Жек дуадақ жұмыртқасын жинау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурызындағы N 298 Қаулысы

      Оңтүстік Қазақстан облысындағы питомникте жек дуадақтың аналық басын құру мақсатында арнайы жасалған жағдайларда оларды өсіру және кейіннен мекендеу ортасына шығару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 1 сәуір - 30 маусым кезеңінде мына аумақтарда 500 дана жек дуадақ жұмыртқасын жинау жүзеге асырылсын:
      Жамбыл облысында - 100 дана;
      Қарағанды облысында - 50 дана;
      Қызылорда облысында - 50 дана;
      Маңғыстау облысында - 150 дана;
      Оңтүстік Қазақстан облысында - 150 дана.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) белгіленген тәртіппен "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген аумақтарда 500 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат берсін;
      2) жек дуадақ жұмыртқасы жиналатын орындарда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін пайдаланғаны үшін бір жек дуадақ жұмыртқасына 220 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы белгіленсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады