Дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын іске асыру жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 240 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.13.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 248-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын іске асыру жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 3 наурыздағы
N 240 қаулысымен
бекітілген

Дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын іске асыру жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын заңды тұлғалардың тізбесі

      1. "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамы.

      2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады