Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 13 қыркүйектегі N 444 қаулысының және Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 24 желтоқсандағы N 549 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 13 қыркүйектегі N 444 қаулысының және Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 24 желтоқсандағы N 549 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "1991 - 1992 жылдарға арналған (I кезең) Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы және Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің купондық механизмі туралы ереже туралы" Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 13 қыркүйектегі N 444 қаулысы (Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 36, 458-құжат);
2) "Қазақ КСР-інде мемлекет меншігін жекешелендірудің купондық механизмі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 24 желтоқсандағы N 549 қаулысы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев