Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 413 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 236 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 413 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 16, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-жолмен толықтырылсын:
"

33

Юниспаз

1 таблеткаға құрамы, мг-да:
парацетамол - 500 мг
дротаверин гидрохлориді - 40 мг
кодеин фосфаты - 8 мг

N 12 таблеткалар

III кесте
А бөлімі
1-тармақ

                                                                   ".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады