Аяқталмаған құрылыс объектісін және кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 300 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімінің:
      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгеріміндегі Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 128/2 мекен-жайын орналасқан "Халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені" аяқталмаған құрылыс объектісін;
      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Орталық стадион" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде;
      3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірлері 15-1, 15-2-жолдар алып тасталсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады