"Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 338 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) қол қою туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің жобасы (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                           Н.Назарбаев

                                                [Ағылшыннан аударма]
___________________________________________________________________

                                                   Қарыз нөмірі KAZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)

      (ЦАРЭС 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелері] (Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәліз) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба)

      КҮНІ _________

_____________________________________________________________________                                                         LАL:KAZ ______

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(жай операциялар)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталатын) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталатын) арасындағы _____________ ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

      (А) Қарыз алушы мен АДБ арасында _________________ жасасқан қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге сәйкес, АДБ Инвестициялық Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға көп траншты қаржыландыру механизмін төмендегі шарттарға сәйкес беруге міндеттеніп отыр;
      (В) _______ қаржыландыру туралы мерзімді сұраныс беру арқылы Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған Жобаның мақсаттары үшін қарыз бөлу туралы АДБ-ға өтінді; сондай-ақ
      (С) АДБ қарызды Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегі капитал қорларынан төменде белгіленген шарттар мен негіздерде беруге келісімін білдірді:
      ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы келісім тараптары төмендегі туралы келісті:

1-БӨЛІМ Қарыз беру ережелері; Анықтамалар

      1.01 бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі Лондон банкаралық ставкасы бойынша АДБ Әдеттегі негізгі қорларынан бөлінетін зайымдарға қолданылатын әдеттегі операциялар үшін қарыз беру ережелерінің барлығы осы Қарыз туралы келісімге қолданылатын және төмендегі өзгерістерді (жоғарыда аталған Әдеттегі операциялар үшін қарыз беру ережелері өзгерістермен бұдан әрі Қарыз беру ережелері деп аталады) сақтай отырып, осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай толық көлемде қолданылатын болып есептеледі:
      (а) 3.03-тарау алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:

      Резервтегені үшін комиссия; Несие.

      (аа) Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімде көзделген ставкалар мен шарттар бойынша несиенің талап етілмейтін сомасы бойынша комиссия төлеуге міндеттенеді.
      (bb) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімдегі ставкалар бойынша несие беруге міндеттенеді, әрі мұндай несие қарыз мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге жатпайды. АДБ осы несие сомасына сәйкес Қарыз алушы төлеуге тиіс пайыздар сомасын қайта қарауға міндеттенеді.
      (b) 3.06-тарау алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      (аа) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред төмендетілетіні туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген қарызбен әр Қарыз алушыға өтеу беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген қарызға қолданылатын тіркелген спредтпен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) спред айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген спред күшіне енген сәттен бастап, барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен анықталатын болады.
      (bb) Кез келген жарты жылдықтағы қарыз валютасына (немесе бекітілген валюта) қатысты борышты шоғырландыруға арналған оның шығындары қаражатты үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-нің әр хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтеу беруге міндеттенеді. Өтеу сомасы борышты шоғырландыруға арналған (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) өлшенген шығындарды (і) борышты шоғырландыруға арналған шығыстар есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушы пайыздарды төлеуге міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен анықталады. АДБ борышты шоғырландыруға арналған шығындар есептелген жарты жылдықтан кейін басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушы төлеуге тиіс пайыздардан өтеу сомасын шегеруге міндеттенеді.
      (с) 3.07-тарау алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      (аа) Жаңа қарыздарға қолданылатын белгіленген спред өсетіні туралы АДБ-ның әр хабарламасынан кейін аса төмен белгіленген спред қолданылатын, талап етілмейтін қарызымен әр Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл сома талап етілмейтін қарызға қолданылатын белгіленген спредпен және жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) спред айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, арттырылған спред күшіне енген сәттен бастап, барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздар төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмейтін қарызының негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен анықталатын болады.
      (bb) Кез келген жарты жылдықта қарыз валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты борышты шоғырландыруға арналған оның шығындары қосымша шығыстарға әкеліп соққаны туралы АДБ-нің әр хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл сома борышты шоғырландыруға арналған (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) өлшенген шығындарды (і) борышты шоғырландыруға арналған шығыстар есептелген жарты жылдықтан кейін басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушы пайыздарды төлеуге міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен анықталады. АДБ қосымша төлем сомасын борышты шоғырландыруға арналған шығыстар есептелген жарты жылдықтан кейін басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушы төлеуге тиіс пайыздарға қосуға міндеттенеді.
      1.02 бөлім. Егер контекст бойынша өзге талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әр жағдайда Қарыз беру туралы ережеде анықтамалары бар мынадай терминдердің тиісті мәндері бар, сондай-ақ бірнеше қосымша терминдердің төмендегі анықтамалары бар:
      (а) "ЦАРЭС 1 көлік дәлізі" - Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) шекарадағы Хоргостан Алматы мен Шымкент арқылы Ресей Федерациясымен шығыс шекараға дейін Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің сегменті;
      (b) "ҚОӘББ" Қарыз алушы жүзеге асырған және АДБ-мен келісілген Инвестициялық бағдарлама үшін дайындалған, қоршаған ортаға әсер етуді бірыңғай бағалау;
      (с) "Консалтингтік қызметтер тарту жөніндегі нұсқау" - Азия Даму Банкі және оның Қарыз алушылары консультанттар қызметтерін тарту жөніндегі АДБ нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен);
      (d) "АЖК" - Қарыз алушының ККМ Автомобиль жолдары комитеті және оның құқықтық мирасқоры;
      (е) "ҚОӘБН" Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшадағы сілтеме арқылы енгізілген қоршаған ортаға әсер ету бағасының негізін білдіреді;
      (f) "ҚОҚЖ" - Қоршаған ортаға әсердің алдын ала бағасына (ҚОӘАБ) енгізілген Қоршаған ортаны қорғау жоспары;
      (g) "ҚОӘАБ" - Қоршаған ортаға әсердің алдын ала бағасы, Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ мақұлдаған;
      (h) КҚМ - Инвестициялық Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды қаржыландыруға арналған АДБ Қарыз алушыға беруге көп траншты қаржыландыру механизмі;
      (і) "ҚНК" - ҚҚМ-ге қатысты АДБ мен Қарыз алушы арасында _______  жасасқан қаржыландыру туралы негіздемелік келісім;
      (j) "АҚТҚ/ЖҚТБ" - адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғыш/жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі;
      (к) "ХҚИ" - халықаралық қаржы институттары;
      (l) "Инвестициялық Бағдарлама" - ҚНК 1-қосымшасына сәйкес Тараз - Қордай ЦАРЭСІ көлік коридоры үшін Қарыз алушының Инвестициялар бағдарламасы;
      (m) "ЖСАҚАН" - Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшадағы сілтеме арқылы енгізілген Жерлерді сатып алу және қоныс аудару негіздері;
      (n) ЖСАҚАЖ - Жоба шеңберінде Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жоспары;
      (о) "Қарыз төлеу жөніндегі нұсқау" Қарыз төлеу жөніндегі АДБ-ның нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен);
      (р) "ҚМ" - Қарыз алушының Қаржы министрлігі және оның құқықтық мирасқоры;
      (q) "ККМ" - Қарыз алушының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
      (r) "ҮЕҰ" - үкіметтік емес ұйымдар;
      (s) "ҚМС" - КҚМ шеңберінде қарыз алу мақсатында Қарыз алушы беретін қаржыландыру туралы мерзімді сұраныс және осы Қарыз туралы келісімнің қаражатын алу мақсатында _____________ қаржыландыру туралы мерзімді сұранысты білдіреді;
      (t) "ЖБК-АДБ" - осы Келісімнің 5-қосымшасының 2-тармағына сәйкес жобаларды басқару жөніндегі консультанттар;
      (u) "ЖБК-ДБ" Дүниежүзілік Банк қарызының шеңберінде негізделген жобаларды басқару жөніндегі консультанттар тобы;
      (v) "Сатып алу жөніндегі нұсқау" - АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен);
       (w) "Сатып алу жоспары" - Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Сатып ату жөніндегі нұсқауға, Консультанттар тарту жөніндегі нұсқауға және АДБ-мен келісілген басқа да қағидаттарға сәйкес мерзімді жаңартулармен __________ жоба үшін сатып алу жоспары;
      (х) "Жоба" - жалпы анықтамасы Қарыз беру ережелерінде берілген және осы Қарыз беру туралы келісім үшін Инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі 1-жоба ретінде ескерілген;
      (y) "Жоба аумағы" - Қарыз алушының аумағындағы Жамбыл облысының "Тараз - Қордай" телімдері;
      (z) "Жоба жөніндегі атқарушы агенттік" немесе "АА" - қарыз беру мақсатында және Қарыз беру ережелерінің шеңберінде ККМ және оның құқықтық мирасқорын, жобаны орындауға жауапты ұйым ретінде білдіреді;
      (аа) "Жоба объектілері" - салынатын не жоба шеңберінде ұсынылатын объектілер;
      (bb) "Жоба жолы" - Жоба шеңберінде қайта жаңғыртуға жататын Тараз бен Қордай арасындағы 404 км-ден 483-км-ге дейінгі және 214 км-ден 260 км-ге дейінгі ЦАРЭС 1 көлік дәлізінің телімдері;
      (сс) "Облыс" - Қарыз алушының әкімшілік-құқықтық бөлу бірлігі;
      (dd) "П және Ұ" - пайдалану және ұстау;
      (ее) "Аудан" - облыс құрамындағы әкімшілік-аумақтық бөлу бірлігі;
      (ff) "АЖДБ" - Қарыз алушының 2006-2012 жылдарға арналған Автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы;
      (gg) "ҚОӘСБ" "ҚОӘАБ" еселі;
      (hh) "ДБ қарызы" - Дүниежүзілік Банкі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамыту бағдарламасы үшін Қарыз алушыға берген қарыз;
      (ii) "Жұмыстар" - қарыз есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызметтерді, сондай-ақ жобаға қатысты және консалтингтік қызметтерден басқа, бірыңғай міндеттемелер не "пайдалануға берілген" құрылысқа келісім-шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоса құрылыс жұмыстары.

II тарау Қарыз

      2.01 бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ әдеттегі капитал қорынан үш жүз қырық миллион АҚШ доллары ($ 340,000,000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл соманы осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бабының ережелеріне сәйкес конвертациялау шеңберінде конверсиялауға болады.
      (b) Қарыз негізгі өтеу кезеңін 20 жыл, сондай-ақ жеңілдікті кезеңді осы бөлімнің (с) тармағына сәйкес ұйғарады.
      (с) Осы бөлімнің (b) тармағында қолданылған "жеңілдікті кезең" деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасындағы өтеу кестесіне сәйкес қарызының негізгі сомасын өтеудің бірінші күнінен бұрынғы кезеңді білдіреді.
      2.02 бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілетін және талап етілмейтін қарызының негізгі сомасына, Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әр кезеңнің ставкасы бойынша кезеңмен және Қарыз беру ережесінің 3.03-бөліміне сәйкес 0.60% Қарыз беру ережесінің 3.03-бөліміне сәйкес 0.40% несиені шегере отырып пайыздар төлеуге міндеттенеді.
      2.03 бөлім. Қарыз алушы жыл сайын 0.15% сомасында резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия, осы Қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін алпыс (60) күн өткен сәттен бастап талап етілмейтін қарыз сомасына есептеледі.
      2.04 бөлім. Қарыз жөніндегі пайыздар мен өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әр жылғы сәуірдің 15 және қазанның 15 күні төленуге тиіс.
      2.05 бөлім. Осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасындағы ережелерге сәйкес Несие шотынан талап етілетін қарызының негізгі сомасын Қарыз алушы төлеуге міндеттенеді.
      2.06 бөлім. (а) Қарыз алушы қарызды ұтымды реттеу мақсатында қарыздың төмендегі конверсиялауын кез келген уақытта сұратуға құқылы:
      (і) Қарыз валютасының талап етілген немесе талап етілмеген, бекітілген валютадағы қарыздың толық не ішінара сомасының өзгеруі;
      (іі) Қарыздың толық не ішінара ставкасына қолданылатын пайыздық ставканы, өзгермелі пайыздық ставкадан белгіленген ставкаға және керісінше өзгерту, сондай-ақ
      (ііі) Талап етілетін не талап етілмейтін қарыздың толық не ішінара сомасына қолданылатын өзгермелі пайыздық ставкаға, пайыздық көп (пайыздық ставканың белгіленген максимумы) не пайыздық ставканың белгіленген минимумын және максимумын белгілеу жолымен лимит бекіту.
      (b) Осы бөлімнің (а) тармағымен байланысты, АДБ мақұлдаған өзгерістер туралы сұранысты Қарыз беру ережелерінің V тарауының және Конверсиялау туралы нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес Қарыз беру туралы келісімнің 2.01(6) бөлімінің анықтамасы бойынша "Конверсиялау" деп есептеу керек.

III тарау Қарыз қаражатын пайдалану

      3.01 бөлім. Қарыз алушы жобаны қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануды міндеттенеді.
      3.02 бөлім. Жұмыстар және консалтингтік қызметтер, сондай-ақ қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын өзге де шығыстар және қарыз сомаларын жұмыстар, консалтингтік қызметтер және өзге де шығыстар бойынша бөлу осы Қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс, бұл ретте осы Қосымшаға Қарыз алушы мен АДБ келісімі бойынша мерзімді толықтырулар енгізуге болады.
      3.03 бөлім. Егер АДБ өзге көрсетілмесе, Қарыз есебінен қаржыландырылатын барлық жұмыстар мен консалтингтік қызметтер осы Қарыз туралы келісімнің 4-қосымшасының ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс. Ондағы жұмыстар мен консалтингтік қызметтер Қарыз мен АДБ ескерген ресімдерге сәйкес жүргізілмеген жағдайда, не келісім-шарттың мерзімдері мен шарттары АДБ талаптарына жауап бермесе АДБ келісім-шартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
      3.04 бөлім. Егер АДБ өзгені көрсетпесе, Қарыз алушы қарыз есебінен қаржыландырылатын барлық жұмыстар мен консалтингтік қызметтер жобаны орындау мақсатында ғана пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3.05 бөлім. Қарыз беру ережесінің 9.02-бабында айтылған мақсаттар үшін қарыз есебінен қаражат алу үшін жабу күні 2013 жылғы 31 желтоқсан, не Қарыз алушы мен АДБ келіскен басқа күн есептеледі.

IV тарау Ерекше жағдайлар

      4.01 бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен әрі ұтымды әкімшілік, қаржы, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес орындауға міндеттенеді.
      (b) Жобаны іске асыру және Жоба объектілерін пайдалану барысында Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасындағы барлық міндеттемелерді орындауға не тапсыруға міндеттенеді.
      4.02 бөлім. Жобаны орындау үшін және Жоба объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету үшін қажет құралдарды, объектілерді, жер телімдерін және өзге де ресурстарды Қарыздың қаражатына қосымша шұғыл қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.03 бөлім. (а) Жобаны іске асыру барысында Қарыз алушы АДБ келісімі бойынша, Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына жауап беретін мерзім мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді тартуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы Жобаны АДБ мақұлдаған жоспарларға, жобалау стандарттарына, сипаттамаларға, жұмыс кестелеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс сипаттамалары мен кестелерін, сондай-ақ кейін АДБ негізді талап ететін толық дәрежеде жасалған кез келген материалдық өзгерістерді, әзірлеуге немесе тапсыруға міндеттенеді.
      4.04 бөлім. Қарыз алушы Жобаны және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты оның министрліктері мен ұйымдарының барлық іс-әрекеттері ұтымды әкімшілік саясаты мен рәсімдеріне сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.05 бөлім. (а) Қарыз алушы жоба үшін жекелеген шоттар жүргізуді не жүргізуді тапсыруды, осы шоттарға және тиісті қаржы есептеріне біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен өкілеттік шеңбері АДБ талаптарына сәйкес келетін тәуелсіз аудиторларды тартумен тиісті аудит стандарттарына сәйкес жыл сайын аудит жүргізуге, АДБ-ға алғанына қарай, бірақ әр тиісті фискальды жыл аяқталғаннан бастап алты (6) айдан асырмай, осы есептердің аудиттан өтпеген көшірмелерін және тиісті фискальды жыл аяқталғаннан кейін 6 айдан асырмай осы есептер мен қаржы есептерінің аудиттан өткен және расталған көшірмелері, сондай-ақ аудит есептері ағылшын тілінде АДБ-ға ұсынуға; сондай-ақ АДБ-ның мерзімді негізді талаптары бойынша осы есептер мен қаржы есептеріне және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы АДБ-ның талабы бойынша Қарыз алушының жоба үшін қаржы жобаларын және Жобаға қатысты қаржы істерін 4.05 бөлімнің ережелеріне сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен талқылау құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және АДБ-ның сұрауы бойынша бұл талқылауға қатысуға, егер Қарыз алушы өзгені көрсетпесе, Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана талқылау жүргізілетін жағдайда аудиторлардың кез келген өкіліне өкілеттік беруге және талап етуге міндеттенеді.
      4.06 бөлім. Қарыз алушы АДБ өкілдеріне Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жобаны және Жоба объектілерін, сондай-ақ тиісті жазулар мен құжаттарды инспекциялау мүмкіндігін беруге міндеттенеді.
      4.07 бөлім. Қарыз алушы барлық Жоба объектілері ұтымды әкімшілік, қаржы, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылғанын, ұсталғанын және жөнделгенін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

V тарау Уақытша тоқтата тұру; Өтеу мерзімін қысқарту

      5.01 бөлім. Бұдан әрі Қарыз алушының Қарыз беру ережесінің 9.01-тарауында жазылған мақсаттар үшін қарыздың шотынан қаражат алу құқығын тоқтата тұру жазылған: егер ДБ қарызы тоқтата тұруға немесе жоюға, не келісілген өтеу күніне дейін өтелуге тиісті болса.
      5.02 бөлім. Бұдан әрі Қарыз беру ережесінің 9.07-тарауында жазылған мақсаттар үшін қарызды өтеу күні қысқартылған жағдайлар берілген: егер осы Қарыз туралы келісімнің 5.01 бөлімінде жазылған уақиғалар болса.

VI тарау Күшіне ену

      6.01 бөлім. Осы Қарыз туралы келісім жасалғаннан кейін алпыс (60) күн өткеннен кейінгі күні Қарыз беру ережесінің 10.04-тарауында жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні болып есептеледі.

VII тарау Өзге ережелер

      7.01 бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру ережесінің 12.02-тарауында жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде болады.
      Қарыз алушы
      Қаржы министрлігі
      Победа даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
      Факс
      +7 (7172)71 77 85
      АДБ
      Asian Development Bank
      Р.О. Вох 789
      0980 Маnіlа, Рhіlірріnes
      Факс
      (632) 636-2444
      (632) 636-2448.

      ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ РАСТАУ ҮШІН тараптар атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге тиісті қолдар қоюды және оны АДБ штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні мен жылы жеткізуді қамтамасыз етті.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      ______________________
      Уәкілетті өкіл

      АЗИЯ ДАМУ БАНКІ

      ______________________

1-қосымша Жобаның сипаттамасы

      1. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етеді деп күтілуде.
      2. Инвестициялық бағдарламаның бөлігі болып табылатын Жоба Жоба аумағында тиімді көлік жүйесін дамытуға бағытталды.
      3. Жоба екі компоненттен тұрады: шамамен 129 км Жоба жолының құрылысы мен қайта жаңғыртуын қоса, жолдарды дамыту және КҚС толығырақ жазылған жолдарды пайдалану және ұстау компоненті.
      4. Жобаны аяқтау 2012 жылы 31 желтоқсанға қарай күтілуде.

2-қосымша Қарызды өтеу кестесі
(ЦАРЭС 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысының Телімдері]
(Батыс Еуропа - Батыс қытай халықаралық транзиттік дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба)

      1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын және Қарыздың негізгі сомасын төлеу күніндегі қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы көрсетілген (Кезекті жарна). Егер қарыз қаражаты негізгі қарыз өтеу төлемінің күнінде толық көлемде алынған болса, өтелуге тиісті қарыздың негізгі сомасын АДБ мыналарды: (а) негізгі қарыз өтеуге төлемнің бірінші күніндегі талап етілетін және талап етілмейтін қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі қарыз өтеуге төлемнің әр күнінің кезекті данасына көбейту арқылы анықтайды, өтеу сомасы Конверсиялау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған сомаларды шегеру қажеттігіне орай түрлендіріледі.

реттілігі

Төлем күні

Кезекті жарна (%-бен көрсетілген)

1

15 сәуір 2014

2,500000

2

15 қазан 2014

2,500000

3

15 сәуір 2015

2,500000

4

15 қазан 2015

2,500000

5

15 сәуір 2016

2,500000

6

15 қазан 2016

2,500000

7

15 сәуір 2017

2,500000

8

15 қазан 2017

2,500000

9

15 сәуір 2018

2,500000

10

15 қазан 2018

2,500000

11

15 сәуір 2019

2,500000

12

15 қазан 2019

2,500000

13

15 сәуір 2020

2,500000

14

15 қазан 2020

2,500000

15

15 сәуір 2021

2,500000

16

15 қазан 2021

2,500000

17

15 сәуір 2022

2,500000

18

15 қазан 2022

2,500000

19

15 сәуір 2023

2,500000

20

15 қазан 2023

2,500000

21

15 сәуір 2024

2,500000

22

15 қазан 2024

2,500000

23

15 сәуір 2025

2,500000

24

15 қазан 2025

2,500000

25

15 сәуір 2026

2,500000

26

15 қазан 2026

2,500000

27

15 сәуір 2027

2,500000

28

15 қазан 2027

2,500000

29

15 сәуір 2028

2,500000

30

15 қазан 2028

2,500000

31

15 сәуір 2029

2,500000

32

15 қазан 2029

2,500000

33

15 сәуір 2030

2.500000

34

15 қазан 2030

2.500000

35

15 сәуір 2031

2.500000

36

15 қазан 2031

2.500000

37

15 сәуір 2032


38

15 қазан 2032

2.500000

39

15 сәуір 2033

2.500000

40

15 қазан 2033

2.500000


Жиынтығы

100.000000

      2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарыз өтеудің бірінші күніне дейін толық көлемде алынбаса, Қарыз алушы төлеуге тиісті негізгі сома, негізгі қарыз өтеуге төлемнің әр күнінде былай анықталады:
      (а) Негізгі қарыз өтеудің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті қарыз қаражаты шегінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес бұл күні талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
      (b) Негізгі қарызды (Бастапқы кезекті жарна) өтеуге төлемнің бірінші күнінен кейін қаражат алу әр алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарна алымы болып табылатын және бөлгіші осы күннен кейін қалған барлық бастапқы кезекті жарналар сомасын құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ анықтаған сомада бұл алу сәтінен кейінгі негізгі қарыз өтеуге төлемнің әр күнінде өтелуге тиіс. Бұл төлем сомалары, оларға Конверсиялау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру қажет болғанда түрлендірілетін болады.
      3. Негізгі өтеу күндері төленуге тиіс негізгі сомаларды есептеу үшін ғана негізгі қарыз өтеуге төлемдердің кез келген күніне дейін екі күнтүзбелік ай ішінде жүргізілген қаражат алуды алынған күннен кейінгі негізгі қарыз өтеу төлемінің екінші күнінде талап етілген және талап етілмеген деп есептеледі және бұл сома қаражат алынған күннен кейінгі екінші күннен бастап негізгі қарыз өтеуге төлемнің әр күнінде төленуге тиіс.
      4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында белгіленгенге байланыссыз, валюталар толық көлемде немесе белгіленген валютаға ішінара талап етілген қарыз қаражаты Конверсияланған кезде Конверсиялау кезеңінен кейінгі кез келген негізгі өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған белгіленген валютаға конверсияланған қаражат сомасын АДБ тікелей Конверсиялау алдында болған валютадағы бұл соманы не: (і) жоғарыда аталған Конверсиялауға жататын валюталарды қос конверсиялау шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, көрсетілген белгіленген валютамен соманың валюталар айырбастау бағамына; не (іі) Конверсиялау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес АДБ шешімі бойынша белгіленген ставкадағы валюталар айрбастау бағамының компонентіне көбейту жолымен анықтайды.
      5. Егер талап етілген және талап етілмеген займның негізгі сомасы қарыздың кемінде бір валютасында кезеңмен нөмірленсе, осы Қосымшаның ережелері қарыздың әр нөмірленген валютасындағы сомаларға жеке, осы әр сома үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында қолданылуға тиіс.

3-қосымша Қарыз қаражатын бөлу және алу

       Жалпы ережелер

      1. Осы қосымшадағы Кесте (бұдан әрі - Кесте деп аталады) Тауарлардың, жұмыстардың, консалтингтік қызметтердің санаттарын және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын өзге де шығыстарды, сондай-ақ әр Санат үшін қарыз сомасын бөлуді көрсетеді. Бұдан әрі "Санат" немесе "санаттар" деген ұғымдар Кестенің Санатына немесе Санаттарына жатады.

       АДБ қаржыландыруының пайыздық мәндері

      2. Егер АДБ өзгені келіспесе, кестеде санамаланған Санаттар шығыстары қарыз қаражаты есебінен Кестеде көрсетілген пайыздық мәндер негізінде қаржыландырылатын болады.

       Қайта бөлу

      3. Кестеде көрсетілген қарыз қаражатын және қаражатты алу пайызын бөлуге байланыссыз,
      (а) Әр санат үшін бөлінген қарыз сомасы осы Санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болғанда, АДБ Қарыз алушыға хабарлай отырып, басқа санат үшін бөлінген, және АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қайта бөлуге құқылы, сондай-ақ (іі) егер бұл бөлу тапшылықты толтырмаса, бұл Санат үшін бұдан былай талаптар барлық шығыстарды жапқанға дейін бұл шығыстар үшін қаражатты талап ету пайызын азайту; сондай-ақ
      (b) Кез келген Санатқа бөлінген қарыздың сомасы бұл Санаттағы барлық келісілген шығыстардан артатын болса, АДБ қарыз алушыға хабарлай отырып, артық соманы басқа Санаттың пайдасына бөлуге құқылы.

       Қарыз төлеу рәсімі

      4. Егер АДБ басқаша келіспесе, Жұмыстарды, консалтингтік қызметтерді және өзге шығыстарды қаржыландыру үшін қарыз қаражаты Қарыз төлеу жөніндегі нұсқауға сәйкес төленуге тиіс.

       Қарыз шотынан қаражат алу шарты

      5. Осы Қарыз туралы келісімнің белгіленген өзге ережелеріне байланыссыз, қарыз шотынан қаражат алу, АДБ-ға Жоба директорын тағайындауды қоса, АДБ-ны қанағаттандыратын форматта және мазмұнда ЖБК-АДБ тобы тиісті түрде қалыптасқанын және АДБ талаптарына сәйкес Инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында өз жұмысын бастағанын Қарыз алушы растамағанша жүргізілмейді.

                      3-қосымшаға қосу

                           Кесте

ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ (ЦАРЭС 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысының телімдері] (Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба)
САНАТ АДБ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ
Нөмір Атауы

  АДБ қаржыландыру
  үшін жалпы сома
         $
  Санат

Ссуда шотынан АДБ қаржыландыру пайызы

1

Жұмыстар

297,000,000


Сұранған жалпы сомадан 85 пайыз

2

Консалтингтік қызметтер

14,000,000


Сұранған жалпы сомадан 100 пайыз*

3

Бөлінбеген қаражат

29,000,000



4

Жиынтығы

340,000,000.



* Қарыз алушының аумағында алынатын салықтар мен баждарды қоспағанда

4-қосымша Жұмыстар мен консалтингтік қызметтерді сатып алу

      А. Жалпы ережелер

      1. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық Жұмыстар мен Консалтингтік қызметтер Сатып алу туралы нұсқауға және Консультанттар тарту жөніндегі нұсқауға сәйкес тиісінше орындалуға және бақылауға жатады.
      2. Осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын және белгіленбеген барлық терминдер тиісті жағдайларда Сатып алу туралы нұсқауда және Консультанттар тарту жөніндегі нұсқауларда анықталады.

      В. Жұмыстар сатып алу

      3. Егер АДБ өзгеше келіспесе, Жұмыстар төменде жазылған сатып алу рәсімінің негізінде сатып алынуға тиіс:
      Халықаралық конкурстық сауда-саттық

      Өзге шарттарға қарағанда, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластық пен шекті құнға сәйкес орындалуға тиіс. АДБ-мен алдын ала келіскен жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.

      С. Келісім-шарт жасасу шарттары

      4. Егер жобалау нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда Қарыз алушы жоба шеңберінде ЖСАҚАН дайындамаса және осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасының 11-тармағына сәйкес АДБ мақұлданбаса жоба шеңберінде жұмыстар орындауға арналған келісім-шарт жасаспайтынына Қарыз алушы көз жеткізуге міндеттенеді.

      D. Консалтингтік қызметтерді таңдау

      5. Таңдау сапа бағасына және қызметтер бағасына негізделеді. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы АА-ға сапа бағасын және қызметтер бағасын негізге ала отырып, консалтингтік қызметтер таңдауды және жалдауды тапсыруға міндеттенеді. Жоба шеңберінде мынадай консалтингтік қызметтер тарту көзделіп отыр: (і) жобаны басқару, (іі) құрылысты қадағалау, (ііі) автомобиль жолдарын басқару жүйесін жетілдіру және (іv) Зияткерлік көлік жүйесін әзірлеу. Қарыз алушы консультанттар тарату әдісін немесе олардың жоба тапсырмасын АДБ-мен алдын ала келісіп өзгертуге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.

      Е. Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқық

      6. (а) Қарыз алушы АА-ға сатып алынатын жұмыстар (жеке, не өзге тауарлар мен қызметтер құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен, компьютерлік жүйелермен шектелуді қоса) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын бұзбауды қамтамасыз етуді тапсыруға міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы АА-ға Жұмыстар сатып алу жөніндегі барлық келісім-шарттарда тиісті растаулардың, кепілдіктердің және қажет болса осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігер немесе жеткізіп тұрушы тарабынан зиянды өтеу кепілдіктерінің бар болуына көз жеткізуін тапсыруға міндеттенеді.
      7. Қарыз алушы АА-ға консультанттармен барлық АДБ қаржыландыратын келісім-шарттарда тиісті растаулардың, кепілдіктердің және қажет болса консультанттар тарабынан зиянды өтеу кепілдіктерінің бар болуына көз жеткізуін тапсыруға міндеттенеді, бұл ретте ұсынылып отырған консалтингтік қызметтер үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын бұзбайтынына көз жеткізу қажет.

5-қосымша Жобаны іске асыру және жоба объектілерін пайдалану; Қаржы мәселелері

       Іске асыру тәртібі

      1. Қарыз алушы ККМ-ды жобаның жалпы орындалуына жауапты және АДБ-мен әрі ЦАРЭС 1 көлік дәлізін қайта жаңғыртуға тартылған өзге де ХҚИ-мен жүзеге асыратын АА ретінде тағайындауға міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-ге АЖК-ны жобаны іске асыруға жауапты ұйым ретінде тағайындауды тапсыруға міндеттенеді. ККМ өз білікті қызметшілерінің құрамынан, АДБ қанағаттандыратын жоба басшысы ретінде Жоба директорын тағайындауға міндеттенеді. Жоба директоры жоба дайындауды, оның орындалуын, мониторингін және есептілігін қоса, жобаны және Инвестициялық бағдарламаны күнделікті орындау жауапкершілігін өзіне алады.
      2. Қарыз алушы ККМ-ге (а) ЖБК-АДБ уақытында құрылғанына және (b) жобаны орындау кезеңінің ішінде инженерлік, қаржы, заң және жабдықтау мәселелеріне жауапты ККМ қызметкерлерінің тарабынан Жоба директоры тиісті қолдаумен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.
      3. Қарыз алушы ККМ-ге жобаны орындау кезінде Жоба директоры ЖБК-АДБ-дан қажетті қолдау көретініне көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.
      4. Қарыз алушы ККМ-ге ЖБК-ДБ ЦАРС 1 көлік дәлізін қайта жаңғырту шеңберіндегі барлық іс-қимылдарды үйлестіру үшін уақытында құрылғанына және жоба шеңберінде қауіпсіздік техникасына, заң және қаржы басқару сәйкестігі саласында қажетті қолдау көрсететініне көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.

       Бірлесіп қаржыландыру

      5. Осы Қарыз туралы келісімнің 4.02-тарауының жалпы мәніне нұқсан келтірмей, Қарыз алушы жобаны және АЖДБ уақытында және тиімді орындау үшін қажетті барлық бірлесіп қаржыландыру қаражатын жыл сайын бюджет қаражаты түрінде ККМ үшін ұсынып отыруға міндеттенеді және барлық қажетті ресурстар уақытында беріліп отырғанына көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-ге жобаны және Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру қажеттігіне барлық өзгерістерді оның жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізуді тапсыруға міндеттенеді.
      6. Қарыз алушы ККМ-ге (а) АЖДБ жолдарды дамыту жоспарына сәйкес ағымдағы ұстау үшін бюджет бөлуді және (b) 2012 жылдан кейінгі әр фискальды жыл үшін бюджет кемінде жылдық инфляция деңгейіне, тұрақты фискальды баланс кез келген мән жайда сақталу шартында, арттырылуына көз жетекізуді тапсыруға міндеттенеді. Қарыз алушы мұндай шығыстар аудитін жыл сайын жүргізуге және АДБ талабы бойынша аудиторлық есептер ұсынуға міндеттенеді.

       Құрылыс жұмыстарының сапасы

      7. Қарыз алушы ККМ-ге (а) жоба қажетті техникалық сипаттамалар мен жоспарларға сәйкес орындалатынына және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және жобаны басқару қолданылатын стандарттарға және ең жақсы халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілетіне; және (b) Жолдарды дамыту жоспарына жататын жолдың өзге телімдері тиісті стандарттар мен ең жақсы халықаралық тәжірибеге сәйкес ұсталуына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді

       Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      8. Қарыз алушы ККМ-ге (а) құрылыс жұмыстарына арналған барлық келісім-шарттар мердігердің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындау; және (b) жоба жолы пайдалана басталғаннан кейін апаттар мен қозғалыс қарқындылығы деңгейі мониторингін жүзеге асыру міндеттемелерін қамтитынына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді.

       Қоршаған орта

      9. Қарыз алушы (а) жоба шешімдері, Жоба объектілерінің құрылысы, оларды пайдалану және ұстау АДБ Экологиялық саясатына (2002), Қарыз алушының, табиғатты қорғау заңдарына, ҚОӘББ мен ҚОӘБН сәйкес жүргізілетініне; және (b) жобаның қоршаған ортаға әлеуетті зиянды әсері ҚОҚЖ сәйкес қоршаған ортаға әсерін азайту және мониторингі шараларын қабылдау есебінен төмендегеніне көз жеткізуге міндеттенеді.
      10. Қарыз алушы (а) ҚОҚЖ құрылыс жұмыстары басталғанға дейін жаңартылғанына; (b) ҚОҚЖ орындалуының мониторингі мен есептілігін орындау үшін жеткілікті ресурстар берілгеніне; (с) Жоба директоры жарты жылдық экологиялық есептерді, ол бойынша есеп жасалатын әр кезеңнен кейінгі үш (3) айдың ішінде дайындағанына және АДБ-ға ұсынғанына; (d) есептер өзгеден басқа ҚОҚЖ орындаудағы жетістіктер есебін, проблемаларды және осы проблемаларды шешу жөніндегі шараларды қамтитынына; (е) егжей-тегжейлі инженерлік жоспар мен жоба шеңберіндегі құрылыс жұмыстарының келісім-шарттары ҚОҚЖ-да берілген қажетті экологиялық шараларды қамтитынына; және (f) құрылыс жұмыстарының мердігерлері ҚОӘБН және ҚОҚЖ талаптарына сәйкестігіне бақылауда екеніне көз жеткізуді міндеттенеді.

       Жер телімдерін сатып алу және қоныс аудару

      11. Қарыз алушы, Жоба жер телімдерін сатып алуды немесе тұрғындардың еріксіз қоныс аударуын барынша талап етпейтініне және барлық жұмыстар қолданыстағы жолдар салу құқықтары шеңберінде жүргізілетініне көз жеткізуді міндеттенеді. Бірақ, Жобаның егжей-тегжейлі жоспары бойынша жер телімдерін сатып алуға, тұрғындардың қоныс аударуына немесе активтерді жоғалтуға әкеліп соғатын қосымша жер телімдері қажет болса, Қарыз алушы ККМ-ге Жоба Қарыз алушының қолданыстағы заңдарына, АДБ-ның еріксіз қоныс аудару саясатына (1995) және ЖСАҚАН сәйкес, өзгеден басқа, мынадай ережелерді қоса орындалуына көз жеткізуді тапсыруға міндеттенеді:
      (а) ЖСАҚАЖ отырыс барысында дайындалуға тиіс және ЖСАҚАН ережелеріне сәйкес қатысты тұрғындардың назарына жеткізілуге тиіс;
      (b) Құрылыс жұмыстарына кез келген келісім-шарттар жасасқанға дейін АДБ-ға ЖСАКАЖ қарауға және бекітуге ұсынылуға тиіс;
      (с) Жобаға қажетті барлық жер телімдері мен жер телімдерін бөлу актілері уақытында сатып алынуға тиіс;
      (d) Қоныс аударуға өтемақылар мен жәрдем, олар қоныс аударғанға дейін қатысты адамдарға ұсынылуға тиіс;
      (е) Мәселелер туындағанда, оларды уақытында шешу үшін қатысты адамдарға көмектесу мақсатында тиімді механизмдер ЖСАҚАЖ-ға сәйкес жұмыс істеуге тиіс;
      (f) ЖСАҚАН орындалуының тәуелсіз мониторингін жүзеге асыру және АДБ-ға жарты жылда бір рет нәтижелерді беру үшін ЖБК-ДБ құрамындағы тиісті қызметшілер мен ресурстарды беру қажет. Жарты жылдық есептер, ол бойынша есеп жасалатын әр кезең аяқталғаннан кейінгі үш (3) ай ішінде ұсынылуға тиіс. Ішкі мониторингті аудан әкімшілігі орындауға тиіс;
      (g) Егер ЖСАҚАЖ орындау кезеңінде жер өзгертіліп жатса, жолдар салынып не қоршаған ортаға қосымша әсер болса және қоныс аударылып жатса, онда ЖСАКАЖ-ға толықтырулар енгізу және ЖСАҚАЖ кейінгі іске асыруға дейін АДБ мен тиісті үкімет органдары мақұлдауға тиіс.

       Жұмыстарға арналған келісім-шарттарды орындау

      12. Қарыз алушы келісім-шарттар жасасқаннан кейін, жоба жолының тиісті секциялары мен телімдерінде жұмыстар бастау туралы хабарландыру, ЖСАҚАЖ (атап айтқанда, қатысты адамдарға өтемақыны уақытында төлеуді қоса), ҚОАӘБ және ҚОҚЖ тиісті ережелері сақталғанға дейін мердігерге берілмейді.

       Еңбекті, денсаулықты қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау

      13. Қарыз алушы, ККМ (а) құрылыс мердігерлерінің (і) Еңбек туралы кодекстің , еңбек заңдарының қолданылатын негізгі стандарттарын және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің тиісті нормаларын сақтауды, (іі) әйелдер мен еркектерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді; (ііі) жолдар құрылысы және ұстау кезінде балалар еңбегін пайдаланбауды; және (іv) жұмыс талаптарын тиімді және баламалы орындау шартымен жобаны іске асыру мақсатында жергілікті аз қамтамасыз етілген халық пен жұмыссыздарды барынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін; және (б) осы Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің арасында және бұл Инвестициялық бағдарламаға тікелей жақын жолдар маңында тұратын жергілікті тұрғындар, әсіресе әйелдер арасында ЖҚБТ/АҚТҚ қоса, жыныстық жолмен жұғатын аурулар қатері туралы ақпаратты тиісті ұйымдар, мысалы ҮЕҰ таратуды жүзеге асыру үшін гендерлік құжаттамаға ерекше жағдайларды қосуға кепіл болады.

       Автожол саласының реформасы

      14. Қарыз алушы (а) ҚНК 1-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес дамытуға бағытталған іс-қимылдарды (ұтымды басқару мен есептілікті, тұрақты қаржыландыруды, саясат және басқару жоспарын, басқару реформаларын және өндірістік мүмкіндіктерді, жол қауіпсіздігін, жол секторының тұрақтылығын және жол көлігін пайдалану әрі оны басқаруды қоса айқындайтын жол секторына қатысты саясат жоспары тиісті түрде орындалатынына; (b) жобаға, оны қаржыландыру жоспарына және оны орындау барысына әсер ететін кез келген өзгерістер туралы АДБ уақытында хабарланатынына; және (с) бұл мәселелер бойынша диалог нысанында АДБ-мен қажетті отырыстар өткізілетініне көз жеткізуді міндеттенеді.

       Сыбайлас жемқорлықпен күрес

      15. Қарыз алушы АДБ-ның Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі саясатын (1998, осы уақыттағы түзетулермен) қолдануға міндеттенеді. Қарыз алушы ұтымды басқару, есептілік және ашықтылық қағидаларын қолдану міндеттемелеріне сәйкес (а) АДБ тікелей немесе агенттері арқылы жобаға қатысты барлық мүмкін сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе ықтиярсыз көндіру жағдайларын тексеруге; тексеру жүргізу үшін қажет болуына қарай тиісті есептер мен жазуларға рұқсатпен қамтамасыз етуді қоса, қажетті қолдау көрсету арқылы толық қызмет етуге немесе мұндай тексеруге көмектесуге құқылы екеніне келіседі. Сондай-ақ, Қарыз алушы (а) Қарыз қаражатын және олар бойынша төлемдерді орындауға қатысты мердігерлердің іс-қимылдарын мерзімді тексеруге; (b) жоба шеңберінде АДБ қаржыландыратын барлық келісім-шарттар АДБ аудит жүргізу және барлық мердігерлердің, жеткізіп тұрушылар мен консультанттардың, сондай-ақ жоба шеңберінде қызметтер көрсететін өзге адамдардың барлық есептерін, жазулары мен шоттарын тексеру құқығымен байланысты ережелерді қамтамасыз ететінін; (с) құрылысты қадағалау жөніндегі консультант келісім-шарттың жұмыс сызбаларымен және сипаттамалымен сәйкес төлем сертификаттарын тексеруді қамтамасыз етуіне; және (d) АДБ-мен келісілген сыбайлас жемқорлықпен жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

       Қаржылық басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары

      16. Қарыз алушы ККМ-ге қаржылық басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарының, Жобаны қаржылық басқару функциялары күшіне енген күннен бастап алты (6) ай ішінде тиісті білікті қызметшілерден жинақталған ККМ Қаржы департаментінің құрамындағы тиісті бөлімшеге берілетіндей қылып, орындалуын; (b) Күшіне енген күнінен бастап тоғыз (9) ай ішінде қаржы рәсімдері жөніндегі нұсқауды әзірлеуді және бекітуді; жобаны қаржылық басқару жөнінде қызметшілер даярлығын бастауды; жобаның барлық транзакцияларының жыл сайын негізінде есептілікті бекітетін әрі жасайтын және аралық қаржы есептерін жасай алатын автоматтандырылған жүйе орнатуды тапсыруға міндеттенеді.

       Жобаның қызмет ету мониторингінің жүйесі

      17. Қарыз алушы ККМ-ге Күшіне енген күнінен бастап алты (6) ай ішінде ЖҚМЖ енгізуді және қызмет ету мониторингі үшін деректер жинауды тапсыруды міндеттенеді. Жоба жоспарындағы және мониторинг жоспарындағы әсер ету және нәтижелер деңгейінде санамаланған негізгі көрсеткіштер мен жорамалдар талдауға қажет негізгі ақпаратты құрайды.

       Жобаға шолу

      18. Қарыз алушы ККМ атынан Жоба директорына АДБ-ға: (і) есептік тоқсан аяқталғаннан кейінгі екі (2) апта ішінде жоба мәртебесі туралы тоқсандық есептерді және (іі) жарты жылда бір рет жобаның қызмет етуі және мониторингі туралы өзге есептерді беруді тапсыруға міндеттенеді. Күшіне енгеннен кейін екі жыл еткен соң жиынтық аралық шолу жүргізілуге тиіс. Аралық шолу жобаның инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларын, ҚНК-да жазылған қарыз шарттары мен міндеттемелеріне сәйкестікті қамтитын болуға тиіс. Шолу жоба және Инвестициялық бағдарлама шеңберінде қойылған міндеттердің табысты орындалуын және оларға жетуді қамтамасыз ету үшін қажет кез келген аралық түзетулерді көздейді.

       РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі ағылшын тіліндегі мәтін қоса беріліп отыр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады