"Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес және Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің V Форумын (бұдан әрі - Форум) өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қабылдау өткізу орнын безендіре отырып, салтанатты қабылдау өткізуді, Форумға қатысушыларға сыйлықтар мен гүлдер сатып алуды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов