның бақылау материалдары актіге қол қойған немесе актіге келіспеушіліктерді қараған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде "Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесінде қорытылады.
      34. Әрбір бақылау объектісі бойынша "Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесін мынадай құжаттар қалыптастырады:
      1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелуі туралы белгісімен бақылауды тағайындау туралы бұйрық;
      2) бақылау бағдарламасы;
      3) бақылау актісі (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды), сондай-ақ бақылау материалдарын іске асыру жөнінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен хат алмасу болған кезде, сот арыздары, сот шешімдері, сот алқаларының қаулылары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар мен қаулылар, бақылау материалдарын іске асыру бойынша жұмыстарды аяқтауға анықтама.
      35. Мемлекеттік құпия болып табылатын мәселелерді және бюджеттік бағдарламаларды бақылау кезінде бақылау актісі (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды) "Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесіне жіберілмейді.
      Мұндай жағдайда бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) бақылау объектісінің, бюджеттік бағдарламалардың атауы, бақылаумен қамтылған мәселелер, анықталған бұзушылықтардың анық жазылуы көрсетілген ақпарат қоса беріледі.
      36. Уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде уәкілетті органның сайтында мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, бақылау нәтижелерін ақпарат түрінде жариялауды қамтамасыз етеді.
      37. Ішкі бақылау қызметі мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру, оның қызметінің тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ондағы бақылау нәтижелері туралы есептерді және ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту жөнінде ұсынымдар береді.
      38. Ішкі бақылау қызметтері құрамына өздері кіретін мемлекеттік органның сайтында мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының және заңнамалармен қорғалады өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, бақылау нәтижелерін ақпарат түрінде жариялауды қамтамасыз етеді.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685 Қаулысымен.

      39. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтар сомасының бюджетке өтелуінің жай-күйін бақылау үшін тоқсан сайын және тиісінше тиісті қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға және оның аумақтық бөлімшелеріне бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөніндегі есептер мен ақпаратты ұсынады.
      Ескерту. Ереже 39-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасында 
республикалық және жергілікті
деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.

Бақылау тағайындау туралы бұйрықтың үлгі нысаны

200 __ жылғы ____________ № _____________

Бақылау тағайындау туралы
_____________________________________________________________сәйкес
(құқықтық негіздері – ішкі бақылау органының құзыреті)

БҰЙЫРАМЫН:

      1. _______________________________________ бақылау жүргізу үшін (бақылау объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), бар болса жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), бақылау объектісі басшысының аты-жөні (орталық мемлекеттік органдар "СТН", "ЖСН", "БСН" деректемелерін толтырмайды)
_________________________________________________________жіберілсін.
(тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың аты-жөні)

      2. 20 __ жылғы "__ " _____ бастап 200 __ жылғы "__" ________
дейінгі кезең үшін _________________________________________________.
      (үстеме немесе тақырыптық бақылауды жүргізу кезіндегі мәселелер)
_________________ бақылау жүргізілсін.
(бақылау түрі)

      3. Бақылау жүргізуге 20 __ жылғы "__" _______ бастап кіріссін 20 __ жылғы "__" _____ дейін аяқтасын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау:___________________________
      (аты-жөні, лауазымы)
жүктелсін.
Негізі: _____________________________________________________________
      (жоғары тұрған органдардың тапсырмалары, тиісті жылға арналған
      бақылау іс-шараларының жоспары, құқық қорғау органдарының
      қаулылары және басқалар)

      Ішкі бақылау органының басшысы/
      орталық мемлекеттік органның немесе
      облыстық бюджеттен, республикалық
      маңызы бар қала, астана бюджетінен
      қаржыландырылатын атқарушы органның
      бірінші басшысы ___________ _______________
                         (қолы)       (аты-жөні)
      М.О.

Қазақстан Республикасында 
республикалық және жергілікті
деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 2-қосымша    

Бақылау актісі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.

__________________________                           ________________
бақылау объектісінің орналасқан жері                 күні, айы, жылы

1. Бақылау жүргізу үшін негіздеме ___________________________________
(тиісті жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары, бақылауды тағайындау туралы бұйрық, жоғары тұрған органдардың тапсырмасы, құқық қорғау органдарының қаулылары, басқалар)
2. Бақылау объектісі ________________________________________________
   (бақылау объектісі туралы қысқаша ақпарат, оның ішінде мемлекеттік
_____________________________________________________________________
тіркеу туралы деректер, банк деректемелері, құрылтайшылық құжаттар және басқалар.)

3. Бақылау түрі _____________________________________________________

4. Бақылау ауқымы ___________________________________________________

5. Бақылау __________________________________________________________
      (бақылау объектісі лауазымды тұлғасының лауазымы және аты-жөні)
рұқсат етуімен және _________________________________________________
      (бақылау объектісі лауазымды тұлғасының лауазымы және аты-жөні)
қатысуымен __________________________________________________________
           (ревизордың лауазымы және аты-жөні)
жүргізілді.
      6. Алдыңғы бақылау ____________________________________________
      (алдыңғы бақылау іс-шарасын жүргізуге қатысқан, оның нәтижелері және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бақылау объектісі қабылдаған шаралар)
жүргізілген.
7. Бақылау жүргізудегі шектеулер ____________________________________

8. * Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (игермеу және кассалық шығыстардың іс жүзіндегі шығыстардан ауытқу себептерін көрсете отырып) немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын орындау нәтижелері, Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын талдау. Бюджетті әзірлеу, бекіту, атқару және нақтылау туралы ақпарат (бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды бақылау кезінде).
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
9. Анықталғандар ____________________________________________________
           (қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттелетінін көрсете отырып, бақылауда қамтылатын мәселелер, бұзылған нормативтік құқықтық актіні нақтылай отырып, бақылау барысында белгіленген бұзушылықтар фактілері)

10. Бұзушылықтар пайда болуының себептері ___________________________
(бұзушылық неге әкелді, факторлар, бұдан кейін оларға жол бермеу жөніндегі ұсыныстар)

11. Бақылау барысында жүргізілген жұмыс туралы ______________________
                 (бақылау барысында бұзушылықтарды жою және басқалар)
_____________________________________________________________________

Ішкі бақылау органы _________________________________________________
                          (ішкі бақылау органының толық атауы)

Тексеруші топтың мүшелері ___________________________________________
                           (лауазымы және аты-жөні)
                                                     __________
                                                       (қолы)

Бақылау объектісі ___________________________________________________
                        (тексерілетін объектінің толық атауы)

Бақылау объектісінің лауазымды тұлғалары ____________________________
                                             (лауазымы және аты-жөні)
                                                        ________
                                                         (қолы)

Қосымшалар парақтарының саны _______________________________________
                                            (беттерінің саны)

Бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны) танысуға алғаны туралы белгі:

Бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны) мен _________________________________________________
  (ішкі бақылау объектісі басшысының аты-жөні)
______________ алдым. _______
(алынған күні)        (қолы)

      Ескертпе: * мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарын орындау мәселелері бойынша тақырыптық бақылау жүргізу жағдайларын қоспағанда, 8-тармақ тақырыптық бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша тақырыптық бақылау жүргізу кезінде толтырылмайды.
      Ескерту. 2-қосымша ескертпемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасында 
республикалық және жергілікті
деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 2-1-қосымша    

Ішкі бақылау нәтижелері бойынша
қорытынды

      Ескерту. Ереже 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685 Қаулысымен.

______________________________________             __________________
(бақылау объектісінің орналасқан жері)              (күні, айы, жылы)

      1. Бақылау жүргізу үшін негіздеме
      _______________________________________________________________
      (тиісті жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары, бақылауды тағайындау туралы бұйрық, жоғары тұрған органдардың тапсырмалары)

      2. Бақылау объектісі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бақылау объектісі туралы, оның ішінде заңды тұлғалар жөнінде қысқаша ақпарат, мемлекеттік тіркеу туралы деректер, банк деректемелері, құрылтайшы құжаттар және басқалар, (мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін бақылау кезінде тек құрылымдық бөлімшенің атауы және оның басшысының Т.А.Ә. көрсетіледі)

      3. Бақылау түрі
_____________________________________________________________________

      4. Бақылау ауқымы
_____________________________________________________________________

      5. Бақылау жүргізілді
_____________________________________________________________________
         (тексерушінің лауазымы және Т.А.Ә.)

      рұқсат етуімен және
_____________________________________________________________________
      (бақылау объектісі лауазымды тұлғасының лауазымы және Т.А.Ә.)

      қатысуымен
_____________________________________________________________________
      (бақылау объектісі лауазымды тұлғасының лауазымы және Т.А.Ә.)

      6. Алдыңғы бақылауды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(алдыңғы бақылау іс-шарасын жүргізуге қатысқан тексерушінің (лердің) лауазымы және Т.А.Ә., оның нәтижелері және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі бақылау объектісі қабылдаған шаралар) жүргізген.

      7. Бақылау жүргізудегі шектеулер
_____________________________________________________________________

      8.* Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспарын (игермеу және кассалық шығыстардың іс жүзіндегі шығыстардан ауытқу себептерін көрсете отырып) немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын орындау нәтижелері. Бюджетті әзірлеу, бекіту, атқару және нақтылау туралы ақпарат (бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды бақылау кезінде).
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.
_____________________________________________________________________
      9. Анықталғандар
_____________________________________________________________________
(қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттелетінін көрсете отырып, бақылауда қамтылатын мәселелер, бұзылған нормативтік құқықтық, актіні нақтылай отырып, бақылау барысында белгіленген бұзушылық фактілері)

      10. Бұзушылықтардың туындау себептері
_____________________________________________________________________
            (бұзушылыққа не әкеп соқты, факторлар)

      11. Бақылау барысында жүргізілген жұмыс туралы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (бақылау барысында бұзушылықтарды жою және басқалар)
_____________________________________________________________________

      Ішкі бақылау қызметі
_____________________________________________________________________
              (ішкі бақылау органының толық атауы)

      Тексеруші топтың мүшелері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      Бақылау объектісі
_____________________________________________________________________
            (тексерілетін объектінің толық атауы)

      Бақылау объектісінің лауазымды тұлғалары
_____________________________________________________________________
                  (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      Қосымшалар парақтарының саны
_____________________________________________________________________
                  (беттерінің саны)

      Ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны танысуға алғаны туралы белгі:________________________________________________________

      Ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны мен
______________________________________________________________ алдым
         (ішкі бақылау объектісі басшысының Т.А.Ә.)

                                _____________________________________
                                         (алған күні, қолы)

      Ескертпе: * мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспарын немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарын орындау мәселелері бойынша тақырыптық бақылау жүргізу жағдайларын қоспағанда, 8-тармақ тақырыптық бақылау жүргізу кезінде толтырылмайды.
      Ескерту. 2-1-қосымша ескертпемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасында 
республикалық және жергілікті
деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 3-қосымша    
________________________________
(бақылау объектісінің немесе оның
құрылымдық бөлімшесінің атауы)
_________________________ 
(басшының аты-жөні)    

Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал
өткен себептер мен жағдайларды жоюға ұсыныс

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 685 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасында 
республикалық және жергілікті
деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 4-қосымша    

Бақылау материалдарын іске асыру бойынша жұмыстарды
аяқтауға анықтама

Ішкі бақылау органының басшысына
(басшының орынбасарына)  
____________________________
(аты-жөні)        
200 __ жылғы "__" __________

      1.__________________________________ бақылау нәтижелері бойынша
      (объектінің ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы)
жалпы сомасы ____ мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, _____ мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы анықталды. Мемлекеттік сатып алу қорытындыларға әсер етпейтін мемлекеттік сатып алу жөніндегі бұзушылықтар анықталған жағдайда, олардың болғандығы туралы көрсету.
      Олардың ішінен бюджетке _____ мың теңге өтеуге, _____ мың теңге қалпына келтіруге жатады.
      2. Мынадай шаралар қабылданды:
      кінәлі лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылған ___________________________________________
(әкімшілік жаза қолданылмаған жағдайда себептерін көрсету: мысалы, әкімшілік жауапкершілік туралы хаттама уақтылы жасалмаған, мерзім ұзақтығының өтуіне байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылған)
      бақылау объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсыныс ____ жылғы "__" _____ N _______ хатпен жіберілді ______________________
         (ұсынысты қайта жіберу болған кезде нөмір мен күнді көрсету)
      бақылау объектісінен жауап ____ жылғы "__" ______ N __________ хатпен алынды _______________________________________________________
      (өтелген және қалпына келтірілген сомаларды көрсету; әсер етудің тәртіптік шараларын қолдану)
      _____ мың теңге сомасында "__" ______________ N ______________
хатпен бақылау материалдары _________________________________________
                              (прокуратура, құқық қорғау, және т.б.)
органдарға тапсырылды _______________________________________________
                       (берілмеген жағдайда себептерін көрсету)

      ақпарат "___" _______ N _______________________________________
                              (ішкі бақылау органдарының ұсыныстарына ден қоймағаны үшін бақылау объектісінің басшысын жауапкершілікке тарту туралы жоғары тұрған органға)
жіберілді.
      3. Бақылау материалдарын іске асыру бойынша барлық рәсімдер аяқталды. Бақылау материалдарын ағымдағы мұрағатқа беруге Сіздің келісіміңізді сұраймын.

      Тексеруші топтың басшысы              _______________________
                                            (лауазымы және аты-жөні)
                                                ______________
                                                   (қолы)

                                      _______ жылғы "___" __________

Қазақстан Республикасында
республикалық және   
жергілікті деңгейлерде ішкі
мемлекеттік қаржылық   
бақылауды жүзеге асыру  
ережесіне        
5-қосымша        

      Ескерту. Ереже 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 851 Қаулысымен.

________________________________
(бақылау объектісінің немесе оның
құрылымдық бөлімшесінің атауы)
________________________________
(басшысының аты-жөні)

Үлгі нысан Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал еткен себептер
мен жағдайларды жоюға ұсыну

      Жүргізілген __________ бақылау арқылы ________________________,
                (бақылау түрі)           (бақылау объектісінің атауы)
      "__"______________ 201_ жылғы бақылау актісі, _____________ теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
_____________________________________________________________________
(бұзылған нормативтік құқықтық актілерді көрсете отырып барлық фактілерді тізіп көрсету)
      Олардың ішінен _____ теңге бюджетке өтелуге (аударылуға), ______ теңге дебиторлық берешекті өтеу есебінен бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілуге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өнім берушілері орындауға, тауарларды жеткізуге тиіс.
      Сомасы ______ теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бұзушылықтар анықталды, оның конкурс қорытындысына әсер еткені _____ теңге, оның ішінде:
_____________________________________________________________________
мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының барлық бұзушылық фактілерін тізе отырып мемлекеттік сатып алуды көрсету)
      Бақылау барысында _________________________________
                         (қабылданған шараларды көрсету)
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңының 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесінің 25-тармағына сәйкес ҰСЫНАМЫН:
      1. Анықталған бұзушылықтарды толық жою және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіппен қарау бойынша шаралар қабылдансын, оның ішінде:
      - _________ теңге мөлшеріндегі ________________(бұзушылық фактілерін сипаттап жазу) сомасы бюджетке БСК-ға ___________ өтелсін (аударылсын);
      - _________ теңге мөлшеріндегі ________________(бұзушылық фактілерін сипаттап жазу) сомасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша қалпына келтірілсін;
      - ___________________________________________________________
      (жасасқан шарттар шеңберіндегі тауарлар атауы) жеткізілуі қамтамасыз етілсін, __________________(жұмыстар мен көрсетілген қызметтер атауы) орындалуы қамтамасыз етілсін;
      - мемлекеттік сатып алуды бұзушылықтар бойынша өткізілген тәсіліне сәйкес нақты сатып алу бойынша бұзушылықтарды жоюға ықпал ететін қажетті шараларды көрсету.
      2. Бұзушылықтарға жол беруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мынадай ұсынымдар беріледі:
      - _____________________________________________________________
      (жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол беруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін қажетті барлық іс-шараларды атап көрсету).
      3. Ұсынуды орындау және қабылданған шаралар туралы растау құжаттарын (төлем тапсырмаларының, бұйрықтарының және т.б. көшірмелері) қоса бере отырып 201_ жылғы "__" ___________ дейінгі мерзімде хабардар етсін.
      4. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 146-бабы 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес бақылау объектісінің басшысы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынуында көрсетiлген кемшiлiктердi толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етiп отыруға міндетті екендігін Сізге хабарлаймын. Осы ұсынуды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда жауапты лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 356-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі
      уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі
      органның басшысы
      /мемлекеттік органның басшысы_________ _____________________
                                      қолы)           (Т.А.Ә.)
                            МО

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 2 наурыздағы
N 235 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ішкі бақылау қызметтерін құру рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., N 33, 446-құжат);
      2. "Қазақстан Республикасында ішкі бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1246 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 588-құжат);
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 159 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 87-құжат);
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 447 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 20, 241-құжат);
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1246 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 651 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 26, 306-құжат);
      6. "Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын ішкі бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 716 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 31, 336-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қазандағы N 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 40, 440-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады